Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
2. Қарым-қатынастың түрлерi және стратегиясы
3. Коммуникация және оның функциялары мен түрлерi
4. Қарым - қатынас барысында тілдесу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазіргі кезеңде психологияның алдыңғы міндеттері қоғам дамуының бағдарламаларымен сәйкес болуға тиіс. Еңбек іс-әрекетінің нәтижелігі, білім беру, өнімінің дамуы, денсаулық сақтау және қарым-қатынас жүйесін жақсарту сияқтылардың барлығы адамға қатысты мәселелерді ғылыми зерттеуді талап етеді, Тұлғаның даралық ерекшелігі бағдарламаның білім беру жүйесіндегі бір бағыты.
Өмір сүру барысында дамитын тұлғаның ерекшеліктерін меңгеретін білімнің көлемі мен сипаты, қызығушылығы, кез келген ортада қарым-қатынасқа түсе білуі, зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы, адамгершілік қасиеттері» осылардың барлығы адамның белгілі бір жағдайға еркін жауап қайтаруына белсенді және мақсатты түрде әсер етеді.
Студент тұлғасының қарым-қатынас үрдісіндегі зейін қасиеттерінің жоғарғы деңгейде болуы студенттердің оқуда, еңбекте, қоғамдық өмірде белсенділігін дамыту жолдарын ашуға мүмкіндік береді.
А. А. Леонтьев «Қарым-қатынас» ұғымын әмбебап коммуникативті іс-әрекетке теңейді. В. А. Кан-Калик қарым-қатынасты адамгершілік құндылықтармен байланыстырады. Әйгілі ғалым И. Н. Ланге зейінді объективтілік актісімен байланыстырды, Т. А. Рибо өзінің ерікті зейін мен қиялдың қозғалыс теориясында зейіннің түрлерін зерттейді.
Өз көріністерінде қарым-қатынас айналадағылармен байланысқа түсудің рухани қажеттілігі ретінде болады.
Қарым-қатынас - екі немесе оданда көп адамдардың қатынастарын жасап, реттеуі мен ортақ нәтиже алуды мақсат етіп, келісім мен бірлестікке бағытталған өзара әрекеттерін айтамыз.
Сондай-ақ қарым-қатынас болашақ маман тұлғасын қалыптастырудың бір факторы екені де белгілі, Ол студенттердің топтық іс-әрекетінің реттеушісі және адамгершілік, эстетикалық құндылықтарды, мінез-құлықтың топтық нормаларын қалыптастыру құралы болып табылады.
Сондықтанда сырт жерлерден келіп, жаңа әлеуметтік ортаға бейімделудегі студенттердің оқыту-тәрбиелеу процесін тиімді ұйымдастыру үшін, олардың қарым-қатынастағы зейін қасиеттерінің деңгейлерін анықтау өзекті мәселелердің бірі.
Қарым-қатынас - адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.
Қарым-қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады.
Қарым-қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т. б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:
1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты) ;
2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру) ;
3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты) .
Адамдар арасындағы Қарым-қатынастың басты мақсаты - өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамға сыйластықпен қарау жақсы Қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.
Қарым-қатынас туралы жалпы ұғым
Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Қарым-қатынас психологиясы мынандай құбылыстарды зерттейдi; адамдардың бiр-бiрiн қабылдауы және түсiнуi, елiктеу, сендiру және нандыру, ұйымшылдық немесе жанжалдық, бiрiккен iс-әрекет және тұлғааралық қатынастар. Осы психологиялық құбылыстың әр түрлiлiгiнде, олардың пайда болуының негiзгi қайнар көзi болып адамдар арасындағы қарым-қатынас аймағы болып табылады.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта - бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек - бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Қарым-қатынас тарихи алғашқы форма болып табылады оның негiзiнде өркениет дамуының кейiнгi кезеңдерiнде қарым-қатынастың басқа түрлерi пайда болды. Мысалы; жазбаша қарм-қатынас жазбашалықтың құралуынан кейiн ғана пайда бола бастады. Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.
Қарым-қатынас стратегиясы
Қарым-қатынас стратегиясы үшке бөлiнедi.
1-шi ашық-жабық қарым-қатынас. Ашық қарым-қатынаста әр адам өзiнiң көзқарасын жеткiзе бiлуi және басқалардың позициясын тыңдауға әрдайым дайындық. Ал жабық қарым-қатынас ақпаратқа деген өзiнiң көзқарасын қатынасын жеткiзе алмауы, қарым-қатынасқа түсуге талпынбауы.
2-шi Монологты стратегия.
3-шi Рольдiк тұлғаарлық стратегия (мұғалiм-оқушы, үлкен-кiшi) .
Қарым-қатынастың түрлерi:
1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық) . Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас - мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы - мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.
6. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынас.
Коммуникациялық жүйе - бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1. Информативтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2. Интерактивтi - адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3. Перциптивтi - қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4. Экспрессивтi - эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Хабар беру мына бағыттармен жүзеге асады:
-жоғарыдан төменге - жұмысшыларға бұйрық беру.
-төменнен жоғарыға - басшылармен пiкiр алмасу және т. б.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы
Коммуникация процесi 5 кезеңнен тұрады.
1. ақпарат алмасудың басталуы, мұнда хабар жiберушiнiң қандай реакция алатынын ашық бiлу керек.
2. Ойдың символға мәлiметкен айналуы
Қарым - қатынас барысында тілдесу.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен «тілдесуі» қажеттілігін қанағаттандырмау - біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімді болуына, кішкентайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп басқалармен қарым-қатынасқа түсу - қай жастағыларға болмасын, оған киім-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау - жазаның ең ауыр түрі екендігіне шүбә келтіруге болмайды. өзгелермен қарым-қатынас жасау - бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз.
Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс жағдайларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның шеңбері аса кең және бұл көп қырлы ұғым. Спектакль көрсек те, лекция тыңдасақ та, дос-жараңдармен сөйлессек те - осының бәрі - қарым-қатынастың сан алуан қырлары. өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не болмаса жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі.
Осындай қарым-қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адам және топтық ұйымдардың тіршілігінен байқалады.
Қарым-қатынас дегеніміз - тіл арқылы пікір алысу. Лингвистер тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы ретінде ертеден зерттеп келеді. Кибернетика мен информатика теориясы жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен белгілеу міндеті туады. Осылайша машина тілі деген пайда болды. Оның көмегімен адам электрондық-есептеу машинасының қызметін басқарады, оны информациямен қамтамасыз етеді. Жануарлар арасындағы сигнал алмасу да тереңірек зертеліне бастады. Түрлі жансыз және жанды жүйелер арасында информация араласу жайлы да едәуір білімжинақталды. адамның қарым-қатынасы информация алмасудың жеке-дара жағдайына айналды. Осы ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де коммуникацияның жеке-дара жағдайы деп қарауға болады.
Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық, әлеуметтік және психологиялық негізі, ең алдымен, адамның күнделікті тіршілік қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz