Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі педагогиканың негізгі мәселелері
Педагогикаөзінің атауын paidagogasбаланы жетектеуші сөзінен алған. Ең алғашқысында бұл сөз құлдардың қожасының баласын мектепке жетектеп апарушы дегенді білдірсе, кейін келе ол тәрбие туралы ғылымның аты ретінде қалды. Тәрбие - қоғамның кейінгі ұрпақтарда өзін қайта көрсетумен байланысты атқаратын негізгі қызметтерінің бірі. Әрбір келешек ұрпақтың қоғамдағы орнын табуы ең алдымен өткен ұрпақтардың жинаған әлеуметтік тәжірибесін меңгеру деген сөз.
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғалам ретінде педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді, теориялық білімдерді жинақтайды және жүйеге келтіреді, педагогикалық шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты қайта құру үшін негіз жасайды.
Педагогика пәні - индивидтің өткен ұрпақтардың әлеуметтік тәжірибесін меңгертетін оқу және оқудан тыс уақыттың бірлігіндегі тұтас педагогикалық процесс болып табылады.
Ғаламдық жаһандану жағдайындағы жаңа қоғамда орын алған ірі экономикалық өзгерістер мен технологиялық жетістіктер қоғам дамуының қозғаушы күші болып табылатын білім жүйесіне орасан ықпалын тигізіп отыр. Әлемдік қауымдастықтың біртұтас білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған ортақ мүддеге барынша әрекеттенуі жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген саналы да парасатты тұлғаны тәрбиелеу қажеттігін көрсетеді.
Жеке тұлғаның адамды адам ете түсетін қасиеттерін ашып көрсету, руханилығын дамыту - заман талабы. Егерадамруханишылығынанайырылса, ондаол эмоция мен сезімненайырылады. Бұлсезімдержекетұлғаныңбойындаөмірг екелгенсәтіненбастапбіргедамиды, жасыұлғайғансайынқоршағанортасынасә йкесбіргеқалыптасады.
Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында "Тәрбиедегі басты бағыт - әрбір адам, ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпыазаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек екені айтылған.
"Қазақстан -2030" Ел Президентінің Қазақстан халықтарына жолдауында Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын арттыруға, экологиялық ортаны жақсартуға ерекше мән берілген.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 27-бабында да балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу - ата-ананың етене құқығы, әрі міндеті деп белгіленген. Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті, саналы, иманды, білімді, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерінде Қазақстандық патриотизмге, биік мәдениетке, адам құқығы мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу туралы айтылған. Мұндай мазмұндағы мемлекеттік талап, міндеттер бүгінде жас ұрпаққа отансүйгіштік тәрбие беру үрдісінде әр отбасынан бастау алып, білім беру жүйелерінде үздіксіз, кешенді жүргізілуде.
Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қайта қалпына келмейтін нәзік те күрделі, кәделі де сауапты, игілікті де ізгілікті істеріміздің бірі.
Оған әл-Фарабидің адамға ең бірінші білім емес рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген сөзі дәлел.
Тәрбиенің негізгі мақсаты: дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар- ұжданы мол, еңбекқор, іскер, бойына басқа да игі іс-әрекеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу.
Тәрбиенің мазмұны: оны жүзеге асыратын әдіс-тәсілдердің негізі - адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Тәрбие ережеден емес, өнегеден тұрады деген сөзді басшылыққа ала отырып, тәрбие бағытының жолы сан тарау екенін айтып өткім келеді.
Тәрбие


Табиғатқа деген сүйіспеншілік,мейірімділік, жанашырлық сезімдерін, қоршаған ортаны қорғауға дұрыс көзқарас қалыптастыру
Адамгершілік Эстетикалық Экологиялық Дене Экономикалық тәрбие тәрбие тәрбие тәрбиесі тәрбие Нарық экономикасынан даму ұстанымда рына сәйкес жас ұрпақты тәрбиелеу, өзіндік өмір сүре білуге дайындау
Әдептілік, рухани мәдениетін қалыптасты -ру. Өмір сүруге дайын, өзгені сыйлай алатын азаматты өсіру
Әдептілік, рухани құндылықтар ды әсемдікке ұластыру арқылы мәдениет әлемімен тіл табыса алатын тұлғаны қалыптастыру
Адам денесінің, тұлғасының дамуымен дене, күш жігерін қалыптасты руын басқару

Жақсылық еккен,Әдептілік, ар-ұят Бір тал кессең, Дені саудың - Ұқсата білгенің -
алғыс орады адамдықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі педагогика - мектеп жасына дейінгі балалардың тәрбиесі туралы, мектеп жасына дейінгі тәрбие мен оқыту заңдылығы туралы ғылым
Тәжірибиелі эксперимент жұмыстары оларды ұйымдастыру және жүргізу
Педагогика ғылымының салалары мен міндеттері
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым
Тәрбие қажеттілігі мен педагогикалық теория дамуының әлеуметтік - экономикалық факторлары
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Халық педагогикасы
ХАЛЫҚТЫҚ ПЕДАГОГИКА ТӘРБИЕ ТІРЕГІ
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Пәндер