Қазақстанның қаржы нарығы қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
2. Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қаржы саясаты - бұл қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі міндеттерді шешу үшін қаржыны пайдалану жөніндегі мемлекеттің нысаналы қызметі, қаржыны басқарудың түпкілікті мақсаты, оның нақтылы нәтижесі. Ол мемлекеттің экономикалық саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Қаржы саясаты қаржы ресурстарын іздестіру, шоғырландыру және жинақтау және экономикалық саясат жасайтын дамудың бағыттары бойынша оларды бөлудің міндеттерін шешеді.
Қаржы саясаты өзіне бюджет, салық, ақша, кредит, баға және кеден саясатын қамтиды. Өз кезегінде мемлекеттің қаржы саясаты тек оның экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асырудың құралы болып келеді, яғни қосалқы рөлді орындайды. Мемлекеттік саясаттың басқа да бағыттарын - ұлттық, геосаясатты әскери саясаттарды да ұмытуға болмайды.
Қаржыны басқарудың бүкіл жүйесі мемлекеттің қаржы саясатына негізделеді. Қаржы саясатын жасауға биліктің заңнамалық және атқарушы тармақтары қатысады. Қазақстан Республикасында оның конституциялық ерекшеліктеріне қарай жалпыэкономикалық саясат сияқты қаржы саясатын жасаудағы басымдық Қазақ - стан Республикасының Президентіне жатады, ол жыл сайынғы Жолдауында ағымдағы жылға және перспективаға арналған қаржы саясатының басты бағыттарын анықтайды. Үкімет экономиканы дамытудың басты бағыттарын жүзеге асыру және қоғамдагы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатымен осы Жолдаудың шеңберінде іс-қимыл жасауы тиіс. Осыған орай биліктің атқарушы тармағының бір бөлігі ретінде Үкімет қаржы саясатын іске асыруға қажетті зандардың жобаларын жасайды жәэне оларды қарап, қабылдау үшін Президентке тапсырады.
Қазіргі жағдайда қаржы саясатының негізгі бағыттары мыналар болып табылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасында нарықтық қатынастарды нығайту жөнінде шаралар жүргізу;
2) дағдарысты жай-күйді жою және қаржы жүйесін сауықтандыру;
3) халықты әлеуметтік қорғау жөнінде шаралар кешенін жүргізу. Нарықтық экономика жағдайында ұзақ мерзімді ғылыми қаржы болжамдарына негізделген және қаржы реттеуіштерінің жүйесіне сүйеніп әрекет ететін тиісті қаржы саясаты материалдық - заттай, ақша ағындарының күнделікті әрі перспективалық тепе-тендігіне жетудің, соның негізінде қоғамның үдемелі экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі өркениетті әдісі болып табылады. Ол бірінші кезектегі міндеттерді - мемлекеттік бюджеттің тапшылығы мен ішкі және сыртқы борыштың мөлшерін, қаржы рыногын дамыту, қолданыстағы салық жүйесін жетілдіру, инфляцияның қарқынын төмендету және т.б. шешу үшін пайдаланылады. Сонымен бірге қаржы реттеуіштерінің жүйесімен айла-шарғы жасау арқылы белгілі бір түрде мемлекет пайдаланатын қаржы айналымында жүрген нақты ресурстар тиісті қаржы саясатына жетудің негізгі құралдары бола бастайды.

1.Қаржы саясатының мазмұны, міндеттері, мақсаттары және қағидаттары
Экономикалық дағдарыстан шығу және одан әрі серпінді даму мемлекеттің сындарлы және негізгі саясаты арқылы болуы мүмкін. Жүргізіліп отырған қаржы саясатының басты субъектісі мемлекет болып табылады. Ол қоғамның ұзақ перспективаға арналған қаржысын дамытудың басты бағыттарының стратегаясын жасайды және алдағы кезеңге арналған міндеттерді, қаражаттарды және оған жетудің жоддарын анықтайды.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны экономикалық заңдардың іс-әрекетін ескере отырып және қоғамның даму міндеттеріне сәйкес қаржыны жоспарлы ұйымдастыру болып табылады. Қоғамдық дамудың әрбір кезеңінде қаржы саясатының өзіне тән белгілері болады, ол экономиканың жай-күйін, қоғамның материалдық және мәдени өмірінің толғағы жеткен қажеттіліктерін және басқа факторларды ескере отырып, түрлі міндеттерді шешеді.
Мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны айтарлықтай күрделі, өйткені ол шаралардың ауқымды кешенін, оны дәйекті жүзеге асыру стадияларын қамтиды, олар:
1) экономикалық зандардың әрекеті, экономиканың жай-күйі, қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының перспективалары негізінде елдегі қаржының ғылыми негізделген тұжырымдамасын әзірлеу;
2) экономикалық саясаттың тиісті мақсаттары мен міндетгерін негіздей отырып, қаржы саясатының стратегиялық және тактикалық шараларын тұжырымдау;
3) белгіленген іс-әрекеттерді қаржы механизмі арқылы (экономикалық қайта құрудың түбегейлігіне қарай оны жаңғырта және түзете отырып) іс жүзінде жүзеге асыру.
Осы негізгі үш буынныц бірлігі қаржы саясатының мазмұнын анықтайды. Демек, экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке ала отырып, қоғамды дамытудың міндеттеріне байланысты қаржыны ұйымдастыру мен пайдалану мемлекеттің қаржы саясатының мазмұны болып табылады.
Қазіргі кезеңце қаржы саясатының көмегімен шешілетін басты міндеттердің қатарына мыналарды жатқызуға болады:
а) елдің дамуының әрбір нақты кезеңінің ерекшеліктері негізінде қаржы ресурстарының неғұрлым мүмкін болатын көлемін жасаудың жағдайларын қамтамасыз ету;
ә) қаржы ресурстарын қоғамдық өндірістің сфералары арасында, ұлттық шаруашылық секторлары арасында ұтымды бөлу және пайдалану, ресурстарды белгілі бір мақсаттарға бағыттау;
б) экономикалық дамудың белгіленген бағыттарын орындау үшін тиісті қаржы механизмін жасап, оны үнемі жетілдіріп отыру.
Сондықтан Қазақстан жағдайында қаржы саясатының міндеті экономиканы экономикалық өсудің траекториясына көшіру, ұлттық шаруашылықтың құрылымын одан әрі жетілдіру негізінде шаруашылық өмірді тұрақтандыру, кәсіпкерлік қызметті дамыту, мемлекеттік бөліктің үлесін оңтайландыра отырып, меншікті реформалау, сыртқы экономикалық қызметті ұлғайтып, жандандыру, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру жонінде шаралар жасап, оларды қаржы механизмі арқылы іске асыру болып табылады.
Елдегі жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес мемлекеттің қаржы саясаты мен қаржы жүйесінің қызметі нарық жағдайында қажетгі қаржы ресурстарын жұмылдыруға, оларды бюджетке толық және дер кезінде түсіріп отыруға, әлеуметтік-экономикалық дамудың мемлекетгік бағдарламаларында қаралған шараларды үздіксіз қаржыландыруға және материал, еңбек және ақша ресурстарын мақсатты әрі ұтымды пайдалануға бақылауды күшейтуге бағытталған. Бұл мақсаттар Қазақстан Республикасының әлеуметтік және экономикалық дамуының, қоғамдық өмірдің барлық салаларын қайта құрудың стратегиясын қаржымен қамтамасыз ету қажетгігінен туындайды.
Қаржы саясатының мақсаты - қоғам дамуының аса маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыруға қажет қаржы ресурстарын толық жұмылдыру. Осыған байланысты қаржы саясаты кәсіпкерлік қызметті жандандыра түсуге қолайлы жағдайлар жасауға шақырады. Мемлекет пайдасына кәсіпорындардың табысын алудың ұтымды нысандарын, сондай-ақ қаржы ресурстарын қалыптастыруға халықтың қатысу үлесін анықтауға көп көңіл бөлінеді. Қоғамдық өндіріс салалары арасында қаржы ресурстарын бөлу жолымен оларды пайдаланудың тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды экономикалық жөне әлеуметтік дамудың басты бағыттарына шоғырландыруға үлкен маңыз беріледі.
Таяудағы мақсат ретінде -- мемлекетгж бюджет теңгерімділігіне жету және экономиканы тұрақтандырудың негізінде ұлттық шаруашылықтың қаржы жағдайын сауықтыру проблемасын шешу.
Қаржы саясатын жүзеге асырудың негізіне жалпы және жеке (өзгеше) қағидаттардың толып жатқан қатары қойылуы тиіс.
Қаржы саясатын жүргізгенде оның мына қағидаттарын жүзеге асырудың зор маңызы бар:
қолда бар нақты қаржы ресурстарын негіздей отырып, бюджеттерді жасау, бекіту және атқару кезінде қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының, әлеуметтік, ұлттық және кәсіби топтардың мүдделерін сақтау;
қаржы қатынастарының жоспарлы ұйымдастырылуын қамта-масыз ету;
қаржы жүйесінің барлық сфералары мен буывдарында кірістер мен шығыстардың теңгерімділігі;
қаржы резервтерін жасау (бюджет жүйесінде кірістердің шығыстардан және салалық қаржыларда қаржы резервтерінің асып түсуі);
мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында қаржы ресурстарын оңтайлы бөлу.
Қаржы саясатының тиімділігін қамтамасыз ететін жалпы қағидаттарға мыналар жатады:
объективті экономикалық зандардың іс-әрекетін есепке алу;
нақты тарихи жағдайларды есепке алу;
өткен жылдардың өзіндік тәжірибесін және дүниежүзілік тәжірибені есепке алу.
Жеке (өзгеше) қағидаттарга мыналарды жатқызуға болады:
қоғамда қаржы жүйесінің ұтымды құрлымын, қаржы қатынастарын жоспарлы ұйымдастыруды және қаржы механизмінің дұрыс құрылуын қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің барлық салалары мен буындарындағы кірістер мен шығыстардың тепе-теңдігі;
бюджеттегі кірістердің шығыстардан асып түсетін қаржы резервтерін жасау;
салық жүйесін ұтымды құру арқылы экономикалық және әлеуметтік дамудың маңызды бағыттарына қаржы ресурстарын шоғырландыру;
негізгі қаржы ресурстарын мемлекет қарамағына жұмылдыру, оларды мемлекет пен шаруашьшық жүргізуші субъектілер арасында тиімді бөлу;
қаржы және кредит-ақша саясатының тепе-тендігі.

2.Қазақстанның қаржы нарығы: қалыптасу кезеңдері, қазіргі жағдайы және даму мәселелері
Банктік қызметтер нарығы: қалыптасуы және әлемдік қаржы дағдарысына дейінгі дамуы.

ТМД-ның барлық елдерінде, соның ішінде Қазақстанда, тәуелсіздік алумен бірге экономиканың қаржы секторының реформасы және дамуы қаржы институттарының тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және тұрғындардың қаржы секторына сенімін арттыру бойынша іс-шараларды белсендендіруге әкелген басымды мемлекеттік міндеттердің маңыздыларының бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күнге Қазақстанның қаржы секторы банктік қызметтер нарығы, бағалы қағаздар нарығы, сақтандыру нарығы және зейнетақы қызметтерінің нарығы сынды негізгі секторлармен көрініс тапқан.
Банк секторы экономиканың қантамыр жүйесі және қаржы секторының ең үлкен сегменті болып табылады. Қазақстандық банктік қызметтер нарығының қалыптасуы мен дамуының бүкіл кезеңінде ол мәнді реформаларды басынан өткерді.
1990 жылы Банктер және Қазақ ССР-ндегі банк қызметі туралы Заң қабылданған кезде отандық банк жүйесін реформалаудың алғашқы заңнамалық негізі қаланды. 1991 жылы екі деңгейлі банк жүйесі қалыптастырылды. Бұған мемлекеттік салалық банктерді қайта ұйымдастыру және СССР Мемлекеттік банкінің республикалық бөлімшелерінің егеменді мемлекеттердің орталық банкі қызметін атқаруы, сонымен қатар алғашқы коммерциялық банктердің құрылуы септігін тигізді. Сол кезден бастап Қазақстан банк жүйесінің бірінші деңгейі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкімен және оның облыстардағы бөлімшелерімен, ал екінші деңгейі өзге банктермен көрініс тапты. Нарықтық қатынастардың кеңеюі және несие ісінің дамуы коммерциялық банктердің жылдам өсуіне әкелді, олардың саны, мәселен, 1993 жылы 200-ден астам болды.
1993 жылдың сәуірінде орталық банктің міндеттерін, қызметінің қағидаттарын, құқықтық мәртебесін және құзырлығын, банк жүйесіндегі рөлі мен орнын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік үкіметінің органдарымен өзара қарым-қатынасын анықтайтын Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы жаңа Заң қабылданды.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы мемлекеттіліктің негізгі нышандарының бірі ретінде, сонымен қатар республика экономикасын инфляциялық қысымнан және қолма-қол ақшаның тапшылығынан қорғау мәселесін шешу мақсатында ұлттық валютаны енгізу туралы мәселені шешуді күн тәртібіне қойды. Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президенті бекіткен ұлттық валюта - теңгені дайындау және енгізу бойынша кезек күттірмес іс-шаралар Бағдарламасы жасалды. Бағдарламаның негізгі бағыттары - бұл дағдарысқа қарсы шараларды қабылдау қажеттігі және әлеуметтік-экономикалық реформалаудың тереңдеуі, қатаң ақша-несие және пайыз саясатын жүргізу, бағалардың еркіндігі, халықтың әлсіз топтарын әлеумттік қорғау.
1993 жылғы ақша реформасы теңгені тікелей енгізу жолымен келесі артықшылықтарды әкелді:
· респбуликаның тәуелсіз ақша-несие саясатын жүргізуге мүмкіндігі болды;
· Қазақстан тұрғындары болашақтағы белгісіздіктен арылды;
· жаңа ұлттық валюта шетел валютасына қатысты оның нақты бағамын анықтауға мүмкіндік берді [1].
1993 жылдың қарашасында ұлттық валютаны енгізу мемлекеттік ақша-несие саясатын және банктік реттеуді жүргізу тұрғысында Ұлттық банктің рөлін арттырды. Ұлттық банк банк жүйесінің қызмет етуінің нормативтік және құқықтық негізін қалыптастыруға үлкен көңіл бөлді, банк қызметі үшін қажетті минималды резервтік талаптар, экономикалық нормативтер сынды пруденциалды реттеудің нормативтері енгізілді, сонымен қатар шетел қатысуымен қызмет ететін банктер қаражаттарының бір бөлігін ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
ҚР қаржы нарығының дамуы
Нарық шаруашылық өмірдің басты саласы
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Дүниежүзілік валюталық жүйе
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың заңдылықтары мен ерекшеліктері
Қазақстан нарық қатынастардың қалыптасуы мен даму кезендері
Халықаралық валюталық өтімділік
Қаржы нарығының құрылым
Нарық қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері
Пәндер