ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ДӘРІГЕР ЖӘНЕ ҚИЫН НАУҚАС. ПСИХИКАЛЫҚ БҰЗЫЛЫСТАРЫ БАР НАУҚАСТАРМЕН ҚАТЫНАСУ 6. 1 «Қиын» науқастар. Дәрігерге әрбір науқас өз бетінше қиын болады. Науқастар мамандығымен, материальді және әлеуметтік статусымен, отбасылық жағдайымен, өмірлік тәжірибесімен, психологиялық қиындылықтарымен және уайымдарымен, жеткіліксіздіктерімен, жасырын мәселелерімен ерекшеленеді. Әр қайсысы өз бетінше ауруға, ауырсынуға, дәрі қабылдауға, дәрігерге баруына жауап береді. Жоғарғы әлеуметтік статусты науқастар өз қалпын сақтап қалу немесе әлсіз көрінбеу мақсатында дәрігерге ақырғы соңына дейін күдігін, уайымын және қорқынышын хабарламайды. Интеллектуальді потенциальді жоғарғы білімді адамдар дәрігермен қатынасында өз маңыздылығын сипаттап, дәрігердің ауру жайындағы ой-пікіріне кедергі жасайды. «Қиын» науқастарға өзінің ішкі психологиялық әлеміне жабылып қалған, интровертирленген, байланысқа қиын түсетін толық ақпаратты жауап бермейтін науқастар жатады. Зейіннің және есте сақтаудың төмендеуімен зардап шегетін қария науқастардың психикалық бұзлыстары немесе физикалық жағдайына сәйкес емес неадекватты жағдайлар (мысалы, ауыр соматикалық аурулары бар эйфория жағдайындағы науқастар), - емдеу-диагностикалық үрдістің кейбір этаптарына өзінің кедергілерін тигізеді. Уақытты және сабырлықты талап ететін күрделі науқастарға суицидальді мінез-құлыққа бейім депрессивті және үрейлі-күдікшіл мінезді науқастар жатады. Үрейлі-күдікшіл науқастар. Бұл науқастар болашақта кездесетін қиыншылықтар мен мәселелер жайында ойлаумен болады. Олар аурудың асқынуын және қайталануын немесе дәрілердің кері әсерін уайымдайды. Өзінің күмәндәрінә жауап талап етумен дәрігерді қудалайды. Дәрігер тағайындаған дәріні қабылдамас бұрын ол Дәрінің көрсеткіштерін, жағымсыз әсерін және әсер ету механизмін оқып талқылайды. Бірақ, қанша рет мед. персоналдан дәрі қабылдау жөнінде кеңестер алса да (дәрілік заттар, қабылдау ұзақтығы және мөлшері), науқас өзінің күмәнін сақтайды. Қабылдаған дәріден тез арада тиімді эффект болмаса науқастар дәрігерге өздерінің қорқыныштарымен, күдігімен келеді. Мұндай науқастарды мед. қызметкерлері аты-жөнімен біледі, оларға дәріні бір уақытта беруге тырысады, себебі қажетсіз науқасқа түсініктеме беруден қашқақтайды. Жазылып шыққаннан кейін де дәрігерге келуін тоқтатпай, өзіне зейінді талап етеді. Осындай мінез сипатына байланысты мұндай науқастар кез-келген аурудың болжамын нашарлатады. Депрессивті науқастар. Психологияда депрессия өмірге деген қызығушылықтың жоғалуымен сипатталады. Болашақ өмірінің мақсатын және тапсырмасын жоғалтса, қазіргі өмірі мағынасынан айырылады. «Депрессивті блокада» суицид жайындағы ойларға әкеледі. Депрессивті науқасты ауруханадан шығарар кезінде психиатр маманы науқасқа: «Сіз болашаққа қандай жоспар құрасыз?» деген сұрақ қояды, егер науқас сұраққа жауап бермесе онда депрессивті жағдайдың әлі де болса сақталғаны жөнінде көрсетеді. Жазылмайтын ауыр соматикалық ауру бар науқастарда депрессивті уайымдар болады, мұндай болашаққа үмітін үзген науқастар суицидке бейім тұрады. Оларға миокард инфарктісін басынан кешірген немесе онкологиялық науқастарды жатқызуға болады. Бір мақсатқа негізделген, көп жылдар бойы жасалған жұмыстың ақырғы жетістігінде науқаста абыржу және бостық пайда болып, қоршаған ортаға деген немқұрайдылық дамиды. Мұндай көңіл қалумен бірге сырқат та келуі мүмкін. Депрессивті жағдай кезіндегі суицидтік бағыт басқа жағдайларда да дамуы мүмкін, мысалы, аурудың алдына қойған мақсатына жетуге кедергі келтірген жағдайда. Шведтік авторлар «пресуицидальді синдромды» сипаттайды, яғни мінездің, көңіл-күйдің кейбір белгілері суицидальді жағдайларды болжай алады. Пресуицидальді синдром. Науқастың депрессивті жағдайының алғашқы белгілері болып, - белсенділігінің төмендеуі, басқа науқастармен және қызметкерлермен қатынасу қызығушылығының жоқтығы табылады. Науқастар теледидар көруден бас тартып, газеттер оқымайды. Мед. персоналдарға пассивті бағынып, сұрақтарға қысқа түрде жауап қайтарады. Депрессивті науқастар төсегеніде «эмбрион қалпын» қабылдап, қабырғаға бетін бұрып сағаттар бойы жата береді. Науқастар асханаға бармай, тамақ қабылдаудан бас тартады, ұйқылары бұзылып, үрейге ұшырайды. Диспепсиялық бұзылыстар, іш қатулар, йелдерде етеккірінің бұзылыстары байқалады. Айқын депрессивті жағдайға «Протопопов триадасы» белгілері жатады: тахикардия, іш қату, көз қарашығының кеңеюі. Осы сәтте науқаста суицидальді ойлар және әрекеттер дами бастайды. Ойындағысын іске асыру мақсатында науқастар белсенді түрге ауысып, дәрігерлерден және мед. персоналдардан дәрінің әсері жайында немесе улану қаупі жайында сұрастыра бастайды. Медицина персоналын бақылай жүріп, депрессивті науқастар өздеріне бақылаудың әлсіреген уақытын таңдап, кедергісіз суицидке барады. Әшкерелі-қоқан - лоқы суицид уақытын және орнын көмек көрсете алатындай етіп таңдайды. Науқас ретіндегі дәрігер. Медициналық білім, ауруға деген дұрыс емес қатынастан және дұрыс емес дәрі қабылдау әдістерінен қорғануға әкеледі. Бірақ мұндай біліктілік, аурудың жағымсыз ағымында дәрігер маманын тым қатты толғандырады. Көбіне дәрігерлер өзіндегі аурудың алғашқы белгілерін бағаламайды. Ісік ауруымен ауырған дәрігерлер науқастарға қарағанда өздерінің зерттеу әдістерін кеш бастайды. Олар тұмау ауруларын жүріп өткізгенге бейім (тұмау, баспа), яғни жазылмай жатып жұмысқа шығады немесе симптоматикалық емделгенді жөн көреді. Науқастарға қарағанда аурудың асқынулары мен рецидивтері жиі байқалады. Дәрігердің ауруға деген психологиялық реакциясы екі этаппен көрсетіледі. Бірінші - анозогнозиялық - симптомдардың барлығына және ауырлығына көңіл бөлгісі келмеушілік. Ауруды мойындамау бірнеше аптаға созылады. Екінші - үрейлік реакциясы - ауру белгілерін, асқынуларын шектен тыс бағалау, диагнозға және болжамына пессимистік көзбен қару тән. Осы кезеңде дәрігер «қиын науқасқа» айналады: ол қайталанбалы зерттеулер жүргізіп, мамандар кеңесіне жиі барып, өзіндік еммен айналысып, емдеуші дәрігерге сенімсіздік көрсетеді. «Аңқау» науқастан айырмашылығы, дәрігер бақытты иллюзиялардан айырылған. Сырқаттанған дәрігер өзінің емдеуші дәрігер маманына сенбейді, себебі өзі жұмыс істеген уақыттарында науқастарға денсаулықтары жайында шындығын айтпағандығы, тек қана қажет деп есептелген хабарды айтқандығы мазалайды. Енді өзі науқастың ролінде болғандықтан, ол жайында жағдайының ауырлығын және жағымсыз болжамын жасырып тұрғандай көрінеді. Осы ойлардың әсерінен ол үрейлі, сезікті жағдайға жетеді. Мұндай науқастармен қатынасу кезінде, оның кәсіптік статусына сыймен қарап, стационарда барлық жақсы жағдайларды туғызуға мүмкіндіктерді беруіміз керек: телефонмен сөйлесуге рұхсат беру, жеке немесе науқастары аз палатаға орналастыру, бос режимді тағайындау және т. б. Ауруға науқастардың психологиялық (мінез-құлықтық) реакциялары. Науқастың ауруға бейімделуіне, аурудың ішкі суретінің құралуына, психологиялық қорғаныс механизмдерін қолдануына байланысты, дәрігердің тәжрибесіндегі копинг-стратегиясында ауруға деген әр түрлі реакциялар кездеседі. Диссимуляция. Ауру жағдайында психологиялық әсер етудің бір формасы болап табылады. Өзінің сыақат екекнін біле тұра науқас ауру симптомдарын саналы түрде жасырады және оларды әшкере етпеу үшін едәуір күш жұмсайды: бұрынғысынш кәсііптік, жанұялық, әлеуметтік міндетттерін орындай береді. Науқастың қаншалықты жасырғанаына қарамастан ауру симптомдары күшейіп, жасыру қйындай түседі, бірақ науқас әлі де жасыруға тырысады. Дәрігердің тәжірибесінде диссимуляция мінезі: еңбекке қабілеттілігін, әлеуметтік және материальді статусын жоғалтуға қауіп төнген жағдайда, мысалы, мұғалімде немесе дәріскерде туберкулездың ашық түрі болса, спортсменнің аяғын кесуге қаупі болғанда көрініс береді. Науқастар мұндай жағдайда жиі копинг-стратегияны немесе қызметіне беріліп кетуді қолданады. Сонымен қоса, қоршаған орта алдында кінәлі, ұялтатын және қорқыныш сезімдерін тудыратын «әлеуметтік беделі жоқ» аурумен сырқаттанған науқастар да осындай жағдайға түседі. Диссимуляция венерологиялық аурулармен ауырған, әсіресе ЖИТСпен ауырған науқастарға тән. ЖИТС-мен сырқаттанған науқастарға қоршаған орта негативті қарап, аморальділікке және асоциальділікке мейірімсіз түрде кінәләйді. Диссимулияция мінез-құлқы психикалық ауруларда да кездеседі, ол тек қоршаған ортаның талқылануына түсуден ғана емес, аурудың әлеуметтік зардабынан қорқады. Диссимуляция реакциясы онкологиялық науқастарда да кездеседі. Аггравация - науқастардың аурудың симптомдарын, жағдайының ауырлығын күшейтіп көрсетуі. Аггравацияда науқастар шынайы бар ауруларын немесе сырқатты жағдайын шындықтан гөрі күшейтіп, қауіпті етіп көрсетеді. Аггравация истероидты сипатты мінез-құлқы бар науқастарда да жиі кездеседі. Науқастар ауруды әшкерелі қоқан-лоқылау мақсатында да қолданады: өзіне зейінді, аяушылықты талап ету немесе осыдан қандай да бір пайда көру үшін. Аггравация мінез-құлқы егде жастағы науқастарға тән, яғни жалғыздықтан немесе кез-келген уақытта қорғанышсыз қалудан қорқатын науқастар дәрігерлердің зейінін өзіне аударуға тырысады. Аггравация толығымен ессіз психологиялық реакция ғана емес: науқастар мұндай мінездің мақсаты мен себебін біліп сітеуде де туындайды. Анозогнозия - сырқатты және оның симптомдарын аңғармау немесе елемеу. Науқас өз ауруын сыртқы қоршаған ортадан ғана емес және өзінен де жасырады. Басқа адамдарға ауру белгілері қаншалықты байқалып тұрса да, олар өздерінің сау екендігін және медициналық көмекке мұқтаж еместігін айтып ақталады. Анозогнозия жиі алкоголизм кезінде кездеседі. Алкоголизммен зардап шегетін науқастар өздерінің саулығына күмән келтірмейді, олар кез-келген уақытта спирттік сусындарды қолдануын тастай аламын деп ойлайды. Алкоголизм кезінде анозогнозия реакциясының негізінде өзінің жағдайына сынмен қарау төмендейді. Мұндай науқастарды емдеу анозогнозиялық жағдайды жеңгенде ғана жүреді, яғни науқас дәрігердің және психологтың көмегімен өзінің ауру симптомдарын сезініп мойындағанда. Осындай анозогнозия реакциясы өзінен ауыр соматикалық аурудың белгілерін тапқан дәрігерлерге де тән. «Ауруға кету» реакциясы. Науқас өзінің сырқатты жағдайына қадалып, қызығушылықтарының ортасына қояды. Мұндай ауруды уайымдауға бату өмірдегі сәтсіздіктермен және шиеленісті шешілмеген жағдайлармен байланыстыру арқылы жүреді. Сырқат өмірдегі күрделі жағдайларды шешуден құтқарып «шартты жағымды әсер» етеді. «Ауруға кету» реакциясы истероидты сипаттағы адамдарда кездеседі, олар оны өз мақсаттарына жету үшін қолданады. Бұл көріністер науқастың қоршаған ортаданың өзіне көңіл аударуын, қамқорлығын алуға мүмкіндік береді. Осындай «»ауруға кету психологиялық реакциясы жоғарғы сезімталды астено-невротикалық типтерде, яғни олар шектен тыс жүктемені көтере алмайды (физикалық, эмоциональді, интеллектуальді) және ипохондрияға бейім науқастарда байқалады. Аурудың «әлеуметтік беделдігі». Науқастың ауруға деген психологиялық реакциясының құралуында «әлеуметтік беделділік» деген фактор орын алады, яғни оған және оның ауруына қоршаған әлеуметтік топтың қатынасы. Әрбір елде немесе мәдениетінде сырқатқа өзінеше қараған. Тарихи жазбаларда Ежелгі Спартада сұлу дені сау денеге қатты көңіл бөлгендіктен, қариялар мен науқастарды биік жартастан теңізге лақтырғандығы жайындағы мәліметтер кездеседі. Ортаңғы ғасырлы Еуропада психикалық науқастардан «жын» иелерін қуу мақсатында, оларды отқа жағып өртеген. Қазіргі уақытта ауруға деген қатынасты екі бағытқа: «беделді» қоғамда айтуға болатын және «беделсіз» қоғамда жасыруға тырысатын деп бөледі. «Беделді» ауруларға, мысалы, жүректің ишемиялық ауруын, әсіресе миокард инфарктісін жатқызады. Бұлар адамның әлеуметтік статусын жоғарлатады, яғни олардың жауапкершілік, еңбексүйгіштік, міндеттілік сияқты психологиялық қасиеттерін күшейтіп көрсетеді, осыған орай оларға сыйлаушылық, қамқорлық көрсетіледі. Геморрой, ойық жаралы колит деген сияқты сырқаттар қоршаған ортадан жасырылып «беделсіз» көрінеді. Мұндай науқастардың психологиялық реакциясының құралуына оның туыстары, достары және жақындары да әсер етеді. Зейінге және қамқорлыққа зәру науқастар тезірек кәсіптік қызметіне оралуға тырысады. Симуляция. Симуляция мінез-құлқы ауруға реакция болып табылмайды, себебі ауру жоқ. Адам ешқандай аурумен зардап шекпей-ақ әдейілеп ауру симпотмдарын көрсетеді. Симуляция адамға қандай да бір пайда әкелген кезде байқалады: мысалы, әскери парызын өтеуден қашуда немесе мүгедектік тобын алу мақсаттарында қолданады. Бұл мінез-құлық екі топтағы адамдарды дамиды: білімі төмен деңгейдегі адамдарда, яғни медицина аймағынан аз хабардар немесе әккі медициналық білімі бар, денсаулық сақтау аймағында жұмыс істейтін адамдар тобында кездеседі. 6. 2 Психикалық ауытқулары бар науқастармен дәрігердің қатынасу ерекшеліктері. Сенсорлы-перцептивті аймақтарында бұзылыстары бар науқастар. Көптеген түрлі аурулардың симптомдары мен синдромдары негізінде қарапайым психикалық белгілердің көрінуі. Олар сезіну және сезінбеу сипатында болып, науқастың денсаулығы жайындағы шағымдар ерекшелігіне әсер етеді. Сезімталдылықтың бұзылыстары жүйке аурулар клиникасында жақсы кеңінен көрсетілген. Неврозды және невроз тәрізді сезімталдылық бұзылыстары бар науқастарды зерттеу қызығушылық танытады. Невроз кезінде сезімталдылық бұзылыстардың жалпы сипатты ерекшеліктеріне тұрақсыздылық, яғни уайымның айқын сипатталуы немесе белсенді шағымдарының болмауы жатады. Неврозды науқастарда айқын эмоциональді компонент басым болуымен және сенімсізділікпен жүреді. Бас миының органикалық аурулары кезінде сенсорлы жүйенің гипербелсенділігі байқалады. Жаңаша неврозды клиникаларға ауырсыну сезімталдылығының бұзылуы тән. Эндогенді (шизофрения) және экзогенді психоздар (жедел және созылмалы алкогольді галлюцинациялар) ерекше көңіл аударады. Қабылдаудың көру және есту бұзылыстары жүреді. Осыған байланысты сенсорлы сипаттағы галлюцинация анализаторлы жүйелердің қатысуымен жүретіндігі анықталған. Есту галлюцинацияларының патогендік ролі адамның күшпен тыңдау арқасында есту галлюцинацияларының құралуына әкеледі. Мұндай күшпен тыңдау есту қызметі төмендеген сау адамдарда да кездеседі. Шизофрениялы науқастардың сенсорлы сферасының ерекшеліктері есту-сөйлеу аймақтарының гиперактивациялану нәтижесімен сипатталады. 6. 3 Есте сақтаудың, естудің, көрудің және сөйлеудің бұзылыстары бар науқастармен қатынасу. Естің спецификалық және спецификалық емес бұзылыстары Мидың локальді зақымдануына байланысты жүретін психикалық патологияларды қарастырайық. Алексия (дислексия) - оқудың бұзылысы. Оқу мен жазу ақауларының басты себебі болып, солақайлылық немесе амбидекстрия («екіқолдылық») жатады, ол тек қана денеге бағытталу өзгерістерімен ғана жүрмей, сыртқы кеңістіктердегі өзгерістермен де сипатталады. Дислексия «фонематикалық» ақаулармен де және оптикалық, оптико-гностикалық, моторлы, мнестикалық, семантикалық факторлар әсерінен де дамиды. Бірінші ретті алексияның екі негізгі формаларын айқындайды, яғни мидың кейбір бөліктерінің

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру-дәрігер-науқас арасындағы қарым-қатынас,науқастың алған еміне қанағаттануы
Қызметкерлермен қақтығыстар
Дәрігердің кәсіби деформациясы туралы
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативтік дағдысын бағалау әдісі
Мейірбикенің коммуникативтік қарым - қатынас дағдылары
Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды қолдануын бағалау әдістері. Конструктивті сынаудың негіздері
ТИІМДІ АРАҚАТЫНАС ҚҰРУ НЕГІЗДЕРІ, ТЕРІС ӘСЕР БЕРЕТІН ҚОЛАЙСЫЗ БЕТАЛЫСТАР
Бронх демікпесі, ауыр дәрежесі, өршу фазасы, басқарылмайтын саты
Пациентке бағдарланған кеңес берудің негізгі дағдылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz