Қазіргі таңда жалпы орта білім беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазіргі таңда жалпы орта білім беру мақсаты өзгерді. Жаңа үрдістік іс- әрекеттерге негізделген мазмұнымен қатар оқыту нәтижелеріне де талап қойылған білім берудің жаңа концепциялары, стандарттары жасалуда.

Барлық педагогикалық жүйе құрамы бөліктерінде“инновациялық”, “жаңалық тану” үрдісі іске асуы үшін төмендегідей жұмыстар істелуі тиіс. Біріншіден, өсіп келе жатқан ұрпақтын білім алуын жаңа бағытқа салу үшін оқытудың дәстүрлі емес сабақ түрлері мен жаңа әдіс - тәсілдерден қолдану. Екіншіден, жалпы білім беретін мектептегі оқу жүйесінің мазмұнына өзгерістер енгізу. Үшіншіден, оқушылардың ойлау қаблеті жаңалықтарды тез қабылдауды қалыптастыру және ол жаңалықтарды өмірде қолдана білуге үйрету. Бірақ оқыту технологиясын енгізу оқытудың дәстүрлі әдістерін алмастыру емес, қатарластырып қолдану, себебі ол да пәннің әдістемелік құрамдас бөлігі болып табылады.

“Технология” термині шетел әдістемесінен алынған. “Технология - оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан- жақты ойластырылған үлгісі” . Педагогикалық технология-практикада іске асырылатын педагогикалық жүйенің жобасы. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.

Педагогикалық технология ұғымы 3 деңгейде қолданылады: жалпы педагогикалық -педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған: мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту процесінің субъектілері мен обьектілерінің әрекет алгоритмі кіреді; салалық (пәндік) - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұны жүзеге асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы; локольдік (модульдік) - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды қалыптастыру; дара қасиеттері қалыптастыру және дамыту сабағының технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы. Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өңдеуге болатындығымен ерекшеленеді. /4/

Оқыту технологиясы - оқытудың тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесіне қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оқыту процесінде нақты жүйе қызметін атқарады /6/.

Технологияның екі түсінігі бар: а) тиімді оқыту әдістемесін жасауды білдіретін оқыту технологиясы ; б) оқыту барысында технологияны пайдалану. Соңғы оқыту технологиясы технологиялық құралдарды оқыту үрдесінде пайдалану деп түсіну керек. (ЭВМ, компьютер бағдарламалары, оның ішінде географиялық жаңа мультимедиалық оқулықтары және т. б. ) . Бірақ екі жағдайда технологияны қолдану- дидактикалық есептерді шығару кезінде оқушыларға әсер ету тәсілдерін жетілдіруге бағытталған.

Оқыту технологиясының негізгі белгілері:

  • оқушылар алдында оқудың мақсатты мен міндеттерін айқындап беру, олардың әрқайсысы үшін оқытылатын материалдың маңыздылығын түсіндіру, оқушылардын белсенділігін арттыру;
  • оқытудың белгілі бір құралдары арқылы, оқушылардың әрекетін ұйымдастырудың формалары мен қарқынды әдістері көмегімен қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізетін процедураны құру;
  • үлгілер бойынша оқыту (оқу дәптерлері, практикумдар, оқулықтар бойынша,

мұғалімнің нұсқауларын орындау) ;

  • оқу міндеттерін шешуге бағыталған оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқыту нәтижелерін тексеру үшін тест тапсырмаларының әртүрлі формаларын кеңінен қолдану;

Білімді толык игеру технологиясының авторлары американдық психологтар Дж Кэролл, Б. Блум және олардан ізбасарлары.

Дж. Кэролл ұсынысы : тәлімнің тұрақты өлшемі - нәтиже болуы тиіс, ал тәлім жүргізу шарттары - әр шәкіртің алдын-ала белгілегеніп, берілген нәтижеге қол жеткізуіне ыңғайластырылған тапсырмалары ауыспалы болуы қажет. Осы тұжырымды қолдап, әрі қарай дамытқан Б. Блум шәкірт қабілетін орташаландырылған тәлім игеру желісімен емес, әр тәрбиеленушіге қолай жасалған жағдайларға байланысты анықтауды ұсынды. Б. Блум бала қабілетін оның материалды игеруге бөлінген уақытын шектемеу жағдайында зерттеді. Тәлім, білімдену үдерісін дұрыс ұйымдастырған жағдайда, әсірсе қатқыл уақыт шартын қоймағанда, шәкірттердің 15% бағдарлама мазмұнын толық игеру мүмкіндігі ашылды. Егер сабақ шарты баршаға бірдей болса, шәкірттердің көбі «орташа» нәтижеден ары аспайды. Мұндай технологияны іске асыру үшін дәстүрлі сынып-сабақтың жүйесіне түбегейлі өзгеріс енгізу қажет.

Бұл үшін тәрбиеленушілер тобын сапалық категорияға ажырата білу қажеттігі туындайды. Мұндай категориялар тобы келесідей болуы мүмкін:

уақыт ауқымына қарамастан алдын-ала белгіленген білім және ептіліктер денгейіне жету мүмкіндігі шектелген, қабілеті кем балалар;

басқалардың күші жетпеген күрделі тапсырмаларды орындау қабілеттері күшті, талапты шәкірттер (5%) ; .

білім және ептіліктерді игеруге бөлінген уақыт мөлшеріне тәуелді шәкірттердің басым көпшілігі (90%) .

Аталған қөзқарастар тұрғысынан Дж. Блум және Л. Андерсен білімдерді толық игеру негізіндегі тәлім әдістемесін ұсынады. Мұндай әдістеменің бастау көзі - осы жүйеде қызмет жасайтын педагогтың келесі ұстанымы: тәлім үдерісі ұтымды ұйымдастырылған жағдайда тәрбиеленушілердің қажетті сабақ материалын толық игеріп алуына қабілеттері жетеді.

Бұл үшін педагог толық игерімнің және көздеген нәтижелерді анықтауы, педагогикалық мақсаттардың қарапайымынан күрделісіне бағытталған бірізділікті нақтылап, ой әрекеттерінің, сезімдік тапсырмаларды және психикалық аймақтар қозғалысын өзара үйлесімді байланысқа келтіруі тиіс. Мақсаттар тобы эталонға сай жұмыс істегенін дәлелдеуі үшін шәкірттердің орындайтын әрекеттері мен амалдары негізінде белгіленеді.

Танымдық іс-әрекет мақсаттарының қарапайымнан басталып күрделене түсу тізімі:

білім: шәкірт нақты бағдарламада берілгенін есте қалдырады және жаңғыртады (термин, дерек, ұғым, принцип, амал), яғни «есте қалдырдым, қайта жаңғырттым, білдім»;

тусінім: шәкірт игерген материалын бір қалыптан екінші формаға ауыстырады - «түсіндірдім, дәлелдедім, дәйік келтіре баяндадым, бір дағдыдан басқасына өткіздім»;

қолдану: шәкірт игерілген материалды нақты және жаңа жағдайда қолданып, көрсете білді:

талдау: шәкірт бүтінді бірлікке келтіреді, олар арасындағы тәуелділіктерді ашады. Бүтінді құрастыру принциптерін аңдауға үйренеді - «бүтіннен бөлшек шығардым»;

синтез : шәкірт жаңалықты бүтін жасауы үшін бөлшектерді біріктіру ептілігін игереді «жаңалықты бүтіндік жасадым»;

бағалау: шәкірт көзделген нақты мақсатқа арналған сабақ материалының маңыздылығына баға береді - «игеру нысанасының құндылығы мен маңызын таныдым».

Б. Блум ұсынған мақсаттар атамалары шет елдерде кең таральш, қабылданды. Осы жүйеде тәлім нәтижесі бағалануда.

Жобалау әдісі

Әлемдік педагогикада жобалау ісі түбегейлі жаңа әдіс емес. Жобалау әдісі өткен ғасыр басында АҚІІІ-та пайда болған. Бұл әдіс сондай-ақ проблемді деп те аталған және ол американдық философ-педагог Дж. Дьюи және онын ізбасарлары У. Хилпатрик ұсынған философия және тәлім жүйесіндегі гуманистік бағыт идеяларына сабақтаса келеді. Дж. Дьюи тәлім, білім үйретуді баланың қызығуына сәйкес белсенділік негізінде, нақты мақсатты көздеген іс-әрекет арқылы ұйымдастыруды ұсынды, осылай болған да ғана нақты өмір, тұрмыстан туындаған проблема бала үшін таныс әрі маңызды келіп, игерген білімін оны шешуге пайдалану қажеттігі өріс алады. Мұғалім жаңа ақпарат көздерін ұсынып немесе шәкірт ойын қажетті бағытқа бұрып, дербес іздену жолына салып, белгілі білімдер қорын игеруді керек ететін нақты проблемаларға ынталандыра, қызықтырып, бір, бірнеше проблемалар шешімін көздеген жобалау іс әрекеті арқылы жинақтаған білімдерінің тұрмысқа қолдану жолдарын көрсетуі тиіс, яғни теориядан практикаға өтіп, академиялық білімдерін іскерлік прагматизммен байланыстыра, тәлім-тәрбиенің әр кезеңінде олардың әрқайсысының қай шамада қажет боларын ұқтыру - мұғалім парызы.

Шәкірттер білімді шынайы қажеттік ретінде қабылдауы үшін оның өзіне маңызды келген проблеманы қойып, өз белсенділігімен шешу талабын тарту лазым. Нәтижені сырттай көруге, ұғуға, тұрмыс-тәжірибеде қолдануға болады. Ал іштей нәтиже сол білімге деген ынта мен ептіліктер, біліктілік және құндылықтар.

Жоба әдісін дайындап, әлемде бірінші больш білімдену жобаларын ажырата топтастырған американдық профессор Коллинге болды. Оның ойынша, тәлім-білім тиімділігін көрсетуге бағытталған жобалар түрі келесідей болуы мүмкін:

Ойындық жобалар - әрқилы ойындар, халық билері, сахналық қойылымдар және тағы басқалар. Мақсат - балаларды топтық қатынастарға тарту.

Саяхаттық жобалар - қоршаған табиғат және қоғамдық өмірмен байланысты жағдайларды мақсатты түрде зерттеп үйрену.

Баяндама жобалары - мақсаты - әрқилы формада әңгімелесуден (ауызша, жазбаша, ән орындау, күй тарту және т. б) қанағат табу.

Құрастырушылық жобалары - нақты пайдаға жарағандай өнім жасау (құс үясын жасап, жоғарыға ілу, мектеп театры сахнасын құру, көпір салу, ойын алаңын түзу және т. б. )

Жобалау әдісінің негізіне шәкірттердің таным дағдыларының дамуы, өз білімдерін өз бетінше құрастыра алу ептіліктері, ақпараттық кеңістікте бағдар таңдау шеберліктері, сындарлы ой дамуы алынған

Жобалау әдісі әрдайым балалардың белгілі уақыт аралығында орындайтын дербес - жеке-дара, жұптасқан жұмыстарына бағдарланады. Бұл бағыт шәкірттерді топтастырып үйрету, білім игеру істерімен сәйкес келеді. Жобалау әдісі қай уақытта да, бір жағынан, әрқилы әдістер мен құралдарды пайдалануға, екінші жағынан - әртүрлі ғылымдар, техника, технология, шығармашылық саласынан қажетті білімдер мен ептіліктерді біріктіре ұсынуға қолайлы. Жобалардың орындалу нәтижесі барша уақытта сезімді болуы қажет, яғни, егер проблема теориялық болса, оның шешімі, ал практикалық болса, оның нақты пайдалануы, көзге түсер нәтижесі болуы шарт.

Жобалау әдісін пайдалана білу ептілігі мұғалімнің жоғары біліктілігінің, баланың білім игеруі және дамуына тиімді озат әдістемесінің көрсеткіші. Бұл технология, ең алдымен, адамның постиндустриялды қоғамның шалт өзгрістеріне икемденуін көздеген XXI ғасыр технологиясы деп бекер аталмаған. Жобалау әдісін пайдалануда қойылатын талаптар:

  • шешімі бірігімді білімдерді, ізденісті зерттеулерді қажет ететін тұрмыстық мәнді де маңызды тапсырмалардың болуы (мысалы, әлемнің әртүрлі аймақтарындағы демографиялық мәселелерді зерттеу, қышқылды жаңбырдың қоршаған ортаға келтірер зиянын ашу және т. б. ) ;
  • ниетті нәтижелердің тәжрибелік, теориялық, танымдық маңызының болуы (мысалы, аймақтың демографиялық жағдайы жөнінде тиісті орындарға хабарлап тұру, әртүрлі жерлердегі тоғай, орманды қорғау, мәдени-қоғамдық шаралар жоспарын түзу және т. б. ) . Шәкірттердің дербес (жеке-дара, жұптасқан, топтық) іс-әрекеттері;
  • жобаның мазмұндық бөлігін құрастыру (кезеңді нәтижелерін көрсетумен) ;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үштілділік бағдарламасы бойынша орта мектептерде тілдерді салыстырмалы оқыту жолдары
Мүмкіндіктері шектелген балаларды оқытудың тұжырымдамалық негіздері
Аймақтық білім беру жүйесін басқару
12 жылдық білім берудің мазмұны, пайдасы, ерекшелігі
Ақмола облысы бойынша білім беруді қаржыландыру динамикасын талдау
−орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі
Білім беру процесін басқару сапасы
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БIЛIМ БEРУ ЖӘНE AҒAРТУ ЖҮЙECIНДEГI AЙМAҚТЫҚ КОМПОНEНТ
БIЛIМНIҢ ЖАҢАМАЗМҰНЫ НЕГIЗIНДЕ ЖАНУАРТАНУ ПӘНIНДЕ ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ ӨТУ ЕРЕКШIЛIКТЕРI
Созылмалы аурумен ауыратын науқастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz