Қазақтың ұлттық костюмінде қолданатын ою-өрнектер


Қазақтың ұлттық костюмінде қолданатын ою-өрнектер
Байұзақова Г. С., Иса М., РК, Тараз қаласы
Қазақтың ұлттық костюмі өзінің қарапайымдылығымен, жүріп тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Ал оның құрамында алтын-күміске інжу, жақұт, перуза, ауық секілді тастар қалдырылып соғылатын алқа, тұмарша, сырға, бойтұмар, бота тірсек қапсырма, жүзік, сақина білезік сияқты зергерлік заттардың, маржан тізбектерінің, неше түрлі шытырлармен, әткеншектермен, сәкегүлмен безендірілетін сәукеле, қасаба, бөрік, тақия, айырқалпақ сияқты кестелі-зерлі бас киімдердің, тіптен аса зор талғамды байқататын кемер белбеудің, кісе, нәзік белдіктердің, көксауыр етік пен зерлі кебістің әсемдікке деген әуесқойлықты көрсетеді.
Қазақ әйелдерінің костюмі көбінесе безекті пұлдай жібектен, яки мақплдан тігіледі. Олардың көйлек үлгілері өте көп, қыздар мен келіншектердің көйлектері көп бүрмелі, жаға-жеңі кестелі, желбіршекті, қос етекті, сан-алуан үлгіде болады. Бой жеткен қыздар кестелі бешпент, шапан, төбесін қозалаған маржанды үкі тағып, кәмшат бөрік немесе кестелі сопақ тақия киеді. Қыздар ұзатылғанда, алуан түрлі кесте, алтын-күміс әшекей және моншақтармен безендірілген шашақ төбелі сәукеле киеді.
Қазақ әйелдерінің дағдылы аяқ киімі кебіс, мәсі ауқатты отбасы әйелдерінің салтанатқа киетіні. Оюланған кестеліетігі, көк сауыр былғарыдан тігіліп, оюлап, күміс құйма қатырған кебістері болды. Асыл тастар орнатқан алтын-күміс сақина, шолпы, түйреуіш, білезік, шашбау және кемер белдіктер аса сәнді болған.
Қазақтың ұлттық костюмінің әр бір элементіне оюлап өрнек салу халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері мен атаулары күнделікті тұрмыста қолданылу тұтыну тәсіліне қарай, ұқсату мен іске асырылу амалдары да, жолдары да сан сапалы алуан түрлі. Мәселен, әшекейлі түр салудың кестелеу, ою, зерлеу, сыру, теру, көз салу, шымкестелеу, мүйіздеу, бастыру, гүлдеу керек көздеу, өткермелеу, шаршылау салалары сияқты ілмелеп, қайып, бүгіп, өткермелеп, тепшіп, шалып, торлап тігу әдістерімен атқарылады. Сондай-ақ өру, бұрау, ойып алу, құю, сызу, бояу, сүйектеу, күмістеу, бедерлеу сияқты өрмек үлгілерінің ұлт тұрмысында, өнеркәсіпте, әр түрлі құрылыста, мәдениет саласында, архитектурада, жалпы әлем өмірінің дамуында қолданылмайтын іске аспайтын жері жоқ.
Осындай зерттеулер нәтижесінен ертеде қазақтың ұлттық костюмін дайындау үшін қолданылған материалдар түрлерін, оларды тігу тәсілдері және безендірілуін схема түрінде жасап шығардық.
Сурет 1. Ежелгі ою-өрнектердің атаулары мен үлплері. Зооморфтық, өсімдік, космогониялық, геометриялық
(Ө. Жәнібековтің мәліметі)
Сурет 2. Кілемнің ортасына салынатын оюлар (Ө. Жәнібеков мәліметі)
Хайуанаттар бейнесін сипаттайтын оюлар.
Жан-жануарлар қазақтың ою-өрнектерінің ішіеде ең көп тараған, ең көп қолданылатын түрі . Жабайы аңдармен ұшатын құстар, малдар адам баласына ішетін сусыын, жейтін тамақ, киетін киім болып ғасырлар бойы асырап келе жатқан ын айтудың қажетті жоқ. Ата-бабаларымыз малдың ерекше қасиеттерін бағалап ән-жырға, күйге қосты. Олардың образдарын шығармаларға, бейнелері қолөнерде ою-өрнекке айналды. Сондықтан хайуанаттар оюларының тамыры тереңде жатыр. Бұл оюдың негізін «қошқар мүйіз» өрнегі құрайды. Ары қарай «қошқар мүйіз» өрнегі өзінің құрамын мүйіз, сыңар мүйіз, арқар мүйіз, сынық мүйіз, тармақ мүйіз, бұғы ешкі мүйіз, қисық мүйіз және т. б. жатады.
Қазақтың ұлттық дәстүрлі бұйым, дүние -мүліктеріннің ішінде ою-өрнектің негізіболған «мүйіз»оюымен әшекейленіп безендірілмеген заттар жоқ десек қателеспейміз. Бұл өрнек қол өнер түрінің барлық салаларында кездеседі және кеңінен қолданылады Қошқар мүйіз ою-өрнегімен зергерлер, шеберлер алқа, сырға, білезікті, сырмақ текеметті кілем, түскиізді сандық кебежені, киім кешектерді өз ырғақ мәнерімен безендірді. Оған оюдың құрамы, сырт пішіні, ырғақты толқыны, сызықтары матаға, қағазға, теріге,
ағашқа, т. б. түсіруге не соларға арналған үлгілерді ойып алуға ыңғайлы болды.
Бұдан басқа хайуанаттар әлемін білдіретін ою-өрнектің көп, ббірақ формаларының көпшілігі геометриялық денелерден тұрады. Мысалы, ботакөз, итқұйрық, құсқанат, құстұмсық, тышқаніз түйетабан, омыртқа т. б.
Мына төмендегі келтірілген суретерде жан-жануардың бейнесімен қоса, мүйіз оюының симметриялық тепе-теңікке бөлініп, жан-жануардың мүйіздерінің образдарынан туған құрылымдары көрсетілген.
Өсімдік тектес ою-өрнектер.
Өсімдік тектес оюлар ұлттық өнерімізге өте ертеден сіңіп, кеңінен тараған өрнектің бір түрі. Өсімдік тектес ою-өрнегінің негізін гүл, жапырақ, сабақ құрайды. Гүл-жапырақ оюлары әр түрлі заттарға сәнімен қалыптасып ұйқасымын табады. Олар өзінің даму барысында әртүрлі жолдардан өтіп, қолданылатын затқа сәндік, көркемдік қасиет беріп, мазмұндарын шешті. Мәселен өсімдік оюларымен шымылдық, перде, түскиіз көйлек, камзол, бешпет, аяққап, текмет, сырмақ, білезік, шолпы, сырға, жүкаяқ, сандық, қыш құмыралар және т. б. заттар ойылып, кестеліп, боялып, бедерленіп, сырылып, әшекейленіп безендіріледі. Осы оюлардың түрлері мен атаулары жоғарыда айтылған заттардың қолдану, тұтыну және гүл, жапырақтың топтасып, жұпталуына байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz