Қазақтың шешендік өнері туралы пікірлер


Қазақтың шешендік өнерінің дәл қай уақыттан басталатынын дөп басып айту қиын. Себебі қазақ шешендік сөздері қағазға түспей, ауызша айтылып, халық жадында сақталып келді. Бізге жеткен деректерге сүйене отырып қазақ шешендерінің атасы - Жиренше деп айтуға болады. Аңыздарда Жиренше әз-Жәнібек хан мен Асан қайғының (ХІV-ХV ғ. ) тұстасы ретінде айтылады. "Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би" дейтін сөз бар. Абай сол Майқыны "Шыңғысханның он екі биінің бірі" деп айтады. (А. Құнанбаев, Шығармалар жинағы. Алматы, 1965 ж. 315-бет) . Бұл дерекке қарасақ, шешендік сөз тарихы әрі қарай тереңдей түседі.
Майқыби, Аяз би(ХІІ- ХІІІ ғ), Жиренше шешен, Асанқайғы (ХІV-ХV ғ. ) есімімен бізге жеткен өсиет, нақыл сөздерде жоқшылықтың, шапқыншылықтың азабын кешкен қазақ халкының бейбіт өмірді, жайлы қонысты, молшылықты көксеген киялшыл арманы, тілек-талабы бейнеленген.
Қазақ шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезең ХVП-ХVІІІ ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша өкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы аламан күрес жүргізген жылдары еді. Тап осы кезеңде билер мен шешендердің, нысындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Әлемдік тарихи сахнаға қарасақ, шынайы шешендердің көрінетін орны сот залдары, парламент сарайлары, көпшішк және жекелеген адамдар қатысуымен де болатын дау-жанжалдар шешілер жер екені белгілі. Жоғарыда аты аталған Демосфен, Цицерон, т. б. адвокат әрі парламент мүшелері болған. Ал, қазақтың аты аңызға айналған шешендері - Төле, Қазыбек, Әйтекелер би болыпты. Сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый-құрметке ие болын отырған.
Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да, шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған. Би-халықтың көкейіндегісін айтқан, көкірегіндегін жарыққа шығарған шырағы, әділет айтушысы. Биді байлық та, барлық та жасай алмаған. Би өз тұғырынан топты жарып, таразы басын тең ұстап, қара қылды қақ жаратын әділ төрелігімен, асқан кемеңгерлігімен, данышпандығымен, салиқалы сабырлылығымен жеткен. Би - табиғи дарын, асылтекті ақыл, алыстағыны көре білген көсем, қызыл тілімен бал тамған шешен.
Көшпелі елдің тіршілік жағдайы да шешендіктің дамуының тағы бір факторы болып саналады. Қазақтың мал шаруашылығына байланысты тұрмыс қажеттері шешендіктің қалыптасуында, дамуында үлкен рөл атқарды. Мал мен дәулет, жер, барымта нәтижелері айтыс пен тартыстың, дау-таластың айықпас көзі болған.
Қазақ даласында шешендік өнердің өсіп-өркендеуіне себеп болған фактор - халықтың сөз бостандығына ерік беріп, еркіндікке жол ашқаны. "Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ" деп, сөзге тиым салмаған, сынға ешқандай шек қоймаған.
Шоқанның пайымдауынша, шешендік сөздер әз-Жәнібек хандығының кезеңінде туып дамыған да, Үш жүздің басын қосқан әз-Тәукенің тұсында, хан Ордасы-Түркістан қаласында жанданған. Талай ғасырлардан бері ауыздан-ауызға көшіп, халық жадында жасап келе жатқан әдет-ғұрып, қарым-қатынас ережелерін жинақтап қалыптастыратын белгілі "Жеті жарғы" әдет-ғұрып заңы да Түркістанда жасалған. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін даңқты дала сөз зергерлері Төле, Қазыбек, Әйтеке шешендердің атақ-данқтары да сол кезде шыққан.
Шешендік сөздердің дамуына үлес қосқан Бұхар, Мұрат, Дулат, Шөже, Махамбет, Шернияз, Шал, Қазтуған сынды ақын-жыраулардың шығармаларында кестелі сөз, оралымды ой мол кездеседі.
Сонымен, қазақ шешендік өнерінің тарихын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады:
- XI-XIII ғасырлар аралығы (Майқы би, Аяз би) ;
- XIV-XVI ғасырлар аралығы (Асан қайғы, Жиреншешешен) ;
- XVIII ғасыр (Төле, Қазыбек, Өйтеке билер) .
Қазақтың шешендік өнері туралы пікір айтқан Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаевтар болды. Шешендік сөздің табиғаты туралы А. Байтұрсынов. С. Сейфуллин, Ә. Мәметова. М. Ғабдуллин, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, Х. Досмағамбетовтердің еңбектерінде жан-жақты сөз болды. Ал, соңғы жылдары шешендік сөздерді жинап, зерттеп, танытуға үлес қосқан ғалымдар - Б. Адамбаев, С. Садырбаев, С. Қасқабасов, Ш. Ыбыраев, С. Негімов, т. б. еңбектері ерекше.
ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ ТҮРЛЕРІ
Қазіргі шешендік сөздер мақсатына, мазмұнына, сөйлеу шарттарына қарай бес топқа бөлінеді.
- Әлеуметтік-саяси шешендік сөздер. Бұларға осы тақырыптарға жасалатын баяндамалар, сөйленетін сөздер, митинг, конференция, съезд, сессияларда айтылатын сөздер, хабарламалар, радио, теледидардан ауызша жүргізілетін саяси-әлеуметтік шолулар жатады.
- Академиялық шешендік. Бұл топты жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялар, ғылыми баяндамалар, хабарламалар, шолулар құрайды.
- Сот ісінде қолданылатын шешендік сөздерге прокурордың айыптау сөзі, әлеуметтік айыптаушылар мен қорғаушылардың сөздері, адвокаттың сөзі, айыпкердің қорғану сөзі.
- Әлеуметтік-тұрмыстық шешендік сөздерге мерейтойларда, салтанатты дастарқан басында, қабір басында көпшілік алдында айтылатын сөздер жатады.
5. Діни қызметте жұмсалатын шешендік (уағыз) . Бұл топтағы шешендік сөздер қазақ топырағында енді-енді дәстүрге айналып келеді. Оған уағыз, иман сөздері жатады.
Шешендік сөздерде айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдар сан алуан. Шешендік сөздер мен шешендік өнер қазақтың мәдени дүниесінде дәстүрі мол, болашағы зор әлеуметтік құбылыс болып танылады.
Шешендік сөздердің кез келгенінде жалпылама қолданылатын сөздердін үлесі мол, сондықтан олардағы стильдік нормалар да қатып калған жүйеде көрінбейді, керісінше, олар араласып та келеді. Дегенмен, шешендік сөздердің әр түрінің негізін құрайтын тілдік сипаттар болады. Бұл сипаттар бірыңғай стилистік бояулар жүйесіне тірек болады.
Шешендік сөздердің арасында өзара тығыз байланыстылық бар, олардың шеқаралары да қозғалмалы сипатта келеді. Мысалы, академиялық шешендік пен әлеуметтік-саяси шешендіктің арасында көбінде тақырыптық ортақтық жиі кездеседі. Мәселен, халықтың әлеуметтік жағдайы ресми баяндамаға да, лекцияға да өзек бола алады.
Таным мен білімнің, рухани дүниені дамыту мен адамгершілік қасиеттерді қалыптастырудың, адамзатты ізгілікке, қайырымдылыққа үндеудің, тәрбиелеудің құралы ретінде қызмет ететін шешендік сөздердің шынайы үлгілері қашан да біздің тарихымыздың, қоғам мен мәдениетіміздің дамуының айнасы іспетті болып қала бермек.
Сын деп адам ісінен шықкан нәрсені тексеріп, баға беруді айтамыз. Сынға салуға болады - ғылымнан шыққан нәрсені де, өнерден шыққан нәрсені де, кәсіптен өнген нәрсені де, қоғамшылықпен құралған нәрсені де. Ол нәрселер көп адам күшімен, ісімен жасалған мемлекет сияқты ұлы нәрсе болуға да ықтимал. Жалғыз адам жасаған ұсақ нәрсе болуға да ықтимал. Адамның қай ісінен шыққан нәрсе болса да, сынға салудағы мақсат- жақсы-жамандығын ашу, мән-мағынасын анық таныту. Ғылым тарапынан шыққан нәрсе болса, ғылым жүйесіне дұрыс, терісін көрсету; өнер тарапынан шыққан нәрсе болса, мақсатқа сәйкес келген-келмегенін көрсету; кәсіп тарапынан шыққан нәрсе болса; тіршілікке жайлы-жайсыздығын көрсету; қоғамшылықпен шыққан нәрсе болса, адам қалпына қолайлы келу-келмеуін көрсету. Сөйтіп, адам ісінен шыққан нәрсенің түрлісі түрлі мақсатпен сынға түседі.
Әдебиет адам ісінің бір түрінен шыққан нәрсе болғандықтан, бұда сынға түспек. Мұның түрлісі түріне қарай сынға түседі. Бірақ қайсысы сынға түссе, шығармалар түсетін сынның жалпы аты - әдебиет сыны деп айтылады. Әдебиет алқасына кіретін шығармалар: қара сөз, дарынды сөз болып екі айырылатыны жоғарыда баяндалды. Сынға түскенде мұның екеуі де екі жүйе таразымен өлшеніп сынға түседі. Қара сөздер мейлі әуезе, мейлі әліптеме, мейлі байымдама болсын, ғылым таразысына түсіп, ғылым жуйесінің сынымен тексеріледі. Ғылым сыны - ғылым жүйесіне дұрыс, терісін қарайды. Шынында сондай нәрсе ме? Топшылауы дұрыс па? Дәлелдері толық па? Сипаттары күшті ме?-деп сол жағынан тексереді. Пән шығарманың ғылым жүйесіне дұрыс, теріс келуін пәннен хабардар адам болмаса, пәннен хабары жоқ адам білмейді. Сондықтан ғылым сынын ғылым иесі адамның ғана жасау қолынан келеді.
ШЕШЕНДІК СӨЗ, ШЕШЕНДІК СӨЗДІҢ САПАЛАРЫ
Сөйлеу - адамның тіл амалдарын пайдалану арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу адамның психикалық қабілетіне, қоғамдық тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу үшін жұмсалатын тілдік амалдар - сөз тудыру, сөз тіркестері, сөйлем құрау ережелері-ұзақ ғасырлар бойында адамдардың пікір алмасу тәжірибесі үстінде қалыптасқан, көпшілікке ортақ, объективті категориялар. Сөйлеу үстінде әр кісінің өзіне ғана тән ерекшеліктері болады, бұл ерекшеліктер сөйлеушінің өз ойын дәл, әсерлі етіп немесе мәнерлеп айту талабынан туады. Тілдің дамуы мен жетілуі сөйлеу кезіндегі осы жеке адамға ғана тән шығармашылықка сүйенеді.
Шешендік сөз осындай шығармашылықтың биікке көтерілген кезінде көрінеді. Шешендік сөзде сөйлеу айшықтары мол қолданылады. Сөйлеу айшықтары дегеніміз - тыңдаушыға әсерлі болып, сөйлеудің әсемдігін, мәнерлілігін, экспрессивтік мәнін күшейтіп беретін синтакистік құрылымдардың ерекшеленген формаларына шендестіру (антитеза), градация (дамыту), қайталау параллелизм, риториқалық сұрау, риторикалық қаратпа сөздер, дауыс ырғағы, т. б. жатады. Шешендік сөздерде бейнелі эпитеттер (желек астында қалған жер), образды теңеулер (бәйге атындай аңкылдап, мол мұхиттай әдебиет), аллитерация, ассонанстар мол қолданылады.
Бұрынғы шешендік сөздерге тілге демеу, ойға дәлел ретінде мақал-мәтелдерді келтіру көріктету амалдарының бірі ретінде қолданылса, бүгінгі шешендердің аузынан шыққан сөздерде мақал-мәтелдермен қатар өзгелердің сөзінен келтірілген сілтемелер, дәйексөздер (цитаттар) орын алады. Ықшамдау тәсілімен жасалған сөйлемдер де шешендік сөзге эмоциялық реңк беріп, оның экспрессиясын күшейтеді.
Шешендік сөздерге тән лексика-грамматикалық ерекшеліктер де болады. Мысалы, қаратпа, қыстырма, сөздерді көбірек келтіру, "ия", "жоқ", "ал", "ғой", "керек", "деймін" "сияқты" деген жеке сөздер мен шылауларды да бүгінгі шешендер жиі қолданады, бұлар да шешендік сөздерде айтушы мен тыңдаушыны жалғастыратын құралдардың бірі болып қызмет етеді.
Шешендік сөздің осындай алуан түрлі амал-тәсілдерге бай болуы оның сапасын арттырады. Ең бастысы, сөз арқылы сол ортадағы адамдарға ерекше әсер етеді. Сондықтан шешендік сөздің сырты қандай сұлу болса, ішкі мазмұны да терең, мағынаны білдіруі, "тыңдаушысын бордай езілтуі" негізгі шарт ретінде қаралады. Шешендік өнерді бағалағанда осы мәселелер басты назарда болады.
ШЕШЕНГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz