Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологиялар


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
  1. Қазіргі замандағы педагогикалық оқыту технологияның жалпы сипаттамасы.

Қазір барлығымыз бүкіл дүние жүзіндегі ауқымды саяси және экономикалық өрістердің куәгері болып отырмыз. Бүгінгі таңда болып жатқан істердің бір жарқын көрінісі - біздің және басқа елдерге жаңа компьютерлік технологиялардың енуі. Қазіргі компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына оның ішінде білім беру саласына енді.

Бүгінгі күнде дайын программалық жабдықтардың молшылығы кезінде компьютерлік сауаттылық негіздерін меңгерумен шектеліп, негізгі көңілді стандартты офистік жиынды немесе нақты кәсіптік бағытпен байланысты курсты оқытуға бөлуге, ал программалауды оқытуды арнайы оқу орындарына - колледждер мен институттарға ұсынсақ болар еді. Бірақ мұндай көзқарасы бір қарапайым, бірақ өте маңызды нәрсені - компьютерлік технологиядағы ең ауқымды шығармашылық потенциалдың программалауда жатқанын ескермейді.

Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара қарым-қатынаста. Педагогикалық технологияны өте жақсы меңгеру дегеніміздің өзі - шеберлік. Технология және шеберлік қатынастарына қарағанда меңгеруге болатын педагогикалық технология басқалар сияқты тек қана орталықтанбайды. Педагогтің тұлғалық ерекшеліктерімен анықталатыны байқалады. Бір ғана технология әр түрлі мүғалімдермен іске асуы мүмкін, бірақ оны іске асыру ерекшеліктерінде олардың осы педагогикалық шеберлігі және кәсіпқорлығы көрінеді. Технология негізінде оқушыға суреттелген өнімді түрдегі берілген әрекетті меңгеруді қамтамасыз ететін, орындаушы функцияларына бөлінген мұғалім іс-әрекеттерді түсіндіру, операцияларды көрсету, оқушылардың оны орындауын бағалау және жөндеумен байланысты.

Педагогикалық əдебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу-үйрену, тəрбиелеу, оқыту технологиялары, білімдендіру жəне дəстүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған жəне проблемалы оқыту технологиялары, авторлық технология жəне т. б.

Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқыту технологиясы» жəне «тəрбиелеу технологиясы» ұғымдарының өзіндік мəн-мағыналарына назар аудармай келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу жəне тəрбие аймағындағы педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс-əрекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» мəні «оқу технологиясы», «тəрбие технологиясы» ұғымдары мəндерімен салыстырғанда тереңдеу де ауқымдылау.

Педагогикалық технология - бұл педагогикалық əрекеттер табысына кепіл болардай қатқыл ғылыми жоба. Əрі сол жобаның дəл жаңғырып іске асуы. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды. [2]

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т. б. ), екіншісі - тəжірибемен жүзеге келуі (Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т. б. ) . Сонымен, технология астарында не жатыр? Оқыту технологиясы жөніндегі идея қай заманда пайда болған?

Мұндай ғылымдық мəні бар ой жаңалықты емес. Кезінде оны Я. А. Коменский де дəріптеген. Ұлы педагог - ғұлама 16-ғасырда-ақ оқудың «техникалық» (яғни «технологиялық») болатынын уағыздап, оның мүлтіксіз тиімді нəтиже беретін жолдарын іздестіріп бақты. Я. А. Коменский еңбектеріне үңіле түссек, педагогикалық технологияға бастау берген даналық пікірлерді табамыз: «Дидактикалық машина үшін қажет нəрсе - 1) түбегейлі ойластырылған мақсаттарды; 2) сол мақсаттарға жетуге дəл икемдестірілген жабдықтарды; 3) мақсаттың орындалмауына мүмкіндік бермейтін нақты жабдықтарды қолданудың мызғымас ережелерін табуымыз керек».

Осы заманғы дидактикада əрқилы оқыту технологиялары көрініс беріп жүр. Олардың көп түрлі болу себеб, əр автор мен орындаушының педагогикалық процеске өзінше жаңалық қосып, технологияға өзгеріс ендіріп баруымен байланысты.

Дидактикада оқыту технологиялары төмендегідей сипаттарымен жіктеліп, топтастырылады:

- қолдану деңгейі: жалпы педагогикалық, пəн əдістемелік, бөлімдік (модульдік) ;

- философиялық негізі: ғылыми жəне діни, гуманистік жəне əміршіл- əкімшіл (авторитарлы) ;

- тəжірибе меңгерудің ғылыми негіздемесі (концепция) : байланыс-жауапты (ассоциатив-рефлекторлы) ; іс-əрекетті (бихевиористік), іштей ұғу (интериоризаторлы), дамытушы;

- тұлғалық құрылымға бағдарлануы: ақпараттық (білім, ептілік жəне дағдылар қалыптастыру), нақты қимыл-əрекеттік (оперативті- ақыл-ой əрекеттері əдістерін қалыптастыру), шығармашыл (эвристикалы-дарын қабілеттерін дамыту), қолданбалы (тұрмыс-тəжірибелік əрекеттер қалыптастыру) .

- дəстүрлі оқу жүйесін жаңалау бағыты (модернизация) : оқушы іс-əрекетінің белсенділігін көтеру жəне жеделдестіру технологиясы; мұғалім жəне оқушы арасындағы қатынастарды адамиластыру мен демократияластыру негізінде жасалған технология; оқу материалын дидактикалық қайта түзуге негізделген технология жəне т. б.

Оқыту технологиясының топтастырылуы, сонымен бірге, нақты кезеңде басым болған мақсаттар мен міндеттерге, оқуды ұйымдастыру формасының қолданылуына, дəл кезеңде қажет болған əдістерге жəне басқа да негіздемелерге тəуелді келеді.

Оқыту технологиясын оқу əдістемесінен ажырата білген жөн. Олардың бір-бірінен айырмасы - оқыту технологиясын қайталап, көбейте таратуға болады. Қай жағдайда да технология өзіне сай түзілген оқу процесінің жоғары сапасына жəне педагогикалық міндеттердің табысты шешілуіне кепіл бола алады. Ал əдістеменің соңғы тиімді нəтижеге жете алмауы жиі кездеседі. Сонымен бірге, əдістеме технологиялық деңгейге дейін көтерілуі мүмкін. Мысалы, жаңа материалды түсіндірудің белгілі əдістемесі бар. Егер ол əдістеме шынайылық, сенім, сəйкестік талаптарына орайласса, оны технология деп тануға болады.

Оқыту технологиясы педагогикалық шеберлікпен өзара байланысты. Оқыту технологиясын жете білудің өзі - шеберлік. Бір технологияны əрбір оқытушы жеке іске асырып отыруы мүмкін, ал осы іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерден мұғалімнің оқу шеберлігі көрінеді. [3]


2. 2 Проблемалық технологияны қолдануды талдау.

Проблемалық оқыту жолымен оқушылардың жаңа ұғымдарды меңгеруі мынадан көрінеді: оқушы фактілік материалды талдап, салыстыра, жалпыластыра, нақтылай отырып, одан өзі жаңа хабар алады. Бұл оқушының бұрын меңгерген білімінің көмегі арқылы білімдерін кеңейту, тереңдету және бұрынғы білімдерін жаңаша қолдану болып табылады. Бұған кітап та, Оқытушы де үйрете алмайды, мұны тиісті ситуацияға тап болған оқушы өзі іздейді әрі табады.

Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында оқытудың дамытушылық қызметіне қойылатын талап ұдайы өсіп отырады. Қоғамымызға шығармашылық тұрғыда ойлай алатын, алдына қойылған міндеттерді нақты шеше алатын мамандар қажет. Сондықтан оқыту процесінде ғылыми фактілердің жиынтығын берумен ғана шектелуге болмайды. Сонымен бірге, оқушылардың жүйелі, диалектикалық ойлау қызметін қалыптастыру да маңызды міндет екені мәлім. Мұндай өрелі мәселелерді шешудің пәрменді құралдарының бірі - пәнді проблемалық оқыту болып табылады.

Проблемалық оқыту - дамытушылық сипаттағы оқыту, себебі оқушы бір ұғымды немесе құбылысты түсінуге мұқтаж болғанда ғана ойлана бастайды. Ал мұндай мұқтаждық проблемалап оқыту барысында жиірек туады. Демек, проблемалап оқыту барысында Оқытушыге қойлатын талап - оны қашан және қалай пайдалануды анықтау.

Проблемалық оқыту кезінде білім мен іскерліктің бірсыпыра бөлігін оқушылар өздігінен, танымдық қиындықтарды жеңе отырып игереді.

Проблемалық оқытумен дәстүрлі оқытудың арасындағы негізгі айырмашылық оқу процесін ұйымдастыру мақсаттары мен принциптерінде байқалады.

Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылым негіздерін меңгеріп қана қоймай, оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сонымен бірге, проблеманың оқушының ойлауын дамыту пікірін қамтитындығынан ерекше көрінеді.

Проблемалық оқытуды ұйымдастыру негізін оқушының ізденгіштік, танымдық оқу қызметтері құрайды. Басқаша айтқанда, ғылыми фактілерді, құбылыстарды, заңдарды және алған білімдерін зеріттеуге және оны іс жүзінде пайдалану тәсілдеріне баулу болып табылады.

Сонымен бірге, проблемалық оқытуды оқушылардың жаңа заңдар мен құбылыстарды өздігінен «айқындаудың» үзіліссіз тізбегі ретінде де қарастыруға болады. Проблемалық оқыту кезінде Оқытушының түсіндіруі мен оқушылардың қажетті іскерліктері мен машықтарын шыңдауға арналған тапсырмаларды оқушыларға орындату ісіне зор мән беріледі. Дегенмен проблемалық оқыту, оқытудың басқа әдістері сияқты, әмбебап емес, алайда информатиканы оқытудың маңызды құрамдас бөлігі.

Оқыту кеңістігінде проблемалық ситуация үш негізгі компоненттен тұрады:

а) оқушының жаңа білімді қажет етуі («білгім келеді . . . », «үйренгім келеді . . . ») ;

б) белгісіз білім, яғни педагогикалық мақсат бойынша оқушылардың білім алуы;

в) белгілі білім және білікті қалыптастыру (білім алу барысында өзім білім, Оқытушысіз)

Материалды дайындау барысында:

А) ғылым мен техника тарихынан

Ә) проблемалық ситуация жан-жақты дайындалуы

Б) Есептердің альтернативті шешу тәсілдері

Проблемалық ситуация:

Х- мақсат

Х-іс-әрекет объектісі

Х- іс-әрекетті орындау әдісі

Х- іс-әретті орындау шарты

Проблемалық деңгейлер бойынша:

І - проблемалық емес мысалдар

ІІ-Оқытушы проблема жасап, оны оқушының орындауына көмектесуі

ІІІ- Оқытушы проблема жасап, оны оқушының өздігінен шешуі

IV -оқушының өзі проблема жасап, оны шешуі (сурет-4)

Проблемалық оқытудың мәні - оқушы ғылымының даяр қорытындыларын жай ғана меңгеріп қоймай, жаңа білімдер мен ақыл-ой қызметінің тәсілдеріне өздігінен ие болу жөніндегі танымдық қызметін қалыптастырады. Бұл әрекеттер оқушының жаңа ұғымның мәнін ашу тәсілдерін өздігінен іздестіруге деген ойымен сипатталады.

зденіс-теориялық, техникалық (практикалық) оқу проблемасын немесе көркем бейнелеудің әдістері мен тәсілдерін шешуді мақсат етсе, ол проблемалық оқуға айналады. Оның мәні мынада.

Проблемалық сабақты ұйымдастыру үшін, сабақтың мәні мен мазмұнын қарастыру қажет. Оқытушының жаңа жағдайда оқушылардың дербес проблемалық көзқарасы тұрғысынан алғандағы сабақтың мәнін теориялық түсіндіру қажеттігі келіп шығады.

Бірінші проблемалық ереже - мақсатты айқындау, яғни, сабақта неге қол жеткізуіміз керек?

Екінші ереже - информатика курсының мазмұнын ұғу, оқу материалының мазмұнын әзірлеу, яғни қойылған мақсат пен оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес сабақтың күрделілігін айқындау, құбылысты практикамен, оқу тапсырмаларымен өзіндік жұмыс жүйесін анықтай отырып, құбылыстың негізгі және қосымша көздерін белгілеп алу.

Үшінші ереже - сабақтың тәрбиелік міндеттерін айқындау. Оқушылардың өздігінен ізденуі арқылы шешуге шамалары жететіндей дәрежеде қиындықты жеңу.

Төртінші ереже - қойылған мақсаттарға оқу тақырыбының мазмұны сәйкес және анағұрлым тиімді ұштастырылуын таңдап алу. Сабақ - бұл шеңбердің әрбір оқушының немесе оқушылар топтарының дербес қызметімен фронтальды жұмыстың ұштастырылуын қамтамасыз ететін оқыту.

Сабақты үш түрге бөлуге болады:

Сабақтың негізгі түрі - жаңа материалды оқып-үйрену сабағы

  • Лекция сабағы
  • Әңгімелесу сабағы
  • Танымдық міндеттерді шешу сабағы
  • Зертханалық жұмыс
  • Оқушының практикалық зерттеулері
  • Оқушының теориялық зерттеулері
  • Сабақ-дискуссия
  • Кино-сабақ және т. б.

Сабақтың екінші түрі - білімді, шеберліктер мен дағдыларды жетілдіру сабағы.

  • Жазбаша бақылау жұмысы
  • Ауызаша сұрау
  • Жазбаша есеп беру
  • Практикалық, зертханалық жұмыстар
  • Аралас сабақ, т. б.

Сабақтың үшінші түрі - бақылау сабақтары

  • Шолу лекциясы
  • Зертханалық және практикалық сабақтар
  • Жұмыс нәтижелерін талдау
  • Диспут
  • Графикалық материалдарын талдау
  • Ауызша және жазбаша жаттығулар
  • Семинар, конференциялар, т. б.

Жаңа ұғымдарды, проблемалық сабақтың өтуінің әдістері мен тәсілдерінің әртүрлілігі, оқытушының өзінің шығармашылығы мен оқушыларға дербес ойлау қызметі біз қарастырғалы отырған проблемалық сабақ үшін міндетті факті.

Проблемалық принципінің негізінде сабақтар - проблемалық және проблемалық емес болып бөлінеді.

Проблемалық сабақтың ерекшелігі - оның жинақылығында. Онда өткенді қайталау - жаңа материалды ендірудің қосылып кетуімен байланысты, білімді, шеберліктер мен (жаңа байланыстар) үйлесімдерде үздіксіз қайталау келіп шығады.

Ал, проблемалық емес сабақтың барысында, оқушыларға оқу материалын түсіндіру кезінде проблемалық ситуация жасалмайды. Жаңа білімдер мен әрекет әдістерін меңгеру көбінесе үлгі болып қалады.

Проблемалық сабақтың нәтижелігі сол, өткізілетін информатика курсының қай тақырыбын түсіндіру сабағындағы уақытпен анқыталмайды, оны ұтымды қолдануда.

Проблемалық сабақтардың проблемалық емес сабақтардан айырмашылықтарын ажырату қиын. Бірақ, жекеленген оқу әдістемесі арқылы зерттеулерде проблемалық ситуациялардың түріне байланысты проблемалық сабақтарды сипаттауға талпынушы Г. В. Артемьеваның жұмысы зор қызығушылық тудырады. Автор бай эксперименттік материалға сүйеніп, проблемалық сабақтардың төрт вариантын ұйымдастыру тәсілін ашып көрсетеді.

  • Хабар сипатындағы сабақ - проблемалық баяндау жолымен оқылатын материал жөнінде қайшылығы бар танымдық міндеттер негізінде проблемалық ситуация - логикалық дәлелдердің көмегімен дискуссия барысында шешілсе.
  • Салыстыру - қорытындылау сабағы - бір мәнді қорытынды бермейтін проблемалық ситуацияны дербес талдау және жазбаша есеп беру жолымен шешіледі.
  • Моральдық-этикалық проблемалар қатыстырылатын сабақта алдын-ала тапсырма беру арқылы проблемалық ситуацияны шешуде оқушылар құбылысқа деген әртүрлі көзқарасқа тап болады, проблема - оқушылардың өмір тәжірибесі мен дискуссиялық жеке талдау жолымен шешіледі.
  • Диалектикалық түрдегі құбылыстарды талдауға саналы қолдану сабағы - қайталау - қортыу сабағы, проблемалық ситуация оқушылардың қорыту және нақтылау шеберліктері арасындағы қайшылықтар негізінде пайда болады. Ал проблеманы шешу жолы - орындаған жұмыстар нәтижесін топтық талдау арқылы шешіледі.

Проблемалық сабақтың басталуы әдетте сабақтың одан әрі қарайғы барысына күшті әсер етеді, ол сабақ қарқынын, ұғым жөніндегі түсінігін дұрыс жеткізу жөніндегі дербестігінен басталады. Сабақтың басталуы оқушылар зейінін тақырыпқа, мәселеге аударуы тиіс. (сурет-5)

Кез келген жағдайда сабақтың басталуы барлық 45 минутқа жұмыс жағдайын жасайтын, тіпті егер ол оқытушының лекциясына әңгімесі мен басталса да қызықты болуы керек. Сабақтың барысы - тақырыпқа, мақсатқа, дидактикалық міндетке және оқушылардың жұмысқа деген әзірлігі дәрежесіне байланысты.

5-сурет Проблемалық сабақтың сыртқы және ішкі құрылымының элементтерінің байланыс схемасы

Проблемалық сабақты әзірлеудің тіпті тәжірибелі Оқытушылар үшін де, қиын іс болып табылады. Проблемалық сабақты әзірлегенде Оқытушы оқушылардың ой қызметін, олардың жаңа материалдарды меңгеру кезіндегі ойлау қызметінің белгілі бір әдістері болатынына үміт артып жоспарлайды.

Оқытушы сабақтың жоспарын басшылыққа ала отырып, материалды мазмұны, логикалық құрылымы, тәрбиелік мәні және оқушылардың ерекшелігі бойынша талдайды.

Проблемалық сабақтың жоспары - оқушылардың белсенді оқу-танымдық қызметіне жағдай жасау жөніндегі әрекетке оралымды басшылық жасайды.

Тақырыптық жоспардың бөлімдерінің мазмұнын қарастырайық

І. Сабақ тақырыбының аты немесе сабақтардың тақырыбы - пәннің бағдарламасынан алынады.

  1. Сабақтың мақсаты бағдарламаның жоспарланған тақырыбының, бөлімінің мазмұнына сүйеніп анықталады, сабақтың дамытушы функциясы көрсетіледі.
  2. Сабақтың түрі: сабақтың мақсат мен материалының мазмұнына сәйкес (проблемалық) біреуі ғана көрсетіледі.
  3. Оқытудың әдісі: дидактикалық міндеттер мен әдісті іс-жүзіне асырудың шеберлігі көрсетіледі.
  4. Сабақтың жабдықталуы және оқытудың техникалық құралдары, қажетті әдебиет көрсетіледі.

ІІ. Актуалдау. Жоспардың бұл бөлімі жұмыс процесінің өзін алдын-ала анықтайды.

ІІІ. Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгеруді жоспардың негізгі бөлімі деп қарастырамыз. Бір немесе бірнеше сабақтардың негізгі проблемаларды тұжырымдалады.

ІV. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру. Оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері, жұмыс формалары (фронтальды, топпен, жекелей) .

V. Үй тапсырмасының қамтитыны:

  • Оқулықтан қайталуға арналған материал
  • Келесі сабаққа әзірлеуге арналған өздігінен орындайтын жұмыстарының түрлері.

Жоғарыда көрсетілген схема - Проблемалық сабақтарды тақырыптық жоспарлаудың схемасы.

  1. Мақсаты - бағдарлама материалының мазмұнына қарай анықталады: дидактикалық-оқушылардың білімінде, шеберлігінде, дағдыларында қандай өсімше болуы көзделеді, тәрбиелік-жеке бастың қандай қасиеттері қалыптасатын болады, логикалық оқушылар ойлау қызметінің қандай әдістерін меңгереді. Мақсат осылай сараланып көрсетіледі. Сабақтың түрі - тым шағын болса, Оқытушы өзі анықтайды, ал негізгі түрі тақырыптық жоспардан алынады. Сабақтың түрі сыныптың әзірлігіне және таңдап алынған әдіс дәрежесіне байланысты. Оқытудың әдісі анықталып сабақ өту мен оқу әдістері атап көрсетіледі (баяндау, ішінара ізденіс, нұсқау беру, практикалық) . Сабақ түрлері мен оқыту әдістеріне сәйкес Оқытушы көрнекілік құралдарын, хабар көздерін жоспарлайды.
  2. Актуалдау - сабақтың түрі мен мақсатына, актуалданатын ұғымдар мен әрекет тәсілдерінің күрделілігіне байланысты. Оқытушы қандай ұғымдарды актуалдау керек екенін айта отырып өздігінен орындайтын фронтальды жұмысты жоспарлайды және үйренген ұғымдарды тереңдетуге назар аударады.
  3. Жаңа ұғымдар мен әрекет тәсілдерін меңгеру - мазмұны жөнінен де, жұмыс формалары жөнінен де аса маңызды білім. Бұған сабақтың үлкен бөлігі ажыратылады. Оқытудың тиімділігі сабақтың нақ осы басты кезеңіндегі табыстар мен немесе сәттіліктермен анықталады.
  4. Шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру - жоспардың үшінші бөлімінде көрсетілген шеберлік пен дағды сабақта негізінен меңгерілген білімді өздігінен қолдана білу құбылысында берік бекітілу керек.
  5. Үйге тапсырма беру - бұл әдетте оқушылардың өз бетімен орындайтын жұмысы. Сондықтан нені қайталау немесе сабақтан нені дайындау керектігін нақтылай отырып, жалпы тапсырмалар шығармашылық сипатта жіктеп сараланған түрде қарастырылады.

, болмауыдамүмкін. , . , , .

, . Яғни, . . Яғни, . . , :

  • шешу алгоритмі белгілі, бірақ оған программа құруды қажет ететін есептер тобы;
  • шешу алгоритмі белгілі және оның программасы машина зердесіне бар есептер тобы;
  • шешу алгоритмі жоқ, оны жаңадан құру қажет болатын есептері тобы;
  • математикалық моделін ізденіс және зерттеулер жүргізу арқылы құруға тура келетін есептер тобы. Мұндай есептердің математикалық модельдері де, ол модельді іс жүзіне асыратын алгоритмі де белігісіз болуы мүмкін.

Көп жағдайларда есептің математикалық моделі белгілі болғанымен, ол модельді классикалық математиканың жолымен шешуге болмауы да мүмкін. Ондай есептерге мысал ретінде математикалық программалаудың кейбір экстремалдық есептері, динамикалық программалау, салалар ара байланыс және т. с. с. есептерді алуға болады.

Алгоритмдерді алдын-ала белгісіз есептерді проблемалық есептер деп атайды. Проблемалық емес есептердің алгоритмдерін орындаушы бірден таңдап ала алады және шеше алады. Дегенмен де мұндай есептердің алгоритмінен программа құру барыснда көптеген қиыншылықтардың кездесуі мүмкін.

Орындаушы алгоритмінің дұрыстығын тексере алатын мүмкіндігі болатын есептер болады. Мұндай есептердің дұрыс анықталған есептер дейді, ал сондай мүмкіндік болмайтын есептерді дұрыс анықталмаған есептер дейді. Демек, кез-келген дұрыс анықталмаған есептерді проблемалық есептер деп атауға болады.

«Автомобильдің құрлысы» пәнінен оқыту кезіндегі оқытушының рөлі.

Ғылыми және идеялық жоғары деңгейде өтілген әрбір сабақ студенттерге белгілі бір білім негіздерін беріп, ойлау қабілеті мен шығармашылық іс-әрекетін арттыруы. Тақырыпты оқып үйренуде жинақталған білімдерді көрсететін оқу диафильмдері мен кинофильмдерден үзінділерді, теледидар мендиапозиттерді көруі, студенттердің болашақ мамандар клубының жұмысына қатысуы, бірлестіктердегі озаттар тәжірибесін көрмесіне экскурсия жасау, өндіріс озаттармен кездесулер, тақырыптық кештер, ғылым мен техниканың жетістіктерін, еңбек табыстарын насихаттайтын альбомдар, плокаттар, стендтер безендіру болып табылады. Егер оқытушы студенттерге еңбек үйрету барысында оларға ғылыми заңдылықтарды қолдана білуді іс жүзіне асыруға мүмкіндік беруші еді. Лабораториялқы-практикалық студенттер конструкторлық-техникалық элементтерді, материялдарды пайдалана білуді, механикалық технологияны, еңбек мәдениеті мен өндірістік эстетиканы аңғаруды, сонымен бірге еңбек ету барысында олардың басқа пәндермен де білімдері тереңдейді. [5] .

Оқытушы еңбек қызметінің барысында өз ісінің нағыз шебері болып табылады. Оның үстіне оқытушы кейде өз қызметінің бастысын, өзекті жолын тез тауып алады, оған өзінің күш жігерін жұмылдырады, бұл бағытта жетік береді, үлкен табыстарға жетеді. Оқытушы студенттерге қажетті білімдерді қамтамасыз етіп, олардың ойлау белсенділігін оята алатын, жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін таңдап алады. Оқытушының қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі оның еңбегі өте жауапты әрі күрделі.

Қоғам оқытушыға балаларды сеніп тапсырып, оларға ықылас жасап тәрбиелейді, дүниеге көзқарасын дамытып, қалыптастыруды сеніп тапсырады. Мұндай орасон зор сенім тек оларға қоғам алдында үлкен жауапкершілік жүктейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі қасиеттері жайлы
Педагогикалық инновация
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Жаңа ақпараттық технологиялармен оқыту технология түрлері
Оқу ақпаратын технология жағдайында меңгеру
Мультимедиалық технологиялардың оқыту үрдісінде тиімділігінің көрсеткіші
Мультимедиялық оқыту құралдарын жаратылыстану сабақтарында қолдану әдістемесі
Инновациялық процестің ұғымы мен мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz