Испанияның білім жүйесі


Қазіргі таңда Испанияның білім жүйесі 4 деңгейден құралады:
1. «La Educación Infantil» - мектепке дейінгі білім;
2. «La Educación Secundaria Obligatoria (ESO) » - базалық деңгей;
3. «El Bachillerato Unificado y Polivalente (BUP) » - бачилерато деңгейі;
4. «La Enseñanza Universitaria» - жоғарғы білім.
Мұнымен қатар, кәсіби білім (La Formacion Profesional (FP) ) бар. Оны еліміздегі лицейлермен салыстыруға келеді. Кәсіби білімді базалық деңгейден кейін алуға болады. Ол негізінен екі сатыдан құралады. FP аттестастының иегерлері BUP аттестатын алған оқушылар секілді жоғарғы оқу орындарға тапсыра алады.
Испанияның білім жүйесінде жоғарыда тізімделген 4 деңгейден бөлек ересектерге арналған оқу бар. Ол - "Escuela de Adultos" деп аталатын кешкі мектептер. Бұдан өзге арнайы тілдік курстар, сурет салу, қолөнер секілді қосымша курстар ұйымдастырылған.
Мектепке дейінгі білім (Educación Infantil)
Испанияның білім жүйесіндегі мектепке дейінгі білімді де екі сатыға бөліп қарастырамыз:
1. Escuela Infantil - 0-3 жас аралығындағы балаларға арналған балабақша.
2. Aula Infantil en colegio de primaria - 3-6 жас аралығындағы колледждегі дайындық курстар.
Аталған мекемелердің мемлекетке тиесілісінде тегін, ал жекеменшіктерінде ақылы білім алуға болады.
Базалық білім ( Educación básica)
Испания заңына сәйкес базалық білім міндетті болып табылады. Мектепке дейінгі білім секілді тегін және ақылай түрі бар. Испанияның базалық білім жүйесіне мемлекеттік және жекеменшік колледждерден өзге діни сауат ашуға арналған арнайы мектептер бар. Оны шіркеу қаржыландырып отырады.
Испанияның білім жүйесін мемлекеттік Білім министрлігі қадағалап отырады. Методологиялық бағдарламалар, әр сыныптағы оқушылар саны, норматив, қаржы мәселесі дегендердің барлығын мемлекет ұйымдастырады. Оқушылар базалық білімді 6-14 жас аралығында алады.
- «Еducación primaria» - алғашқы саты. Әрқайсысы 2 жылды құрайтын 3 циклге бөлінген 6-12 жас аралығындағы оқушыларға арналған: бастапқы цикл (6-8 жас), орта цикл (8-10 жас), жоғарғы цикл (10-12 жас) ;
- «Еducación secundaria» - екінші саты. Оқушылар 12-16 жас аралығында базалық білімді тәмамдайды. Бағдарлама аяқталған соң, орта білім алғандығы туралы диплом алады.
Мектеп бағдарламасындағы негізгі пәндер: жаратылыстану ғылымдары (география, дүние тану), гуманитарлық ғылымдар (тарих, қоғамтану, әдебиет, құқықтану), тілдер (испан тілі, шет тілі, автономия тілдері (валенсия, каталония, галия немесе баск) ), математика, дене шынықтыру, музыка және бейнелеу өнері.
Қолында орта білімді растайтын дипломы бар оқушы ары қарай орта білімді кәсіби курстарда оқи алады. Яғни бачилерато бағдарламасына сәйкес колледжде оқып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие.
Bachillerato
Испанияның білім жүйесінде еліміздегі жоғарғы сыныптарды еске түсіретін бачилерат атты білім алу сатысы бар. Алайда ол үш курстан құралады. Бачилерато екінші курстың өзінде кәсіби білім алуға мүмкіндік береді. Алайда оны қалайтын жандар ғана оқуына болады. Бачелератоның үшінші курсында оқушы гуманитарлық немесе жаратылыстану бағытына баратындығын таңдайды. Бачелератоны аяқтар кезде тапсыратын экзамен нәтижесі ары қарай ЖОО-ға түсуіне тікелей әсер етеді. Конкурс жүйесіне сәйкес орташа балл жинап үлгерген оқушылардың ЖОО-ға түсу мүмкіншілігі жоғары болады. Бачелератода базалық сатыдан өткен, яғни 16 жастағы оқушылар оқиды.
Жеке меншік және мемлекеттік мектептердегі бір оқушының шығын көрсеткіші
бала-бақша
бастауыш мектеп
орта мектеп
аға мектеп
мемлекеттік жеке меншік
бала-бақша 7. 293 2. 050
бастауыш мектеп 9. 559 3. 675
орта мектеп 11. 925 1. 118
аға мектеп 9. 608 3. 066
Испания мемлекетінің білім жүйесі 6-16 жас аралығындағы азаматтар міндетті түрде игеруге тиісті деп көрсеткен және төлем ақысыз болса да кейбір жағдайда кітап, оқу жабдықтары, оқу формаларын сатып алатын жағдайлар бар. Мемлекеттік мекептерден тыс, жеке меншік және мемлекеттік пен жеке меншік аралас мектептер, жеке меншік мектептер деп бөлінеді және мектептердің жеке жеке оқу кестелері болады. Мемлекеттік мектептерде 9-5 ке дейін сабақ жүріледі түскі үзіліс уақыты бар. Халықтың 97, 9 пайызы сауатты. Испанияның білім жүйесін Білім туралы заңы бойынша іске асырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz