Рационализм және иррационализм арасындағы философиялық айтыстың мәні мен мағынасы



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғам

Рухани және дене тәрбиесі кафедрасы

Семестрлік жұмыс №2

Пәні: Философия

Тақырыбы: Рационализм және иррационализм арасындағы философия-лық айтыстың мәні мен мағынасы.

Мамандық: 5В071600 - Аспап жасау

Орындаған: Жунускан А.Б. Тобы: ПСк-16-1

Қабылдаған: к.ф.н., профессор Мухамеджан К.Ш.

_________ ___________________ _____ __________2018ж.
(баға) (қолы)

Алматы 2018
Мазмұны
Кіріспе
3
Негізгі бөлім:

Философиядағы рационалдық жəне иррационалдық көзқарастың мазмұны
7
Қорытынды
11
Әдебиеттер тізімі
12

Кіріспе
Адамның рухани дүниесі өте күрделі де əр түрлі. Олардың қатынастарының ішінен тікелей дүниетанымдықты құрастыру қатынасы бар. Дүниетанымның мазмұндық байлығын біз дүниеге қатынастықта байқап білеміз. Осындай сан алуан мазмұндық көзқарас жағынан қарастырсақ, олар рационалды жəне иррационалды көзқарастар болып екіге бөлінеді. Рационалды жəне иррационалды көзқарастар философиялық категорияға жатқандықтан, бұл феноменологияларды философиялық тұрғыда қарастырамыз. Философиялық ілім, қандай бір дүниетанымдық көзқарас болмасын, оның өзегін, ядросын, құрастырады.
XX ғасыр - ғылыми-техникалық революция дәуірі. Рационализм мен иррационализм арақатынасын ғылыми техникалық прогреске көзқарастан да байқауға болады. Біріншісін сциентизм деп атайды. Ол бағыт, ғылымға ғылыми-техникалық прогреске сенеді. Ғылым адамға қызмет етеді, оның өмірін жеңілдетіп, жақсартады. Бұл бағыт XX ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Оған көптеген жаңа ғылымдардың, жаңа техникалардың, технологиялық әдістердің, компьютердің, т.б. дүниеге келуі себеп болды. Екіншісі антисциентизм деп аталады. Ол ғылымға сенбейді. Ғылыми - техникалық прогресс адамға тек қиындық әкеліп, зиян келтіреді, қоғамды басқарудың тоталитарлық жүйесін туғызды, ал адамдардың санасын ол қаспақтай ұстайды, ойлау жұйесінде шектеу саласы деп есептейді. Сөйтіп, иррационализм сайып келгенде мистикаға, жоққа сенуге де, ғылыми ізденістерге де жеткізеді. Сондықтан оған сыңаржақты қарап, жақтауға, не даттауға болмайды.

Негізгі бөлім
Дүниетанымдықтағы рационалдық жəне иррационалдық көзқа-растың мазмұны
Рационалды (лат. ақыл) деп бір жүйеге келтірілген, логикалық заңға бағынатын, теориялық деңгейде құрастырылатын ілімдік көзқарасты айтамыз. Рационалды көзқарас дами келе рационализмдік- ілімдік көзқарасқа айналады. Рационализм ақылға, парасатқа, парасаттылық бейімділіктің ақиқаттылығына, дəлелдік күшіне сенуді білдіреді.
Иррационализм (лат. ақылға сыйымсыз) деп ақыл-оймен пайымдауға келмейтін, логикалық ұғымдармен сыйыспайтын көзқарасты айтады. Иррационализм өмір шындығын берекесіз, заңдылықтан ада, кездейсоқ өзгерістерге, ырықсыз ерікке бағынады деп санайды.
Иррационалды көзқарастың тағы бір айрықша ерекшелігі, əрбір нəрселердің бастамасы жоқтан бар, ештемеден бірдеңе пайда бола алады деп пайымдауында. Мұндай көзқарас, кандай бір діни көзқарас болмасын олардың қайнар көзі, олардың бастамасы. Ұлттық жəне əлемдік діндерді алып қарастырсақ, олардың барлығының басын біріктіретін иррационализм: Құдай барлық нəрселерді жоқтан бар етіп, материалдық дүниені жасады. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы -- бар нəрсе жоққа айналып кете алатындығында.
Рационалды көзқарастың елеулі ерекшелігі -- жоқтан бар болмайтындығында. Материалдық дүние жоққа айналмаулығы, материалдық дүние сан жағынан сақталып, сапа жағынан өзгеріп отыратындығы, рационалдық көзқарастың негізі деп қарастырамыз. Мұндай көзқарастың логикалық жалғасы -- бар нəрсе жоққа айналмауы. Мұндай көзқарас дами келе, философиялық көзқарасты туғызды. Қандай бір философиялық ілім болмасын, рационалдық көзқарасқа негізделеді. Мысалы, діни көзқарас бойынша, Құдай жоқтан барлық көрініп тұрған нəрселерді жасады десе, философия немесе бірінші философ (натурфилософ) Фалес, барлық нəрсе судан шықты (жаралды) деп дəлелдеді. Философ Демокрит болса, барлық нəрсе атомнан тұрады деді.
Дүниеге көзқарастың философиялық даму тарихы мифтік көзқарастан басталады. Мифтік көзқарас -- синкретикалық (біртұтастық) көзқарас, дами келе діни көзқарасты тудырды, ал одан философиялық көзқарас бөлініп шықты. Адамзаттың тану қабілетінің дамуына байланысты мифтік көзқарас саралау халге жеткеннен бастап көзқарас сакральді (қасиетті) жəне жергілікті болып бөлінді. Сакральді діни-сенімдік болып табылса, жерлік ақылдық, реалді рационалдық болып түсіндірілді. Реалды рационалды көзқарас рационализмды тудырса, сакральді қасиетті иррационализімді тудырды. Діни көзқарастың шығуына байланысты иррационалдық көзқарастың негізі наным мен сенім болып қарастырылса, ал философияның шығыуына байланысты рационалдық көзқарастың негізі ақыл, ес, парасат болып қарастырылды. Діни көзқарас мифтен шыққан мистикалық, оккультік иррационалдық көзқарастарға сүйенсе, философиялық көзқарас ақылға, рационалды рационализмге сүйенеді.
Казіргі богословтардың көзқарастары бойынша, идеалистік философияны иррационалдық көзқарасқа теңестіргісі келеді. Шын мəнінде, идеалистік философияның гноселогиялық тамыры діннің танымдық тамырымен қосылып кетеді. Бірақ ондай ұқсастықтан идеалистік философия дінмен бірігеді деп айта алмаймыз. Философия тарихына қысқа шолу жасап көрейік.
Алғашқы идеалистік философиясының іргетасын қалаған адам Платонның философиялық гноселогиясы діннің тану тамырымен бірдей болғанымен, оның идеясы ақылға бейімделеді. Идеалистік философияның шығуының арқасында, антикалық философиядан атомистикалық материалистік философия шығуына жəрдем берді. Бірақ софистер болса, идеалистік философияны иррационализмге айналдырмақ болғанымен, антикалық философия жалпы рационалдық көзқараста болып қала берді.
Орта ғасырда, Қайта өрлеу жəне Жаңа дəуірде сенім мен ақыл ара қатынасында күрес тоқтаған жоқ. Жалпы шіркеудің дүниетанымдық көзқарасы мистикалық иррационализмдік болып қала берді. Еркін ойшылдардың, философтардың жəне ғылыми өкілдердің көзқарастары рационалдық тұрғыда жүріп жатты. Дегенмен рационализмнің өзі əр түрлі формада жүріп жатты. Неоплатондық рационализм, Қайта өрлеу заманында жүйелі жəне жүйесіз, позитивті жəне негативті, гноселогиялық немесе этикалық болып жүріп жатты. Олардың басын біріктіретін жағы -- діни иррационализмге қарсылығы, рационалды негіздігінде... Діни богословтар да рационалдық көзқарасты қолданып қалуға тырысты. Олар өздерінің догматтық көзқарастарын ақиқат түрде көрсету үшін рационалдық тұрғыда немесе ақылды сеніммен бірдей қойып көрсетуге тырысты. Мысалға, Ансельм Кентерберийскийдің айтуынша, сену үшін түсіну керек деген көзқарасы ақылға сенуге шақырғандығы деп санаймыз.
Декарттың дуалистік (материализм мен идеализмді ымыраластыру) философиясында рационализм адамның ақылының дамуының шегі жоқтығын, дінсіз қоғам тұрғызуда тек рационалды көзқарастың керегін мегзейді. Декарттың рационалды дуализмінен көптеген материалистік мектептер туылды, дінсіз зайырлы мəдениеттер дамыды. Декарттың рационалдық көзқарасын, оның айтып кеткен ой үзіндісінен көруімізге болады: Менің ойлай алатығымнан, өмір сүріп тұрғандығымды білемін деген пікірі. Бірінші орынға ақыл-ойды қоюын көріп тұрмыз. Діни көзқарас болса: Ол бар (Құдай) болғандықтан, мен ойлай аламын деген қарама-қарсы көзқарасты қояды.
Спинозаның монистік (дүниенің бастамасы, негізі ретінде материяны алу) рационалды философиясында барлық нəрсенің негізі табиғат деді, ол өзіне өзі себепті, ол шексіз жəне онда барлығы өзінде деді. Болмыстың объективті заңдары ешбір сыртқы құдіретті күшке бағынбайды, ішкі заңдық байланыстар объективті, өздері өздеріне себепті. Адамның ақылы сол болмыстың сан алуан қатынастары мен тəртіптерін бейнелейді. Рационалды көзқарастар, аргументтер, еркін философиялық пікірлер қоғамның керекті өмір сүру байлығы деп көрсетті.
ХVIII ғ. француз материалистерінің рационализмді жауынгер атеизмге қолданғаны барымызға аян. Дидро, Гольбах, Гельвеций, Ламетри жəне тағы басқалар адамның ақылы ақиқат пен жалғанның өлшемі деді. Олар ақылды наным-сенімнен биік қойды. Адамның ақылы діни сенімнен безетін болса, онда материалистік тұрғыда дүниені қабылдауға мүмкіндік туады деді.
Юм Давид, ағылшын философы, рационалды білімнің міндеті болмысты ақылмен тану деді. Діни иррационализм адамгершілік пен азаматтық өмірге теріс ықпал ететіндігін мойындады. Юмның скептицизмі соқыр сенімдік дүниетанымды жоққа шығара отырып, рационалды таным теориясын шығарды. Оның агностицизмі идеализмге елеулі ыкпал жасап, неопозитивизмнің негізгі идеялық бастауларының бірі болды.
И.Канттың рационалдық философиясы антитеологиялық көзқараста болды. Оның айтуынша, дүние туралы деректерді адам тек сезім-түйсік арқылы алады. Құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дəлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес. Ол Құдай туралы мəселе діннің ісі деді. Кіршіксіз таза парасатты сынау деген шығармасында Кант богословтардың Құдай болмысын дəлелдеу теориясын философиялық рационалдық тұрғыда сынады.
Гегельдің философиялық рационализмін ешкім де жоққа шығара алмайды. Гегельдің абсолюттік идеясы монотеистік Құдаймен теңестіріледі. Айырмашылығы, абсолюттік идеялық Құдай логикалық заңға бағынады, рационалды ұғымдармен бейнелеуге болады. Монистік Құдай иррационалды, оның болмысын аян, интуиция арқылы бейнелеуге болады.
Казіргі кездегі иррационализмді батыс философиясында рационалды түрде кеңінен қолдануда. Мəселен, батыс философиясының экзистенциалистік ағымында рационалдық идеялар кеңінен философиялық ілімдерінде қолдану түрлері, осындай ағымдық көзқарастарда байқаймыз: атеистік экзистенциализм -- Сартрдың, христиандық экзистенциализм -- Марсельдің, сенім философиясы -- Ясперстің, яғни философиялық, ағымдарында көреміз [1].
Иррационалдық көзқарасты жақтайтындар үшін, иррационалдық көзқарас деп, мазмұны жəне формасы жоқ нəрселерді немесе түсініктерді жатқызады. Бұндай көзқарасқа логиканың күшімен форма беріп, ақылмен, мазмұн берсек, ондай көзқарас рационалды көзқарасқа айналады деп түсіндіреді. Мысалы, балшықтан өнер мүсінін жасау процесінде, формасыздан, ақылға сыйымды формалық мүсін жасау. Алғашқы форма түсініксіз (иррационалды), ақылға сыйымсыз, бірақ логикалық заңдылықпен мағына алып, түсінікті, жалпы ілімдік, білімдік көзқарасқа айналады. Осындай көзқарасты пайдаланып, кейбір діни қызметкерлердің айтуынша, қандай бір абсурдтық көзқарас болмасын, оларды логикалық заңдарға бейімдеп, көрсете білсек болғаны, ол рационалды көзқарасқа айналады екен. Барлық əңгіме, қолдану мен айналдыру əдістерін пайдалана білу керек. Осыдан кез келген догмалық көзқарасқа рационалдық тұрғыда түсіндірме беруге болатын болып шығады. Бұл жерде бізге түсініксіз, бізге белгісіз нəрселер иррационалды да, ал бізге түсінікті, айқын нəрселер рационалды көзқарастар деп түсіндіріледі. II ғасырда атақты богослов Тертуллианның айтуынша: Абсурдты болса да сенемін деген ой үзіндісі, жалпы христиан дінінің иррационалдық жақтарын сенім арқылы қандай бір көзқарас болмасын, рационалды етіп қабылдауға болатындығын көрсете білді. Иррационалдық көзқарас бойынша қандай бір тануға келмейтін объект болмасын, барлық тану құралдарын қолдана білсек, ол көзқарас бізге танымалы, рационалды көзқарасқа айналады. Осыдан көріп отырмыз, рационалды объективтік дүниенің ақылға сыйымдылығын, оны танып-білуге болатындығын иррационалистік көзқарастағы адамдар да жақсы біледі.
Иррационалистік көзқарас бойынша рационалистік жолда қарастырылып отырған объектіні толығынан ашып көрсете алмайды. Ондай көзқарас негіздің тек үстімен ғана сырғанап жүріп жатады, ол тек дұрыс бағытты ғана бейнелейді, негізіне жақындамайды, одан алатын білім салыстырмалы ғана болып келеді. А.Шопенгауэрдің айтуынша, танымалы дүние біздің елесімізге берілген нəрсе, біз объективтік дүниені танымаймыз, біз өзіміздің дүние туралы көзқарастық субъективтік түйсіну, елестету арқылы танып білеміз. Себебі дүние екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экзистенциализм философиясы
Герменевтика философиясының негіздері
Жаңа ғасыр философиясы
Рационализм және сенсуализм
XIX - XX ғасырдағы Батыстық философиялық бағыттардың көтерген негізгі проблемалары
Қазіргі заман философиясы туралы
Философия дәрістер
Философия пәні
Философия ғылымының негізгі әдістері
Антика мәдениетіндегі философия
Пәндер