Қанның тамыріші шашыраңқы ұю синдромы (ТШҰ синдромы)


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қанның тамыріші шашыраңқы ұю синдромы (ТШҰ синдромы) .

Қанның тамыріші шашыраңқы ұю синдромы (ТШҰ синдромы) .
Қанның тамыріші шашыраңқы ұю синдромы-қанның тамыр арнасында шашыраңқы ұюынан ұсақ тамырлардың микротромбтармен бітелуіне, кейін гипокоагуляция мен тромбоцитопенияға әкеліп соқтыратын гемостаздың бейспецификалық патологиясы.
ТШҰ синдромы жүре пайда болған коагулопатиялардың ең жиі себебі. Бұл синдром көптеген аурулардың барысын асқындырады.
Этиологиясы. ТШҰ синдромының ең жиі себептері:
• Бактериялық инфекция (әсіресе грамм теріс), сепсистің барлық түрлері; менингококтық сепсисте ТШҰ синдромы науқастардың 100% дамиды, ал грамм оң инфекцияда стафилококктық сепсисте жиі кездеседі;
• Вирустық жайылма инфекция (герпес, қызамық, шешек, вирусты гепатит, геморрагиялық қызба, цитомегаловирустық инфекция, т. б. ) ;
• Шоктың барлық түрлері (анафилаксиялық, жарақаттық, күйіктік, сепсистік) ;
• Рикетсиоздар, микоздар (гистоплазмоз, аспергиллез), протозойлық инфекциялар (трипоносомиаз, безгек) ;
• Ауыр жарақаттар (краш синдромы, күйік, электротравма, көлемді операциялар, т. б. ) ;
• Акушерлік патология (ұрықтың жатырішілік өлімі, жатырдан қан кету, ауыр гестоз, т. б. ) ;
• Жедел тамырішілік гемолиз (үйлесімсіз қан құйылуы, гемолиздік анемияның кризі, гемолиздік улармен улану, т. б. ) ;
• Бүйректің жедел және созылмалы шамасыздығы;
• Дәнекер тіннің жүйелі аурулары, жүйелі васкулиттер (жүйелі қызыл жегі, ревматоидтық артрит, түйінді периартрит, геморрагиялық васкулит, т. б. ) ;
• Қатерлі ісіктер (асқазанның, қуықасты безінің, ұйқыбезінің, өкпенің, сүт безі рагы, саркомалар, лейкоздар, т. б. ) ;
Патогенезі. Этиологиялық ықпалдардың әсерінен зақымданған тіндерден қанға тіндік тромбопластин көптеп түседі (қан ұюдың III факторы) . Осыдан қанның ұюы белсенділенеді, тромбин түзіледі, микроциркуляциялық арнада фибриннің шөгуінен микротромбтар түзіледі. Қанның шашыраңқы тамыр ішінде ұюынан бір жағынан ұю факторлары мен тромбоциттер көп мөлшерде таусыла жұмсалады, екінші жағынан негізгі антикоагулянттар активацияланып іске қосылады (антитромбин III, C және S протеиндер) . Осыдан гемостаз гипокоагуляция күйіне түсіп, фибринэмболизммен мен бірге геморрагиялық синдром пайда болады. Көптеген ағзаларда микроциркуляциялық бұзылыстар дамиды.
Сонымен қатар ТШҰ синдромының дамуына моноциттер мен тіндік макрофактардан қан ұюына түрткі болатын заттардың бөлінуі (сепсисте, инфекцияларда ) және эндотелийдің зақымдануынан оның антитрамбоздық қасиетінің төмендеуі септігін тигізеді.
ТШҰ синдромы сатылы дамиды, дамуында екі фазаны айырады: I фаза- гиперкоагуляциялық, II фаза - гипокоагуляциялық.
I - гиперкоагуляциялық фазада қан ұюдың ішкі және сыртқы механизмдерінің активациясынан тромбин түзіледі (тромбинемия), осыған байланысты фибринмонометрлер, фибриноген және фибриндік тромбтар пайда болады, қан жасушалары тамыр ішінде агрегацияланады. Қан ұю жүйесінің белсендірілуімен қатар өзге протеолиздік жүйелер, калликреин- кинин жүйесі белсенділенеді («протеолиздік жарылыс » дамиды) . Ұсақ тамырлардың бітелуінен барлық ағзалардың микроциркуляциясы блокталады. Бұл фаза тез дамыған жағдайда, қанның тамыр ішінде ұюынан, 30-40 минуттың ішінде гемокоагуляциялық шокқа әкелуі мүмкін, бірақ көбіне оның барысы жеделдеу немесе созылмалы, кейде бүркемелі болады.
II - гипокоагуляциялық және қан кету фазасы. I фазада қанның ұюына тромбоциттер, прокоагулянттар (фибриноген, V, VII, XI, XII, XIII факторлар) көп мөлшерде таусыла жұмсалуынан бұлардың тапшылығы пайда болады. Сонымен қатар фибринолиз күшейеді, фибриннің ыдырауынан антикоагулянттық қасиеті бар заттар бөлінеді. Бұлар фибрин мономермен байланысып, фибриногенді тежейді, сондықтан қанағыштық пайда болады, кейде қан мүлдем ұйымайды.
Клиникалық көрінісі. ТШҰ синдромының клиникалық көрінісі осы синдромды туғызған негізгі аурудың көрінісіне тәуелді. ТШҰ синдромы жіті дамығанда гиперкоагуляциялық фазада, негізгі аурудың фонында, науқастың жағдайы күрт нашарлайды, гемокоагуляциялық немесе аралас шокқа немесе коллапсқа түседі, артериялық және орталық веналық қысымдар төмендейді. Өкпе капилярының бітелуінен цианоз бен ентікпе пайда болады, ал аса ауыр жағдайларда өкпетекті жүректің дамуы өлімге әкеледі. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуынан өтпелі құрысулар, ұсақ ошақты энцефалопатияның белгілері болады, кейде науқастар комаға түседі.
Барысына қарай ТШҰ синдромының жіті, жеделдеу, созылмалы түрлерін айырады. Жедел түрі бір тәуліктің көлемінде дамиды. Жеделдеу түрінде гемокоагуляциялық бұзылыстардың дамуы бірнеше тәулікке, аптаға созылады. Созылмалы ТШҰ синдром айлап, жылдап дамиды, мәселен гестозда, созылмалы гломерулонефриттерде.
Диагностикасы. ТШҰ синдром дамуы негізгі аурудың клиникасының өзгеруінен байқалады. ТШҰ синдромы жаңа басталған кезінде тромбоциттердің саны қалыпты немесе сәл төмен, бірақ олардың адгезиялық және агрегациялық қасиеттері жоғарылайды. Фибриннің деңгейі биіктейді, активтендірілген жартылай тромбопластиндік уақыт қысқарады, фибринолиздің активтігі төмендейді.
Тромбтардың түзілуі кезінде және жұмсалу коагулопатиясы дамыған

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акушерлік қан кету
Жалпы пневмония белгілері
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі
Қан түзуші жүйе. ДӘРІСТЕР ЖИНАҒЫ
Геморрагиялық синдромы кездесетін ауруларда және тромбоэмболиялық асқынулар
Балалардың бас ми инсульті кезіндегі гемостаздың бұзылысы және оның үстемелі емі туралы ақпарат
Организмде темірдің алмасуы
Қан жасушаларының қызметі. Балалардағы лейкоцитарлық қиылысулар
Бейспецификалық аортоартериит
Ішкі аурулар пәнінен дәрістер жиынтығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz