Қой жүні қасиеттері



Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қой жүні - қой терісінде өсетін түк, түбіт, қылшық. Қой жүнінен киіздің кейбір түрлері мен иірілген, жіптерінен киім тігіліп, кілем, бау-басқұр тоқылатын, арқан-жіп есілетін және тұрмыстық, шаруашылық бұйымдар жасалатын, қойдан қырқып алынатын ең маңызды өнім. Қойдан басқа да жүн, түбіт, қыл-қылшық беретін малдар болғанымен, олардан алынатын өнім қой жүнімен салыстырылғанда өте аз түседі. Төрт түліктен алынатын барлық жүн мөлшерін салыстыра қарағанда, бүкіл өнімнің 80-90 пайызын қойдан алады. Өндірілетін барлық жүн түрінің 10-15 пайызы ғана түйе, ешкі, жылқы түлігінің үлесіне тиеді. Мұның өзі қазақ жерінде көне замандардан бері қой өсірудің қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.
Қой жүні басқа мал түрлерінің жүнінен өзінің мынадай қасиеттерімен ерекшеленеді:
- қой жүні мейлінше мықты; оның мықтылығын өзінің жіңішкелігіндей сымтемірдің беріктігімен салыстыруға болады;
- жіңішкелігі дәл өзіндей заттардың бәрінен қой жүні жеңіл;
- қой жүні жылуды жақсы сақтайды;
- қой жүні созылғыш; қой жүнінен жасалған киімнің және т.б. бұйымдардың (тоқым, алаша, кілем, дорба) су мен дымқылдан иленбейтіні соған байланысты;
қой жүні бояуды жақсы сіңіреді, ұзақ уақыт бойы бояуын жоғалтпайды.
Қой жүні түліктің жас ерекшеліктеріне, қойдың дене мүшесіне (қой денесінің қай жеріне өскеніне), жыл маусымына, жүннің сапасы мен құрамына қарай ажыратылады.
Жас ерекшеліктеріне қарай қой жүні қозы жүні, саулық жүні, қошқар жүні, бойдақ қой жүні деп жіктеледі. Туғанына төрт ай толған қозының қырқылған жүні қозы жүні деп аталады. Қозы жүні үлпілдек, тарамды, ажарлы болғандықтан, қой жүнінен артық бағаланатын кездері болады. Қозының жүні ұзындығымен, талшықтарының жуандығымен, бұйрасының аздығымен де ерекшеленеді. Ал, жаңа туған қозы жүнін қарын жүн дейді. Ол қаракөл қой тұқымының елтірісінде (арнайы өсірілген қой тұқымынан туған қозының 2-3 күнде сойып алған кездегі үлпілдек, түрлі түсті, бұйра жүнді терісі) болады. Сонымен бірге қозының маусым айында алғаш рет қырқылған жүнін кей жерде қарын жүн деп атайды. Ал туғанына алты ай толған қозы жүні тоқты жүн, бір жастан асқан барлық қойлардың жүніқой жүні деп айтылады.
Жас саулықтың жүні сапасы жағынан кәрі саулық жүнінен артық болады. Сауылатын қой жүні өсімтал болмайды, жүні көпке дейін көтерілмейді. Олардан қырқылатын жүн сапасы саулықтардың күтіміне байланысты. Саулықтармен бірге қошқарлардың жүні де қырқылады. Оны қошқар жүні дейді. Қошқар жүні мықты әрі қалың болады. Қошқардан саулық қойға қарағанда жүн мол түседі.
Қысыр қалған немесе қозы тастаған саулықтар, тоқтылар мен тұсақ, ісектерден қырқылған жүн бойдақ қой жүні деп аталады. Бойдақ қой жүні саулықтың жүніндей емес, одан жуандау, қошқар жүнінен жіңішкелеу, саулық жүнінен екі есе мықты болады. Басқа қойларға қарағанда бойдақ қойлардан жүн екі еседей көп түседі.
Қой денесінде өскен жеріне қарай жүн бас жүн, жабын жүн, бауыр жүн, мойын жүн, пұшпақ жүн, тірсек жүн деп аталады. Қойдың сирақтарында, құйрығында, құрсағында өсетін қысқа, тықыр жүндерін - жабын жүн, басына өсетін қысқа жүнді - бас жүн, екі қапталына өскен жүнді - бауыр жүн, мойнына шыққан жүнді - мойын жүн, сандарына өскен жүнді - пұшпақ жүн, тірсегіне өскен жүнді тірсек жүндеп атайды. Кейбір аймақта қойдың арқасына шыққан жүнді жондама, жондама жүн дейді.
Көктемдегі жүнді - жабағы, күзгі жүнін күзем жүн деп бөледі. Жабағы жүн қойдың терімен, шайырымен ұйысып, тұтасып тұрады. Оның қылшығы аз, түбіті көбірек болады. Осындай белгісіне қарап бұндай жүнді ұрғашы жүн деп атау да кездеседі. Жабағы жүннің екінші атауы - өлі жүн. Көктемде қырқылған жабағы жүнді сапасына қарай сары жүн, тезек жүн деп атау да кездеседі. Өйткені өткен күзден бері қырқылмаған қой жүнінің арасында әртүрлі заттар болады. Оның ішінде малдың қордасы (көңі, қиы) мен шөп қалдықтары ұшырасады. Несеп сіңген сулы қорда жүннің түсін бұзып, сарғайтып жібереді. Ондай жүн сатпақталып, сабалақтанып тұрады. Оны жуғанда да
оңайлықпен кетпейді.
Қой мен қозының күзде (қыркүйекте) қырқылатын жүні жыл маусымына орай күзем жүн деп аталған. Күзем жүннің жабағы жүнмен салыстырғанда түбіті аз, жүн талшықтары қысқалау болады. Осы ерекшелігіне қарап халық арасында оны еркек жүн деп те атаған. Ондай жүнді көбінесе киіз басуға қолданады. Күзге салым қой-қозы жүні қырқылатын мезгілдің ертеректегі халық тіліндегі аты - күзем айы. Ол кіші күзем, үлкен күзем болып бөлінеді. Кіші күзем - қозылардың төрт айлығында, үлкен күзем - қозылардың алты айлығында қырқылатын уақыты. Осы екі уақытта қырқылған жүн де кіші күзем(кейде оны қозы күзем дейді), үлкен күзем деп аталады. Үлкен күземді кейде тоқты күзем деп те атайды. Өйткені қырқым қозының тоқты шыққан уақытына тура келеді.
Қой жүні құрамына қарай түбіт, қылшық деп, қылшықтың өзі жай қылшық, аралық қылшық, өліқылшық, құрғақ қылшық, тікенек қылшық деген түрлерге бөлінеді. Жүн түбіт пен қылшықтан тұрады.Түбіт-ең жіңішке қылшық. Мұндай қылшық үнемі ширатылып тұрады. Қылшыққа қарағанда түбіт жұмсақ, биязы, созылмалы болады, ұлпаланып тұрады. Сондықтан, қазіргі кезде түбіт деп қой терісінің түбіндегі ең жұмсақ жүн деп түсінеді. Ол басқа талшықтарға қарағанда тығыз өседі, сондықтан жақсы кірігеді. Жүн түбітсіз болмайды. Барлық жүнде түбіт болады, бірақ оның мөлшері қой тұқымына байланысты аз не көп болуы мүмкін. Түбіті көп жүн сапалы деп есептеледі. Түбітке бояу жақсы сіңеді. Ең жақсы жүн маталар түбіттен тоқылады. Қылшықсыз жүнді биязы жүн дейді. Түбіттен әлдеқайда жуан әрі ұзын, бірақ бұйраланбай көбінесе тік өсетін жүннің талшығын қылшық дейді. Қылшық ірі жүнді қазақы қойларда көп болады. Будан қойлардың жүнінде әртүрлі мөлшерде өседі. Иірімділік, беріктік қасиеттері жағынан түбіттен әлдеқайда төмен болады.
Түбіт пен жай қылшықтың аралығындағы талшықты аралық қылшық дейді. Ол түбіттен жуан әрі ұзын, қылшықтан жіңішке, көбінесе қысқа болып шығады. Бұйралығы түбіттен төмен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойды бонитировкалауды ұйымдастыру. Биязы, биязылау, ұяң жəне қылшық жүнді қойлардың тұқым стандарты мен оларды бонитировкалау жəне қаракөл қозыларын бонитировкалау. Қой асылдандыру есебін жүргізу
Қазіргі кезде киім тігу өңдірісінде көптеп қолдаңылатын жануарлардан алынатын шикізаттардың бір түрлері
Биязы жүнді қойларды бонитировкалау
Биязы және биязылау жүнді қой тұқымдарын бонитировкадан өткізу
Меринос тұқымды қойларының биязы жүні және жартылай биязы жүні кеңінен танымал
Ұяң және қылшық жүнді қой тұқымдарын бонитировкалау
Қой шаруашылығы. Қойдың биологиялық ерекшеліктері
Қазақстанда қой шаруашылығының дамуы
Қойлардың жүн өнімділігі
Қаракөл қойларының селекциялық ерекшелігі
Пәндер