Қоғамда экстримизм мен терроризмге қарсы діни сананы қалыптастыру



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қоғамда экстримизм мен терроризмге қарсы діни сананы қалыптастыру.

Бүгінде дін - жеке тұлға мен көпшілік қоғамның руханиятының негізін құрайтын психологиялық және әлеуметтік өмірге маңызды ықпал ететін ең басты феномен. Дінді керексіз немесе ойдан шығарылған нәрсе секілді қабылдау, діннің ақиқаттығын жоя алмайды. Оны басқа емес, кешегі кеңестік атеистік идеологияны бастан өткізген біздің қоғам жақсы түсінеді. Қазіргі таңда діни сауатсыздықтың басты көрінісі дінге толық таныммен келмеу болып отыр. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін Атеисттік идеологияның шырмауынан құтылып шыққан бос кеудемізге неше түрлі ағымдар өздерінің кереғар көз-қарастарын толтырумен әлек болып жатыр. Бұндай жайттар тек біздің елімізді ғана емес, бүкіл әлемді шарпып үрейге салып отыр.
Қазіргі адамзат қоғамының негізгі ерекшелігі әлем мемлекеттерінің өзара жақындасуы барлық мемлекеттер үшін өркениет стандарттары қалай ортақ болса, қайшылықтар мен қауіптері де соншалықты ортақ. Адамзатқа ортақ кауіптердің қатарына экстремизм және терроризм келіп қосылды.
Экстремизм -- грек тіліндегі экстремизм деген латын сөзі шеттеу, яғни орталықтан ауытқу, кандай да бір белгіленген шектен тыс кету деген мағына береді.Экстремизм сөзінің ең жақын синонимі радикализм. Бұл сөз де жанама түрде мейлі дінде, мінез-құлықта, пікірде болсын, қалыпты, дұрыс деп қабылданған деңгейден ауытқу. Экстремизм жалпы түрде ешбір мөлшерді, тәртіпті мойындамайтын, өзінің шектен шыққан пікірі мен іс-әрекеттері арқылы ерекшеленген адамдарды білдіреді. Саяси ортада пайда болган Экстремизм - саяси Экстремизм, ал діни ортада пайда болган Экстремизм - діни Экстремизм деп аталады. XXI ғасырдың соңғы жылдарында діни жағдайлармен байланысқан Экстремизм қанатын кең жайып келеді. Алайда бұл Экстремизмнің пайда болу сахнасы саяси орта болғандықтан, шын мәнінде діни Экстремизм бола алмайды.
Экстремизмнің. Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Олар, жөн білетін, дұрыс бағыт көрсете алатын адамдардың ешқайсысын мойындамайды. Өзіне сын көзімен қарау деген түсінік олар үшін жат. Олардың түсінігінде тек олар ғана тура, басқаның барлығы да адасушылар. Сондықтан да олар басқаларды әділетсіз, әрі қатігез деп айыптауды өзіне міндет санайды, өздерін кіршіксіз, таза Пайғамбардың орнында көреді. Сондықтан, аяғы әртүрлі қақтығыстарға алып баратын жалған пікірлер таратып, мәжбүрлеу арқылы осы пікірлерді мойындайтын, шариғатқа, заңға қайшы келетін қадамдар жасайды. Экстремистердің пайда болуының екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады. Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады. Күдікшіл адамдардың басқалар туралы жаман ойлайтын себебі, оның санасы басқаларды өзіне жау көрді - дейді психотерапевт мамандары. Яғни, бір адам, екінші бір адам жайында бір нәрсе айтқан болса, онда ол өзі жайында не жақсы, не жаман нэрсені айтқан болып шығады. Жалпылама алынған Кінәсі дәлелденбеген - кінәсіз деген қағидаға қарсы келіп, экстремистер басқаны жылдам кінәлай отырып, тез үкім шығарады. Олар адамға қай уақытта күдікпен қараса, сол сәтге сол адам кінәлі болып шыға келеді. Неге күдіктенгенін талдап жатпайды, ол кінәлі, деген қорытындыға келеді. Түзеуге, тәубеге келуге болатын пендешілік амалдарды сонша қиындатып, адамдарды кінәлі дәрежесінде көрулері оп-оңай

Қазіргі уақытта әлемді үрейлендіріп отырған тағы бір үлкен мәселе ол - терроризм.
Терроризм сөзі латын тілінен аударғанда terror - қорқыныш, үрей деген мағына береді. Негізгі мәні саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану болып табылады. Бұл ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды. "Террор" ұғымы қазіргі әдебиеттерде диктаторлық немесе тоталитарлық жүйелердің өз азаматтарына қатысты күш қолдану және үрей туғызу саясатын сипаттауда қолданылады. Терроризм ретінде "әлсіздің" тарапынан болатын (радикалды саяси оппозиция, экстремистік пиғылдағы ұлттық немесе діни азшылық, діни фанатиктер және т.б.) әрекет түсініледі. Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. 1977 жылы Еуропалық Кеңеске мүше-мемлекеттер терроризммен күрес жөнінде Еуропалық конвенция қабылдады. Терроризм (ең алдымен, көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерін өлтіру) тарих ағынына елеулі ықпал етеді, бірақ саяси қайраткерлерге қарсы терактілер өздігінен жалпы адамзатқа аса қауіп төндіре қоймайды. XX ғ. екінші жартысында жағдай түбегейлі өзгерді, терроризмнің әртүрлі түрлерінің күрт жіктелуі орын алды. Ол өмір сүріп отырған бүкіл саясат тәртіптеріне, институттарға, заңды билік құрылымдарына қарсы жаппай соғысқа айналды. Терроризмнің иррационалдық қыры саясатқа еш қатысы жоқ қарапайым халықты жаппай қырудан көрініс тапты. Нәтижесінде зорлық-зомбылық апаты және вакханалия жер шарының әрбір адамын терактіні ұйымдастырушылардың ақылға қонымсыз идеяларының бұғауында қалдырды. XX ғ. соңында терроризм қазіргі заманның өткір ғаламдық мәселелеріне айналды. 1960-1970-шы жылдары солшыл экстремистік пиғылдағы Италиядағы "Қызыл бригада" және Германиядағы Баадер-Майнхоф сияқты топтардың әрекеттерімен байланысты терроризм толқыны Батыс Еуропаны шарпып өтті. 1990-шы жылдардың басында Ресей қанды террористік зомбылықтың ортасында қалды. Кейіннен оған ислам экстремизмі, шешен сепаратизмі қосылды.

Қазіргі таңдағы әлемге қауіп төндіріп тұрған экстримизм мен терроризмнің көрініс тапқан ең басты ошағы - Ислам мемлекеті болып табылады.
Ислам мемлекеті (ИМ; араб.: الدولة الإسلامية‎ -- әд-Дәулә әл-Исламия; қысқаша: ИШИМ, ИСИМ немесе ДАИШ) -- радикалды исламизм (сәләфи-жиһади-тәкфири) идеологиясын ұстанатын әскери лаңкестік ұйым және халықаралық қауымдастық мойындамаған квазимемлекет.
Ислам мемлекетінің тарихы 2003 жылы АҚШ Саддам Хусейн басқарған Иракқа соғыс ашқан кезден бастау алады. 1990 жылдардан бастап Әл-Қағидамен байланысы бар Таухид және жиһад жамағатының жетекшісі Әбу Мұсғаб әз-Зарқауи соғыс басталғаннан кейін бір жыл өткен соң әйгілі лаңкес Усама бен Ладенге серт беріп, Әл-Қағиданың Ирактағы бөлімшесін құрды. 2006 жылы әз-Зарқауи қаза тапқаннан кейін оның жақтастары бірқатар экстремистік топтармен бірігіп Ирак Ислам мемлекетін құрды. 2009 жылға қарай толығымен дерлік жойылған бұл топ 2010 жылы Әбу Бәкір әл-Бағдади басшы болып тағайындалғаннан кейін қалпына келе бастады.
2013 жылы әл-Бағдади Ирак пен Сирия аумағында Ирак және Шам Ислам мемлекеті құрылғанын жариялады. Әл-Қағида мен оның Сириядағы бөлімшесі -- Ән-Нұсра майданы бұл әрекетті мақұлдаған жоқ. Екі топ арасындағы келіспеушілік ақыр соңында бұрынғы одақтастар арасындағы қақтығысқа әкелді.
2014 жылдың маусым айында Ирактың ірі қаласы Мосулды басып алған ИМ өзін халифат деп жариялап, топтың көсемі Әбу Бәкір әл-Бағдадиді халифа етіп сайлады. Қазіргі таңда ИМ-нің қол астындағы Сирия мен Ирак мемлекеттерінің аймақтарында бірнеше миллион адам өмір сүруде. ИМ-нің елордасы, дәлірек айтқанда штаб-пәтері -- Сирия аумағында орналасқан Раққа қаласы. Бұдан басқа Ислам мемлекетіне Ливия, Нигерия, Ауғанстан және т. б. мемлекеттердегі шағын аудандар (уәлаяттар) бағынышты.
Ислам мемлекеті -- әлемдегі ең бай қарулы топ. Нағыз мемлекетке ұқсап баққан ИМ-нің Ислам динары деп аталатын өз ақшасы да бар. Қаржының басты көзі -- шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің саудасы. Оған қоса ИМ адам ұрлау, банктерді тонау, бопсалау, салық жинау және құнды жәдігерлерді сату арқылы да біраз ақша табады. ИМ әскерінің қатарында ондаған мың жауынгер соғысып жүр, олардың арасында тек араб мемлекеттерінің тұрғындары ғана емес, Еуропа, Солтүстік Америка және Азия құрлықтарының бірқатар елінен келген сарбаздар бар. ИМ-нің содырларында заманауи қару-жарақты, оның ішінде танкілер мен бронетехниканы қолдану мүмкіндігі бар.
Ислам мемлекетіне тойтарыс беру үшін құрылған халықаралық коалицияның құрамына әлемнің көптеген мемлекеттері қосылған. БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне кіретін бес мемлекеттің төртеуі (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция) қазіргі таңда ИМ-ге қарсы соғысып жүр. Сонымен қатар бұл топқа бірқатар мемлекеттік емес ұйымдар қарсы шықты. Одақтастардың күші басым болғанымен, олардың арасында түсініспеушілік пен араздық көп, сондықтан Ислам мемлекеті төндірген қауіпті әлі күнге дейін ауыздықтау мүмкін болмай тұр.Әлемнің көптеген елі Ислам мемлекетін лаңкестік ұйым ретінде мойындап, оған тыйым салған. 2015 жылдың 15 қазанында бұл мемлекеттердің қатарына Қазақстан да қосылды. БҰҰ-ның шешіміне сәйкес, ИМ-ге көмек көрсеткен тұлғалар санкция тізіміне енгізілетін болды.

Ислам мемлекеті сәләфи-жиһади-тәкфири идеологиясын ұстанады]. Сәләфия-жиһадия сөз тіркесін бұл ұйымның бұрынғы көсемі Әбу Омар әл-Бағдади мен оның орынбасары өз үндеулерінде қолданған болатын. Жиһади ағымы XX ғасырдың соңында Мұсылман бауырлар мен сәләфилердің әсерінен пайда болды. ИМ идеологиясының халық арасында қолдау табуының сыры араб елдеріндегі зайырлы идеологиялардың (арабшылдық, ұлтшылдық, насеризм, баасизм, батыслиберализмі, коммунизм және т. б.) дағдарысқа ұшырауында жатыр.
XX ғасырдың соңғы онжылдықтарында Мұсылман бауырлардың белсенділігі мен сәләфилік айрықшалықтың әсері Таяу Шығыста исламистердің күшеюіне әкелді. Бұл топтардың басты шабыттандырушысы -- Мұсылман бауырлардың мысырлық идеологы Сәйид Қутб. Исламистердің басты мақсаты мұсылман елдеріндегі үкіметтерді құлатып, олардың орнына Ислам мемлекетін орнату еді. Әл-Қағида да осыған ұқсас идеологияны ұстанды, бірақ олар Таяу Шығыста Ислам мемлекетін құру жолындағы бірінші қадам деп Америка Құрама Штаттарына шабуылды санады. Усама бен Ладен халифатты қалпына келтіру туралы көп сөз қозғайтын еді.
Мұсылман бауырлар 1924 жылы жойылған халифатты мінсіз жүйе ретінде қалпына келтіргісі келді. Олардың қатарынан бөлініп шыққан жиһадилердің халифат құру туралы армандары осы Мұсылман бауырлардың мұрасы болуы мүмкін. Мұсылман бауырлар халифат мәселесін талқылағанымен, практикалық тұрғыда оны құруға құлшыныс танытқан жоқ. Олар халифат құру ісі дәл қазір іске асырылуға тиіс нәрсе емес, алыс болашаққа арналған жоспар екенін мойындады.
Ислам мемлекеті идеологиясының тағы бір құрамдас бөлігі -- сәләфия (нақтырақ айтқанда оның зорлық-зомбылыққа үйір жиһадия ағымы). Сәләфия деп сүнни Ислам ішіндегі дінді тазартуға ұмтылған қозғалысты атайды. Сәләфилер басты назарын көпқұдайшылықты (ширк) жою және бірқұдайшылықты (таухид) орнату мәселесіне аударады. Сәләфилер тек өздерін ғана шын мұсылман санайды. Тау-тастарға, әулиелерге, қабірлерге және т. б. заттарға табынып жүрген мұсылмандарды діннен безген кәпірлер деп есептейді. Бұлардың қатарына шииттер, демократтар және демократиялық жүйеге ат салысып жүргендер де жатқызылады. ИМ-нің шииттерге қарсы ұстанымы сәләфилер мен шииттердің арасындағы ежелден ұласып келе жатқан қақтығыстан шыққан.
Сәләфилердің негізгі әдебиеті ортағасырлық ғұлама Ибн Таймийа мен оның шәкірттеріне тиесілі. XVIII ғасырда пайда болған Мұхаммед ибн Абдул-Уәһһаб бастаған сәләфилер қозғалысының өкілдері уаһһабилер деп аталып кетті. Сауд Арабиясы патшалығы осы күнге шейін осы Ибн Абдул-Уәһһабтың іліміне берік. Кейбіреулер Сауд Арабиясын ИМ көмек көрсетіп жүр деп айыптағанына қарамастан, сәләфилікті дәстүрлі түрде ұстанатын бұл мемлекет Ислам мемлекетіне қарсы саясатты жүргізіп жүр.
Исламист топтардың дамуымен қатар жиһадилер қозғалысының идеологиясын құруға көмектескен тәуелсіз ғұламалардың желісі пайда болды. Бұл ағымның бағытын Әбу Мұхаммед әл-Мақдиси және Әбу Басыр әт-Тартуси секілді ғалымдар белгіледі. Ертеректе Сәйид Қутбтың ықпалында жүрген ғалымдар, уақыт өте одан қашықтап, сәләфилікті ұстана бастады. Сәләфиліктің зорлық-зомбылық аспектілеріне көп көңіл бөлген бұлар сәләфия-жиһадияның пайда болуына септігін тигізді. Қазіргі таңда ИМ өзінің діни көсемдерін қолдау саясатын жүргізіп отыр. ИМ-де беделге ие бахрейндік жас уағыздаушы Түрки әл-Бинәли өзінің бұрынғы ұстазы әл-Мақдисиді Ислам мемлекетін қолдамағаны үшін сынға алды.
Ислам мемлекетінің сәләфи-жиһадиліктің соншалықты қатал нұсқасын ұстануының себебі осы топтың негізін қалаған Әбу Мұсғаб әз-Зарқауидің көзқарастарында жатыр. Әз-Зарқауи Әбу Мұхаммед әл-Мақдисидің шәкірті болған. Әбу Омар әл-Бағдади және Әбу Хамза әл-Муһажир секілді ИМ-нің алғашқы жетекшілері де сәләфи-жиһадиліктің өкілдері болған.
Қазіргі таңдағы ислам атын жамылған жиһадистік және террористік топтардың идеологиясының басты идеологиялық қаруы - жиһад ұғымын түсіндіру әдістерінде жатыр. Исламдағы джиһад тұжырымдамасының кең ауқымды басты мағыналары ескерілмей, бұл сөздің діни-милитаристік, яғни кәпірлерге қарсы қарулы күрес жүргізу мағынасы экстремистік ағымдардардың идеологтары тарапынан кеңінен насихатталынып, қасиетті Құран аяттары мен хадистердің мәтіндері бұрмаланып түсіндірілуі арқылы дәйектелінуде.
Жиһадизм проблемасын шешудің басты жолдарының бірі - жиһад тұжырымдамасының дұрыс мағыналарын әлем жұртшылығына, соның ішінде, мұсылман жастарына ашып түсіндіру болып табылады. Бұл тақырып мұсылман үмметінің өткен тарихында маңызды орын алған, қазіргі таңда өзекті орындағы, әрі келешекте де өзектілігі жоғала қоймайтын мәселе екендігі белгілі.
Осыған орай, жиһад тұжырымдамасын дұрыс түсінуіміз үшін, ең алдымен, оның тілдік әрі терминологиялық мағыналарына қарай үңілсек. Жиһад сөзі араб тіліндегі джахада - юджахиду - джиһадан, яғни күш-жігер салу мағынасындағы етістіктен шығады. Араб тілінде әл-джахд сөзі - машақат, қиыншылық деген мағыналарды берсе, әл-джухд сөзі күш-қуат дегенді білдіреді. Осы екі сөздік мағыналардан жиһад ұғымы келіп шығады.
Әйгілі ғалым Ар-Рағиб әл-Исфахани өзінің Муфрадат әл-Қуран атты еңбегінде: әл-джахд пен әл-джухд - машақат пен төзімділік. Мұндағы әл-джахд сөзі - машақат мағынасын білдірсе, ал джухд - жігер мағынасын білдіреді деп жазған.
Құран және сүннет терминологиясында жиһад сөзі бұлардан да кеңірек әрі тереңірек, тіпті адам мен қоғам өмірінің барлық аспектілеріне қатысты ұғымдарды қамтиды. Сондықтан да оны Үлкен жиһад деп атайды. Сонымен бірге, оның жеке бір мағынасы - Алланың сөзін ұлықтауға және қорғауға бағытталған күрес. Бұл ұғымның пайдаланылу аясы шағын болғандықтан Кіші жиһад деп аталады. Осы тәртіп бойынша үлкен және кіші жиһадтың айырмашылығы айқындалады.
Сондай-ақ, осы айырмашылық негізінде жиһадтың белгілі бір ұғыммен шектелмейтіндігін байқауға болады. Жиһадтың кез-келген жағдайға қатысты өз дәрежелері мен деңгейлері, әрі оның толыққанды тұжырымдамасы, қағидалары, ережелері мен нормалары, ахлақтары бар.
Ислам дінінде жиһад сөзінің көптеген мағынасы бар. Жиһад дұшпандарға қарсы қару қолдану, олармен соғыс жүргізу ұғымымен шектелмейді. Тіпті исламның алғашқы кезеңдерінде бейбіт жиһадты жүргізу міндеттелетін. Оған Аллаға бойұсынуға бағытталған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терроризмге қарсы күрестің халықаралық тәжірибесі
Діни экстримизм
Діни сауаттылық – діни экстремизммен басты күрес
Ланкестік акттің теориялық мазмұны
Ланкестік акт қаупы және оған қарсы күрес және алдын алу шаралары
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Саяси экстремизм мен терроризмнің пайда болуының тарихи алғышарттары
Қазіргі таңда әлеуметтік желілердің әлемдегі және Рунеттегі бірқатар даму беталыстары
Діни сауаттылық
Ішкі қарулы қақтығыстар мен халықаралық терроризм
Пәндер