Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы
Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы
Қазақтың ұлттық костюмінің композициясы қарапайым, ұтымды, атқа мініп жүруге ыңғайлы, өйткені бұрынғы заманда атсыз жүру мүмкін емес еді, адамды суықтан, ыстықтан, аңызақ желден қорғауға бейімделген, терімен, кестемен, оюмен өңдеудің, әртүрлі әшекейлерді мол пайдаланудың арқасында ерекше сәнді көрінеді. Бұл жерде әшекейлер сұлулыққа құштарлықтан ғана пайда болмағанын айта кету керек, өйткені адамдар дала жағдайында малмен бірге, бүкіл отбасымен, үй мүліктерімен жайылым іздеп үнемі көшіп жүргендіктен, әшекеймен шұғылдануға уақыт аса көп болмаған. Киімді алтын зермен, жапсырмамен, кестемен байыту кейінірек пайда болған сияқты, соған қарап адамның қоғамдағы орнын, дала тұрғындарының арасындағы белгілі бір әлеуметтік топқа қатыстылығын анықтауға болады.Ол адамдардың сұлулық және үйлесім туралы түсініктеріне және эстетикалық идеалдарына сәйкес дамып, жетіліп, тамыр жайған дәстүрдің арқасында әрі қарай жалғаса берген.
Қазақтың ұлттық костюмінің барлық элементтері дерлік республиканың барлық элементтері дерлік республиканың барлық өңірлерінде бірдей деуге болады, пішімінде, материалдар таңдауына, киімнің жеке бөліктерінің атқаратын қызметінде көп айырмашылық жоқ. Бас киімдердегі, белдіктердегі, әшекейлердегі, күнделікті және мерекелік киімнің жекелеген арнайы үлгіріндегі кейбір айырмашылықтар қазақ халқының жеке топтарының қалыптасуындағы жалпы тарихи үдеріске байланысты екені анық. Кейбір өңірлерде дәстүрлі киімнің көнелеу түрі ұзағырақ сақталса, өзге өңірлерде олардың орнына жаңасы пайда болуы себептен.
А. Галимбаеваның иллюстрациясы.
Кимешек - күйеуі бар әйелдің бас киімі.
А. Галимбаеваның иллюстрациясы.
Сырт киімнің түймелігі болмауы, оны сол жағына қаусырыну, белді буыну, үкімен әшекейленген бас киімдер, әйелдің көйлегін бүрмелеп қою қазақтың ұлттық костюмін ерекшелендіре түседі.Одан қазақ халқын қалыптастырған ұлттық компоненттер, бұрынғы замандағы өндіргіш күштерінің деңгейі, дала халқының шаруашылық сипаты, Сарыарқаның қатал табиғаты, ең соңында, көршілерден қабылданған элементтер, тарихи дәстүрлер көзге ұрады.
Мысалы, айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле сияқты бас киімдер, біздің ойымызша, қазақтардың ежелгі ата-бабалары - сақтардың шошақ төбелі бас киімдерін еске түсіреді.Төртбұрышты ақ мата немесе жібек матадан жасалатын әйелдердің бас киімі -жаулық көне түркілерден мұраға қалған сияқты, сол дәуірдегі тастағы таңбалар осыны аңғартады, ал белдемше - ғұндар заманынан сыр шертеді. Сол жаққа қаусырыну мәнері, кимешектің бетке арналған ойығының шеттеріндегі түрлі-түсті тегістер мен кестелердің орналасуы, шапанды люрекспен жапсырмалап көмкеру, қиял-ғажайып күштердің әсерінен қорғау үшін қамзолдардың етегін, жағасы мен жеңін
Қазақтың ұлттық киімі.
оқалау, балалардың, қыздардың бас киімін, екй жағдайда ел кезген әншілердің бас киімдерін көз тиюден, аурудан сақтаушы ретінде киелі құс саналатын үкінің қауырсындарымен әшекейлеу түркі-қыпшақ этникалық қабатынан бастау алады.
Ал тон мен тұлыпты кию, табиғи түске боялған қой терісінен үшкіл ендірме салынған шалбар, киіз байпақпен биік өкшелі саптама кию қазақтардың бұрынғы замандағы шаруашылық жағдайына - көшпелі мал шаруашылығына, сондай-ақ ауа райы жағдайларына байланысты.Ерлердің белі буылатын бешпентінің, әйелдердің етегі кең пүліш көйлегінің, кең пішілген, ишіндегі бүрмелері қалың және қайырма жағалы жаз көйлегінің пішілуінен орыс, татар, ортаазиялықтаркиімінің, яғни қазақтардың көршілерінің ықпалын байқау оңай.
Ішік-тон, жігіттің шапаны. Қысқы костюмнің құрамы: бөрік -терімен сәнделеді. Белбеу -мата белбеу. Тері тон. Жаргақ шалбар. Саптама етік -былгары етік, киіз байпақтың сыртынан киіледі.
А.Галимбаеваның иллюстрациясы.
Қазақтың ұлттық костюмінің дәстүрлі материалдарына үнемі тері, былғары, жұқа киіз, шекпен -түйенің, кейде қойдың жүнін қолданып тоқылған шұға жатады. Киім тігуге қойдың, ешкінің, құлынның, бөкеннің терілері көп қолданылған, әдетте олардан тұлып, жеңсіз көйлек, шалбар, тамбурлап тігілген сырт киім дайындалған.Сейфидің 1582 жылы жазылған шығармасында қазақтардың киімі туралы қызықты мағлұмат бр. Ол былай деп жазады: ...олардың шекпендері қойдың терісінен жасалған, әртүрлі түске боялады да, атласқа ұқсайды, оларды Бұхараға әкеліп, атлас шекпеннің құнымен бірдей бағаға сатады,олар өте төмен әрі тартымды. Тонға, бас киімдерге сонымен қатар қасқырдың, түлкінің, кәмшаттың, сусардың және кейбір терісі бағалы аңдардың терілері жұмсалады. Шекпендердің бауы, шалбардың белдігі бұрыштарында тесіктері бар төрт тақтайшаның үстінде дайындалған.
Қыздың бешпенті. XXг. 20 жылдары.Батыс Қазақстан облысы. А.Галимбаеваның иллюстрациясы.
Киім тігуге көпестердің Үндістаннан әкелген мақта-мата, Қытайдың, Орта Азияның жібегі, барқыты, паршасы, шұғасы да пайдаланылған. Қазақтар ата-бабалары сияқты, бұл материалдармен ертеде Оңтүстік Қазақстан қалалары арқылы өткен Ұлы Жібек жолы керуен жолындағы айырбас сауда арқылы таныс. Ал XVII ғасырдан қазақ даласына орыс тауарлары келе бастады.
Көптеген шеберлердің өнері мен таланты, еңбегі арқасында ғасырлар бойы жасалған қазақтың киіміне көрік берген тек қана қымбат терімен өңдеу, кестелеу мен өрнектеу, жапсырма салу ғана емес, алтынмен апталып, күміспен күптелген белдіктер, асыл тастардан құралған салпыншақ моншақтар, әйелдердің киіміне тағылатын маржандар, т.б..
Ерлердің киімдер кешені денеге киетін - жейде (көйлек-дамбал), иыққа ілетін сырт киім -бешпент, шекпен және етіктің қонышына салатын шалбар, сымнан тұрады. Ерлер киімінің бұл кешенінің негізгі элементтері ғасырлар бойы өзгеріссіз сақталып келеді. Бұл жерде әлеуметтік айырмашылықтар сол киім кешенін тігетін материалдардан, дайындалу сапасынан, безендірілуінен ғана байқалады.
Тізеге дейін жететін, қайырма немесе тік жағалы, иығында тігісі бар, пішілген ойы бар, иығы сәл қиғыштау жейдені кеудесіне тілік салып, ақ кенептен тіккен. Жеңінің астына үшкіл қиынды салынған. Кең балақ шалбарлар тікбұрышты, төменгі жағы тарлау келген екі балағы бар, біріккен жеріне үшкіл салынған.
Жейденің сыртынан қазақ әдетте жеңіл, өзіне шақ тігілген, төменгі жағы кеңдеу, түймесіз киім киген. Бұл киімнің ойыққа салынған жеңі болады, кейде жеңсіз болады.Осыған байланысты оны жеңі болса - бешпент, жеңі болмаса - қамзол деп атаған.
Оны жұқа мәуіті шұғадан, барқыттан, жібектен, әсіресе көк, коңыр, қою жасыл түсті етіп тіккен. Бешпенттің тік жағасын да сол матадан тіккен, етегінің, жеңдерінің шетін тоқыма баумен көмкерген, мықынынан сәл төменіректе жапқышы жоқ ойық қалта орналасады. Шалбарды бешпенттің материаалынан тігіп атқа мінгенде ыңғайлы болу үшін үшкіл ендірме салған, балағының жоғарғы шеттерін белбеудің орнына белдікше өткізуге болатындай етіп қайырып қойған. Оларда ешқандай ілгек пен түйме болмаған.
Бешпентке, қамзолға және оның бір түрі - көкірекшеге жыл мезгіліне қарай жылы астар салынған.
Бешпенттің сыртынан шекпен -тік пішілген кең халат киген, оның жеңдері ұзын әрі кең, түйенің жүнінен қолдан тоқылған шұғадан тігіледі. Сондай-ақ астар салынып, тығыз матадан пішілген шапан киген.
Қыста ер адамдар қойдың немесе қасқырдың терісінен тұлып, то, түлкі тымақ, ауыр былғары етік -саптама киген.Қой терісінен жасалған тұлыптың орнына көбінесе күпі киген. Ол шұғыдан (әйелдер нұсқасында -барқыттан ) тігіліп, астар салынған. XX ғасырдың жиырмасыншы жылдарында палеоэтнологиялық деректер негізінде Ойыл және Сағыз өзендерінің алабындағы қазақтардың киімін зерттеген С.И.Руденко күпіні қазақтардың және олардың ата-бабаларының кем дегенде екі мың жылдан бері келе жатқан игілігіне жатқызған.
Феодал шонжарлары арасында бағалы аң терісінен тігілген ішіктер жоғары бағаланған. Ең сәнді тондардың жиектері кәмшат, сусар терілермен көмкерілген. Құлының, ақбөкенің терілерінен түстері бойынша таңдап алынған, негізі матадан жасалған ерлер киімі өте көп таралған. Олардың әртүрлі қамзол, шалбар тігіп, кестелген. Қазақтың ерлер киімінің ең көнелерінің бірі -киізден жасалған кебенек (Жетісуда - кебентай), оны көбінесе жұқа ақ киізден, түгін бетіне қаратып тіккен. Көлемі 60x60 болатын шағын шаршылар түрінде басқан. Түкті киізді алу үшін жүнді жартылай дайындалған негізге қосқан. Оны шиыршықтап орап, қайта-қайта ыстық су сеуіп, білектермен домалатқан.
Бір өкініштісі, кебенектің үлгілері бізге дейін жетпеген. Оның қалай пішілгенін көргендердің әңгімесінен ғана аңғара аламыз. Ол кең әрі ұзын болған, артқы жағында тілігі бар, шалбары да сондай материалдан тігілген. Күләпараның орнына тік жаға салынған. Қысқы киімнің сыртынан киілген кебенек салт аттыны желден, қар мен жаңбырдан жақсы қорғаған.
Қазақстанның оңтүстігіндегі ерлер киімі біршама жеңіл болады, бұл ауа райы жағдайларына, халықтың отырықшы және жартылай отырықшы өмір салтына байланысты екені байқалады.Жігіттің киіміне қысқа, белі буылған бешпент жатады, жүн матадан, кейде қызылкүрең, қаракөк немесе қоңыр түсті (бұл Қазақстанның оңтүстігіндегі ерлер киімінің негізгі түстері ) барқыттан тігіледі, ұзындығы жамбастан сәл төмен, астары бар, жеңдері тік. Оған арнаған жейдені жұқа мақта матадан тіккен, жағасы тік, ортасында қиғаш ілгегі бар, шалбарды -ақшыл немесе сұр матадан тіккен, төменгі жағын тілмеген, себебі оларды биік өкшелі жеңіл етіктің қонышына салған. Белін белдікпен немесе мата белбеумен ораған. Бастарына барқытпен безендірілген кигіз қалпақ киген, оның астында дөңгелек тақия болған.
Балағы тілінген кең шалбар ұлттық киімдер кешенінде негізінен денесі толық, егде адамдарға, үнемі ат үстінде жүретін қарт аңшыларға, бірнеше сағат бойы тапжылмай отырып, халық алдында өнер көрсететін суырыпсалма ақын-жыршыларға, қиссашыларға арналған. Оны етіктің қонышына салмай киген, ал тіліктері ыңғайлы болу үшін жасалған.
Ерлер киімі көбінесе түймеленбеген, сондықтан белбеу оның міндетті элементіне жатады. Оның ең көнелерінің бірі кісе белбеу, өзге белбеу түрлерімен, мысалы белдікпен салыстырғанда, оның былғары оқшантайы, қыны, т.б. болған. Белбеулерді қаңылтыр, металл өрнектермен әшекейленген.
Ересек қазақтар үнемі, тіпті дастархан басында да дөңгелек тақия киіп отырған, ал оның сыртынан киетін бас киімдердің бәрін далаға шыққанда киген. Тақияның ең қарапайым әшекейі оның құрсама жиегіндегі өрнекті тігіс, төбесіндегі жіптен салынған өрнектер болған. Жібекпен тігіліп, алтын немесе күміс зер салынған тақияны жас адамдар киген. Ерлердің бас киімдерінің түрі көп емес. Киіз қалпақ, бөрік, тымақ -негізінен осылар. Феодал шонжарларды биік, барқыттан тігілген, алтын зер салынған киіз астарлы қалпақ -мұрақ болған, оны аң терісінен жұрын салынған конус тәрізді бас киімнің сыртынан киген.
Егде қазақтардың ерлер киіміне мәсі және үйден шыққанда оның сыртынан киетін былғары кебіс жатады. Ересек ер адамдардың бәрі былғары етік -көксауыр киген, оның сыртқы түрінің кәдімгі етіктерден көп айрмашылығы жоқ. Оларды әдетте жасыл түсті шегіреннен тіккен, шегірен алу үшін иленген теріге тарыны сеуіп, үстінен ауыр нәрсемен бастырған. Көне үлгідегі қазақ етіктерінің ұшы көбінесе жоғары қайқайып, сүйірленіп тұрған, оң жақ және сол жақ сыңары деп бөлінбеген, сондықтан оларды бір аяқтан екінші аяққа жиі-жиі ауыстырып, ұзақ уақыт бойы киюге мүмкіндік болған. Түрлі-түсті былғарымен безендірелген биік өкше етіктер ғана ондай болмаған.
Кедейлер киетін қарапайым аяқ киім -шоқай, яғни былғары сандал, оны иленбеген теріден белдік сияқты жасаған, сондай-ақ етіктің сыртынан киетін шарық, жүрген кезде қиыршық тастаған қорғайды.
А.Галимбаеваның иллюстрациясы.
Ш. Уәлихановтың жазуынша: Кейбір қырғыздар (қазақтар) жаман болады деп қорқып, өзінің бас киімін ешкімге бермейді. Ер адам өлгеннен кейін бас киім отбасында қалады, бірақ марқұмның көптеген киімдері туыстарына тартылады. Бас киімнің тіршілік күшімен, жаратушы күшпен байланыстылық идеясы мынадан да көрінеді, шала туған баланы атасының тымағына немесе киіз қалпағына салып, керегенің басына іліп қояды. Қырық күн бойы ол бас киім күн сайын керегенің келесі көзіне жылжытылып отырады. Бұл ғұрыптың орындалуы баланың толық жетілуіне көмектеседі деп есептеледі.
44?
Шапан. Алматы облысы. Киім мыналардан цүралган: кара барқытпен әдіптелген киіз қалпақ. Шапан қызыл матадан тамбурлап тігілген.Күміс пластиналармен безендірілген кемер белбеу. Етік.
Дамбал да тіршілік күшінің, өсіп-өнудің идеясына байланысты болуы ықтимал. Оларды да үйдің құты деп атаған, үй иесі өлген кезде таратылатын киімнің қатарына қоспай, өздеріне қалдырған. Жоғарыда айтылғандай, атасының шалбарын дүниеге келген баланы орап алуға пайдаланған. Егіз бала туған әйелдің киімін ырымдап, мұрнынан қан аққан кезде басына ораған, кеудесі ауырғанда кеудеге басқан, т.с.с. үшем тапқан әйелдің костюмінің бұл бөлшегі ерекше қасиетке ие болған.
Керісінше, аяқ киім анатомиялық төменгі жаққа, жерге байланысты деп қаралған. Аяқ киімді жоғары қоюға болмайды, бас киімнен жоғары қойылмайды, далаға киген аяқ киіммен төрге шығуға болмайды. Бұл тыйымдар аяқты жоғарыға көтеруге болмайды деген тыйыммен байланысты болуы мүмкін.
Сонымен қатар, аяқ киімнің ұлтарағын халық медицинасында пайдаланғаны туралы дерек бар: егер баланы нағашы ағасының ұлтарағымен немесе көзі тиген адамнан ұрлап алынған затпен үш рет ұрса, көз тиюден жазылады деп есептелген. Осылайша, қазақтың киімі рулық ерекшелігіне қарай өзгеше болғанымен, жалпы алғанда ортақ ұлттық сипатқа ие. Оның түр-түсі, бояуы ерекше, әсіресе әйелдер киімінің пішімі әдемі. Әшекейлерінен жалпы халық өнеріне тән шығармашылық даналық көріністеріне куә боламыз. Киімнің әдемілігіне зор мән беріліп, оны әшекейлеуге көп уақыт бөлінген. Тұрмысқа шығатын қыз өзінің жасауын дайындағанда той киімін тігу мен әшекейлеуге кейде бірнеше жыл жұмсаған, ол киімге түрлі-түсті маталардың әдемі кестенелуі, терімен сәнделуі, шебер жасалған, әсем де салмақты күміс әшекейлер қайталанбас сән-салтанат, сұлулық дарытады.
Қазақтың халықтық костюмі альбомының материалы - шын мәнінде қазақ киімі туралы алғашқы еңбек, алғашқы талпыныс деуге болады, онда авторлар хронологиялық және аймақтық сипат бойынша қысқаша баяндап беруге тырысқан. Альбом Қазақстан Орталық мұражайының қорларында сақталған жиынтықтар негізінде құрастырылған.
Қазақстан Орталық мұражайының жинаған мұралары негізінен XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басын қамтиды. Олардың ең көне бөлігі мұражайға бұрынғы Неплюевтің кадет корпусының жинағынан келіп түскен және Кіші жүз бен Орта жүз аймақтарына қатысты. Мұнда әйелдер бас киімінің барынша көне түрі, қазір қолданыстан мүлде шығып қалған тақия бөрік бар, ол биік, сүйір ұшты, қалпақ тәрізді бас киім, төбесі күрең барқыттан жасалып, кәмшат терісімен жұрындалған. Бас киімнің төбесі оқа -зермен, күміс жалатылған қаңылтырмен, моншақпен, үкінің қауырсынымен
молынан әшекейленген, ең төбесінде алтын жіппен шашық жасалған. Желке тұсына және самай тұсына қара жібектен және моншақтан, моншақпен (әдетте маржаннан ) тігілген мата таспасынан шашақ қадалған, өрнекті металлардан және тастан ендірме салынған. Мұндай бас киімді шамамен XIX ғасырдың ортасына дейін Бөкей ордасының, Ақтөбе және Орал губерниясының жас бай қыздары мен әйелдері киіп жүрген.
Әйелдің киімі. Оңтүстік Қазақстан облысы. А.Галимбаеваның иллюстрациясы.
Осы жиынтыққа екі сәукеле де кіреді, бірі үлкен, бірі кішкентай. Мұражайдағы киімдердің ішіндегі ең көнесі ерлердің жылы бас киімі -тымақ. Оның төбесі биік әрі сүйір ұшты болып келеді. Киізден тігілген, жасыл барқытпен қапталып, алтын зермен сәнделген. Көлемі бірдей үш құлағы (екеуі жанында, береуі артында) салыстырмалы түрде шағын, түлкі терісімен астарланған.
Мұражай жиынтығындағы өзге тымақтардың бәрі кейініректе жасалғандар, олардың төбесі аласа, кейде мақтамен астарланған, пішіні жағынан кәдімгі құлақшынға ұқсайды. Мұндай бас киім бүкіл Қазақстанға қазіргі уақытта да кең таралған.
Мұражайдағы этнографиялық жиынтықтың негізгі өзегі 1892-1926 жылдары Орынбор мұражайының (Орынбор 1925 жылға дейін Қазақ Республикасының астанасы болған) қызметкерлері, оның ішінде сол мұражайдың тарихи-этнография бөлімінің меңгерушісі А. Четыркина және Қазақстанды зерттеу қоғамының қызметкері А.Л. Мелков жинаған дүниелерден құраған. Четыркинаның жинағандары Ақтөбе облысының аймағын, әсіресе Ақтөбе, Торғай және Амангелді ауданын (қазіргі бөлініс бойынша) - толық, Қостанай, Батыс Қазақстан, Атырау және ішінара Семей облысын жартылай қамтиды. Оның киім жөнінде жинаған материалдарынан 1925 жылы Ақтөбе губерниясының Тұзтөбе болысындағы № 7 ауылдан алған ерлер мен әйелдер костюмінің кешені ерекше қызығу тудырады. Әрбір костюм жеті нәрседен құралған әрі типтік сипатта сол аудандағы орта дәулетті қазақтардың киімін білдіреді.
Ерлер костюміне кәдімгі, қазіргі уақытта да кеңінен қолданылатын киім түрлерінен бөлек, бүгінде сирек кездесетін жалғабай - шытпен астарланған, қара шұғадан тігілген күләпара да кіреді. Жалбағайды қатты боранда қар мен дауылдан сақтану үшін тымақтың сыртынан киген, ол негізінен Торғай және Орталық Қазақстан аймағында көп пайдаланылған. Осыған ұқсас, бірақ көлемі кіші бас киім далбай деп аталады, ол Қазақстанның оңтүстігінде таралған, ерлердің жаздық бас киіміне жатады.
Александр Лаврентиевич Мелков мұражайға керемет көркем бұйымдарды тапсырған: 1925 жылы Орынбор губерниясының Бөрте болысының жерінде және Атырау облысындағы адайлардан алған өңіржиек немесе алқа -әйелдердің кеудесіне тағатын күміс әшекейлері.
Өңіржиек асыл тас түйірінен жасалып, ақықтан ендірме салынған күрделі өрнекпен әшекейленген, ол Батыс Қазақстандағы, оның ішінде адайлардағы
қыздың немесе жас әйелдің мерекелік костюмінің міндетті бөлігі саналған. Дәл осындай әдіспен жасалған ірі мәнері жағынан да өте ұқсас, салмақты күміс білезік, оған шынжырмен бекітілген жүзік, салпыншағы бар ұзын сырға - сабақ және бұрымға сән беретін шашбау осы киімді толықтырып тұрады.
Жоғарыда айтылған конус тәрізді әйелдердің бас киімі тақия бөрікті және біраз заттарды да мұражайға тапсырған осы кісі.
Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу киімі 1930 жылы Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданындағы Асы өзенінің аңғарында профессор В.В. Кун және Орталық мұражайдың ғылыми қызметкері Әшім Омаров жинаған жиынтықта барынша тұтас көрініс тапқан. Олар әртүрлі этнографиялық категориялар - баспана, көлік, үй мүліктері, т.с.с. бойынша жүзден астам заттан тұратын жиынтық жинай білді.
Киім категориясы бойына қазақ руларының бірі қызылбөріктерге қатысты 29 зат алынған, олардың уақыты мен орны көрсетілген.
Жиынтықта барлық жасқа тән әйелдердің бас киімі кимешек және көйлек, шапан барынша толық ұсынылған.
Қазақ кимешегі басты, кеудені, иықты және арқаны жабатын күләпара, бетке арналған ойығы бар, әдетте кестемен: алтын жіппен (оқа жақ), баспамен әшекейленеді, ал кейде ерекше сәнді кимешектер маржан моншақтармен және күміс теңгелермен, зермен безендіріледі. Кимешектің пішіні, үлгісі мен әшекейі оны киетін адамның жасына және шыққан руына байланысты болады. В.В. Кунт жинаған кимешектер бұл бас киімнің жас келіннен бастап, 60 жастағы әжеге дейінгі барлық жас типтерін қамтиды.
Жиналған киімдердің ішінде 82 жастағы шалдың баяғыда ұмыт болған үлгідегі, қысқартылған шапанның пішінін дәлме-дәл қайталайтын жейдесі назар аударарлық. Сонымен қатар, В.В. Кун қазақ салтының, яғни ел кезген әншінің, өткір тілді әрі қай жағынан да ерекше, оның ішінде киімі де бөлек жас жігіттің шапанын қолға түсірген. Сал көптеген оқиғалардың қаһарманы, соңынан көп аңыз әңгіме ерген адам әрі киген киімі де сәнді, мінген аты мен ат-әбзелдері де өзгеге ұқсамайды. XX ғасырдың басына қарай салдар сирек кездесіп, олардың ең атақтылары туралы әңгімелер ғана сақталып қалды.
Кәдімгі үлгідегі сал шапанының қолда бар данасы аса сәнді емес, қызыл түсті фланельден тігілген, түрлі-түсті жібек жіптермен көктелген, шамамен 1870 жылы жасалған.
Ішік-тон, жігіттің шапаны (артқы көрінісі). А.Галимбаеваның иллюстрациясы.
Одан кейінгі жылдары, мұражайға жәдігер әкелу тыйылған Ұлы Отан соғысы кезеңін айтпағанда, мұражайдың этнографиялық жиынтығы, оның ішінде киімдер Қазақстанның әртүрлі аудандарына материал жинайтын экспедиция ұйымдастыру арқылы кейбір заттарды жеке адамдардан алу жолымен толықтырылды. Сөйтіп, 1947 жылы мұражай экспедициясы Семей
облысындағы Абай ауданында тұратын арғын руы қазақтарының кейбір киімдерін және қолданбалы өнер материалдарын жинақтады.
Мұражайдың жинақтау жұмысының кейінгі уақытта - 1957-1958 жылдары қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен тұрмысына, оның қайталанбас әрі көркем өнеріне қызығу артқан кезінде жандана түскенін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz