Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы.

1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі сипаттары.
2. Қайта өрлеу дәуіріндгі ғылым.Н.Коперник, Д.Бруно, Г.Галилей т.б. ілімдері.

1-сұрақ. Философ тарихында ХV-ХVІ ғасырлар қайта өрлеу дәуірі деп аталады. Осы кезеңде Батыс Европа елдерінде өнеркәсіп, сауда-саттық, теңізде жүзу ісі жедел қарқынмен дами бастады. Ғылым салаларының ішінде, әсіресе механика, математика, жаратылыстануға көп көңіл бөлінді. Қөлөнер кәсібінен машина жасау өндірісіне өту басталды. Капиталистік өндірістік қатынастардың одан ары дамуы ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың басында ұлы географиялық жаңалықтардың ашылуына себеп болды. Шіркеу тарапынан болған қудалау мен қысымға қарамастан қайта өрлеу дәуірінің аса ірі ойшылдары Н.Коперник, Дж. Бруно, Г.Галилей және т.б. ортағасырларда қалыптасқан жаңсақ пікірлерге қарсы шықты. Қайта өрлеу дәуірі философиялық ой тұрғысында дүниенің жаңа көріністерін көрсетті. Осы философиялық негізде пантеистік ілім қалыптасты. Осы дәуірдің философиялық екінші ерекшелігі антропоцентризм пайда болды. Адам философиялық зерттеудің негізігі объектісі бола отырып, дүние орталығы болып табылды. Енді адам тек жаратылған пенде емес, ол табиғаттың, айналасындағы барды жаратушы, рух беруші болды.
2-сұрақ. Қайта өрлеу дәуірі ойшылдарының аса ірі өкілдерінің бірі Н.Коперник (14473-1543ж.ж.) болды1543 жылы жарияланған Аспан денелерінің қозғалысы атты еңбегінде жердің және басқа да планеталардың күнді айналатындығы туралы гипотезасын жариялады. Н.Коперниктің гелиоцентрлік теориясы ғылымда бұрыннан қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп, қайта қарауға мәжбүр етті.
Сол кезеңдегі пантеистік, натурфилософиялық бағыттың негізін Н.Кузанский (1401-1465ж.ж.) салды. . Ол 1401 жылы шаруа отбасында Германияның Куза деген қалашығында туылған. Негізгі философиялық еңбектері: Ғылыми білімсіздік туралы, Құдай туралы, Ақыл, Болмыс туралы. Ол философияның негізгі мәселесін идеалистік тұрғыдан шешті. Дүниені де, адамды да құдай жаратты дейді ол. Кузанскийдің пікірі бойынша, әлем қарама-қарсы заттардан тұрады және олар математикадағы теңдеудің екі жағындағы мүшелердің бір-біріне өте алатыны сияқты, бір-біріне ауысып отырады. Ауысқан қарама-қарсылықтардың теңесуі тек құдайға ғана тән. Жалпы алғанда, материалдық денелер құдай жаратқаннан кейін өз заңдылықтары бойынша дамып, өзгеріп отыратын болғандықтан, оларды танып білуге болады.
Адам табиғаты Н.Кузанскийде құдайдың ең жоғары жарықталуы деп көрсетілген. Пенделердің ең жоғарғысы адам, құдайға да ең жақын тұратын адам. Бірақ адам ақыл-ойының, іс-әрекеттерінің арқасында құдаймен қатар тұрады. Осыдан келіп, адам-дегеніміз оның ақыл-ойы деп тұжырымдайды. Ақыл-ойды табиғаттың заңдылықтарын білу арқылы үздіксіз толықтырып отыру қажет. Бірақ Н.Кузанский пантеистік пікірді дамыта отырып, жаратушының рөлін жоққа шығарады. Өйткені пантеизм құдайды табиғатпен алмастырады.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті өкілдерінің бірі Дж.Бруно (1548-1606ж.ж.) философиялық танымның мақсаты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қайта Өркендеу Дәуіріндегі өнер және ғылым
Музыка өнері
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Жаңаевропалық ғылымның қалыптасуының алғы тарихы
Қайта өрлеу және реформция дәуірінің тарихи ойлары
Бейнелеу өнері туралы мәліметтер
Ортағасыр христиан философиясы
Кескіндеме живопись
Орта ғасырдағы Қазақстанның мәдени қайраткерлері
Италия ойшылы-Николо Макиавелли
Пәндер