Қанайналым шеңберлері



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қанайналым шеңберлері
2. Қан тамыр жүйесі
3. Гемодинамика, негізгі заңдылықтары
4. Реография
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе
Қан - ашық қызыл түсті сұйықтық. Организмде 5 л қан болады. Қан плазмадан(55%)және қан жасушаларынан(45%)(эритроцит, лейкоцит, тромбоцит) тұрады.
Қанның қызметі:
Асқорыту - қан ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
Бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
Тыныс алу - өкпе мен мүшелердегігаз алмасу процесін қамтамасыз етеді;
Регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды,организмде гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді;
Қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар бар жасушалар болады және арнайы белоктар- антиденелер болады, олар улы организмдердің көбеюіне кедергі жасайды.
Терморегуляторлық - қан организмнің тұрақты дене қызуын сақтайды.
тромбоцит эритроцит лейкоцит
Қанайналым -- бұл қанның дене бойымен айналымы . Қан жүрек жиырылуы арқылы қозғалысқа келіп, қантамырлар арқылы айналым жасайды. Қан ағза ұлпаларын оттегімен,қоректік заттармен, гормондармен қамтамасыз етіп, зат алмасудың соңғы өнімінің ағзадан шығуына көмектеседі. Қанның оттегіге толуы өкпеде, ал қоректік заттарға толуы асқорыту жүйесінде болады. Бауыр мен бүйрек арқылы соңғы өнім сыртқа шығарылады. Қанайналым гормондар және орталық жүйке жүйесі арқылы реттеліп отырады. Қанайналымды кіші ( өкпе арқылы) және үлкен (ағза және ұлпа арқылы)
Қанайналым - адам және жануарлар өміріндегі маңызды фактор болып табылады. Қан тек қозғалыста ғана өзіне тән қызметтерді атқара алады.
Қанайналым жүйесі жүректен және қантамырлардан тұрады. Қантамырлар арқылы қан ағза мен ұлпалар арқылы қозғалып, жүрекке құяды. Қан қозғалатын ең ірі қантамырлар артерия деп аталады. Артериялар ұсақ артерияларға, артериолаларға және капиллярларға бөлінеді. Вена қантамыры арқылы қан жүрекке құяды. Жүрек төрт камералы сондықтан екі қанайналым шеңберінен тұрады.
Ежелгі кезден - ақ зерттеушілер ағзадағы барлық мүшелердің бір- бірімен байланысты екенін білген. Осыдан 2500 жылдай бұрын өмір сүрген медицина атасы- Гиппократ, гректің әйгілі ойшылы - Аристотель де қанайналым жүйесіне қызығушылық танытып, оны зерттеген. Алайда олардың зерттеулері қате болып шықты. Олар вена және артерия қантамырларын бір - бірімен байланыспаған екі жүйе деп есептеді. Қан тек вена арқылы жүреді деп есептеді, ал артерияда ауа болады деді.
Бұл болжамды Рим зерттеушісі, әрі дәрігер Клавдий Гален жоққа шығарды. Ол қанның вена арқылы да, артерия арқылы да жүретінін дәлелдеді. 1628 жылы ағылшын физиологы Ульям Гарвей өзінің жануарлар қанының қозғалысын анатомиялық зерттеу еңбегінде алғаш рет қанның артериялық қантамырлар арқылы қарыншалар арқылы қозғалып веналық кантамыр арқылы жүрекшеге келіп құятынын айтқан. Алғаш қанайналым схемасын сызып , екі қанайналым шеңберін қосқан. Бірақ қанның артериядан венаға қалай ауысатыны әлі де белгісіз күйде қалды. 50 жылдан кейін Марчелло Мальпиги артерия мен вена қантамырын қосып тұратын капиллярларды ашты.
Ең алғаш қанайналымның сандық сипаттамасын Стивен Хейз ашты. Ол артерия мен венадағы қан кысымын, жүрек камераларының көлемін, қанның ағу жылдамдығын өлшеді.
XVII - XIX ғасырларда көптеген гидромеханиктер қаның ағысына қызығушылық білдіріп.оны зерттеуге өз үлестерін қосты. Олардың арасында Эйлер, Пуазейль, Бернулли, Даниил болды.
Қан қозғалысы.
Биологиялық ұлпалардың механикалық қасиеттері:
-- серпімділік -- дененің жүктемелерден кейін өз өлшеміне қайта келу қабілеті;
-- қаттылық - ұлпаның сыртқы жүктемеге қарсы жұмыс істеу қабілеті;
-- иілгіштік - ұлпаның сыртқы күштерге қарсы өлшемін өзгерте алу қабілеті;
-- беріктік - денелердің сыртқы күштердің әсерінен бұзылуларға қарсы тұру қабілеті;
-- созылмалылығы - денелердің күш әсер етіп болған соң өлшемдерінің өзгерісін сақтау қабілеті:
-- сынғыштық - материалдың білінетін деформация қалдығынсыз бүліну қабілеті;
-- тұтқырлық - дененің тангенстік кернеулер жұмыс жасағанда формасының өгеруіне қарсы тұру қабілеті;
-- аққыштық - ортаның бір қабаттан екінші қабатқа белгілі бір жылдамдықпен ауыса алу қабілеті
Негізгі бөлім.
Қанайналым шеңберлері.
Кіші қанайналым шеңбері : Үлкен қанайналым шеңбері

Кіші қанайналым шеңбері
Үлкен қанайналым шеңбері
Айыр машы
лығы
Оң жақ қарыншадан өкпе артериясы шығып өкпеде газ, зат алмасып , сол жақ жүрекшеге өкпе венасы арқылы келіп құяды. Өкпе артериясында вена, өкпе венасында артерия қаны болады.
Сол жақ қарыншадан қолқа тамырынан артерия арқылы бүкіл денеде газ, зат алмасу өнімдері жүріп оң жақ жүрекшеге қуысты вена арқылы келіп құяды. Артерияда артерия қаны, венада вена қаны болады. Тасымалдау қызметін атқарады.
Ұқсас
тығы
Тұйық қанайналым шеңберін түзеді, газ, зат алмасу өнімдері болады. Артерия, артериола, капилляр, венула, вена қан тамырлары тән. Жүректен шығып жүрекке келеді.
Қанайналым кіші және үлкен қанайналым шеңбері деп аталатын 2 шеңбер бойымен қозғалады.
Кіші қанайналымда қан өкпе бойымен айналым жасайды. Бұл қанайналым оң жақ жүрекшенің жиырылуынан басталып, одан кейін қан жүректің оң жақ қарыншасына барады. Оң жақ қарынша қанды өкпеге қарай итереді. Осы жердегі қан айналымы жүрекше - қарыншалық жарғақ арқылы және 2 қақпақ арқылы: үш қақпақты (оң жүрекше мен оң қарынша арасында) жүрекшеге қанының сақтап қалатын қайтарулары, және өкпе күре тамырдың өкпе дiңгектен оң асқазанға қанның қайтару сақтап қалатын клапанымен. Өкпелік өзек өкпелік капиллярларға дейін бұтақтанады, сол жерде қан оттегімен қанығады. Осыдан соң қан өкпелік вена арқылы оң жақ жүрекшеге қайтып барады.
Үлкен қан айналым шеңбері мүшелер мен жасушаларды оттегімен байытады. Сол жақ қарынша оң жағындағымен бірге қанды сол жақ қарыншаға қарай итереді. Сол жақ қарыншадан қан аортаға барады. Аорта артерияларға, әт түрлі мүшелерге барып мүшелер мен жасушалардағы капиллярлық торлардан тоқтайтын артериолдарға бөлінеді.
Осы жердегі қан айналымы жүрекше - қарыншалық жарғақ және аорталық қақпақ арқылы реттеледі.
Үлкен қанайналымында қан сол қарыншадан оң жақ жүрекшеге дейін, одан кейін кіші қанайналым шеңбері арқылы оң жақ қарыншадан сол жақ жүрекшеге дейін қозғалады.
Қанның қантамырлар арқылы қозғалысы артериялық және веналық жүйедегі қысымның әртүрлілігімен іске асады. Қанды венадан артерияға қарай айдайтын жүректің ритмикалық жұмысына байланысты қысым теңеледі. Венадағы қысым 0- ге жақын болғандықтан практикада оны артериялық қысымға тең деп алады.
Қанайналым шеңберлері
Қан тамыр жүйесі.
Орталық мүше-жүректен және онымен байланысқан көлемі әр түрлі,қан тамырлары (лат.vas,грекше angeion-тамыр;осыдан ангиология) деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан айналым шеңбері
Қан тамыр жүйесі
Қан айналуының үлкен шеңберінің артериялары
Жануарларда жүрек құрылымының морфологиялық түрлері
«Перифериялық қанайналымның физиологиясы. Микроциркуляция»
Қан алу және оның физикалық қасиеттерін анықтау жүйесі
Қанның құрамымен ерекшеліктері
Жатырдағы төлдің қан айналым ерекшеліктері
«Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы» курсы бойынша лекция тезистері
Анатомия пәні және зерттеу әдістері. Остеология
Пәндер