Қалалық іркінді сулардың түзілу еркешеліктері
Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:
Дәрістің жоспары:
1. "Қалалық іркінді сулар" түсінігі.
2. Қалалық іркінді сулардың түзілу еркешеліктері.
3. Қалалық іркінді сулардың санитарлық сипаттамасы.
4.Тұрмыстық іркінді суларды тазалау сатылары.
Адамның тіршілік үдерісінде, тұрғындардың әртүрлі тұрмыстық және шаруашылық қажетіне және өндірістік ісіне су құбыры суын пайдалану нәтижесінде, құрамында әртүрлі зиянды және уытты қоспалар, сондай-ақ патогенді микроорганизмдер болатын көптеген сұйық ластар пайда болады.
Осы сұйық ластар іркінді сулар деп аталады. Оларды келесі топтарға бөлуге болады: 1) тұрмыстық-шаруашылық іркінді сулары; 2) өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік іркінді сулары; 3) жауын-шашындық іркінді сулары.
Қалалық іркінді суларға осы сұйық ластардың барлықтары кіреді. Қазіргі өнеркәсіптік қала үшін "қалалық іркінді сулар" деген термин пайда болды. Олар тұрмыстық және өнеркәсіптік іркінді сулардың қоспасы болып келеді. Қалалық канализация жүйелерімен әкетілетін іркінді сулардың жалпы көлемінің 40% өнеркәсіптік іркінді суларына келеді
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың іркінді сулары өзінің түзілу сипатына байланысты үш түрге бөлінеді.
Бірінші түріне технологиялық операцияларда реагент, еріткіш ретінде тікелей пайдалану нәтижесінде түзілген өндірістік іркінді сулары, яғни шынайы іркінді сулардың өзі жатады.
Екінші түрі - ол технологиялық аппараттар мен агрегаттарды салқындатуда түзілген қосалқы операциялар мен процесстерден шыққан сулар. Бұл сулар әдетте ластанбаған, бірақ температурасы жоғары келеді, яғни термальды іркінді сулар деп аталады (шартты таза сулар).
Үшінші түріне қосалқы және қызмет көрсетуші цехтардың сулары. Бұл сулар әртүрлі заттармен және әртүрлі дәрежеде ластануы мүмкін.
Өнеркәсіптік іркінді сулардың түзілу режимі, олардың құрамы және концентрациясы өндірілетін өнімнің түріне және қуатына, өндірістің технологиясына, қолданылатын жабдықтарына және басқаларына байланысты болады. Түзілу сипаты және режимі туралы сенімді мәліметтерді кәсіпорынды санитарлық тексеруде алуға болады.
Тұрмыстық-шаруашылық іркінді сулары тұрғындардың әртүрлі тұрмыстық және шаруашылық қажеті үшін су құбыры суын пайдалануында және соңынан олардың санитарлық-техникалық құралдар арқылы канализация жүйесіне түсу нәтижесінде пайда болады.
Іркінді сулар өзімен бірге еріген және қалқымалы түрде адамның нәжістерін, жуындыларды, жуынудан, шомылудан, кір жуудан т.б. пайда болған ластарды әкетеді, осының нәтижесінде оның құрамы мен қасиеттері күрт нашарланады.
Іркінді сулар физикалық қасиеттері бойынша мөлдірлігі өте төмен, сұрлы түсті, спецификалық иісі бар сұйықтық болып келеді. Химиялық құрамы бойынша қалқымалы, коллоидты және еріген күйде болатын бейорганикалық және органикалық қоспалардың көп болуымен сипатталады.
Ластардың жалпы көлемінің шамамен 60%, санитарлық маңызы өте зор келетін органикалық заттардың үлесіне келеді. ОБҚ мөлшері тотығуынан 3-5 есе асады. Реакциясы әдетте шамалы сілтілі (рН = 7,2- 7,6). Тұрып қалуында іркінді су шіриді.
Іркінді суды сипаттаушы физико-химиялық анализдерінің негізгі көрсеткіштері болып келесілер саналады: органикалық заттардың болуын көрсетуші судың физико-органолептикалық қасиеттері, қалқымалы заттары, тотығуы және ОБҚ, белок текті органикалық заттардың нитрификациялану процессінің барысы туралы пікір беретін аммоний азоты, нитриттері, нитраттары және хлоридтері.
Сондай-ақ, іркінді суларда беткейлі белсенді заттар (ББЗ) болады, олар су қоймасына түсуінде су обьектілерінің өзіндік тазалану процессін бұзады.
Іркінді сулардың бактериологиялық құрамының ерекше маңызы бар, олармен жұқпалы аурулардың таралу рөлі байланысты. 1 мл бактериялардың саны миллиондаған және ондаған миллиондарға жетеді, ал ішек таяқшасының титрі 10-5 - 10-7 тең болады. Патогенді микробтар, әсіресе ішек инфекцияларының қоздырғыштары, гелминттердің жұмыртқалары іркінді суларда әрқашанда болады.
Жауын-шашындық (атмосфералық) іркінді сулар. Қалалық және өнеркәсіптік территорияларының жер бетінен ағушы сулар су қоймаларын ластаушы маңызды көздердің бірі болып табылады. Мұнда жауын суларымен өзенге барлық ластардың 36% дейін түсуі мүмкін. Оның ластануына көптеген факторлар әсер етеді, олардың ішінде негізгілері болып территорияның көркейтілу деңгейі, тұрғындардың тығыздығы т.б. саналады.
Сонымен, қалалық іркінді сулар жеңіл шіруші органикалық заттармен бай болып, тез шіриді. Олардың құрамында ауру адамдар мен жануарлардың нәжістері болады. Іркінді сулар шіріп, көп шамада жаман иісті газдарды бөліп, ауаны ластайды. Топыраққа және суға түсіп, оларды ластайды және залалдайды. Сондықтан олар елді мекеннен шығарылуы тиісті. Елді мекендерден іркінді суларды шығару тек канализацияның көмегімен ғана жүргізіледі. Ол елді мекеннен тыс іркінді суларды шығаруына арналған жер асты құбырлары мен каналдарының торабы болып табылады, содан кейін олар сәйкесті тазаланады және залалсыздандырылады.
Іркінді сулар, соңында, барлық жағдайда қандай-бір су қоймасына түседі. Нәжістік- шаруашылық іркінді сулар ең бірінші кезекте табиғи судың физикалық қасиеттерін нашарлатып, оған лайлы түс беріп, спецификалық иісі болады. Іркінді судағы қалқымалы заттар, өзеннің арнасына түсіп, оның түбіне шөгеді де, екінші ластаушы ошақтары пайда болады. Іркінді судың және шөгіндінің органикалық заттары шіріп, су қоймасы суында еріген оттегіні жұмсайды. Оттегі қорының тапшылығына келуінде су шіріп, өзен лас ағатын жыраға айналады. Сондықтан барлық іркінді сулар тазалаудың және залалсыздандырудың барлық сатыларынан өтуі керек.
Тұрмыстық іркінді суларды тазалау сатылары.
Тұрмыстық іркінді сулардағы ластар әртүрлі физикалық күйде болатындықтан, тазалаудың барлық процессін екі негізгі сатыға бөлуге болады: а) механикалық тазалау - ол іркінді судан қалқымалы заттарды бөліп шығару және б) биологиялық тазалау - ол коллоидты және еріген күйде болатын органикалық заттарды минерализациялау.
Іркінді судан ірі қоқыстарды шығарып алу үшін механикалық тазалау процессінде торларды қолданады, минералды текті ластардың негізгі массасы құмұстағыштарда шөктіріледі, ал қалқымалы күйде болатын органикалық текті ластар тұндырғыштарда шөктіріледі.
Механикалық тазалаудан кейін іркінді судағы қалған органикалық ластарды зиянсыздандыру үшін биологиялық тазалау әдістері қолданылады, олар органикалық заттарды микробиологиялық тотықтыру процесстеріне негізделген.
Іркінді суларды механикалық тазалау
Торлар - оларіркінді судағы ірі қоқыстарды шығарып алуға арналған, металлдан жасалған рамада бекітілген параллельдіорналасатын металлдық стержендер болып табылады, олар іркінді сұйықтықтың ағысына бұрышпен (60-700) орнатылады. Торларда ұсталған қоқыстардан тазалау тырналарды қолданып қолмен немесе әртүрлі механикалық тырналардың көмегімен жүргізіледі. Қоқыстарды механикалық тырналардың көмегімен тазалауда қоқыстарды ұнтақтау үшін арнайы ұнтақтағышты орнатады, содан кейін ұнтақталған масса қайтадан тордың алдында іркінді судың ағысына жіберіледі.
Құмұстағыштар - олар іркінді судағы минералды қоспаларды ұстау үшін арналған. Құмұстағыштарда іркінді судың ағысы тек ауыр минералды заттары ғана шөгетіндей, ал ұсақ органикалық бөлшектер шөгіп үлгермейтіндей жылдамдыққа есептелуі керек. Құмұстағыштардың горизонтальды және вертикальды түрлері болады. Горизонтальды түрлерінде су горизонтальды бағытта ағады, ал кертикальды түрлерінде су вертикальды жоғары көтеріледі. Жақсы істейтін горизонтальды тұндырғыштарда іркінді судағы барлық минералды ластардың 65-75% шөгеді. Құм гидроэлеватордың көмегімен бункерге немесе құм алаңдарына шығарылады да, онда су бөлініп алынады. Құмұстағыштардың саны 2-ден кем болмауы керек.
Іркінді суды тазалау станциясына ағымды санитарлық қадағалауды жүргізуде торларда ұсталған қоқыстарды және құмұстағыштардан құмды уақытында шығаруына және тазалау станциясының территориясында қоқыстарды уақытша сақтау дұрыстығына және оларды шығаруды ұйымдастыруына бақылау жүргізу қажет. Қоқыстарды уақытша сақтауда олар жаман иістің көзі болмайтындай және шыбындарды жинамайтындай ұйымдастыру керек; қоқыстарды жабық жинағыштарда жинап, хлорлы әктің немесе торф ұнтағының қабатымен қаптау қажет. Жиналған қоқыстарды өртейді немесе ассенизация алаңына шығарады.
Тұндырғыштар - органикалық текті ерімеген ластарды шөктіруіне тағайындалған резервуарлар, оларда іркінді судың баяу ағуында (горизонтальды немесе вертикальды бағытта) қалқымалы заттар түбіне шөгеді (немесе қалқымалы заттар судың бетіне қалқып шығады). Тұндырғыштарды екі түрге бөледі: бірінші реттік және екінші реттік.
Іркінді су биологиялық тазалауға дейін түсетін тұндырғыштарды бірінші реттік деп атайды.
Тұндырғыштар екі топқа бөлінеді: а) тек қалқамалы заттарды шөктіруіне арналған тұндырғыштар (горизонтальды, вертикальды, радиальды); б) қалқамалы заттарды шөктіруі және шөккен шөгіндіні өңдеуі біріктірілген тұндырғыштар (септиктер, екі ярусты тұндырғыштар).
Горизонтальды тұндырғыштар тереңдігі 1,5-2,5 метрдей орнатылады. Онда судың ағу жылдамдығы 5-10 ммсек. Шөккен заттар горизонтальды тұндырғыштың алдыңғы бөлігінде орнатылған шұңқырдан арнайы құбыр арқылы шығарылады. Өнімділігі 20 мың м3тәулік. Қалқымалы заттардан тазалау тиімділігі 60%.
Вертикальды тұндырғыштарда судың ағу жылдамдығы 0,5-1 ммсек шегінде алынады. Шөгінді тұндырғыштың түбіне дейін түсірілген шөгінді ағатын құбыр арқылы шығарылады. Өнімділігі 10 мың м3тәулік. Қалқымалы заттардан тазалау тиімділігі 60-70%.
Горизонтальды және вертикальды тұндырғыштарда да шөктіру уақыты 1 сағат деп есептеледі, шөгіндіні шығару күнделікті жүргізілуі керек.
Сондай-ақ, радиальды тұндырғыштар да қолданылады, олар диаметрі үлкен шеңберлі резервуар, онда судың ағуы резервуардың ортасынан перифериясына қарай жүреді. Радиальды тұндырғыштарды ірі станцияларда қолданады.
Тұндырғыштарда ұсталған шөгінділер санитарлық тұрғыдан қауіпті келеді. Олардың жаман иісі бар, ұзақ уақыт кебеді, құрамында көп микрофлорасы бар, оның ішінде патогенді микробтар және гельминттердің жұмыртқалары болады. Қазіргі тазалау станцияларында осындай шөгінділерді арнайы қондырғыларда - метантенктерде зиянсыздандырады.
Іркінді суларды тазалау практикасында қалқамалы заттарды шөктіруі және шөккен шөгіндіні өңдеуі біріктірілген тұндырғыштар қолданылады. Осындай қондырғыларға ауылдық канализацияда немесе жеке орналасқан обьектіні канализациялауда қолданылатын, септик және екі ярусты тұндырғыштар жатады.
Септик - ол су баяу ағатын (1-4 тәулік ішінде) резервуар болып келеді. Түбіне шөккен қалқымалы заттар онда 6-12 ай болады да, осы уақыт ішінде шөгінді ыдырайды. Шөгіндідегі органикалық заттар бактериялардың әсерінен тек май қышқылдарының түзілуіне дейін ғана ыдырайды. Шөгіндінің ыдырау процессі анаэробты жағдайда өтеді. Сондықтан септикті қолдануды санитарлық тұрғыдан тілекке сай деп қарамай, оларды тек жеке орналасқан ғимараттарды канализациялау үшін ғана қолдану керек. Өнімділігі 25 м3тәулікке дейін. Тиімділігі 70-80%.
Артықшылығы: 1) қалқымалы заттарды көп процентте ұстауы; 2) мұнда қалқамалы заттарды шөктіруі және шөккен шөгіндіні өңдеуі біріктірілген.
Кемшіліктері: 1) органикалық заттардың ыдырауы тек май қышқылдарының пайда болуына дейін ғана жүріп, соңынан олар метанға және көмірқышқылына дейін ыдырамайды; 2) ыдырауда түзілген газдар (метан, күкіртті сутегі) жоғары қарай көтеріліп, өзімен бірге шөгінділердің бөлшектерін жоғары көтеріді де, септиктің бетінде қалыңдығы 1м дейін жететін қалың қабықты құрайды, ал оны тазалау қолмен жүргізіледі. Септиктен шығатын іркінді сулар шіруші газдармен өте қаныққан, ОБҚ күрт жоғарылайды, күкіртті сутек иісі болады; 3) гельминттердің тіршілігі сақталады.
Екі ярусты тұндырғыштар - олар түбі конусты келетін цилиндрлі немесе тікбұрышты қондырғы болып келеді. Қондырғының жоғарғы бөлігінде (жоғарғы ярусы) шөктіруші науа орналасқан, ал төменгі бөлігі шөгіндінің өңделуі жүретін камера болып келеді (төменгі ярусы). Іркінді су шөктіруші бөлігінің науалары арқылы өтіп, ал қалқымалы заттар шөктіруші науаның барлық ұзындығы бойында жасалған саңылаулар арқылы төмен құлап, шөгінді өңделетін камераға түседі. Шөктіруші науаның төменгі шеттері бір-бірін қалқалап, шөгіндінің ыдырауында бөлінетін газдардың көпіршіктері науа арқылы өтетін іркінді суға түспейді.Екі ярусты тұндырғыштан (септиктен ерекшелігі) шығушы іркінді суда анаэробты ыдырау газдары болмайды. Шөгіндідегі органикалық заттар бактериялардың әсерлерінен алдымен май қышқылдарына дейін ыдырайды (қышқылды фазасы), содан кейін судың рН өзгеріп, микроорганизмдердің әсерлерінен май қышқылдары түпкі өнімдеріне - метанға, көмірқышқылдарына және бір бөлігі күкіртті сутегіне дейін ыдырайды (сілтілі фазасы). Метан және көмірқышқылы атмосфераға шығып, ал күкіртті сутегі суда болатын темірмен байланысып, күкіртті темір түзіледі, осыдан шөгінді қара түске айналады. Шөгіндінің ыдырауы 1-6 айға дейін жүреді. Екі ярусты тұндырғыштан шығатын шөгінді арнайы алаңдарда кептірілуі керек.
Артықшылығы: шөгіндінің жаман иісі жоқ, суды жеңіл береді, микробтардан және гельминттерден жоғары процентте тазалануы.
Шөгінді алаңдары - шөгіндіні кептіруге арналған, оларды құмды, құмайтты және аз саздақты топырақтарда, грунт суларының ең кемінде 1,25 м жату тереңдігінде дренажсыз орнатады. Ал сазды топырақтарда әрқайсысы 0,2м екі қабаттан тұратын (құм, гравий) жасанды алаңдарды жасайды. Топырақ қабаты немесе жасанды қабаттары арқылы сүзілген су зиянсыздандыру үшін тазалау қондырғыларына жіберілуі керек.
Шөгіндіні зиянсыздандыру.
Горизонтальды, вертикальды және радиальды тұндырғыштарда ұсталған шөгіндіні зиянсыздандыру үшін арнайы қондырғыны - метантенкті қолданады.
Метантенк түбі конусты цилиндрлі немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz