Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 97 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

1.Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуінің әлеуметтік тарих контексті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
2.Әлеуметтік педагогтың жұмысын ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
3.Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..14
4.Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17
5. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .18
6.Отбасын зерттеудің психологиялық-педагогикалық диагностика түрлері: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
7.Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психолгының бірлескен жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
8.Әлеуметтік-педагогикалық диагностика ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
9. Әлеуметтік педагогтың тәртібінде ауытқушылығы бар оқушылармен жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Қосымша А Әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарын жүргізу ... ... ... ... ... ... ... ... 45
Қосымша Ә Әлеуметтік педагогтың жылдық жұмыс жоспары ... ... ... ... ... ... ...5 6
Қосымша Б Терминологиялық қобдиша ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60

Кіріспе
Дүние жүзіндегі өркениетті мемлекеттерде тәрбиенің теориясы мен практикасындағы жетекші тенденция - әлеуметтік педагогика рөлінің артып отырантындығын көрсетіп отыр. Қоғамдық өмірдіңжан-жақты демократияландыруы мен гуманизациялау процесінде сонымен қатар Қазақстан Республикасының білім жүйесінде адами-тұлғалық қатынастың атмосферасын объективті тұрғыдан жасалуын талап етеді. Бұл өз кезегінде кәсіби мемлекеттік - қоғамдық әрбиелеу құрылымдарының өмірден, отбасынан, әлеуметтік-мәдени ортадан алшақтауын жою арқылы балалар мен жастарды әлеуметтік тәрбиелеу жүйесін өзгерту жолдарын іздестіруді қажет етеді.
1991 жылы біздің елімізде әлеуметтік педагог қызметінің енгізілуі кездейсоқтық емес. Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының жзастар саясатының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар санасының тигізер әсері мол Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, бүгінг таңдағы оқушылардың қоғамға әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенуіндегі қиыншылықтар, оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге , зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал етуге қажеттіліктерінен туындап отыр. Бұл жұмыстарын жүргізуге өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге тықпал етуге қажеттігінен туындап отыр. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар, бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетін, проблемаларды тиімді, дұрыс шешілу жолдарын табатын адамдар тағдыры. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек. Болашақта әлеуметтік педагог мамандығы мұғалім мен медицина қызметкерлері секілді бұқаралық сипатқа ие болады. Себебі қоғам үшін әлеуметтік эпидемиямен күрескеннен, әлеуметтік аурулардың алдын-алу әлдеқайда тиімді екендігі белгілі.
Сонымен қатар әлеумтеттік педагогика ғылымының елімізде әлі қарыштап дами қоймаған шағында бүгінгі таңда білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтар жұмыс жүргізу барысында түрлі кедергілерге ұшырап отыр. Оңтүстік Қазақстан облысында білім беру мекемелеріне республикалық трансферттен әлеуметтік педагогтардың штаттық бірліктері 2005 жылдан бері бөлінген. Бүгінгі таңда облыс мектептерінде 602 әлеуметтік педагогтар еңбек етуде. Әлеуметтік педагогтардың жоғары педагогикалық білімі болғанымен, басым бөлігінің арнайы әлеуметтік - педагогикалық білімі жоқ. Бұл жағдай-республикамыздың барлық облыстарындағы жағдайға ұқсас. Себебі қазіргі таңда әлеуметтік педагогтарды дайындайтын орта арнаулы, жоғары оқу орындары жетіспейді. Кедергілердің бірі әлеуметтік педагогтардың жұмысына қажетті әдістемелік құралдырдың жетіспеушілігі . Бұл әдістемелік көмекші құрал жалпы білім беретін мекемелердегі әлеуметтік педагогтардың проблемасын зерттеу нәтижесі болып табылады. Әдістемелік құралда әлеуметтік - педагогикалық жұмыстың әдістемесі мен технологиясы, әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмыс әдістемесі, әрбір нақты мекеме жағдайына бейімдеуге келетін сыныптың, оқушының әлеуметтік паспорты, оқушының әлеуметтік псапорты, оқушының отбасына мінездеме, әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы, т.б. үлгілері берілген. Сонымен қатар әлеуметтік педагог жұмысындағы диагностикалық жұмыстарға, түрлі балалар категориясымен жұмысының негізгі бағыттарына әлеуметтік педаготың педагог психолгпен бірлескен жұмыстарына, девианттық мінез-құлықты оқушылармен жүргізілетін әлеуметтік педагогтардың жұмыстарына мән берілген.

1.Қазіргі заман жағдайында әлеуметтік педагогмамандығының енгізілуінің әлеуметтік-тарихи контексті
Балалар, жасөспірімдер, олардың тәрбиешілері өмірінің қиын кезеңінде әлеуметтік педагогтан көмек сұрайды. Өмірден түңілген, үмітін жоғалтқан, қиындықты басыанан кешірген және проблеманы өздігінен шеше алмаған олар түсіністікті, тілектестікті, адамгершілік қолдауды және нақты көмекті күтеді. Оларға сөзбек және іспен көмектесу, олардың өзіне сенуіне, өзінің құндылықтарын қайта қарауына және кемелденуіне ықпал ету-әлеуметтік педагогтың басты міндеті. Балалар мен жасөспірімдердің жанын түсіну және аялау - әлеуметтік педагогтың негізгі миссиясы. Соңғы он жылдағы болып жатқан өзгерістер рухани - өнегелілік бағдарлауды, тұспалдауды, мұрат етуде көптеген қоғамдық сананың барлық формасының мазмұнына өзгертулер енгізді:

Егемендікке дейінгі Қазақстан

Егеменді Қазақстан
1
Жоспарлы экономика
1
Нарықтық экономика
2
Тоталитарлық жүйе
2
Демократиялық жүйе
3
Мемлекеттік меншік
3
Жеке меншік
4
Әлеуметтік жіктелу әлсіз
4
Әлеуметтік жіктелу терең
5
Оқушы-ұжым мүшесі
5
Оқушы-жеке тұлға

Қазіргі заман жастарының қоғамдағы жағдайын әлеуметтік депривациялық жағдай ретінде, яғни олардың өмір сүруі мен тұлғалық дамуына жағдайдың жеткіліксіз болуы, шектеулік, материалдық және рухани ресурстардың жеткіліксіз болуын айтуға болады. Күнделікті т өмірде жастар ішімдікпен, нашақорлықпен, ассоциалдық мінез-құлықпен, қылмыспен кездесуде. Баланың жаны мен психикасына жағымсыз әсер ететін толық емес, кикілжіңді, қолайсыз, бейморалды отбасылар көбеюде. Балалар мен жастар үнемі білім беру мен тәрбие саласында да әлеуметтік депривцияға түсуде. Қазіргі таңда сапалы білім алу тікелей отбасының материалдық жағдайына, байланысты болып отыр. Әлеуметтік қатынаста депривациялық фактор әлеуметтік жіктелудің күннен күнге тереңдеуіне және қала мен ауыл арасындағы айырмашылыққа байланысты болып отыр.
Әлеуметтік депривацияның көрінісінің бірі ретінде еліміздегі жартылай жетім және жетім балалар санының көбейіп отырғандығын айтсақ болады. Бұл проблема барлық менмлекеттерде бар мәселе . Бірақ та тірі ата-анасы бар кезде және олар мемлекет үшін товарға ацналып отырған кезде жаңа көрініс-әлеуметтік жетімдердің көбею қаупі туындауда.
Әлеуметтік жетімдер деуінің себебі-қоғам өз мүшелеріне отбасылық, аналық борышын өтеуге жағдай тудырмай, жауапкершілік, махаббат, аяушылық және мейірімділік сезімін қалыптастырмай отыратындығында. Мемлекет пен сол елдің азаматының арасындағы қатігездік, немқұрайлық ата ана мен бала арасындағы қатынаста өз көрінісін табады.
Қазақстан қоғамының жоспарлы экономикадан нарықтық, тоталитарлық жүйеден демократиялық жүйеге ауысуы ескі проблемалардың шиеленісуіне жаңа проблемалардың соның ішінде жастар ортасында да пайдалануына әкеліп соғуда. Балалар мен жастардың әлеуметтік проблемалары- халық арасындағы ерекше әлеуметтік - демографикалық тобының өздері және қоғам үшін маңызды салаларындағы проблемалары. Бұл проблеманы шешу үшін өскелең ұрпақтың және оны әлеуметтендіру институтының белсенділігін ғана емес, мемлекет пен қоғам тарапынан арнайы саясаты қажет етеді.
Біздің елімізде бала проблемасы мен мемлекеттің жастарға қатынасы барлық кезде өзіндік, спецификалық көріністерге ие болған, ол қоғамның әлеуметтік-саяси құрылымының ерекшелігін көрсететін. 1990 жылдың басына дейін ол функцияны комсомол және пионер ұйымдары атқаратын. Кеңес Одағы жастарының 90 пайызы осы ұйым мүшесі болғаны белгілі. Кеңес Одағының ыдырауына байланысты идеологиялық, басқарушы функцияларды іске асыратын барлық жастар институтытоқырауға ұшырады. Ол ұйымдардың атқарған қызметі өз уақытында ешбір атқарушы билік өкіліне берілмеді. 1991-1993 жылдары балалар мен жастар мәселесімен мемлекет айналыспады. Мұның өзі жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізетін мекемелердің материалдық базасына үлкен зиян тигізді. Жастар ортасында жүйелі және құрылымдық дағдарыспен қатар жастар саясатын іске асыратын мемлекеттік органдарды құру, оны мамандармен қамтамасыз ету мәселесі де өткір мәселеге айналды. Ол маман әлеуметтік педагог болып есептеледі.
Жастар санасында өзекті дүние-өмірлік проблемаларының алуан түрлілігі болып саналады. Елімізде 500 оқушыға жүргізілетін зерттеулер нәтижесінде төмегндегі жағдайлар анықталды.
Оқушылардың аса маңызды өмірлік проблемаларының рейтингісі

Рейтинг
Өмірлік проблемалары
Бұл проблемаларды маңызды деп санаған адам саны
Респонденттердің жалпы санының
1
Мектептегі үлгерімі
250
50
2
Жеке қолданыстағы ақшасының жетіспеушілігі
184
37
3
Ата-анасымен қарым-қатынасы
134
27
4
Достарының және жақын адамының болмауы
134
27
5
Оқушы мен мұғалім арасындағы конфликт
94
20
6
Құрдастарымен қарым-қатынасындағы проблемалар
84
17
7
Бос уақытын өткізудегі проблемалар
34
7
8
Басқа проблемалар
15
3

Мәліметтерді талдай келе бүгінгі таңдағы жастардың әлеуметтенуі, әлеуметтік ортаға бейімделуі күрделі процесс екендігін байқауға болады. Бұл қиындық алдымен өз болашағы үшін тұлғалық жауапкершілігін сезінуі мен тұлға ретінде өзін-өзі іске асыруы болып табылады. Бүгінгі таңдағы оқушының прроблемаларының көзі мектеп болып отыр. Мектеп-оқушының біршама бөлігі үшін әлеуметтік бейімделіне жағдай жасай алмай отыр. Бұл жерде проблема тек қана оқушының үлгермеушілігінде болып отырған жоқ, мектеп-баланың негізгі өмірлік дағдыларын қалыптастыра алмай отыр.
Өскелең ұрпақтың табысты әлеуметтенуі үшін олардың тұлғалық дамуы үшін, қоғам мүддесі үшін инновациялық қызметі үшін жағдай жасалынуы тиіс. Соған байланысты тұлғаны әлеуметтік қорғаудың өзектілігі артып отыр.
Әлеуметтік қорғау - жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік факторлардың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, ол әсерлерді жоюға жолын іздеуге, олардың өзін-өзі анықтауына, өмірді өз орнын таба білуге бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметі. Әлеуметтік қорғау-бұл әлеуметтік - экономикалық, құқықтық категория ғылыми әдебиеттерде ол мәселе кең мағынада қарастырылады.
Әлеуметтік қорғау 4 бағытта қарастырылады:
1. Тұлғаның дамуы мен қалыптасу процесін әлеуметтік қорғау
2. Тұлғаның даму мен қалыптасу ортасын әлеуметтік қорғау
3. Адам құқығын қорғау
4. Мақсатты әлеуметтік қорғау
ІІ Білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагог жұмысын ұйымдастыру
Білім беру мекемелерінде әлеуметтік педагог мамандығының енгізілуі, Бүгінгі тағдағы оқушылардың қоғамға, әлеуметтік ортаға бейімделуі, әлеуметтенудегіқиыншылықтар оның тұлғалық қасиеттерін зерттеуге зерттеу нәтижесінде түзету жұмыстарын жүргізуге, өмірдің қиын жағдайынан шыға білуге ықпал ету қажеттігінен туындап отыр. Әлеуметтік педагог балалардың әлеуметтік тәрбиесін ұйымдастырушы және әлеуметтану процесінің жоспарды және мақсатты түрде өтуіне жағдай жасайтын маман.
Тұлға-отбасы-қоғам жүйесінің өзара әрекеттесу жүйесінің үйлестірушісі бола отырып, қоғамда, отбасыда, микросоциумда ізгілікті қарым-қатынасқа тәрбиелеуге әсер етеді. Әлеуметтік педагог жұмысының негізгі қызметінің бірі оқушының ұтымды әлеуметтенуіне әсер ететін баланың кіші ортасын ұйымдастыруға, қалыптастыруға әсер ету. Бұл жұмыс мамандық қана емес, сонымен қатар бұл біз қол ұшын беретін, адами проблемаларын бірге шешетінг, проблемаларды тиімді, дұрыс шешуге жолдарын табатьын адамдар. Осындай жауапты жұмысты атқара отырып, біз оның табысына барлық қоғам мүдделі екенін есте ұстауымыз керек.
Елімізде әлеуметтік жұмыстың кәсіптік деңгейге көтерілуі-маңызды мәселе. Бұл мамандықтың болашағына, мемлекеттің әлеуметтік саясатының жастар саясатының өзекті проблемаларының өзекті проблемаларының шешілуіне кадрлар сапасының тигізер әсері мол.
Жалпы білім беретін мектептердегі әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік орта мен бала арасында кең байланыс әлеуметтік педагогтар білім беру мекемелерінде қолайлы орта құруға, оқушының , педагогтардың тұлғалық мәселесін шешуге әлеуметтік ортьа мен бала арасында кең байланыс жасауға мамандалады.
Балларды әлеуметтік - педагогикалық қолдау - баламен бірге оның өзіндік көзқарасын , мақсатын, мүмкіндігін анықтау үшін және қоғамда қалыпты өмір сүру ге кері ықпал кедергілерді жою үшін жолын анықтау. Өмір сүруіне, қарым-қатынасына, өзін-өзі тәрбиелеуіне, алдына қойған мақсатына жету және адамгершілік қасиетін сақтап қалуына көмектесу.
Әлеуметтік педагогты әлеуметтік қызметкердің бір түрі деп санау қателік болар еді. Оның қызметінің негізгі сферасы социум - әлеумет. Негізгі басымдық бала мен отбасы, бала мен тұрғылықты жеріндегі жақын ортасының арасындағы қарым-қатынасын зерттеуіне беріледі. Әлеуметтік педагог балалармен , оның отбасымен көршілік ортасымен жұмыс жасайды.
Оның қызметінің мақсаты-социумда балалар мен ересектердің әлеуметтік маңызы бар, профилактикалық қызметін ұйымдастыру, баланың дамуын, білім алуын әлеуметтік қолдау.
Әлеуметтік педагог біріншіден, мүмкіндігінше проблеманың алдын-алуына тырысады, проблеманы тудыратын себептерді анықтай және уақытында оны жойып отыру, адам бойындағы олардың қарым-қатынасындағы әртүрлі ауытқушылардың алдын-алып, отыру, осы арқылы қоршаған әлеуметтік ортаны сауықтырып отырады. Әлеуметтік қызметкер проблеманың алдын-алумен емес, проблеманың өзімен жұмыс жасайды(алкоголизм, нашақорлық, әлеуметтік депрессия, қаңғыбастық, ауру, өзін-өзі қызмет ете алмаушылармен, мүгедектермен, стихиялық зіл-зала, көші-қонмен, жанының күйзелуі әлеуметтік бейімделу) арнайы көмектің түрін, арнайы мамандануды қажет ететін (қарт адаммен жұмыс, босқындармен, әлеуметтік риск тобына жататын адамдармен жұмыс) Солнымен қатар ол арнайы жас ерекшеліктері бойынша топтардың (балалар, жасөспірімдер, жастар, қарттар) мекемелердің, микроорталықтың ерекше сфераларының (ауыл-әскери бөлім) әлеуметтік проблемаларын шешуге мамандануы да мүмкін.
Әлеуметтік қызметкер мен әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызметтерінің жұмыстарының түрі мен әдістемесі бір-бірімен қиылысып жатқанымен әр маманның өзіндік айырмашылықтары бар. Дегенмен әлеуметтік қызметкер жұмысының нәтижелілігі әлеуметтік педагогтың жұмысымен тығыз байланысты, тиісінше әлеуметтік педагог жұмысының нәтижелілігі де әлеуметтік қызметкердің қорытындысынсыз жоққа шығар еді. Әлеуметтік педагог бірінші кезекте тұлға мен отбасы қорғауға арналған мемлеккеттік - қоғамдық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелер мен ұйымдар арасын байланыстырушы буын.
Әлеуметтік педагог - өсіп келе жатқан тұлғаның мүддесін, заңдық құқын қорғаушы. Әлеуметтік педагог-сырттан бақылаушы емес, ол балалар мен ересектердің бірлескен қызметінің тікелей қатысушысы, сонымен қатар - бұл қызметтің жетекші ұйымдастырушысы. Оның барлық күш жігері адамды әрекетке, әлеуметтік инициативаға қиын жағдайдан шығу жолын іздеуге оятуға бағытталады, адамдардың проблемасын өздері шеше алуына көмектеседі. Әлеуметтік педагогты рухани жетекші, тәлімгер десек те болады, себебі ол жылдар боый баламен, оның отбасымен жұмыс жүргізеді, әлеуметтік, жалпыадамзаттық құндылықтардың қалыптасуына ықпал етеді. Сонымен бірге ол әлеуметтік терапевт-өзінің қамқорлығындағы адамдардың кикілжіңжі жағдайын шешуге, соған сәйкес мамандарға көрінуіне көмектеседі. әлеуметтік педагок әрқашан өзінің клиентінің құқын қорғайды, әлеуметтік диагноз қоюда эксперт ретінде қатыса алады.
Кәсіптік-білімділік (теориялық) құзырлық немен өлшенеді:
а) Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен тарихын білумен;
ә) Баланың тұлғалық қасиеттерін зертейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқының қалыпты және ауытқушылығын зеріттейтін жас ерекшеліктері психологиясын білумен.
б) Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шағын топ, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социологияны білумен.
Кәсіптік-әрекеттік құзырлығы немен өлшенеді:
а) коммуникативтік құзырлығы жоғары болуы тиіс (латын тілінен аударғанда байланысамын, қарым-қатынас жасаймын, бірге жасаймын, басқа сөзбен айтқанда қарым-қатынасқа мән беремін деген мағынаны білдіреді.) әлеуметтік педагоктың коммуникативтік қабілеті оның балаға,әріптестеріне, ата-аналарға әсер ету шеберлігінен көрінеді.
ә) эмпатикалық құзырлығы-басқа адамның эмоционалдық жағдайын түсіну, оның уайымына, ішкі сезіміне ене білуінен көрінеді.
Бұл жерде әлеуметтік педагоктың баланың проблемаларына көңіл бөле алу, оның эмоциялық жағдайын сезімін, қиын шақтарын түсіне алу қабілеті туралы айтып отыр. Осыдан барып оның өзін бала орнына қоя білу, дүниені оның көзімен көре білу мүмкіндігі көрінеді. Сонымен қатар әлеуметтік педагог оқушыға ересек адам оны көріп, тыңдап түсінетіні жайлы білдіре алуы тиіс. Бұл түсініктің өзіне алдағы іс әрекетті болжау, айтылған әңгімелердің ішінен негізгі және жанама фокторларды, аргументтерді анықтау мүмкіндігіне жол ашады. Тек осы жағдайда тәрбиеленушінің сеніміне, педагогикалық қарым-қатынаста баланың белсенділігіне үміт арта алады.
Б)ойлауды, іс-әрекетті оңтайландыра алу құыырлығы-проблеманы шешудің бір емес, бірнеше жолын тат білу қабілеті. Себебі әлеуметтік педагог баланың және жасөспірімдердің тобына және қиын балалармен олардың ата-аналарымен қарым-қатынасының өзгермелі жағдайларына тез бейімделуі қажет. әлеуметтік педагог баланың жас ерекшелігіне, жеке мінезіне және білімділік деңгейіне байланысты қарым-қатынас құралын, түрін,әдістерін өзгертіп отыруы қажет. Баламалы әр түрлі байланыс процестерінде тез, оңтайлы шешім қабылдай білу жағдайында қабілеті үлке маңызға ие болады.себебі кез-келген әлеуметтік педагогкалық шешуі ол тұлғаға бағыталған процес болғандықтан әлеуметтік педагогика дайын шабылондардын, рецептерден, стандартан бас тарту қажет. Әлеуметтік педагогтың ойлауды және әрекетті оңтайландыра алуы кәсіптік міндеттерді шешуде үлкен рөл атқарады. Әлеуметтік педагогпен байланыста болатын әрбір баланың ашылмай жүрген шығармашылық мүмкіндігі болады, бұл жерде әлеуметтік педагогтың міндеті-баланың осы мүмкіндігінің ашылуына, өзінің жақсы қасиеттеріне назар аударуына, сенуіне көмектесу.
Кәсіптік-тұлғалық құзырлығы:
Бұл мамандықты таңдаған адамның ерекше тұлғалы сапасы болу керек. Әлеуметтік педагог қызыметі ол адамдар арасындағы сенімділік зонасы, олардың өзаратүсінушілі, өзаракөмек, өзаражауапкершілік жолы. Әлеуметтік педагогтың кәсіптік - тұлғалық жарамдылығын анықтайтын сапа:
а) адамгершілік-өзінің түсінушілігін, ол көз қарасын басқа адамды қолдай алатындығын көрсете алу.
ә) сыпайылық-әдептілік, басқа адамдармен қарым-қатынаста сыпайы болу.
б) аутентілік-адамдармен қарым-қатынаста шынайы болу, адал болу, ортамен байланыста өзімен - өзі болу.
в) ашықтық-басқа адамға ішкі дүниені аша білу, адал болу, өзінің сезімі мен ойын айта білу.
г) нақтылық-жалпылама пікір айтуда бас тарту, сұраққа жауап бере алу.
д) Осы жерде және қазір жағдайында сөйлей алу-және әрекет алу, адам туралы, оның жағдайы туралы нақты білу және оны көрсете білу.
Әлеуметтік педагогты тұлғалық және кәсіби қасиеттері бойынша топтастырып көрелік.

Адамгершілік қасиеттері.
Педагогикалық
мінездеме.
Психологиялық зеріттеу қасиеттері
Психологиялық педагогикалық қасиеттері
Мейірімділік
Басқаның қамын
Ойлау.
Намыс сезімі.
Шынайылық
Адалдық.
Әділеттілік.
Сыпайылық.
Ашықтық.
Естесақтау. Ойлау.
Елестету.
Қабылдау. Психологиялық
Жағдайларға назар
Аудару,шаршау
Күйзеліс
Мазасыздықты жеңе білу.
Өз еркің
Жұмылдыра білу,
Табандылық т.б.
Өөзін - өзі
Қадағалау
өзін-өзі бақылау,
өз-өзіне сын көзбен
Қарау, өз-өзін
Бағалау, өз
Бетімен білім
Алу, өзіне сену,
Өз мәселесін
Шеше алу.
Қарым-қатынаста
Орната білу,
Сыртқы
Тартымдылық,
Ұнай білу,
Табиғилық,
Басқаның көзімен
Көре білу,түсіну
Шешендік, сендіре
Білу т.б.

Бұл мамандықтың иесі гуманист, діни рухани және жалпы мәдениеті педагог болуы тиіс, педагог және әлеуметтік қызыметткер бола білу, баланың білім алуына, тәрбиесіне бамуына байланысты оны қорғауда өзінің белсенді роль атқаратынын түсіне алу тиіс, тұрақты адамгершілік қағидасы ұстанымы болуы тиіс.

Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар.
Әлеуметтік педагог өз жұмысында:Қ,Р Конституциясын, Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңын, Б.Ұ.Ұ Бала құқығы туралыКонвенциясын, Қ.Р Бала құқығы туралы Заңына, ҚР Неке және Отбасы туралыЗаңын, ҚР Даму мүмкіндігі шектеулі қолдау туралыЗаңын, Әлеуметтік педагог Ережесін және басқа да білім беру мәселесі жөніндегі нормативтік-құқықтық актілерді білуі тиіс.
Егеменді мемлекеттің басты проблемаларының бірі бала құқын қамтамасыз ету, себебі мемлекеттің өміршеңдігі болашағы балаларға байланысты. Бұл проблема көптеген мемлекеттерде қиын шешілетін мәселенің бірі болып саналады, сондықтан ол өркениетті, халықаралық сипат алып отыр.
Бүгінгі таңда халықаралық-құқықтың бала құқын қорғау юойынша құрылымы құрылып және жұмыс жасауда.
Халықаралық бала құқын қорғау деп-баланың үйлесімді және жан-жақты дамуы үшін және оны мемлекеттік заң шығару деңгейіне көтеруге дейін әсер ететін және нашар дамыған мемлекеттердің балаларыны көмек көрсететін мемлекет пен мемлекеттік емес халықаралық ұйымдастырылып өзара келісімге келген жүйені айтуға болады.
1989 ж БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқығының дүние жүзілік Конституциялық Бала құқы туралы Конвенция қабылданды.Өркениетті адамзат бұл құжатты қабылдауға дейін бірнеше құжаттар қабылдаған болатын. 1948 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясына бала құқы туралы Женева декларациясы, 1959 ж Бала құқы туралы Декларациясы БҰҰ Конвенциясы заңдық құжат ретінде Декларация Ережелерін одан әрі тереңдетеді. Оны қабылдаған мемлекеттерге балаға қатысты әрекеттері үшін құқықтық жауапкершілік артып, заңдық кепілдемелер мен нормалардың жетілген түрін ұсынады.
Конвенцияның мақсаты-бала мүддесін, қызығушылығын барынша қорғау. Конвенция негізгі төрт талап қояды, ол бала құқын қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Өміршеңдңлік, өмір сүруі баланың дамуы, баланы қорғау және қоғам өміріне белсенді қатысуды қамтамасыз ету.
Конвенция-бұл жоғары әлеуметтік-адамгершілік қасиеттерді уағыздайтын құжат. Ол баланы бүкіл ажамзаттың бір бөлігі ретінде қабылдауға, баланың жалпы адамзатық құндылық пен тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге, оның ешбір себептері мен мотивтеріне қарамастан дискриминайияламауға негізделген.
Конвенция бала мүдесін мемлекет мүдесінен жоғары қоюмен қатар, әлеуметтік депривацияланған (әлеуметтік әлсіз топ, қорғалмаған)балалар тобына айрықша қамқорлық жасауды талап етеді; жетім, мүгедек, босқындар,құқық бұзушылық балалар.
Конвенция-жоғарғы халықаралық стандарты, құқықтық құжат. Ол баланы өзіндік дербес субъект ретінде ариялап, Конвенцияны қабылдаған мемлекеттерге ұлттық заңдарын Конвенция негізінде қабылдауды талап етеді. Бала құқының әртүрлі аспектілері бойынша-анықтап, мемлекеттің құқықтық нормаларын белгілеп, арнайы бақылау механизмін-БҰҰ Бала құқын қорғау бойынша Комитеті құрылып, оған жоғары дербестік, өкілеттік берілген.
Конвенция-жоғары, биік педагогикалық мағынасы бар құжат. Балаға ересектер ата-аналар және педагог тарапынан авторитарлықпен қарау барлық мемлекеттерге бар. Конвенция балалар мен ересектерді қарыми-қатынасты өзгеше адамгершілік-құқықтық және педагогикалық негізде құруын уағыздайды. Баланың ойына, көзқарасына, тұлғасына силастықпен, түсінушілікпен қарау тек жалпы адамзаттық мәдениетнормасы емес, құқықтықнорма да болуы қажет дейді. Соған байланысты әлеуметтік педагогика талап етушілік педагогикасын-тұлғаралық педагогикасына құндылық бағдарды өзгертуге тиіс педагогика саласы.
Конвенция бала құқы туралы бүкіл мемлекеттерге қабылданған, ратификацияланған құжат. Қазақстан Республикасы бұл құжатты 1994 жылы қабылдады. Конвенция бала құқы мен мүдесіне байланысты базалық құжатқа айналады. Қ.Р.-ның Конституциясы (30 тамыз 1995 ж)ҚР Неке және Отбасытуралы
Заңы(17.12.1998 ж.)Қазақстан Республикасының даму мүмкіншіліктері шектеулі балаларды әлеуметтік медика-педагогикалық, корекциялық қолдау (11.07.2002 ж) туралы Заңы, Қ.Р-ның Бала құқы туралы (8.08.200 ж)ҚР Заңы және т.б. заңдары Конвенция негізінде қабылданды.
Отандық тәжірибеде алғаш рет бала арнайы қамқорлықты қажет ететін субъект ретінде ғана емес, адамға қажет барлық құқықтары бар субъект ретінде қарастырылады.
Әлеуметтік педагогтың лауазымдық міндеттері:
* Оқушылардың жеке психо-медициналық және педагогикалық ерекшеліктерін зерттейді.
* Баланы әлеуметтік ортаға бейідеу, жеке тұлға ретінде дамыту.
* Оқушының микроорталығын, өмір сүру жағдайларыны зеріттейді.
* Оқушының қажеттігі мен қызығушылығын байқайды, баланың жеке және әлеуметтік қиыншылығын анықтау және өз құзырлығы бойынша шешу.
* Оқушының қиындығы мен проблемаларына, тәртібіндегі ауытқулары кезеңінде тез арада әлеуметтік көмек және қолдау көрсетеді, құқық бұзушылығы бойнша алдын - алу жұмыстарын жүргізеді;
* әлекметтік - педагогикалық диогностика, әдістемесін анықтайды;
* Патронот бойнша тұрғын үй, зейнет ақы беру, жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланың мүліктік және мүліктік емес құқы бойынша жұмыс жүргізеді;
* Сабақтан тыс уақытта оқушының физикалық және дарындылық талантын дамытуға жағдайлар жасайды;
* Баланың мемлекетпен, қоғаммен, ұжыммен және әлеуметтік қызыметкермен байланысын ұйымдастыру;
* Мұғалімдермен, ата-аналар мен немесе оларды ауыстыратын адамдармен бірлесіп, тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды;
* Білім беру ұйымдарынаң білім бағдарламаларын құрастыруға, бекітуге, оны жүзеге асыруға қатысады және өзінің құзіреттілігі бойынша олардың орындалуына жауап береді;
ІІІ. Әлеуметтік - педагог жұмысының негізгі бағыттары
Мектепттің әлеуметтік-педагогикалық қызыметі төмендегідей бағыттардан тұрады:
Ұйымдастыру шаралары:
* Қажетті құжаттар мен жұмыс (жылдық жоспар, әртүрлі катигориядағы балалар мен отбасы туралы мәліметтер банкін құру, ата-анаға кеңес беру және үйіне баруын тіркеу туралы журнал арнау);
* Мектептің әлеуметтік паспортын жасақтау;
* Ата-аналар, мұғалімдер және оқушылар үшін кеңес беру және лектория ұйымдастыру;
* әлеуметтік-педагогикалық тәрбие мен әлеуметтік-педагогикалық қорғау міндетін шешуші мекемелермен өзара байланыс жасау (денсаулық сақтау СПИД орталықтары, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау, ішкі істер және т.б.мекемелері мен мамандары және т.б.);
* құқықбұзушылықтың алдын алу Кеңесін құру;
Зерттеу шаралары:
* Әлеуметтік қорғаламаған оқушылар катигориясын анықтау (қамқорлықтағы балалар, мүгедек балалар, жетім балалар, көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары, девиянтық мінез- құлықты оқушылар );
* Бірінші сынып оқушыларының бейімделу деңгейін анықтау мақсатында әлеуметтік психологиялық зерттеу;
* Бесінші сынып оқушыларының бейімделу дейгейін анықтау;
* Мүгедек балалардың денсаулығына мониторинг жүргізу;
* Балалардың әлеуметтену деңгейін анықтау (сыртқы орта кіріге алуы, жоғары сынып оқушгыларының құндылық бағдары мен өмірлік маңызы бар жоспарларын мектептің іске асыру дәрежесі);
* Мектептегі әлеуметтік-психологиялық ахуалын бағалау (педагогтардың тұлғааралық және кәсіптік дейгейдегі қарым-қатынасы, мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас, оқушылар мен оқушылар, мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынас, біртұтас ұжымның қалыптасу деңгейі (ұйымшылдығы, бір-біріне көмекке келуге дайындығы));
* Мектептің әлеуметтік-мәдени жағдайын бағалау (оқушыны жалпымәдени дүниетанымын дамыту және оқытушының бос уақытын ұйымдастыру бойынша мектеп қызыметін бағалау);
* Білім беру қызыметі деңгейінің ата-ана сұранысына сәйкес келуі;
* Мектеп қызыметін бағалау мақсатында педагогтар арасында сауалнама жүргізу;
Түрлі балалыр категорияларымен жүмыс:
* Мүгедек балалрмен жұмыс (мәліметтер банкін құру, оларды жеке оқұытуды ұйымдастыру, әлеуметтік - тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару, оларды оқулықпен қамтамасыз ету, бос уақытын ұйымдастыру, халықаралық мүгедектер күнін өткізу, әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету, санаториялық - курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету );
* Қамқорлықтағы балалар және жетім балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын анықтау мақсатында олардың үйіне бару, жалпыға білім беру қорынан материялдық көмек көрсету, қамқорлық бойынша инспектормен кездесу, әлеуметтік көмек көрсету, саноториялық - курорттық жолдамалармен қамтамасыз ету, мектепте тегін тамақты ұйымдастыру);
* Девиенттық мінез-құлқы бар балалармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, баланың үйіне бару, олардың қызығушылығына қарай үйірмелеріне тарту, балалар мен олардың ата-анадары мен әңгіме жүргізу, қиын балаларды диагностикалау (қызығушылығы, проблемалары, дау-дамай жағдайлары) сынып жетекшілеріне қиын балалармен жұмысына психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық-педагогикалық кеңес беру, ата-аналар үшінпедагогикалық консилиум өткізу, олардың жазғы демалысы туралы мәлімет жинау, жазғы демалысын ұйымдастыру, КТІЖБ-мен бірлесіп профилактикалық жұмыстарын ұйымдастыру);
* Аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылармен жұмыс (мәліметтер банкін құру, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына акт құру мақсатында иелеріне бару, мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету, материялдық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету ).
Отбасымен жұмыс:
Қазіргі қиын жағдайда отбасыға мектеп тарапынан жүйелі білікті көмек қажет. әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысының негізгі бағыттары:
* Диагностикалық (отбасы ерекшелігін және кіші ортаның әсер ету дәрежесін зеріттеу);
* Болжамдаушылық (диагностика нәтижесін ескере отырып, тәрбие жағдайын модельдеу);
* Ұйымдастырушылық-коммуникативтік (ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту, олармен қарым-қатынас орнату);
* Құқыққорғаушылық (құқық қорғау, бостандығы, әлеуметтік гарантия бойынша отбасын қолдай);
* Ескерту-профилактикалық (девианттық мінез-құлықтың алдын-алу);
* әлеуметтік-тұрмыстық (материялдық көмекке зәру отбасыны көмек көрсету);
* әлеуметтік-психологиялық (шұғыл, кідіртуге болмайтын психологиялық көмекті іске асыру);
* ұйымдастырушылық (мәдени-сауықтыру, сорттық, техникалық және шығармашылық іс-шарамен қамтамасыз ету);
Әлеуметтік педагогтың кәсіптік білім деңгейі төмендегі біліктіліктермен өлшенеді:
Қызыметінің нормативтік-құқықтық базасы (әлеуметтік педагог, балаға көмек беруші мекеме жүйесі қызыметінің әлеуметтік - құқықтық және әлеуметтік-эканомикалық негіздерін реттейтін заңдар, заңдылық актілер,үкімдер, шешімдер, нұсқаулдар).
Әлеуметтік педагогтың теориясы мен тарихы.
Баланың тұлғалық қасиеттерін зеріттейтін, оның физикалық, рухани және әлеуметтік дамуын, мінез-құлқын қалыпты және ауытқушылығын зерттейтін жас ерекшеліктері психологиясы.
Адамдардың бірлестіктерін және топтарын (отбасы, шығын тән, мектеп ұжымы, құрбы-құрдас ұжымы) зерттейтін социология.
Әлеуметтік басқарудың әдістемесі және кәсіптік зерттеу қызыметін жоспарлау.
IV.Білім беру мекемелері әлеуметтік педагогтарының құжаттары мен әдістемесі:
1. Әлеуметтік педагог қызыметін реттейтін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар: Бала құқығы туралы Конвенция, бала құқығы бойынша заңдық актілер.
2. Жеке қолдану папкасы.
3. Сыныптың әлеуметтік паспорты.
4. Әлеуметтік педагогтың картотекасы.
5. Оқушының әлеуметтік паспорты.
6. Оқушының тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.
7. Оқушының отбасына мінездеме.
8. Оқушының педагогикалық-психологиялық мінездемесі.
9. Әлеуметтік педагогтың есеп беру журналы.
10. Әлеуметтік педагогтың қабырға бұрышы.
11. Білім беру мекемесінің КТІЖБ-мен бірлескен жұмыс жоспары.
12. Әдістемеулік нұсқаулар, ата-аналар үшін жадынамалар.
13. Сынып жетекшілерге баланың өміріндегі әлеуметтік проблемаларды, тұлғааралық қатынастағы кикілжінді шешуге арналған әдістемелік нұсқаулар.
14. Ата-аналар мен балаларға арналған олардың проблемасын шешуге құзырды қалалық және аудандық мекемелер мен ұйымдар бойынша анықтамалық ақпарат.
15. Кіріс және шығыс құжаттарды тіркеу журналы.
16. Атқарылған жұмыстың есебі.
Жеке қолдану папкасы
Әлеуметтік педагог өз жұмысын ұйымдастыруда жеке қолдану папкасы жүргізіп отыру керек.
Жеке қолдану папкасына төмендегі құжаттар енгізіледі:
* Мектептің негізгі құжаттары (жарғы көшірмесі, лицензия көшірмесі т.б.).
* Әлеуметтік педагогтың қызыметтік және лауазымдық міндеттері;
* Мектептің жұмыс жоспары мектептің өндірістік жоспары немесе бөлігі, даму бағдарламасы, тәрбие жұмыс жоспары, сабақ және ұйымдастыру кестесі т.б.
* Мектептің педагогикалық тізімі (сынып жетекшілер, пән мұғалімі және әкімшілік, үйінің телефоны көрсетілген).
* Әлеуметтік педагогтың кәсіптік қызыметімен байланысты мекемелер тізімі.(қамқорлық және қорғаушылық бөлімі), ішкі істер органдары, емханалар, әлеуметтік қорғау органдары, (мекен-жайы, телефон, мекеме қызыметкерлерінің аты-жөні, жұмыс кестемі көрсетілуі тиіс).
V. Әлеуметтік педагогтың отбасымен жұмысы
Жасөспірімдерді бақылаусыздығы мен қараусыз қалуы - мектеп және әлеуметтік педагогтың өзекті проблемеларын бірі болып табылады. Аталған жағдайдың себебінің бірі ата-ана мен балалар арасындағы қарым-қатынасқа байланысты. Отбасы мен мектептің арасындағы ынтымақтастық - бұл ортақ мақсатқа негізделген және ұзақ нәтижесі болып табылады. Бұл жұмыс ең алдымен отбасын жүйелі, әрі жан-жақты зерттеуден, отбасы тәрбиесін ерекшеліктері мен жағдайын ескеруден ьасталады. Бүгінгі таңда отбасылық тәрбие жүйесі үлкен өзгеріске ұшырауда. Отбасылық дәстүрлі құрылымының өзгеруі төмендегі мәселелерге байланысты:
* Отбасындағы балалардың аз болуы;
* Жас отбасылардың көбіне ата-аналарынан бөлек тұруы;
* Халықтық педагогика дәстүрін жоғалтып алу;
* Отбасының әлеуметтік - эканомикалық қиыншылықтарды;
* Ата-аналардың балаға қарауына уақытының жетіспеуі;
Бұл өз кезегінде баланың проблемаларымен жалңыз қалуына әкеліп соғады. Бұл проблемаларды шешу жолының бірі ретінде жасөспірім құқықбұзушылық пен қаңғырушылықты таңдау мүмкін.
Ата- аналардың баланаң білім алуы мен тәрбиесінің жауапкершілігін сезінуіне қарай отбасын бірнеше түрге жіктеуге болады:
* Қолайлы сәтті отбасы ;
* Поблемалық отбасы;
* Қолайсыз отбасы;
Отбасылардың түріне қарай мектеп ұжымына оқушы мен оның отбасымен жұмыс жүргізген кезде түрліше әдіс-тәсілдерді қолдануға тура келеді.
Проблемалық отбасынан шыққан балаларды екі топқа бөлуге болады:
* Баланың өз отбасының теріс ықпалынан қорғау керек (бейморалды, қылмысты отбасы)
* Бақылаусыз және қараусыз қалған балалар, мұнда керісінше ол балардың отбасымен мектепке деген үзіліп қалған байланысын қалпына келтіру керек.
Балалардың бақылаусыз қалуына әсер ететін факторлар:
1. отбасылық факторлар ( бала мен ата-анасы арасындағы қарым-қатынастар, отбасындағы дағдарыс, күйзеліс, отбасының тәрбиелік мүмкіндігінің төмендеуі, т.б.)
2. әлеуметтік-эканомикалық;
3. әлеуметтік-психологиялық (отбасындағы қатігездік, ата-анасының ажырасуы )
4. мектеп ( мұғалімдердің авторитарлық стильде жұмыс істеуі, т.б. )
5. психикалық ( психологиялық ауытулары бар балалардың көбеюі );
6. психологиялық (баланың жеке мінезі ).
Мектепте осы факторлары ескере отырып, бақылаусыздықтың алдан-алу бойынша төмендегі жұмыс баңыттарын көрсетуге болады:
1. отбасымен жұмыс ( бала мен ата-анасының қарым-қатынасын, отбасы түрін диагностикалау, отбасына көмек пен қолдау көрсету, отбасымен үздіксіз байланыста болу, т.б. )
2. оқушымен жұмыс ( баланың жеке ерекшіліктерін зерттеу педагогикалық көмек пен қолдау көрсету, оқу жүктемесін азайту, т.б. )
3. білім беру мекемелерінің педагогикалық ұжымымен жұмыс;
4. білім беру мекемелерінде тұлғаны әлеуметтік - педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сүйемелеу;
5. баланың әлеуметтік - педагогикалық босаңсуының алдын алу және психологиялық тұрғыдан мәдениетін көрсету;
Бақылаусыздықтан алдын - алудың тиімді болуы келесі жағдайлардың орындалуына байланысты;
1. баланың білім алуға оң көзқарасының болуы;
2. баланың ата-анасымен, мұғалімдермен, құрбы құрдастарымен жағымды қарым-қатынас жасауы;
3. психологиялық қорған,андық;
4. әлеуметтік жағынан қорғалуы ( оқушының құқы мен міндетін білуі, мектептегі барлық оқушыоардың психологиялық және әлеуметтік жағынан кемсітпеу ) ;
5. баланың білімі мен тәрбиесіне байланысты ата-аналарға кеңес беру;
6. баланың үйіне бару;
7. ата-аналармен әлеуметтік - психологиялық триеингтер жүргізу; Ата - аналармен топтық жұмыс жүргізу;
8. ата-аналар жиналысын жүргізу;
9. ата-аналармен топтық тренингтер жүргізу;

Оьтбасы типтері
1. Құрылымы бойынша:
Толық отбасылар:
Толық емес отбасы:
1 баласы бар
Ері мен әйелі
2 балалары бар ( бір жынысты)
Жалғыз анасы
2 балалары бар ( екі жынысты )
Ата-анасы ажырасқан
3 баласы және одан көп
Жалғыз әкесі тәрбиелейді
Көп балалы ( 4 балалы және одан көп)
Қамқаршысы тәрбиелейді
Отбасының үлкен адамдарымен бірге тұратын отбасылар(әжесі, атасы және т.б.)

өгей балалар

Асырап алған балалары бар

1. Материалдық қамтамасызету боынша:
1. Материалдық жағдайы өте жоғары;
2. Материалдық жағдайы жоғары;
3. Орташа материалдық қамтамасыз етілген;
4. Материалдық жағдайы төмен;
5. Материалдық көмекке өте зәру отьасы;

1. Тәрбиелік мүмкіндігі жағынан
Отбасылар:
әлеуметтік сау, тәрбие беру бойынша тәрбиелік мүмкіндігі жоғары; қолайлы; әлеуметтік сау, тәрбие беру бойынша тәрбиесі тұрақты; қолайсыз;
әлеуметсізденген, тәрбие беру тәрбиесі тұрақсыз; бойынша қолайсыз;
әлеуметсізденген тәрбиеге теріс тәрбиесі әлсіз, баламен байланысын ықпал ететін отбасылар;
үзген, бақылаусыз қаолырған;
тәрбиесі әлсіз, дау-дамайлы
отбасы; тәрбиесі әлсіз,
агрессивті-негативті атмосфера
жайлаған отбасы; маргиналдық
( алкогольді, ішімдікке, наша-
қорлыққа салынған, жыныстық
азғындаған) отбасы.; құқық-
бұзушылыққа бейім
отбасы; қылмыстық отбасы;
психикалық ауыр; қиын отбасы;

1. Өзара қарым-қатынас бойынша:
Үйлесімді;
Ымырашыл (компромистік)
Тұрақсыз;
Кикілжіңді;
өте кикілжіңді;
тұтынушы;

Бағытталуы бойынша:
Іс-әрекетке;
Қарым- қатынасқа;
өзін-өзі қанағаттандыруға (эгоистік) бағытталған отбасылар

Әлеуметтік - құқықтық бағытталуы боыйнша:
әлеуметтік тұрақты;
әлеуметтік тұрақсыз;
әлеуметсізденген;
криминогенді;

VI. отбасын зерттеудің психологиялық - педагогикалық
диагностика түрлері:
Тәжірибеде қолданып жүрген отбасын зерттеу мен ата-аналармен жүргізілетін педагогикалық ағарту ісі. Ата-аналармен жұмысты ең алдымен әртүрлі әдістерді қолдана отырып, отбасын мұқият зерттеуден бастау керек: бақылау, баланың үйіне бару, мінездеме жүйесі, сұхбаттасу, сауалнама, баланың шығармашылық жұмысы, т.б. Бұл әдістер бір-бірін толықтырып отырады.
Қазіргі таңда өмірбаянды талдау (анализдеу) әдісі кеңінен қолданылуда. Оның мәні оқушылар мына тақырыпта шығарма жазады: өткен шақтағы, бүгінгі және ертенгі Мен және менің Жанұям, Мен, Менің шежірем, Менің жанұямның портреті. Бұл шығарманы сыныпта талқылауға немесе ата-аналар жиналысында талқылауға болмайды. Бұл әдіс педагогикалық әдепті сақтауда және ізгі ниеттілікті қажет етеді. Отбасы туралы мағлұматты сонымен қатар мұғалім сауалнама арқылы алынуына да болады.

Отбасының тәрбиелік белсенділігін анықтауға
төмендегі анкета көмектеседі:
Сауалнама № 1 (ата-аналар үшін)
* Қанша уақыт (шамамен) сіз балаңызбен бірге боласыз (күні бойы, апта бойы, бірлескен жұмыста, сұхбаттасқанда, кинода, театрда, кітапханада, серуендегенде, т.б. )
* Бұдан басқа қарым-қатынас түрлеріңіз бар ма? Атап көрсетіңіз.
* Осы уақытты балаңызды тәрбиелеуге жеткілікті деп ойлайсыз ба?
* Өз балаңыздың даму ерекшеліктігін дұрыс білетіндігіңізге сенімдісіз бе?
* Бала тәрбиесінде қиыншылықтарды кездестіресіз бе, атап көрсетіңіз? Оны қалай шешесіз?
Сауалнама № 2 ( сынып жетекшілері үшін)
Сыныбыңызда жалпы қанша бала бар? Қанша қыз баласы? Қанша ұл баласы? Ата-аналардың қызметінің негізгі түрлерін атаңыз.
Мектептен бос уақытта балаға жеткілікті бақылау мен қадағалауды қанша отьасы қамтамасыз етеді; әркезде, күнделікті емес, қадағаламайды.
Қанша ата-ана мектеппен үнемі байланыста болып тұрады? Қанша әке? Қанша ана?
Девианттық мінез-құлқы бар балалар сыныбыңызда қанша?
Толығырақ ақпаратты алу үшін кейбір жағдайда ата-анадан да, баладан да сауалнама алу қажеттігі туындайды.
Ата-анаға арналған сауалнама.
* Бірлескен жұмыстың қай түрін сіз тиімдірек деп ойлайсыз: ата-аналар жиналысын, ашық сабақтар, мұғалімдердің бала үйіне баруы, ата-анамен әңгімелесуі, балалармен отбасының ұжымын бірлескен жұмыстары, педагогикалық конференция, жұмыстың басты түрлері.
* Жұмыстың қай түрі сізге қиынға соғады?
* Бірлескен іс-әрекеттің қай түрі сіздің мектебіңізде жоқ?
* Бірлескен іс- әрекеттің қай түрін сіз тәжірибеге ендірер едіңіз?
* Бала тәрбиесінде қиыншылықтарды кездестіресіз бе және қандай?
* Оны шешу жолдары қандай деп ойлайсыз?
* Қиыншылықтарды шешуде бірлескен жұмыстарға дайынсыз ба?
Мұғалімге едәір көмекті аяқталмаған сөйлем әдісі береді. Ата-аналарға төмендегі сөйлемдіаяқтау ұсынылады:
Менің балам оқитын мектепте маған ұнайтыны ... .
Менің балам оқитын мектепте маған ұнамайтыны ... .
Бала тәрбиесіне байланысты шешімдер қабылдауға қиналғанымда,
мен ...
Мұғаліммен ... ... жайлы сөйлескім келер еді.
Менің баламда мені алаңдататыны ... .
Мен мұғалім орнында болсам ... ...
Осы сұрақтардың жауабын салыстыру отбасы тәрбиесінің жағдайын жақсырақ түсінуге, оларға нұсқау, көмек беруге жүйелі түрде дайындауға көмектеседі.
Төмендегі тестілерді пайдаланса ата-аналар белсендірек болады:
Тест 1. Баланы ата-ана тәрбиелейді. Ата-ананы кім тәрбиелейді?
Ұсынылған сұрақтарды мұқият оқып шығыңыз. Оларға ашық жауап беруге тырысыңыз. Тест бала тәрбиесіне байланысты белгілі бір қорытынды шығаруға көмектеседі.
Сіз:
* Кез келген уақытта жұмысыңызды тастап баламен айналыса аласыз ба?
* Жасына қарамастан онымен ақылдаса аласыз ба?
* Балаға жіберілген қателіктеріңізді оның алдында мойындай аласыз ба?
* Қателіктеріңіз үшін одан кешірім сұрай аласыз ба?
* Балааңыздың әрекеті сізге қынжылтқанымен өзіңізді игере аласыз ба, салқынқандық сақтай білесіз бе?
* Балаңыздың орнына өзіңізді қоя білесіз бе?
* Еш болмаса 1 минутқа өзіңізді мейірімді перизат ретінде сезіне аласыз ба?
* Балаңызды жаралатындай сөздерді пайдаланудан өзіңізді үнемі аулақ ұстай білесіз бе?
* Жақсы қылығы үшін балаңызды оның тілегін орындайтыныңызға уәде бере аласыз ба?
* Балаңызға не істегісі келсе және өзін қалай ұстағысы келсе әрекеттеріне еркіндік беретін, араласапйтын бір күн бере аласыз ба?
* Басқа баланы сіздің балаңыз ұрса, негізсіз ренжітсе оны елемей қоя аласыз ба?
* Балаңыздың өтініші мен жылауына егер ол еркелік немесе қырсықтық болса қарсы тұра аласыз ба?
Жауаптарды мына төмендегі әріптермен белгілейді:
Мен мұны істей аламын және әрқашан осылай істеймін А-3
Ия, бірақ барлық кезде емес Ә-2 балл
Жоқ, бұлай сітей алмаймын Б-1 балл
Егер сіз 30 балдан-39 балға дейін жинасаңыз, бала-сіздің өміріңіздегі ең құнды адам. Сіз оны тек түсініп қана қоймай, оған құрметпен қарайсыз. Сіз тәрбиеде прогрессивті принсипті қолданасыз. Сіз жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз.
Егер сіз 16-30 балға деін жинасаңыз, балаға қамқорлық жасау сіз үшін бірінші маңызды жұмыс.

VII. Оқушы тұлғасын әлеуметтендіруге мектептің әлеуметтік педагогы мен педагог-психологының бірлескен жұмыстары.

Бүгінгі мектеп психологтары мен әлеуметтік педагогтардың алдында үлкен де, күрделі міндеттер тұр, оны шешу үшін кәсіби білім мен імкерлікті меңгеру керек. Өкінішке орай, қазіргі уақытта мектеп психологы мен әлеуметтік педагогтың оқыту мен тәрбие процесі барысында кездесетін қиыншылықтарды да баршылық.
Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі мектеп псизологы, әлеуметтік педагогтың рөлі еркше деп атауға болады. Өйткені олардың бірігіп атқарған жұмысының нәтижесінде болашақ жеке адамның дұрыс, жан-жақты жетік қалыптасуына кең жол ашылады. Баланың интелектуалдық, шығармашылық, әлеуметтік қалыптасуына негіз беріледі.
Білім беру мекемелерінде педагог-психолог келесі бағыттағы жұмыстарды қамтуы тиіс:
* Психодиагностика-тұлға туралы жан-жақты ақрпарат жинау;
* Психопрофилактика-дезадаптация, белгілі бір жағдайда бейімделудің алдын алу немесе жағымды психологиялық жағдайды жасау, баланың психологиялық жұмысбастылық деңгейін төмендету мен оның алдын-алу жұмыстарын жүзеге асыру.
* Психокоррекция - баланың психикасына мақсатты түрде әсер ету, оның негізгі деңгейге, әрі жастық ерекшелігіне сәйкес теңестірушілік жұмыстарын жүзеге асыру.
* Психологиялық кеңестер- ұстаздарға, ата-аналарға, оқушыларға қажетті психологиялық ақпараттар бере отырып, өмірінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік педагог
Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
Қазіргі педагогикалық теориялар мен тұжырымдамалар
Елімізде патриоттық тәрбиені қалыптастыру міндеттері
Педагогтің оқушылар алдындағы беделі
МЕКТЕПТЕГІ ИННОВАЦИЯЛАР ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУ ҮДЕРІСІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ СҮЙЕМЕЛДЕУ: БОЛАШАҚ ПЕДАГОГПСИХОЛОГТЫ ДАЙЫНДАУ КОНТЕКСТІ
ХІХ ғасырдың ІІ жартысындағы қазақ әдебиеті
Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану
Тәжірибелік-бағдарлы кәсіптік білім берудің оқыту әдістерімен байланысы
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Пәндер