Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
Тақырыбы: Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-8
1 бөлім. ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ҚҰРАЛДАРЫ АРҚЫЛЫ
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің мәні
1.2 Қазақтың ұлттық өнер құралдары арқылы оқушыларға эстетикалық талғам қалыптастырудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
Тұжырым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Қосымшалар
Кіріспе
Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта тұлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи мәдени тамырларына қайта оралу - бұл, әрине оң процесс... Қазақстанда ұлттық тілді, мәдениетті, экономиканы... дамытуға барынша қолдау жасап отыр, - деген сөзі осының айғағы [1].
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары еліміздің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан-2030 халыққа Жолдауының Қазақстан мұраты бөлімінде былай баяндалған: Ол ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды. ... Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар ... кұллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады [2].
Ал Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ...азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны -- Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, ...әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баурау, қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу..., - деп айрықша атап көрсетілсе [3], бұл мәселені Президентіміз өзінің халыққа арнаған жолдауында Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап тұлете береміз - деп бекіте түседі [4].
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Қазақ мектептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелерінде имандылық-эстетикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасын [5], Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын [6], Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім жүйесінің мемлекеттік бағдарламасын [7] т.б. ұлттық тәрбие мазмұнын жандандыруға бағытталған ұсыныстарды республика мектептерінде оқу-тәрбие жұмыстарын қайта құруда басшылыққа алатын қүжат етіп ұсынды. Бұл аталынған педагогикалық шаралар, егеменді Қазақстан мектебінің жаңа үлгісін жасауға ықпал етті.
Ұлттық мектептің үлгісін жасаудағы қажеттіліктердің бірі - қазақтың дәстүрлі рухани мәдениетінің тәрбиелік мүмкіндіктерін жас ұрпақтың имандылық-эстетикалық тәрбиесінде тиімді пайдалану. Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан-қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Бұл туралы Қазақстан Республикасының әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасында: Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік мәдени дамуы - ең алдымен адамзат қазыналарына баса назар аудару, прогресшіл халық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының толымды тұлеуі, гуманитарлық ғылымдарда, өнерге, халықтардың рухани байлықтарына қайта оралу, мәдениеттің қазыналары мен дербестігін мойындау, - деп көрсетілген [8].
Бүгінгі таңда, еліміздің өткен дәуірлердегі рухани-эстетикалық құндылықтарын зерттеу, тану, оның бар мүмкіндіктерін жас ұрпақ тәрбиесінде пайдалану мәселелеріне байланысты Мәдени мұра бағдарламасы бойынша іс-шаралар жүзеге асырылуда]. Бұл бағдарламада былай делінген: Мәдени мұраны, оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүрлер мен әдет-ғұрыпты зерделеудің тұтастай жүйесін құру шеңберінде қазақ халқының тарихымен, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты негізгі ғылыми проблемаларды зерттеу және танымал ету, оның ішінде Орталық Азияның қазақтары мен көшпелі халықтарының көшпелі қоғамның өткен өмірінің бай тарихын зерттеу және танымал ету жөніндегі іс-шаралар іске асырылмақ. Олар ұлттық мәдениетіміздің асыл арналары саналатын халықтық рухани қазыналарын, материалдық мәдениеті құндылықтарын, мектеп жасынан бастап әр азаматтың шығармашылықпен игеруіне мүмкіндік жасайтын мемлекеттік әрі педагогикалық міндеттерді қамтиды. Сонымен бірге, мектеп оқушыларының өнер пәндері арқылы әсерлі эстетикалық ой-өрісін, көркемдік талғамын дамытуда, ол құндылықтарды тиімді пайдалану талаптарын да алдымызға қояды [9].
Жас ұрпаққа дәстүрлі ұлттық өнердің қыры мен сырын, бейнелілік тілін меңгерту және олардың шығармашылық іс-әрекеттерін дамыту арқылы халқымыздың көркемдік мәдени бай мұрасын игерту, туған халқының өнеріндегі парасатты дәстүрлеріне деген эстетикалық көзқарастарын қалыптастыру, қазіргі кезеңдегі білім беру жүйесінің барлық саласындағы эстетикалық тәрбиенің негізгі де, басты міндеттердің бірі болып табылады.
Адамдардың сыртқы тұлға-болмысынан, олардың өзара қатынасынан, тілінен, өнер түрлерінен халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, дүниетанымын, эстетикалық талғам сапасын, көркемдік мәдени даму жолдарын, салт-дәстүр үлгілерін, жас ұрпақ тәрбиелеу ісіндегі халықтық тәжірибе белгілерін көруге болады.
Жас ұрпақтың рухани-эстетикалық дамуын қамтамасыз ету, негізінен, көркемөнер түрлері арқылы (әдебиет, музыка, бейнелеу өнері және т.б.) білім мен тәрбие беру жүйесінде жүзеге асырылады. Қандай өнер түрі болмасын, қоршаған шындық болмысының құбылыстарын бейнелейтін, өзіне тән көркемдік құралдары арқылы баланың санасына әсер ете отырып, оның сұлулық туралы алғашқы түсінігін, қоршаған өмір шындығына эмоциялық қатынасының қалыптасуын сапалы дәрежеге жеткізетін танымдық мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу еңбектерінде баланы түрлі өнерге баулудың, оның өсіп-жетілуінің әр кезеңіне тән педагогикалық ой-пікір мен теориялық тұжырым, әдістемелік тәжірибе жинақталған. Бұлар көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру жүйесін құруға мол мүмкіндік ашатын әдістемелік негіз бола алады.
Жеке тұлғаның рухани-эстетикалық дамуына өнердің ықпалы туралы теориялық мәліметтер ерте дәуір ойшылдарының (Платон, Аристотель, әл-Фараби т.б) философиялық, эстетикалық ой-пікірлерінен, өнерді - нақтылы шындық болмысты танып білуге жетелейтін ғылым дәрежесіне көтерген Қайта өрлеу дәуірінің титандарының (Леонардо, Альберти, Дюрер т.б.) трактақтарынан, өнердің әлеуметтік қызметі мен гуманистік тәрбие сипатын ашып көрсеткен ағартушылық дәуір қайраткерлерінің (Дидро, Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцций, Я.А.Коменский т.б.) және олардан кейінгілердің (Кант, Гегель) эстетикалық, педагогикалық, философиялық тұжырымдарынан бастау алады. Эстетикалық тәрбие теориясын және көркем-эстетикалық талғамды дамыту мәселелерін шешуде орыс демократ-ағартушыларының (В.Г.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский, К.Д.Ушинский) қосқан ұлесі зор.
Кеңестік кезеңде, эстетикалық тәрбиені қоғам талаптарына сай
дамытудың психологиялық, педагогикалық мәселелері Л.С.Выготский,
П.П.Блонский, Н.К.Крупская, А.В.Луначарский, А.С.Мақаренко, А.В.Бақушинский, С.Т.Шацкий [10-14] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Философиялық, өнертану, эстетикалық тәрбие теориясына байланысты ғалымдардың Н.И.Киященко, Н.Л.Лейзеров, Ш.Н.Герман, Б.Т.Лихачев, О.А.Кривцун, А.Егоров, А.А.Радугин, В.Скатерщиков т.б. [15-21] педагогикалық, психологиялық еңбектерінде атап көрсеткен көркемдік, эстетикалық талғамды қалыптастырудың фақторлары, құралдары, психологиялык негізі туралы тұжырымдары біздің зерттеуіміз тұрғысынан аса маңызды.
Бұл жөнінде халқымыздың кемеңгер ойшылдары (Қорқыт ата, әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, Ж.Баласағұни т.б.) [22-28] эстетикалық тәрбиенің маңызы жөнінде еңбектерін қалдырды. Өнер саласындағы ұлттық рухани құндылықтардың жас ұрпақтың эстетикалық дамуына ықпалы туралы қазақтың ағартушы-педагогтары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов т.б. [29-39] артына мол мұра қалдырды. Олар болашақ ұрпақтың дүниетанымдық, имандылық-эстетикалық, ақыл-ой сияқты қасиеттерін тәрбиелеуде халықтың рухани-материалдық мәдениетінің ықпалын жоғары бағалаған.
Бүгінгі таңда, өнер құралдары арқылы мектеп оқушыларының эстетикалық дамуын таным мен талғам деңгейіне көтерудің педагогикалық, әдістемелік проблемалары, педагог ғалымдарымыз: М.Х.Балтабаев, А.А.Қалыбекова, С.А.Yenзақбаева, Қ.Ералин, Е.Асылханов, Б.Байжігітов, Т.А.Қышқашбаева, Р.К.Дүйсенбінова, С.Ә.Жолдасбекова, Ә.О.Қамақов, Yen.О.Асанова, Б.С.Өтемұратова, Б.А.Әлмүханбетов, З.Р.Ахметова, Ф.Н.Жұмабекова, С.Әбенбаев, Ш.Ә.Ақбаева, А.Қ.Ералина, И.В.Коваленко, Б.Ж.Жиентаева, З.Р.Ахметовалардың және т.б. еңбектерінде арнайы зерттелген [40-63].
Оқушыларға эстетикалық тәрбие беруде өнер құралдарының үлкен бір саласы - қазақ халқының дәстүрлі сәндік қолөнері. Ол көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Бұл өнердің түрлері мен салалары сан-алуан. Сол асыл өнердің аясында халықтың өзіне тән ұлттық этникалық ерекшелігі мен әсемдік талғам өрісінің деңгейін паш ететін қолөнерінің бір саласы - қазақтың ұлттық киімі.
Yenлттық киім - халықтың эстетикалық мұраттары мен адамдардың қоршаған ортадағы әлеуметтік айырмашылықтарының көріністік бейнесі ретінде және ұлттық көркемдік стилдің негізгі даму заңдылықтарына бағына отырып дамыды. Қазақтың ұлттық киімі, негізінен, этнографиялық, тарихи, өнертану көзқарасы жағынан зерттелді де, басты назар киімнің шығу тарихына, ерлер мен әйелдердің жасына, әлеуметтік және сән аспектілеріне аударылды. Бұған Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, Ө.Жәнібеков, И.В.Захарова, Р.Д.Ходжаева, А.Коновалов, А.Құралов, Ш.Тоқтабаева, А.А.Диваев және М.Хасанов, А.Ғалымбаева сынды зерттеушілердің еңбектері толық дәлел бола алады [64-73].
Киім композициясының үйлесімінде ою-өрнекпен, кестемен, ұлбірмен (мех) көмкеру, қымбат тастармен, құс қанатымен әшекейлеу, ашық түстерді (қызыл, ақ, көк, жасыл, сары т.б.), қымбат табиғи маталарды таңдау сияқты киім пішінінің құрылымындағы ерекше логикасы - қазақтарда ерте кезден келе жатқан ұлттық эстетикалық талғам мен ұлттық сән өнерінің бар екендігінің көрінісі. Киімнің жоғары сапада, биік талғамда тігілуі халықтың эстетикалық талғамының ғана көрінісі емес, сонымен қатар дәстүрлі қазақ қоғамында эстетикалық мұраттың басымдылығын танытады. Қазақтың ежелгі сән үлгілерінің синтезі ретінде ұлттық киім мәдениетінің екі түрі: дәстүрлі мәдениетті және ұлттық киімді жасауда әлемдік талап ететін эстетикалық мәдениетті жинақтаған. Yenлттық киімнің көптеген элементтерінің сақталуы мен сабақтастығы және қазақтардың қазіргі киімдерінде олардың шеберлікпен өңделіп пайдаланылуы, халықтың өзі қалыптастырған эстетикалық үрдістер мен талғамның, шығармашылық әдістер мен қағидалардың жүйе ретінде ұлттық көркемдік дәстүрдің тұрақты екенін дәлелдейді [74].
Қазіргі кезеңде көкейкесті мәселелердің бірі - қазақ ұлттық киім үлгілері негізінде ұлттық нақыштағы мектеп киім үлгілерін әзірлеу. Мұнда қазақ халқының ұлттық киімдерінің кейбір элементтерін, пішінін және ою-өрнек түрлерін пайдалана отырып қазіргі сән бағытын, оқушылардың мектеп киім үлгілеріне қоятын талаптарын, яғни аймақтық, ұлттық, саяси, сән ерекшеліктерін, пайдалық-утилитарлық (тиімділік, гигиеналық, үнемділік, технологиялық, конструктивтік), эстетикалық (бейнелік, байланыстылық, ағымдылық, ұйымшылдық) сапаларын ескеріп, жаңа мектеп киім үлгілерін өзірлеу керек. Тек осы талаптардың бәрін қамтыған мектеп киім үлгілері ғана оқушылардың эстетикалық талғамының дамуына септігін тигізуі мүмкін. Себебі, қазіргі кезде мектепке оқушылар түрлі-түсті киімдер киіп келуде, ал бұл оқушының білімінен бұрын, киім сайысында жеңіп шығуға деген ұмтылысын байқатады. Тіпті тұрмысы төмен отбасының ұл-қызы мектепке барудан да қашады. Осынау ахуалға байланысты әр мектеп өз оқушыларына ұлттық нақышта дайындалған мектеп киім үлгілерін ендіруге құқылы. Бірақ бұл үлгілер бірыңғай мектеп киім үлгілері болып табылмайды. Сондықтан, мұндай өзекті мәселеде Республика бойынша өзгеріс жасалуын ұсынып, содан кейін барып іске кірісуді жөн деп ойлаймыз [75].
Педагогика, этнопедагогика және психология салаларында жарық көрген ғылыми зерттеулер мен әдебиеттерге жасаған талдаулардан байқайтынымыз біздің зерттеу мәселеміз ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz