Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
Қоғамның әлеуметтік құрылымы.
Жоспары:
1.Қоғамның әлеуметтік құрылымы жайлы ұғым
2.Әлеуметтік топ және оның түрлері
3. Әлеуметтік стратификация жөніндегі концепциялар.
1. Әлеуметтік құрылым социология ғылымының тарихында өте маңызды мәселелердің бірі. Әлеуметтік құрылым туралы социологияда әртүрлі концепциялар аз емес. Оларды топтастырғанда 2 бағытты ажыратуға болады. Социоло.гтардың бір тобы әлеуметтік құрылымды, олардың элементтерін, процестерін нақты өмірде бар деп түсінсе, ал екінші бағыт өкілдері таптарды, әлеуметтік топтарды, жалпы әлеуметтік құрылымды, тек қана сананың, адамдардың ойының нәтижесі деп түсінеді. 1-ші бағыт : құрылымдық функционализм, ал екінші бағыт- символдық интеракционизм деп аталады. Біз осы 1-ші концепцияны, яғни құрылымдық функционализмді қолдаймыз. Әлеуметтік құрылым біртұтас әлеуметтік организм ретінде қарастырылады. Осы организмнің өзі оны құратын элементтерден тұрады. Ал ол элементтер өзара қарым-қатынаста, байланыста болуы негізінде ол құрылымды жасайды.
Біздің ойымызша қоғамның әлеуметтік құрылымы нақты, объективтік құбылыс, ол өзгеріп,
дамып отырады, оның жаңа элементтері, бөлшектері пайда болуда.
Әлеуметтік құрылым дегеніміз- әлеуметтік топтардың, страталардың, таптардың және әлеуметтік институттардың жиынтығы, олардың байланыстары, ара-қатынастары. Әлеуметтік құрылымның басты негізгі элементтері - әлеуметтік топтар, страталар, таптар. Әлеуметтік құрылымға кіретін үлкен топ-ол тап. Тап деген ұғым екі мағына береді. - ші кең мағынада тап дегеніміз- өндіріс құрал-жабдықтарына белгілі қатысы бар, қоғамдық еңбек бөлінісінде нақтылы алатын орны бар, ерекше әдістер арқылы алынатын табыстың өзіндік мөлшері бар үлкен әлеуметтік топтар. Көбіне тап дегеніміз тар мағынада қолданылады. Бұл мағынада тап дегеніміз: әлеуметтік топтар, страталар. Олардың басты белгілері: кіріс, табыс, мамандық, билік, білім деңгейі т.б
2. Әлеуметтік топ-қоғам дамуының белгілі бір сатысында нақты тарихи жағдайда қалыптасқан, ортақ құндылықтардың, ғұрыптардың, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың негізінде қалыптасатын тұрақты адамдар тобы. Әлеуметтік топ үлкен, орташа, шағын болып бөлінеді. Үлкен әлеуметтік топқа таптар, топтар, этникалық және демографиялық қауымдар жатады. Орта топтарды белгілі бір өндіріс орнында жұмыс істеп, бір аймақта тұратындар құраса, шағын топтарды өзара тығыз байланыстағы, жүздес, таныс, туыс адамдар құрайды. Топтық құрылымның негізгі екі түрін анықтауға болады. 1) ресми топ мүшелерінің саны мен арақатынастарына олардың арнайы атқаратын қызметтеріне байланысты анықталатын құрылым, 2) бейресми топ- адамдардың өзара қарым-қатынастарында табиғи түрде, рухани-психологиялық үйлесімдіктер негізінде қалыптасатын құрылымдар. Топтың іс-әрекетін ұйымдастыратын ресми құрылым, бір жағынан, топ мүшелерінің басшылыққа алуға тиісті бұрыннан немесе жоғарыдан бекітілген ережелердің, бұйрықтардың, жиынтығы болса, екінші жағынан, топтың мүшелерінің өз еріктерімен қабылдаған шарттары, талаптары да болуы мүмкін.
Шағын топтардың 8 түрі бар. Олар.
1)диффуздық немесе атаулық топтар-белгілі бір уақытша мақстаттық негізінде құрылған топтар. Мыс, алыс жолға бірге шыққан бір купедегі, автобустағы жолаушылар
2)ассоциациялық немесе уақытша тұрақты топтар-ортақ істіжүзеге асыру үшін жиналған топтар. Мыс, қысқа мерзімге жалданып жұмыс істейтін топ.
3)Корпорациялық топтар-әрқайсысы өз мақсатын басқаларсыз орындай алмайтын, бірақ бір-біріне ешқандай сыйластығы, іштей тілектестігі жоқ адамдардан құралған топтар.
4)Автономиялық топ-ресми құрылымның негізінде ұзақ уақыт бірге тұрақты жұмыс істейтіндердің топтары.
5)Гиперавтономиялы топ-қоғамнан ұзақ уақыт тәуелсіз өмір сүре алатын топ. Мыс, туристік, экспедициялық топтар.
6)Кооперация-ресми және бейресми құрылымдары қалыптасқан саны жағынан қоғамда ең көп тараған топтар.
7)Ұжым- қоғамдық имандылық және адамгершілік тұрғыдан алғанда сапасы жоғары әлеуметтік қарым-қатынастары қалыптасқан топ.
8)Сығымдалған топ-саны жағынан аз, бірақ өзара үйлесімділігі өте жоғары топтар.
3. Қазіргі социологияда көбірек көңіл әлеуметтік стратификация деген ұғымға бөлінеді. Әлеуметтік стратификация деген теорияның негізгі ұғымы "страта". Страта дегеніміз социологияға геология ғылымынан енген термин. Осы ғылымда жердің қыртысы, қабаты деген мағынаны береді. Социологтар бұл ұғым арқылы қоғамдағы әлеуметтік топтарды белгілейді. Бірақ та страта тап болмайды. Нақты әлеуметтік құрылым қоғам дамуына байланысты өзгеріп отырады.
Қоғамдағы адамдардың әлеуметтік жағдайына байланысты қабаттарға бөлінуін-әлеуметтік стратификация деп атаймыз.
Әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген концепциялар бар. К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген ірі ғалым. ХІХ ғ. әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К.Маркстің түсіндіруінде адамзат тарихында 5 типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы, құлиеленушілік қоғам, феодалдық қоғам капиталистік қоғам, және ең соңғы қоғам коммунизм. Әрбір қоғамның немесе формацияның өзіне тән, сәйкес құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы К.Маркстің түсіндіруінше әлеуметтік топтардың жиынтығы және олардың қарым-қатынастары, байланыстары. Әлеуметтік құрылымның ішіндегі ең маңыздысы-таптар. Таптық қоғам қанаушылық орын алған қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп Марксизмде құлиеленушілі, феодалдық, капиталистік қоғамдарды айтады. Ал алғашқы қауымдық қоғамда тап болмаған, яғни қанаушылық та орын алмаған. Тап деген әлеуметтік топ коммунистік қоғамда жойылды. Маркстік теория бойынша әрбір қанаушылық қоғамда 2 тап орын алады. К.Маркс осы таптарды негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құлиеленушілік қоғамда құлдар мен құл иелері, феодалдық қоғамда феодалдар мен шаруалар, капитализмде капитал иелері мен пролетариат. Осы таптардың арасында күрес үздіксіз жүріп отырды. Соның салдарынан бір тап жеңіліп, екіншісі жеңіске жетеді, ал кейде күреске қатысқан таптардың барлығы жеңіледі., жеңіске басқа бір жаңа тап ие болады.
4. М. Вебердің де бұл мәселе туралы көзқарасы К.Маркстің көзқарасына өте жақын
деуге болады. М.Вебер де К.Маркс сияқты таптың экономикалық негізіне көбірек көңі бөліп, тапты экономикалық категория деп түсінген. Бірақ та М.Вебердің К.Маркстен бұл мәселе бойынша айырмашылықтары бар. Біріншіден М.Вебердің пікірі бойынша таптың белгілерін тек қана, К.Маркс сияқты меншікпен доғаруға болмайды. Таптың көптеген әлеуметтік белгілері бар. Оның ішінде мамандық , білім деңгейі, қызметкерлік қабілеті, дипломы т.б белгілері бар. Екіншіден әлеуметтік құрылымдағы маңызды мәселенің бірі статус деп аталады. Статус, престиж деген категориялар қоғамды тапқа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz