Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен жалпы сипаттамасы.
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
1.3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолдану негіздері мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және уыт кұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға қолдану.
2.1 Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..30
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32

КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыста - қоғамның медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түсінігі, түрлері, оларды ұзарту, өзгерту және тоқтату мен қазіргі кездегі әлемдегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қарастырылған.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - Мемлекет өз азаматтарынан Конституцияда көрсетілген белгі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындаудамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылық жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық, жауаптылық болып саналады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді. Адам қылмыстық жауаптылыққа істелген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақты бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана бұзғанда жүзеге асырылады.
Яғни, қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылықта болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады.
Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындауға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылық әлеуметтік мазмұның өзі сол субъктіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қоғамның медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мәселесі салалық заң ғылымдарымен және жалпы қылмыстық құқығымен зерттелуде. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының проблемалары - қазіргі кездегі қоғам нашақорлыққа жақын және оған тәуелді болады. Оған себеп қоғамның өзі және кіші бөлігін экология құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәнін мемлекеттің медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары бойынша құқықтық тәсілдері, нысандары, оны пайдалану жолдары мен қоғам өмірінен жойылу және қазіргі таңдағы қоғамның кейбір мәселелерін құрайды .
Курстық жұмыстың негізгі және басты мақсаты. Қоғамның құқық өмірі саласында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының мүмкіндіктеріне кешенді талдау жасау. Құқықтық өмірдің мәдени астарының негізгі құрамдас бөліктерін жіктеу, олардың жеке - медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары болашақта тұлғаның қоғамға қауіпті мінез-құлқы орын алуы мүмкін екендігі туралы болжам, сондай-ақ өзіне-өзі залал келтіру қаупі туындаған кезде ғана қолданылады. Осы сала бойынша маманданған медицина қызметкерлерінің пікірі мұндай болжамға негіз болады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары өзінің мазмұны бойынша медициналық шаралар болып табылады, сондықтан олардың ең алғашқы кезектегі мақсаты - бұл шаралар қолданылған тұлғаларды сауықтырып шығару болып табылады. Тұлға психикасының осы тұлғаның психикасының бұзылуының жағымсыз ықпалынан толығымен арылып және оның болашақтағы мінезі туралы маман-психиатрлардың жағымды болжамы айтылып, бұл тұлға қоғамға ендігі жерде қауіп төндірмейтіндей күйге жететін жағдайы сауығу деп аталады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын тұлғаның психикалық күйінің жақсаруы бұл тұлғаның түпкілікті сауыққанын білдірмесе де, психикасындағы өзгерістерге байланысты ол енді бұрынғыдай қауіп төндірмейтіндігін білдіреді.

1. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының ұғымы мен жалпы сипаттамасы
1.1 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының
түсінігі және түрлері
Қылмыстық заң есі дұрырыс емес күйде қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жасаған немесе мұндай іс-әрекеттерді есі дұрыс күйде жасаған, бірақ сот үкімі шыққаңға дейін немесе жазасын өтеген кезде өз әрекеттері жөнінде өзіне есеп беру немесе өзі әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын психикалық ауру мен ауырған, сондай-ақ дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуының зардап шеккен адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануды белгілейді.
Көрсетілген адамдар жөніндегі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғанда сот олардың жаңадан қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасаудан сақтандыруы, ондай азаматтардың жеке басын қорғауда және дұрыс емдеуді жүзеге асыру мақсатын көздейді, психикалық ауруға душар болған адамдар қылмыс істесе, олар қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасағаннан кейін есі ауысқан ауруымен ауырған адамдарға да жаза тағайындау тиімсіз болады. Өйткені мұнадай адамдар өзіне-өзі есеп беру немесе өз әрекетін басқару мүмкіндігінен айыратын есі ауысқан аурумен ауыруына байланысты айналада болып жатқан құбылысты қабылдай алмайды, сондықтан да оған тағайындалған жаза өз мақсатына жетпеді. Егер мұндай адамдар дертінен айықса, оларды қылмыстық жауапқа тартудың ескеру мерзімі өтпесе және қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босататын басқа да негіздер болмаса сот оларға жаза тағайындауы мүмкін.
Қылмысты маскүнемдікпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен аыратын адамдар жасаған ретте сот дәрігерлік комиссияның қорытындысы бойынша ондай адамдарға жазамен қатар еріксіз емдеу шараларын қолдана алады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тек сот арқылы мемлекеттік шара ретінде тағайындалады. Мұндай шараны жаза деп санауға болмайды, өйткені мұнда жазаға тән белгіл - түзеу белгісі жоқ. Керісінше, мұндай емдеу шараларын қолдану құқық бұзушының мүддесіне сай келеді.
Сондықтан да мұндай шара тағайындалған адамдар сотталған адам қатарына жатқызылмайды, оған қолданылған шара оларды емдеуге, олардың тарапынан қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қайталанбауына жасалған сақтандыру, олардың құқық қорғайтын мүддесін қорғау болып табылады.
Сонымен, медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жазадан оны қолданудың негізі мен мақсаты, мазмұны және заңдылық зардабы бойынша ажыратылады.
Медициналық сипаттағы шараларды қылмыстық маскүнемдікпен, нашақорлықпен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қолдану барысында да жазаның белгісі - түзеу элементі жоқ, сондықтан да мұндай шара жаза болып саналмайды. Бірақ бұл шара қылмысты есі дұрыс күйде істеген адамдарға тағайындалған жазамен бірге оларды емдеу және жазаның көзделген мақсатына жету үшін тиісті жағдайлар жасау мақсатында тағайындалады.
Медициналық сипаттағы шараларды қолдануда заңдылық, ізгілік, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау принциптері басты басшылыққа алынады.
Медициналық сипаттағы шаралар қылмыстық немесе басқа арнаулы заңдар негізінде қолданылады. ҚР Қылмыстық Кодекстің 91-бабы медициналық сипаттаға мәжбүрлеу шараларын қолданудың негіздері жайына арналған:
1. Сот медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын:
а) есі дұрыс емес жағдайда ҚР Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі баптарда көзделген әрекеттерді жассаған;
б) қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған;
в) қылмыс жасаған және есінің дұрыстығын жоққа шығармайтын психикасының бұзылуынан зардап шегетін;
г) қылмыс жасаған және алкоголизмнен немесе нашақорлықтан не уытқұмарлықтан емдеуге мұқтаж деп танылған адамдарға тағайындауы мүмкін;
2. Осы баптың бірінші бөлігінде аталған адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары психикасының бұзылуы бұл адамдардың өзге елеулі зиян келтіру мүмкіндігіне не өзіне немесе басқа адамдарға қауіп төндіруіне байланысты жағдайларға ғана тағайындалады.
3. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын орындаудың тәртібі ҚР Қылмыстық атқару кодексімен және денсаулық сақтау туралы заңдарымен белгіленеді.
4. 91-баптың бірінші бөлігінде аталған және өзінің психикалық жағдайы бойынша қауіп келтірмейтін адамдар жөнінде сот бұл адамдарды емдеу немесе ҚР-ның денсаулық сақтау тралы заңдарында көзделген тәртіппен психиатриялық-неврологиялық мекемелерге жіберу туралы мәселені шешу үшін денсаулық сақтау органдарына қажетті материалдар жібере алады.
Жоғарыда аталған заңдардың незігі мақсаттары медициналық сипаттағы шаралар қолдануға мұқтаж адамдарға адамгершілік тұрғысынан қарап, олардың азаматтық қасиеттерін сақтау, аталған адамдарды емдеу, олардың психикалық жағдайын жақсарту, олардың психикалық жағдайын жақсарту, олардың жаңа қылмыстар істеуін болғызбауды қамтамасыз ету болып табылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері оны тағайындаудың, өзгертудің және тоқтатудың тәртібі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстінің 93-бабында белгіленген. Заңда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының төрт түрі көрсетілген:
а) емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емделу;
б) жалпы үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
в) мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу;
г) интенсивті қадағаланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрлерін тағайындауы мүмкін.
Есі дұрыс күйінде жасалған қылмысы үшін сотталған, бірақ алкоголизмнен, нашақорлықтан (уытқұмарлықтан) емдеуді не психикасының есі дұрыстығын жоққа шығармайтындай бұзылуынан емдеуді қажет ететін адамдарға сот жазамен бірге емханалық мәжбүрлп қадағалау және психиатрда емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкін.
Осы көрсетілген мәжбүрлеу шаралары ауруларды емдеумен мұндай адамдардың денсаулығы менмінез-құлқына өте мұқият түрде бақылау жасау арқылы жүзеге асырылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлерін бөлудің негізгі белгілеріне істелген іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігі және сот-психиатриялық сарапшының қорытындысымен анықталған ауру адамның психикалық күйі болып табылады.
Қылмыстық кодексте соттың медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрін белгілеуде қандай жағдайларды еске алуы қажетті көрсетілген.
Егер адам өзінің психикалық жай-күйі бойынша психиатриялық стационарға орналастырып емдеуді қажет етпесе, Қылмыстық Кодекстің 88-бабында көзделген негіздер болған жағдайда емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу тағайындалуы мүмкін.
1.Егер адамның псиикасының бұзылу сипаты тек психиатриялық стационарда ғана жүзеге асырыла алатын емдеудің, күтудің, ұстаудың және қадағалаудың шарттарын талап ететін болса, Қылмыстық Кодекстің 88-бабында көзделген негіздер болған жағдайда сихиатриялық стационарда осындай мәжбүрлепп емдеу тағайындалуы мүмкін.
2.Жалпы үлгідегі сихиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша стационарлық емдеу мен қадағалауды қажет ететін, бірақ интенсивті қадағалауды қажет етпейтін адамға тағайындалуы мүмкін.
3.Мамандырылған үлгідегі психиатриялық мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жай-күйімен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін.
4.Интенсивті қадағалайтын мамандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша өзіне немесе басқа адамдарға айырықша қауіпті болғн тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін адамға тағайындалуы мүмкін ҚК-нің (95-бап).
Медициналық сипаттағы еріксіз шараларды қолдануға негіз болмаған жағдайда сот психикалық аурумен зардап шегетіндерді тұрғылықты тұратын жеріне міндетті дәрігерлік бақылау жүргізіп, ауруға күтім көрсетуші туыстарының немесе басқа адамдардың қамқорлғына бере алады.

1.2 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізі Қылмыстық кодекстің 91-бабында тұжырымдалған. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзарту, өзгерту және тоқтату Қылмыстық кодекстің 93-бабында көрсетілген, осы заң талабына сәйкес:
1.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын ұзартуды, өзгертуді және тоқтатуды психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеме әкімшілігінің ұсынуы бойынша сот белгілейді.
2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы белгіленген адам сотқа осындай шараны тоқтату туралы немесе өзгерту туралы ұсыныс енгізу үшін негіздердің бар екені жөніндегі мәселені шешу үшін кемінде алты айда бір рет психиатр-дәрігерлер комиссиясында куәландырып отыруға тиіс.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдануды тоқтату немесе өзгерту үшін негіздер болмаған кезде мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын мекеменің әкімшілігі мәжбүрлеп емдеуді ұзарту үшін сотқа қорытынды береді. Мәжбүрлеп емдеуді бірінші ұзарту емдеу басталған кезден бастап алты ай өткеннен кейін жүргізілуі мүмкін, мәжбүрлеп емдеуді одан кейін ұзарту жыл сайын жүргізіеді.
1.Медициналық сипаттаағы мәжбүрлеу шарасын өзгертуді немесе тоқтатуды адамның психикалық жай-күйі өзгеріп, бұрын тағайындалған шараны қолдану қажет болмай қалған немесе медицииналық сипаттағы өзге мәжбүрлеу шарасын тағайындау қажет болған жағдайда сот жүеге аасырады.
2.Психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеуді қолдану тоқтатылған жағдайда сот мәжбүрлеп емдеуде болған адам жөнінде қажетті материалдарды оны емдеу немесе психиатриялық - неврологиялық мекемеге жіберу туралы мәселені денсаулық сақтау туралы заңдарда көзделген тәртіппен шешу үшін денсаулық сақтау органдарына беруі мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 97-бабы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданғаннан кейінгі жаза тағайындау туралы:
1.Қылмыс жасағаннан кейін немесе жазасын өтеу кезінде өз іс-әрекеті үшін өзіне есеп беру немесе оларға ие болу мүмкіндігінен айыратын психикалық аурумен науқастанған адамға, егер жазадан босатуға негіз болмаса, ол сауыққаннан кеін сот жаза қолдана алады.
2.Психикасы қылмыс жасағаннан кейін бұзылған адам емделген жағдайда жаза тағайындау немесе оны жаңарту кезінде адамға психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу қолданылған уақыт психиатриялық стационарда болған бір күні бас бостандығынан айырудың бір күні есебімен жазалау мерзіміне есептеледі.
Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары - туралы Қылмыстық Кодекстің 98-бабында толық айтылған:
1.Қылмыстық Кодекстің 91-бабының 1-бөлігінің в және г тармақтарында көзделген жағдайларда медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы - бас бостандығынан айыру орнында, ал сотталған адам жөніндегі өзге де жаза түрлері денсаулық сақтау органдарының емханалық психиатриялық көмек көрсететін мекемелерінде орындалады.
2.Сотталған адамның стационарлық емдеуді талап ететін психиатриялық жай-күйі өзгерген кезде сотталған адамды психиатриялық стационарға немесе өзге де емдеу мекемесіне орналастыру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіп пен негіздер бойынша жүргізіледі.
3.Аталған мекемелерде болған уақыт жазаны өтеу мерзіміне есептеледі. Сотталған адамның аталған мекемелерде одан әрі емделуі қажет болмай қалған кезде көшірме Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарында көзделген тәртіп бойынша жасалады.
4.Жазаны орындауға қосылған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасының қолданылуын тоқтатуды жазаны орындаушы органның ұсынуы бойынша психиатр-дәрігерлер комиссиясының қорытындысы негізінде сот жүргізеді.

1.3 Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының қолдану негіздері мен мақсаттары
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары жаза сияқты, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының түрлері болып табылады және оларды қолдану осы шаралар тағайындалған тұлғалардың құқықтарын шектеумен байланысты. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған тұлғалардың құқықтарын шектеу оны қоғамнан оқшауландырып, психиатриялық емдеу мекемесіне мәжбүрлеп бақылау мен психиатр - дәрігерде емделуден тұрады. Бұл шара тұлғаларға емделу кезінде емдеу мекемесін тастап кетуге, ал кейбір жағдайларда туыстары және жақындарымен кездесуге де тыйым салады. Алайда 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Қазақстан Республикасындағы психиатриялық көмек туралы" ҚР Заңы бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына ұшыраған тұлғалардың белгілі құқықтары да бар, соның ішінде олар қорғаушымен көзбе-көз кездесу құқығына да ие. Мәжбүрлеп емдеу тағайындалған тұлғалардың құқықтарының сақталуын науқас орналастырылған дәрігерлік мекеменің әкімшілігі қамтамасыз етеді.
Төмендегі жағдайлар дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдануға негіз болып табылады:
а) қылмысты жасау сәтінде немесе одан кейін психиканың бұзылуының орын алуы немесе қылмысты ақыл-есі дұрыс бірақ алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емделуді қажет ететін тұлғаның жасауы;
ә) тұлғаның қылмыстық заң бойынша жауаптылық қарастырылатын әрекет жасауы негіз болып табылады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары тағайындалатын тұлғалар:
а) ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің баптарында қарастырылған әрекеттерді есі дұрыс емес (есі дұрыс еместік жайында ҚК-тің 16-бабында ұғынықты айтылған) жағдайда жасаған тұлғалар;
ә) қылмыс жасағаннан кейін психикасы (алдын-ала тергеу жүргізу кезінде, сот талқылауы барысында немесе жаза тағайындалғаннан кейін оны өтеу кезінде) жазаны тағайындау мен орындау мүмкін болмайтындай өзгерген тұлғалар (егер психиканың бұзылуы осы тұлғаға қатысты үкім өз күшіне енбей тұрып орын алса, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу емделу кезеңіне тоқтатыла тұрады. Сауығып шығуына қарай істі тоқтату туралы қаулы өзгертіледі және іс жалпы тәртіп бойынша тергеуге беріледі. Егер де психиканың бұзылуы жазаны өтеу кезінде пайда болса, емделуде болған уақыт жазаны өтеу мерзіміне қосып есептеледі. Бұл тұлға жазылып шыққан жағдайда жазаны өтеуін жалғастыруға жіберіледі);
б) қылмыс жасап алкоголизмнен және нашақорлықтан емге мұқтаж деп танылғандар. Мұндай тұлғаларға қатысты медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары мәжбурлеп емханада қадағалау және психиатрда емделу түрінде жазаға қосымша тағайындалады. Бұл шара сотталған адамның жазасын өтейтін орнында жүзеге асырылады.
Алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емге мұқтаж тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу нарколог-сарапшылардың жасаған қорытындыларының негізінде тағайындалады.
Алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан мәжбүрлеп емдеу тұлға қылмысты қандай күйде жасағанына қарамастан тағайындалады. Ең бастысы - тұлғаның осындай емге мұқтаждығын анықтау.
Егер жазаны өтеу барысында сотталған адамның алкоголизмнен, нашақорлықтан немесе уытқұмарлықтан емге мұқтаж екендігі анықталып, ал соттың үкімі бойынша мұндай емдеу оған тағайындалмаған болса, онда ол жазасын өтеп жүрген мекеменің әкімшілігі ҚР ҚАК-нің 16-бабына сәйкес мұндай тұлғаға медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шарасын қолдану туралы сотқа өтініш жібереді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары болашақта тұлғаның қоғамға қауіпті мінез-құлқы орын алуы мүмкін екендігі туралы болжам, сондай-ақ өзіне-өзі залал келтіру қаупі туындаған кезде ғана қолданылады. Осы сала бойынша маманданған медицина қызметкерлерінің пікірі мұндай болжамға негіз болады.
Егер де ҚК-тің 91-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлға психикасының күйі мен өзінің жасаған қоғамдық-қауіпті әрекетінің сипаты бойынша қоғамға қауіп төндірмейді деп танылса, сот олардың емделуі туралы шешім қабылдау құқығын не амбулаториялық жағдайда бақылауды не стационарлық жағдайда емдеуді тағайындау мүмкіндігін денсаулық сақтау органдарына береді. Мұндай шешім медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасы болып табылмайды.
ҚК-тің 92-бабында медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың 3 түрлі мақсаты аталған:
1) ҚК-тің 91-бабының бірінші бөлігінде аталған тұлғаларды емдеп шығару;
2) олардың психикалық жай-күйін жақсарту;
3) олардың ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарымен жауаптылық көздейтін жаңа әрекеттер жасауының алдын алу.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары өзінің мазмұны бойынша медициналық шаралар болып табылады, сондықтан олардың ең алғашқы кезектегі мақсаты - бұл шаралар қолданылған тұлғаларды сауықтырып шығару болып табылады. Тұлға психикасының осы тұлғаның психикасының бұзылуының жағымсыз ықпалынан толығымен арылып және оның болашақтағы мінезі туралы маман-психиатрлардың жағымды болжамы айтылып, бұл тұлға қоғамға ендігі жерде қауіп төндірмейтіндей күйге жететін жағдайы сауығу деп аталады.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын тұлғаның психиқалық күйінің жақсаруы бұл тұлғаның түпкілікті сауыққанын білдірмесе де, психикасындағы оң өзгерістерге байланысты ол енді бұрыңғыдай қауіп төндірмейтіндігін білдіреді.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданудың негізгі мақсаты олар қолданылып отырған тұлғаның емделу барысында да, емделуі аяқталған соң да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады. Бұл мақсатқа психиканың бұзылуына ұшыраған және қоғамдық қауіпті әрекет жасаған тұлғаны қоғамнан оқшаулану немесе оның психикасының күйін жақсарту арқылы қол жеткізуге болады.

2.Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын алкоголизм, нашақорлық және уыт кұмарлық дертіне шалдыққан ауруларға қолдану
2.1 Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу
Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан адамдарға қылмыс жасауына байланысты қолданатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану ҚК-нің (91-бап, 1-бөлігі, г тармағы)
Есі дұрыс емес адамдарға қолданатын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларына қарағанда қылмыстық жазамен бірге емес, онымен қатар тағайындалады және оның басқа түрлері болады.
Алкоголизммен, нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын адамдарға қылмыс істеген ретте медициналық сипаттағы еріксіз шараны қолданудың негізгі мақсаты, мұндай аурумен зардап шегетіндерді емдеп, осындай күйде олардың тағы да қылмыс істеуіне жол бермеу болып табылады. Қылмыстық заң алкоголизм, нашақорлық немесе уытқұмарлықпен қылмыс істегендердің бәріне де медициналық сипатағы еріксіз шараны қолдануды талап етпейді.
Алкоголизм, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан қылмыс істеген адамға қылмысы үшін тағайындалатын жазамен бірге медициналық сипатта,ы мәжбүрлеу шараларын қолданудың басты шарты осы дертке шалдыққан ауруларды еріксіз емдеуге жіберу қажет деген медициналық қорытындының және мұндай емдеу, емделетін адамның денсаулығына зияны жоқ деген тұжырым бар болғанда ғана қолданылады.
Бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаға сотталған жоғарыда аталған адамдар арнаулы емдеу және емдеу режимін сақтай отырып, медицина мекемелерінде еріксіз емделуі тиіс.
Мұндай адамдар бас бостандығынан айыруға сотталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Медициналық құқық бұзушылықтардың объективтік белгілері
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері
«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАРДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫЛЫҒЫ»
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтық қылмыстық себептері
Жаза қылмыстық құқықта қылмыс сияқты әлеуметтік - құқықтық құбылыс
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша қылмыстық жауапкершіліктің түсінігі, негізі және жүзеге асыру нысандары
Өртке байланысты қылмысты тергеу әрекеттері
Есiрткi, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы
Пәндер