Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні


Қуан Нұрбек Дағысұлы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Байғанин орта мектебінің
дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
Қимыл-қозғалыс дағдысын қалыптастырудағы дене тәрбиесі жаттығуларының мәні
Мектептегі дене тәрбиесімен айналысуыдың негізгі түрі дене тәрбиесі сабақтары екендігі белгілі. Осы сабақтар арқылы, сыныптан және мектептен шаралары арқылы жас ұрпақтың дене тәрбиесінің негізгі қаланады. Жоғарыдағы шараларды іске асыру нәтижесінде оқушының дене мәдениетін құрайтын білімдер мен дағдылар қалыптасады. Осы білімдер мен дағдылардын негізін өмірлік маңызы бар икемділік, күш, жылдамдық, төзімділік сияқты қасиет-қабілеттердің дамуына жәрдемдесетін қимыл қозғалыстар құрайды. Қимыл-қозғалыстарды менгеру барысында қажетті теориялық мәліметтер алуға және нақты жаттығуларды үйренуге болады.
Теориялық мәліметтер әрбір сабақтың барысында беріледі. Адамның үйлесімді өсіп-жетілуі үшін дене тәрбиесінің үлкен маңызы бар. Ал дене жаттығулары арқылы адамның дене құрылысы жақсарып, ақыл-ойын, жұмыс қабілетін арттыруға болады.
Аса маңызды теориялық түсініктердің (мәліметтердің) бірі -қимыл-қозғалыстың (дене жаттығуларының) орындалу әдістері мен ретін және жарыс ережелерін білу. Ол жаттығуларды дұрыс орындауға көмектеседі.
Теориялық білімді толықтырудың тағы бір жолы мұғалімнің түсіндіру әңгімелерімен шектеліп қалмай, диапозитивтер (дене жаттығуларының орындалу техникасын көрсететін шағын суреттер) , шағын кинофильмдер көру, арнайы іріктеліп алынған (аты аңызға айналған спортшылар мен қызықты жарыстар туралы) әдебиеттерді оқу.
Дене жаттығуларын үйрену мынадай ретпен іске асырылғаны жөн:
- қимыл-қозғалыс түрімен танысып, ол жөнінде түсінік алу (мұғалімінің түсіндіру, қимылды көрсетуі, техникалық құралдарды пайдалану, өзгеге еліктеу, дұрыс әрі әдемі орындауға тырысу) ;
- қимыл-қозғалыстың жеке бөліктерін үйрену және оларды байланыстыра отырып орындау (бұл ұқыптылық пен төзімділікті қажет етеді) ;
- қимылды орындау әдісін тұрақтандыру, яғни дағдыға айналдыру және жетілдіру.
Дене жаттығуларымен айналысу, қарапайым ғана қимыл- қозғалыстарды орындау елеусіз нәрсе сияқты болып көрінгенімен, ол ақыл-ойдың дамыуына тікелей ісер етеді.
Сабақта және одан тыс кездері дене тәрбиесіне қызығушылық таныту, дене жаттығуларымен үздіксіз айналысу біртіндеп саналы қажеттілікке, тұрақты дағдыға айналатын болады.
Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиеге де әсерін тигізеді. Мысалы, дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысатын балалардың денесі дұрыс, түзу, мүсіні сымбатты болып өседі.
Денсаулықты нығайтуда, оқушылар организмінің жетілу, даму дәрежесін өсіруде жалпы дамыту жаттығуларының алатын орны ерекше. Жалпы дамыту жаттығулары әдетте дене тәрбиесі сабағының кіріспе бөлімінде, аз мөлшерде болса да, дене шынықтыру үзілістерінде, сабақ арасындағы үзілістер мен таңертеңгі гимнастикада т. б. реттерде қолданылады.
Дене жаттығуларының негізгі мақсаты - дененің дамып-жетілуіне көмектесу, денсаулықты нығайту. Бұл маңызды міндеттерді жүзеге асыру төмендегі жағдайлардың орындалуын қажет етеді.
- Оқушылардың сабақтағы қимыл-қозғалыс қызметі организмнің өсуі мен дамуына көмегін тигізетіндей болуы қажет. Алайда, организмге шамадан тыс күш түсірілмеуі керек. Себебі үдемелі және ұзаққа созылатын, шамадан тыс күш жұмсауды қажет ететін жұмыс баланың дамуы мен өсуін тежейді.
- Сабақта және жаттығулар орындау кезінде қолданылатын дене жаттығулары адам организміне жан-жақты әсер етуі керек, яғни тірек аппаратының дамуына, мүсіннің қалыптасуына, нерв жүйесін нығайтуға, өсіп келе жатқан организмнің тиісті қажеттіліктеріне сәйкес зат алмасуының жақсаруына көмектесу қажет.
- Жалпы дамыту жаттығуларын іріктегенде жас ерекшеліктеріне қарай дұрыс өсіп-жетілулеріне сәйкес келетін және жағымды әсер ететін болуын ескерген жөн.
Қорыта келгенде, дене тәрбиесі ақыл-ой, адамгершілік және эстетикалық тәрбиелермен тікелей ұштасып жатады. Халықтағы «бала ойымен өседі» деген сөздің шығу себебіде осыған байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz