Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы


Мазмұны
Қысқартылған сөздер . . . 3
Кіріспе . . . 4
І-тарау
1. Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының негіздері
1. 1 Қонақ үй индустриясының даму тарихы . . . 5
1. 2 Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы . . . 8
1. 3 Тұтынушыларға қызмет көрсету аясының экономикалық өсуге ықпалы . . . 15
ІІ-тарау
2. Қонақүй-туристік кешеннің (ҚТК) ұйымдастыру тиімділігі
2. 1 Қонақ үй туристік кешенінің басқару құрылымы мен сипаттама . . . 21
2. 2 Қонақ үй туристік кешенінің әлеуметтік-экономикалық алғы шарттары . . . 25
2. 3 Қонақ үй туристік кешенінің жүйелілігі мен негізгі қозғаушы факторлары. 31
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 34
Қысқартылған сөздер:
- ЖҰӨ - Жалпы ұлттық өнімі
- ТҰ - Туристік ұйым
- ҚР - Қазақстан Республикасы
- ДТҰ - Дүниежүзілік туристік ұйым
- БҰДТҰ - Біріккен ұлттар дүниежүзілік туристік ұйым
- БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы
- ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
- ХЕҰ - Халықаралық еңбек ұйымы
- КАХА - Көлік авияциясының халықаралық ассоциациясы
- ТААҚ - Туристік агенттердің Американдық қоғамы
- ТАДА - Туристік агенттердің дүниежүзілік ассоциациясы
- КОКП - Кеңес Одағының Комунистік партиясы
- ОК - Орталық комитет
- БКҰОҚ - Бүкілодақтық кәсіподақ ұйымдарының орталық кеңесі
- КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы
- ҚТҰБ - Қазақстан туристік ұйымдарының бірлестігі
- АҚШ - Америка Құрама Штаттары
Кіріспе
Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі түсінігі антика заманында қолданыла бастаған. Антика заманы тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет әлемі және қайталанбас тағдырымен және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығуы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антиканың «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады.
Еуропалық даму антикалық негізде құрылған. Жерорта теңізі аймағы, Таяу Шығыстағы, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері, Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стилде көптеген ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық дәуір әлемге және адам қауымына саяси және әлеуметтік формалар енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда болған. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен қатар көптеген халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал етті. Антика дәуірде көптеген ғылымдардың негізі жатыр.
Антика дәуіріне маңызды естеліктерді гректер мен римдіктер қалдырып кетті.
Ең алғаш рет қонақ үй өнеркәсібі туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың иелеріне билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы әртүрлі болған.
Кейбіреулері «қонақжайлық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді яғни - қонақжайлық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар - дәл осылай антика дәуірінде өз үйінде жанұясымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісім құрған.
«Қонақжайлық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ескі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш шығуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар орнына тоқтау себебтерімен тікелей байланысты.
Қонақ үйлер әдетте бір елмен басқа елдерге баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлерімен өкілдер жұмыс жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана, сол жерде тамқтандырады, аттарын ауыстырады.
Орта ғасырларда Еуропада тұрақты аулалар монастырлар кезінде соғыла бастады. Шіркеу жолаушылары діни қызметкерлерге, әулие жерлерге саяхаттаушыларға арнап қонақ жайлар ұйымдастыруды міндеттеді.
Уақыт өте келе тегін қонақжайлылықтан кіріс табуға есептелінген мекемелерге айналды. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыста, Орталық Азияда және Кавказияда орын ала бастады. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылайды. Олар әдетте шатырларда, кеу кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарында жайғасты.
1. Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының негіздері
1. 1 Қонақ үй индустриясының даму тарихы
XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлығы, туризмнің дамуымен байланысты.
Теңіз жағалауларында, минералды су көздері маңында табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынып қызмет көрсетудің әдістері және түрлері өзгерді. Экономиканың бұл облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады. Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сондай - ақ басқа мемлекеттерде қонақ үй тұрғызумен айналысты.
Лондонда қонақ үй синдикаты, Францияда «Қонақ үй қожайын одағы» құрылды. Бұл мекемелердің жеке иегерлері нөмірлерге бағаларын белгілеп, қонақ үй қызметкерлері мен мамандар даярлап туризмнің дамуына жағдай жасады.
1906 жылы «Халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктірді.
Еуропаның ең ірі қалаларында қонақ үйлерді басқа бағытта пайдалану басталды. Ол жерлерде казино ойындарын өткізу, прессконференция өткізу қарастырылған.
Қонақ үй шаруашылығының тез қарқынмен дамуы XX ғасырда басталды. Бұған себеп автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өсуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми - техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады.
Қазіргі «Қонақжай индустриясы» дегеніміз отельдер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын - сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.
XVIII - XIX ғасырда өнеркәсіп орындары мен сауда байланыстарының өсуімен, қалалар саны артып, қонақ үйлер ашылды. 1818 жылы Мәскеуде жеті қонақ үй жүйесі жұмыс жасады. 1900 жылы Петербургте 325 қонақ үй ашылды. Ал 1910 жылы Ресейде 4685 қонақ үй жұмыс істей бастады. Ол қонақ үйлердің бәрі таза коммерциялық мекемелер мен жеке адамдар меншігіне қарасты еді.
Октябрь ревалюциясынан кейін, Кеңес үкіметінің декретімен, барлық қонақ үйлер ұлттандырылып, қонақ үй шаруашылығы түбегейлі қайта құруға ұшырады. 1940 жылы 669 қалада қонақ үй тұрғызылды. Ал Ұлы Отан соғысы кезеңінде барлық халық шаруашылығына, соның ішінде қонақ үй шаруашылығына үлкен зиян келтірілді. Соғыс жылдарынан кейін қайта қалпына келтіру жұмыстары мен жаңа қонақ үй жұмыстарының құрылыстары, қайта жабдықтау басталды.
1960 жылдарға таяу Кеңес Одағының 1364 қаласында, қонақтарға 1476 қонақ үйде қызмет көрсетті.
Алдағы уақытта елдегі қонақ үй базасының материалдық және техникалық өсуін келесі факторлар анықтайды:
- Қалалардың дамуы және жаңа қалалардың пайда болуы
- өнеркәсіптің өсуі
- ғылымның және мәдениеттің өсуі
- өнердің өсуі
- адамдардың материалдық жағдайының өсуі және т. с. с.
Бұл факторлар ішкі туризмнің дамуына іс - сапарға және демалысқа шығатындардың санының артуының алғышарттары еді. 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасының қарсаңында, КСРО - да барлық сыйымдылық орны 700 мың орын алатын 7000 қонақ үй орын алды. Көптеген ірі өте жайлы қонақ үйлер салынды. Ресейдегі өте үлкен қонақ үйдің бірі, 10 мың орындық қонақ үй комплексі «Измайлово» қонақ үйі болып саналады.
Өкінішке орай еліміздегі 1990 жылдардағы экономикалық және саяси жағдайға байланысты қонақ үй қызметіне деген сұраныс құлдрап кетті. 1990 жылдың аяғында Ресей Федерациясы мемлекеттік комитетінің берілген статистикалық мәліметтері бойынша, Ресей жалпы орын саны 390931 болатын 5043 қонақ үй типіндегі мекемелерді игерген.
Барлығы ресейде қонақ үйлердің 60% - ы қалалық жерлерде, ал 34 % - ы ауылдық жерлерде табылады. Көлемі жағынан қонақ үйдің нөмірлік қоры ең үлкендері Мәскеу мен Санкт - Петербург қалаларында орналасқан. Ресейдің астанасына арнап Мәскеу үкіметі «Мәскеудегі халықаралық туризмнің 2005 жылға дейінгі даму концепциясы» атты бағдарламада, қонақ үйлерді қайта жабдықтау және 30 мың қонақ үй орнына арналған жаңа құрылыс жоспарлаған. Үкімет қолдауымен сыртқы және ішкі туризмді дамыту бағыттары алға қойылған.
Мемлекеттердің экономикалық дамуы үшін туризмнің рөлі өте жоғары. Туризм XXғ. аяғымен ХХIғ. басында толығымен халықарлық деңгейде болды. Мұндай болуына 2 фактор әсер етті. Біріншіден, үлкен пайда алу мақсатында, кірісін жоғарлату үшін туристік кәсіпорындар, фирмалар саяхаттау географиясын әлем бойынша кеңейтуде. Екіншіден, рентабельді болу үшін туризм халықаралық деңгейде инвестициялану ерек. Қазіргі таңда туризмнің дамуы тұрақты. Жылына туристер саны орта есеппен 4% өсуде. Соңғы кездерде туризмнің интенсивті өсуі мына региондарда байқалады: Африка, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, және Тынық мұхит регионы. Туризмнің бұлай даму тенденциясы халықаралық бәсекелестікке жағдай туғызып отыр, яғни жылдан жылға қызмет сапсы жоғары курорттар пайда болуда. Ал, бұрынғы туристік региондар жаңа қызмет түрлерін ұсынуда, жаңа жоспарлар құруда. Осылайша жаңа курорттар, қызмет көрсетудің жаңа түрлері пайда болуда. Туристік ағымды өзіне көптеп тарту үшін, туристік региондарда туристердің жақсы демалуына барлық жағдай жасалуда. Туристік өнімді өткізу үшін, осы өнім туралы ақпараттың клиентке оңай жетуі тиіс, яғни бұқаралық ақпарат көздері арқылы немесе демалыс орындарында болу керек.
Көп елдерде халықтың табысы туристік қызмет саласына жұмсалады. Шығу және ішкі туризм сферасында қонақүй шаруашылығы туристерге толық комплексті қызмет түрін ұсынады. Қонақ үй шаруашылығы Қазақстанда даму преспективасын анықтайтын негізгі фактор болып табылады.
Туристік қызмет, оның ішіндегі қонақүй қызметі әлеуметтік-мәдени қызмет түріне жатады. Туристік қызметтер қазіргі таңғы қонақжайлылық принципіне негізделіп құрылады, яғни Қазақстанда туризмді дамытуда қызмет көрсету саласының рөлі жоғарлайды. Туристік қонақүй сервисіне, кадрларды дайындау жүйесіне арнайы жаңа бағыттағы мәселелер қойылады.
Орналастыру - туризмнің ең негізгі элементі. Қонақүй өндірісі-қонақжайлылық жүйесінің негізі болып табылады. Орналасу жүйесі немесе құралы- бұл әртүрлі сервис деңгейін ұсынатын, уақытша клиенттерді қабылдайтын, түнеуге орын беретін әр түрлі типтегі ғимараттар. Қазіргі таңда қонақжайлылық инфроқұрылымы регионның және туристік орталықтың қарқынды даму үстіндегі қуатты жуйесі және туризм экономикасында маңызды құралы. Қонақжайлылық инфроқұрылымын әртүрлі ұжымдық және жеке орналасу орындары құрайды: отелдер, қонақүй, мотель, жастарға арналған жатақханалар, апартаменттер, туристік приюттар және жеке секторлар.
Республиканың көрікті, көрсетуге болатын маңызды объектілері мемлекеттің оңтүстігінде орналасқан. Олар Қазақстанның алғашқы қалалары: Түркістан, Отрар, Баба-ата, Испиджап (Сайрам), Тараз, Мерке; Талхиз(Талғар), Қойлық(Талдықорған) .
Алдағы уақытта қонақ үй бизнесінің дамуы туризмнің дамуымен тікелей байланысты.
Ендігі кезекте Қазақстанның қонақ үйлеріне тоқтала кетсек. Оңтүстік астана қонақ үй индустриясының басты орталығы болып саналады. Бүгінгі күнде республикада 195 қонақ үй жүмыс істейді. Соның 36-сы Алматы қаласында орналасқан. 1990 жылдан бастап Қазақстанның қонақ үй рыногында инвестициялық ағын болды деуге болады. Осы жылдары 10 аса отелдер салынды. Көбісі бірлескен кәсіпорындар болып есептеледі және де әртүрлі халықаралық қонақ үйлер тізбектеріне кіреді. Кейіннен 1990 жылдардың ортасында халықаралық стандарттарға жауап беретін бір қатар отелдер пайда болды. Олардың инвесторлары болып отандық бизнесмендер шықты.
Қонақ үй индустриясына инвестицияның келуіне байланысты, банкротқа ұшыраған конақ үйлер саны да өсті, яғни рынок сұранысындағы дәрежеге сай қолайлы. Мысалы: оған «Премьер Медеу» отелін жатқызамыз. Ежелгі Медеу шатқалы демалу жұмыс орнына қолайлы. Осының бәрі Алматы орталығынан 15 минуттьқ жерде. «Медеу» мұз айдынының жанында «Қазақ ауылы» мейманханасы (Отырар комплексі) орналасқан. Қазақстанда отель бағасы бойынша және қызметтері бойынша әр түрлілігімен көзге түседі. Бір тәулікке 3 доллар, бұнымен көбінесе дүние жүзінің волонтерлері қолданады.
Ал люкс нөмір 1400 долларға дейін жетеді. Бұнымен көбінесе сапарға келген президенттер қолданады. Жергілікті жердің экзотикасына қызығушылар, халықаралық стандартқа үйреніп қалғандар қолданады. Бес жүлдызды отельдерде шетел азаматтарына барлық керек нәрсе бар. Әрине бағасына сай. Жиі келіп тұратын шетел азаматтарына шамалы жеңілдіктер болады.
- Қазақстан Республикасында туристік саланың қонақ үй қызметі аясында дамуы
Терең ғылыми зерттеуді, талдауды және жүйелендіруді қажет етіп отырған, туризм құбылысының, туристік саланың елімізде дамуының, туристік қызметтің жұмылдыра көрсетілуінің басты себеп-салдары ретінде көрінуі және адамдардың әл-ауқатын жақсартудағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғауы, осы бөлімде оларға негізделе тоқталуымызға түрткі болды.
Отандық ғылым «туризмді», белгілі бір аймақтарды, елдерді тану мақсатымен жасалатын саяхатты білдіретін белсенді демалыс түрі ретінде сипаттайды. Түсінік берудегі келістерді қорытындыласақ, онда «туризмді» адамдардың тұрақты мекен-жайларынан тыс жерлерде уақытша тоқталуы немесе саяхат жасауы нәтижесінде пайда болатын қатынастар жүйесі ретінде анықтауға болады. Жалпылама сипат алған бұл анықтама, аталмыш құбылыстың әлеуметтік және экономикалық аспектілерін қозғамай, бейнелеумен ғана шектелген. Алдындағы тарауда қозғаған ойлар мен қарастырылған әдебиеттердің негізінде, диссертант, туризмге өзінің рухани және басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру, дене мен мінезқұлықты саулығын нығайту, қоршаған ортаның жаңаша әсерін тану мақсатымен, туристік қызметті тұтыну негізінде туристің бос уақытты пайдалануы ретінде анықтама береді.
Қазіргі заман ғалымдарының ішінен алғашқылардың бірі болып, туризмге экономикалық құбылыс ретінде назар аударған П. Ротоу, елдер дамуындағы экономикалық кезеңдер мен олардағы туризмнің даму ерекшеліктері арасындағы корреляцияны анықтау арқылы ұсынған үлгісі бүгінгі күнге дейін экономистермен мойындалуда. Халықаралық рынокқа туристік қызметпен шығу, экономикалық әлуеті жоғары, дамыған елдер үлесіне тисе, онда туризм «орта кластың» өркендеу белгісіне және жаппай тұтыну өніміне айналған. П. Ротоудың болжамына сәйкес, рынок жолына түскен дамушы елдерде, ал бұған біз өз кезегімізбен Қазақстанды енгіземіз, қызметтер аясындағы мультипликативті табыс құралы, тұрғылықты халықты жұмыспен қамту және инфрақұрылымның даму құралы болатын, ішкі туризмнің дамуына жағымды әлеуметтік-экономикалық жағдайлар туындап отыр. Теориялық тұжырымдар мен жорамалдарға сүйенбей, статистикалық мәліметтерге жүгінетін, бүгінгі күнгі туристік қызмет аясының ел экономикасына ықпалын бейнелейтін үлгілер, экономикалық тұрғыдан ғана ұсынылып, әлеуметтік жағы назардан тыс қалған.
Қазақстанның өтпелі кезеңнен кейінгі туризм саласының, халыққа ұсынылатын туристік қызметтер жағдайының әлі де болса тұрақтанбауына қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайын реформалау процесі ауқымды үлесін қосты. Қазіргі туристік аядағы «қайшылықтар» қайдан пайда болғанын анықтау үшін, өткен бірнеше жыл ішіндегі Қазақстандағы осы саланың даму процесін қарастыру қажет.
Арнайы әдебиеттерде туристік қызметтер аясы Қазақстанда XX ғасырдың бас кезінде пайда болғандығы жайлы сөз етілген. Туристік сала, халық шаруашылығының барлық салалары секілді кешегі күнге дейін орталықпен қатаң түрде басқарылып келген. Қазақстанда халықаралық туристік қызметпен алмасудың бастамасы ретінде, ресми түрде шетелден келген 25 қонақты қабылдауымен ерекшеленген 1956 жыл белгіленеді. Тап осы жылы КСРО, сол кездегі БҰҰ-да әрекет еткен ресми туристік ұйымдардың Халықаралық Одағына мүше болып кірген болатын. Қарастырылып отырған, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезең, туристік саланың индустриализациясы мен монополизациясы кезеңі болып табылады. Экономиканың жалпы дамуы мен соның ішіндегі туристік қызмет саласына тиісті маңызды шешімдерді орталық мемлекеттік органдар қабылдады. Халықаралық және ішкі туризмнің жоспарлы даму міндеттері әртүрлі Орталық органдарға бекітілді: жас өспірімдер және спорттық туризм мүдделері туристік-экскурсиялық, кәсіподақтық және қоғамдық органдардың құзырында болса, ішкі туризм мәселелерін - кәсіподақтар қарастырса, халықаралық - әртүрлі қалаларда өз бөлімшесі және шетелде өкілеті бар жеке ұйымдарға бекітіледі; ал жастар туризмін Орталық жастар ұйымы ұйымдастырады.
1962 жылы туристік-экскурсиялық басқару негізінде, туристік саланы жаппай дамыту міндетін алған, туризм мен экскурсиялар бойынша кеңес жүйесі құрылған болатын. Туризм мен экскурсия бойынша кеңестің қызметі Орталық Кеңеспен реттелініп отырған, ал олардың құрылуы елдегі туристік-экскурсиялық қозғалыс ауқымының кеңеюіне жол ашты. 1965 жылы Қазақстан мен барлық Одақтас республикаларда туризм бойынша Кеңестер ұйымдастырылып, туристік саланың материалдық базасы біршама кеңейтіледі. Алматы, Қарағанды, Орал, Шымкент, Шығыс Қазақстан облыстарында алғашқы кездері тек жалға алынған көлік құралдарымен жұмыс істеген, саяхат пен экскурсия бюролары пайда болған. 70-жылдардың орта кездерінде Қазтур Кеңесінде шетел туристерін қабылдау мен оларға қызмет көрсету бойынша бюролар жүмыс істей бастайды.
Алматы, Жамбыл (қазіргі Тараз), Шымкент, Қарағанды және Целиноград (қазіргі Астана) қалаларында «Интурист» атты Бүкіл Одақтық акционерлік қоғам агенттіктері ашылды. Ол КСРО-ның Министірлер Кеңесіндегі шетел туризмі бойынша бас басқармасына бағынышты болды. Сол жылдары біздің отандастарымызды Жерорта теңізінің жағалауындағы - Греция, Түркия, Тунис, Мальта, Испания, Франция, Ұлыбритания, Италия елдері арқылы өтетін, социалистік елдерге саяхат; Финляндия, Үндістан бойынша өтетін маршруттар қызықтырды. Туристік саланың дамуының жоспарлы реттелуі елімізден шетел валютасы «ағымының» мүмкіншілігін мейлінше азайтты, ал айырбастан тыс келген халықаралық топтарға туристік қызмет көрсету шетел валютасының түсімін арттыруға айтарлықтай әсерін тигізді.
Сол кездегі КСРО-дағы туристік қызметтің негізгі аймақтары болып Кавказ, Қрым, Балтық жағалауы, Ресейдің тарихи орталықтары мен Орта Азия саналды. Ал Қазақстанның бірқатар табиғи көрнекті жерлері мен мәдени ескерткіштері, архитектурасы мен археологиясы мүлдем көңілден тыс қалып қойды. Бүл кездері қазақстандық туризм идеологиялық функция атқаратын мәдени-ағартушылық жұмыс жүйесінің элементтерінің бірі ретінде көрінді. Мемлекеттің туристік саланы экономикалық сала ретінде қарастырмауы, кешенді болжаулардың жүргізілмеуі, ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалмауы, Қазақстанда туристік қызмет индустриясының артта қалып қоюының негізгі себептерінің біріне айналды. Сондай-ақ, туристік қызметті аумақтық ұйымдастыру мен мемлекеттік емес туристік құрылымдар көңілден тыс қалды.
Постсоветтік уақыттағы халықаралық туристік қызметпен алмасуын шектеу саясаты, оның республикадағы дамуына кедергі жасап, тек ішкі туризм, не болмаса өзара туристік ағымның дамуына әкелді және де ол қалдық принципі бойынша қаржыландырылды.
80-жылдардың орталарына қарай орын алған түбегейлі реформалар, социалистік құрылысты «жылдамдатуы» бойынша дәстүрлі әкімшілік-әміршілдік шаралар шеңберінде жүргізілді. Реформаторлық ойдың негізі мынадай екі нұсқамадан тұрды:
1. жылдамдатылған қарқынмен бір бесжьлдық ішінде өркениетті батыс елдерін негізгі технологиялық көрсеткіштер бойынша қуып жету.
2. социализм жүйесі өз бетінше батыс елдерінің қоғамына қарағанда кіршіксіз, ал оның экономикалық артта қалуының себебін «социализмнің әлуетті мүмкіншіліктерін жеткілікті пайдаланбауында» деп сендіре түсіндіру.
«Ұлы советтік арманды», яғни Америкаға жету және одан асып түсуін жүзеге асыруды алғашқы кезде социалистік негізге реформалану арқылы болдыруға тырысты. Осыған байланысты, 1990 жылдың басына дейін советтік машина жасау саласын американдық, жапондық және германдық деңгейге дейін «жылдамдатып» дамыту, «міндеттен тыс» немесе оңтайлы бағыт болып саналды. Дегенмен, сол кездегі экономиканың машина жасау саласы үшін жабдықтар өндірісін қажетті қарқында дамытуға дайындықсыздығы, аталмыш жобаның іске аспауына әкеліп, басқа да реформалардың кідіруіне себепкер болды. Яғни, дәстүрлі социалистік негізде модернизациялау мүмкіншіліктерінің толық игеріліп болғандығы туралы қорытынды жасауға болатын еді.
Осындай белгісіздік пен үрейлену кезінде туристік сала мәселелері әлі де болса жоспарлы тәртіпте үйлестірілуін жалғастырады. Сол кездері шетелден қонақтарды күтіп алу мен азаматтарымызды шетелге жіберу ісімен «Интурист» Мемлекеттік комитеті және «Спутник» халықаралық жастар туризмінің Бюросы айналысты. Шетелден келген туристердің 60%-нан астамын бұрынғы социалистік елдердің азаматтары құрады. Сондағы шетел туристерінің ішінде жүргізілген сауалнама нәтижесіне жүгінетін болсақ, олардың отанына келуінің негізгі мақсаты, саяси және экономикалық өмірдің өзгеруіне байланысты күшейе түскен елдің тарихи-мәдени жағдайына қызығушылықтарының артуы болғандығын байқаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz