Ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Аударма - әдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта жасалуы, басқа тілдегі түпнұсқа негізінде жазылған көркем туынды.
Аударманың мақсаты - түпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешілігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек.
Аударма кезінде ағылшын тілінің сөз таптарын аудару. Әр тілдің өзіндік ерекшеліктері болады: грамматикалық, лексикалық және т.б. Аударма кезінде аудармашы түпнұсқа және аударып жатқан тілінің ерекшеліктерін, оның ішінде сөз таптарын аудару ерекшіліктерін білуі маңызды. Не дегенмен сөз таптарының дұрыс аударылуы аударманың сапалы болуына себеп болады. Сондай-ақ сөз таптары сөйлемде белгілі бір мүше болатындықтан, ағылшын тілінің сөйлем мүшелерінің орналасу ретін, ол қазақ тіліне аударылған кезде орындарының өзгеруін білу сияқты ұсақ-түйектер білу де аудармашының кәсібилігіне әсер болады.
Ағылшын тілінде 8 сөз табы бар зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, көмекші сөздер, жалғаулық, одағай. Алғашқы алтауы маңызды тәуелсіз сөз таптары және сөйлем мүшелері болып табылады. Негізгі жүйелері қазақ тілінің сөз таптарымен бірдей болғанымен, кей сөз таптарының түрлерінде айырмашылықтар бар.
Бұл зерттеу жұмысымда аударма ұғымына түсініктеме беріп, түрлеріне және аударма ісі теориясының мәселеріне қысқаша тоқтала кетемін. Содан соң ағылшын тілінің әр сөз табымен таныс болып, оларды, әрқайсысының аудару ерекшеліктеріне шолу жасаймын. Олардың сөйлем мүшесі ретінде сөйлемде орналасуы және қазақ тіліне аудару кезінде қазақ тілінің ережелеріне байланысты орындарын алмастыруы жөнінде айта кету де маңызды. Герундий ағылшын тілінің етістіктерінің үлкен бір формасы болып табылатындықтан, оны грамматикалық трансформациялармен бірге соңғы бөлімде қарастырамын.
Зерттеу жұмысымның мақсаттары мен міндеттері. Берілген зерттеу курстық жұмысымның мақсаты ағылшын тілінің сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Осы мәселе бойынша зерттеу жұмысымның міндеттеріне мыналар жатады
* аударма ісін жалпылай зерттеу
* аударма теориясының мәселелеріне көз жүгірту;
* ағылшын тілінің сөз таптарының жүйесін анықтау
* сөз таптарын аудару ерекшеліктерін зерттеу
* сөз таптарының сөйлем мушелері ретінде сөйлемде орналасуын қарастыру;
* грамматикалық трансформациялармен таныс болу;
* аударманың грамматикалық мәселелерін анықтау және т.б. міндеттер қойылды.
Зерттеудің басты объектісі болып ағылшын тілі болып табылады.
Зерттеу тақырыбы - ағылшын тілінің сөз таптары және оларды аудару жолдары.
Зерттеу әдістері: зерделеу, анализ жасау, салыстыру, екі тілдің грамматикасын зерттеу, қорыту.
Курстық жұмысымның ғылыми құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.АУДАРМА ІСІ ТЕОРИЯСЫ МЕН ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗДЕРІ
1.1. Аудармаға жалпы түсінік.
Аударма - адам қызметінің байырғы түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір-бірінен тілінің бөлектігіне сәйкем топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен-ақ әртүрлі тілдік қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын қос тілді адамдар - тілмаштар пайда болған. Халық тіршілігінде жазу-сызу қалыптасқан соң сөйлеушіге ілесе, қосарласа отырып, ауызша аударатын тілмаштар легіне аударуды жазбаша түрде жүзеге асыратын аудармашылар қатары қосылды. Жазбаша аудару қалыптасқан тұстан бастап-ақ аударма халықтың мәдени-қоғамдық өмірінің алуан тіршілігімен қатар өріліп, біте қайнасып жататын күрделі құбылысқа айналды.
Аударма - күрделі көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Бұл - адамзат қызметінің ежелгі түрі. Басынан бастап маңызды әлеуметтік функцияны атқарып, тіл аралық қатынасты мүмкін етті. Қазіргі кезде сот отырысы, құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға ауызша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды.
А.В Федоров аударманы түпнұсқасымен қатысты, екі тіл ерекшеліктерімен байланысты, материалдың жанрлық ерекшелігімен байланысты тілдік шығарма ретінде зерттейді.
Аудармаға байланысты басты екі жайт бар:
1.Аударманың мақсаты - бастапқы түпнұсқа тілін білмейтін оқырмандытыңдарманды өзге тілдегі мәтінмен мүмкіндігінше жақын таныстыру;
2. Аударма дегеннің өзі - басқа тілдің құралдарымен бейнелегенді екінші бір тілдің құралдарымен толық та нақты, нық шынайы, сенімді бейнелеу.
Аударма мынадай тұстарда қолданылады.
1. диалектіден оның әдеби тіліне;
2. әдеби тілден оның диалектісіне (негізінен, жазбаша түрде емес, ауызша түрде болатын үдеріс);
3. бір диалектіден екінші бір әдеби тілге (керісінше болуы мүмкін емес, яғни бір әдеби тілден екінші бір тілдің диалектісіне аудару қажетті жұмыс емес);
4. бір тілден екінші бір тілге;
5. туыстас тілдер арасында;
6. тегі бөлек тілдердің арасында;
7. көне дәуір тілінен жаңа дәуір тіліне (осы тұста көне түркі жазба жәдігерлерін, аударып жүрген ғылымдардың ұлтымыздың тарихы үшін сіңірген еңбектерінің айрықша екенін атап кету артық емес).
Аударма да, тіл сияқты "адамдар қарым-қатынастың аса маңызды құралы". Осы маңыздылығына байланысты түпнұсқадағы ойды басқа тілде толыққанды, айқын жеткізу қажеттігі туады, аударма тілдің түпнұсқа тілінің қалыптарына сәйкестенуі, ыңғайлануы келіп шығады. Бұл - аударманың түсінікті болуының негізгі шарты.
Аударманың ең жиі талап етілетін түрлерінің бірі - ауызша аударма.
Ауызша аударма - түпнұсқа мен оның аудармасы тіркелмеген нысанда аудару процесінде туындайтын түрі.
Аудармашының түпнұсқаны акустикалық нысанда (есту арқылы) қабылдап, оны ауызша нысанда өз аудармасы арқылы айтылатын аударма ауызша аударманың классикалық үлгісі болып табылады. Ауызша аударманың шағын екі түрі бар: ілеспе аударма және кезекті аударма.
Кезекті аударма - бұл ауызша дәйекті аудару тәсілі. Аудармашы шешеннің барлық сөзді немесе жартысын аяқтап, сөйлеуді доғаруынан кейін аудара бастайды. Ауызша кезекті аудару кезінде аудармашының іс-әрекеті шешеннің сөйлеу қарқынындағы уақытпен қатаң шектеледі. Мұндай кезекті аударма аудармашыға шешеннің айтқандарын талдауға және керекті сөздерді таңдауға аз уақыт береді. Түпнұсқа үзінділерінен қабылдаудың біржақтылығы оны орындағаннан кейін аударманы кейіннен салыстыруға немесе түзетуге, анықтамалық әдебиеттерді қарауға мүмкіндік бермейді.
Сөйлеушінің сөздері әрқашан қысқа бола бермейді. Осындай жағдайларда жазу техникасын білу қажет болады.
Аудармашы үшін аса күрделі тұстарды, сондай-ақ цифрларды, күндерді, есімдер мен атауларды аңғарып, жазбаша тез жазып ала білуі өте маңызды. Әдетте аудармашылар кезекті аударуды хаттамалық іс-шараларға қатысу кезінде, делегацияларға ілесіп жүргенде, іскерлік келіссөздерге қызмет көрсеткенде қолданады.
Алайда кезекті аударманың өз кемшіліктері де бар. Біріншіден, өте көп уақыт алады. Екіншіден, сөйлеушінің сөзі мен оның аудармасы аралығында уақыт көп болғандықтан, соңғысында қатерлерге көбірек жол беріледі.
Ілеспе аударма - ауызша аударманың ерекше түрі, аударманың барлық түрлерінің ең күрделісі және қиыны да, жауапты екендігі күмәнсіз. Бұл ретте аудармашы сөйлеушінің сөзімен бір мезгілде аударманы, яғни негізгі мәтінді есту арқылы жүзеге асырады. Ілеспе аударма парақтан аударуды да білдіреді (жазбаша мәтінді оны қабылдау процесінде және алдын ала оқымастан ауызша аудару).
1.2. Аударма ісі теориясы мәселелері.
Кез келген тілде басқа тілдерге де ортақ грамматикалық ортақ әмбебаптықтың болуы - заңды құбылыс. Дей тұрғанмен тұпнұсқа тіл мен аударма тілде грамматикалық сәйкестіктердің болуы сиректеу кездеседі, Осыдан келіп аударуда морфология, синтаксистік құрылысқа байланысты міндеттер туады. Тілдердің грамматикалық құрылысындағы айырмашылықтарға аударма теориясында ерекше орын берілуі де осыдан.
Тұпнұсқаның грамматикалық формасын өңдеу, реттеу аударманың мақсатына жатпайды. Аударманың мақсаты - тұпнұсқаның аударма тілге сай келмейтін грамматикалық формаларын жеткізу. Бұл жерде басты шарттың бірі сол, түпнұсқадағы грамматикалық формалардың өзгешелігі белгілі бір стильдік қызмет атқару керек. Мұндай ерекшеліктерге, мысалы, грамматикалық формалардың ықшамдылығы, сөйлем құрылымындағы, синтаксистік күрделі бірлікті құрастырушы сыңарлар арасындағы жарыспалылық, белгілі бір сөз табын неғұрлым жиі қолдану т.б. сипаттар жатады. Осы сияқты грамматико-стилистикалық бірліктерді аудару не болмаса аударма тілде бар аналогиялық құралдарды қолдану жолымен жеткізу аударманың міндеті болып табылады.
Жат тілдегі кейбір өзгеше грамматикалық құрылымдарды игеру қиын болуы мүмкін. Алайда осы сияқты тұлғалардың аударма тілге белгілі бір схема арқылы жететіні де болады. Мысалы: I knew that you will come деген ағылшын тілінің сабақтас құрмалас сөйлемінің бағыныңқы компоненті (that you will come) қазақ тіліне көбіне тура толықтауыш болып аударылады. Мұндағы ерекшелік сол, қазақ тілінде толықтауыш бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жоқ. Бұл сияқты грамматикалық сәйкессіздіктерді аудару, әдетте, сөз тіркесі, сөйлем шегінде ғана жүзеге асады.
Бір тілден екінші тілге аудару мәселесін қарастыруда басты назарды әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар грамматикалық құбылыстарға аудару керек. Дегенмен ортақ грамматикалық сипаттары бар тілдердің аударма тілден өзгеше грамматикалық құрылымдарын аударма тілге қалай жеткізудің типтік жолын, мүмкіндігін табуға болады. Әрине, бұндайда әр тілдегі ерекшеліктердің көрінісін есепке алып отыру керек болады. Мәселен, орыс тіліндегі етістіктің сипат санаттары ондай санат жоқ түркі тілдеріне (соның ішінде қазақ тіліне) қалай аударылатыны, қазақ тілінің оны жеткізе алатын мүмкіндігі қандай дәрежеде екенін назарда ұстау керек болады. Бұндай сәтте нақты бір тілдің (бізше, қазақ тілінің) басқа тілдегі өзгеше грамматикалық құрылымдарды жеткізе білу мүмкіндігі, ол өзгешеліктерге белгілі бір сәйкес элементтерге сүйену керек.
Аудармада тілдік жүйенің әр деңгейінің (лексикалық, морфологиялық, фонетикалық, синтаксистік) бір-бірімен тығыз байланысты екені ерекше көрінеді. Мәселен, He intends to make it деген сөйлемді Ол бұны істемек деп аударамыз. Байқап тұрғанымыздай, intends деген лексикалық сөз қазақшаға -мек жұрнағы арқылы аударылып жүре береді.
Дәлме-дәл формальді - грамматикалық тұрғыдан аудару тұлғалық-формалық сәйкестіктердің болмауына байланысты көбіне мүмкін болмай қалады. Грамматикалық тұлғаны сол қалпы грамматикалық тұлғамен аудару көбіне аударма тілдегі сөздердің тіркесу заңдылығына сай келмеуі мүмкін, ал кейбір жағдайда тіларалық тепе-теңдік (формалық тепе-теңдік) стильдік тұрғыдан басқаша болып шығады. Әсіресе тұпнүсқа мен аудармадағы сөйлемдердің орын тәртібі мен саны, грамматикалық санаттары, негізгі мағынасы сайма-сай келуі сирек кездеседі. Мысалдар:
And all for some reason sighed -
Неліктен екені белгісіз, бәрі де күрсінді.
Байқап, отырғанымыздай, дәлме-дәл аударма. Дегенмен бұл аудармадан айырмашылықтарды да байқауға болады: for some reason - неліктен екені белгісіз, ағылшын тілінің бір формасы қыстырмалық ораммен беріліп отыр. Тұпнұсқада бұл сөз формасы басқа сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланыста тұр.
Түпнұсқа тіл мен аударма тілдің арасында болатын айырмашылықтардың үш типі бар:
1. Түпнұсқа тілде кездесетін элементтерге аударма тілде формалық-грамматикалық сәйкестіктердің болмауы. Мысал ретінде орыс тілін тұпнүсқа тіл деп алсақ, ол тілдегі етістіктің вид категориясы, род категориясы, сын есімнің қысқа формасы т.с.с.
2. Керісінше, аударма тілде бар элементтер түпнұсқа тілде болмайды. Бұған орыс тілінен қазақ тіліне аударуда кездесетін қазақ тіліндегі етістіктің нақ осы шағы, бұрынғы өткен шағы, өзгелік етіс, тәуелдік жалғау т.с. жатқызуға болады.
3. Аударма тіл мен түпнұсқа тілде формалық-грамматикалық жағынан бір-біріне сай келетін элементтер болғанмен аудару үстінде олар қызметтері жағынан әртүрлі болып келуі мүмкін.
Аударма үдерісінде назар аударатын синтаксистік құбылыстар төмендегідей.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі шартты түрде болса еркін екені белгілі, ал қазақ тіліндегі сөйлемнің әр мүшесінің белгілі бір қалыпты орны бар. Сондықтан ағылшын тілінен қазақ тіліне аударуда әрқашанда орын тәртібін өзгертуге тура келіп отырады
Байқап тұрғанымыздай, бұл тәсілде де стиль басты бағдар болуы керек екен. Аударуда тыныс белгілерін сақтау көбіне әріпқойлыққа жатқызылып жүр. Алайда аударматанушы Ә. Сатыбалдиев аударуда тыныс белгілеріне айырықша көңіл бөлудің қажет екенін дәлелдейді.
Өйткені тыныс белгілері автордың өзіндік стиліне, сөз саптау ерекшелігіне, кейіпкердің міңезін беруге, түпнұсқаның ырғағына қызмет етіп тұруы мүмкін.
Аударуда грамматикалық вариантты таңдап алу. Қай тілді алсақ та, кейде бір мағына-мазмұн әр түрлі грамматикалық варианттар арқылы да беріледі. Айталық, қазақ тіліндегі қаладан шықты, қала маңынан шықты, қала жақтан шықты деген сияқты сөз тіркестер контекске қарай бір ғана мазмұнға ие болып тұруы мүмкін. Сол сияқты Тегінде, біреуді жамандағанда үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн ғой, Тегінде, біреуді жамандағанда да шектен шықпай, барды-жоқты үйіп-төге бермеген жөн ғой деген сияқты сөйлемдер әр түрлі ретте тұрғанмен, мазмұны өте ұқсас.
Грамматикалық варианттардың синонимдігі көбінесе конструкцияны тұтас алғанда көрінеді. Мәселен, жаңағы қала, қала жақ, қала маңы деген сөз формалары жеке алсақ синоним емес.
Грамматикалық синонимдер бірыңғай мағына-мазмұн береді дегенімізбен, олар стильдік тұрғыдан бірдей бола бермейді, бірін-бірі әрқашан ауыстыра бермейді. Бұл тәріздес синонимдердің бір ғана вариантын таңдап алу - не керекті мағынаны анықтайтын тар көлемді контекске, не тілдік стиль жүйесін анықтайтын кең көлемді контекске байланысты. Тегінде біреуді жамандағанда барды-жоғы үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн. Тегінде, біреуді жамандаған екенсін, сонда да барды-жоқты үйіп-төге бермей, шектен шықпаған жөн деген синонимдес сөйлемдерді алайық. Бірінші вариантында ақыл айтып қана тұр, ал екіншісінде жамандама деп тұрған жоқ, бірақ шамасын біл деп тұр. Бұл - тар көлемді контекске байланысты құбылыс, айтылатын дәл мағыналық реңді аша түсу үшін керек заңдылық. Енді кең келемді контекске келейік:
Алтын қылыштан құраған үйеңкі артық - Алтын қылышпен салыстырғанда құраған үйеңкі артық;
Қағазыңыз бар ма? - Қағазыңыз бар, ә?
Бұл сөйлемдердегі бірінші вариант жазба тіл стиліне тән де, екіншісі ауызекі сөйлеу стиліне тән. Аудару үстінде түпнұсқа тілдің осындай қасиеттерін ескеріп отыруға тура келеді.
2. АҒЫЛШЫН ТІЛІНІҢ СӨЗ ТАПТАРЫН АУДАРУ
2.1. Ағылшын тілінің сөз таптарының жүйесі.
Морфология - грамматиканың бөлімі, сөз таптары, олардың бөлімдері мен сөз формалары туралы ғылым. Ағылшын тілінде мынадай сөз таптары бар
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Сан есім
4. Есімдік
5. Етістік
6. Үстеу
7. Көмекші сөздер
8. Жалғаулық
9. Одағай
Алғашқы алтауы маңызды тәуелсіз сөз таптары және сөйлем мүшелері болып табылады. Жалғаулық және көмекші сөздер сөйлем мүшелері немесе сөйлемдердің арасындағы түрлі қатынастарды көрсететін, өздігінен сөйлем мүшесі бола алмайтын қызметтік сөз таптары болып табылады.
Одағай сөз таптарының маңызды да, қызметтік те қатарына жатпайды және өзіндік маңыздылығымен ерекшелінеді. Одағай сөздерді аудару кезінде қиындықтар туындаған жағдайда арнайы анықтамалықтар мен сөздіктерге жүгіну абзал.
Сөйлем талдаудың танымал жолы сөйлем мүшелері арқылы жүзеге асады. Ал сөйлем мүшелерін зерттейтін ғылым синтаксис деп аталады. қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 5 сөйлем мүшелері бар. Оның 2-еуі тұрлаулы, 3-еуі тұрлаусыз мүшелер. Егер сөйлем тек тұрлаулы мүшелерден тұрса, ол сөйлем грамматикалық негізде құрылған деп аталады.
Main parts- тұрлаулы мүшелер
Бастауыш - кім? Не? Subject - who? What? Баяндауыш не істеді? Predicate - what to do?
Secondary parts - тұрлаусыз мүшелер
Толықтауыш - септік сұрақтары. Object - what? Анықтауыш - қандай? Attribute - what kind of? Пысықтауыш - қалай? Қайда? Adverbial modifier - adverbial modifier of place - where? Adverbial modifier of time - when? Adverbial modifier of reason - why? Мысалы He bought a book - Ол кітапты сатып алды.
1. Зат есім
* Ағылшын тіліндегі зат есімдердің ерекшеліктері :
1) Зат есімнің алдына әдетте көмекші сөздер - артикльдер қойылады: a, an, the.
I am a teacher - Мен мұғаліммін.
Open the door, please - Өтінемін, есікті ашынызшы.
2) Зат есім екі септікке бөлінеді: жалпы ( a girl, girls) және тәуелді (girl's, girls').
What is the girl's name? - Қыздың есімі кім?
Where are the girls' books? - Қыздардың кітаптары қайда?
3) Зат есім басқа зат есімдерге анықтауыш бола алады:
You must wear your school uniform - Сендер мектеп формасын киюге тиістісіндер.
I like winter sports - Мен қысқы спорт түрлерін ұнатамын.
* Зат есімнің көпше түрі (Plural form of nouns)
1) Зат есімнің көпше түрлері жекеше түрдегі зат есімге - s жалғауы жалғану арқылы жасалады :
a pen -- pens қалам -- қаламдар
a ball -- balls доп -- доптар
2) Егер жекеше түрдегі зат есім -s , -ch , -sh, -x, -o әріптеріне аяқталса, көпше түрдегі зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a dress көйлек -- dresses көйлектер
a box қорап -- boxes қораптар
3) Егер жекеше түрдегі зат есім -f , -fe әріптеріне аяқталса, -f әрпі -v әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a knife пышақ knives пышақтар
a wolf қасқыр wolves қасқырлар
4) Егер жекеше түрдегі зат есім -у әрпіне аяқталып , алдыңғы әрпі дауыссыз болып келсе, -y әрпі -i әрпіне өзгеріп, зат есімге -es жалғауы жалғанады :
a city қала cities қалалар
a family жанұя families жанұялар
5) Көпше түрі өзгермейтін зат есімдер:
sheep қой sheep қойлар
fish балық fish балықтар
deer бұғы deer бұғылар
6) Кейбір зат есімдер көпше түрде еш жалғау жалғанбай , түбірдегі дауысты дыбыстың өзгеруі арқылы жасалады :
A man ер адам men ер адамдар
A woman әйел women әйелдер
A tooth тіс teeth тістер
A foot аяқ feet аяқтар
A mouse тышқан mice тышқандар
7) Кейбір зат есімдердің көпше түрі -(r)en арқылы жасалады :
a child бала children балалар
an ox өгіз oxen өгіздер
8) Тек жекеше түрде қолданылатын зат есімдер :
Advice кеңес
Information ақпарат
Iron темір
Money ақша
Water су
Weather ауа-райы
Work жұмыс
9) Тек көпше түрде қолданылатын зат есімдер :
People халық
Police полиция
Scissors қайшы
Glasses көзілдірік
Shorts шолақ шалбар
* Саналатын және саналмайтын зат есімдер (Countable and Uncountable nouns)
Ағылшын тілінде зат есімдер саналатын (countable) және саналмайтын (uncountable) зат есімге бөлінеді:
countable uncountable
A cap sugar
A man snow
1. Сын есім
Ағылшын тіліндегі сын есім (the Adjective) де қазақ тіліндегі секілді анықтамаға ие, яғни, заттың сипатын, сынын, сапасын білдіреді. Мысалы: deep sea - терең теңіз, fresh air - таза ауа.
Сын есімнің екі түрі болады:
1) сапалық (негізгі) сын есім: big - үлкен, tall - биік, small - кішкентай, т.с.с.
2) қатыстық (туынды) сын есім: central - орталық, golden - алтын (алтыннан жасалған), т.с.с.
Қатыстық сын есімдер салыстырмалы шырайда (түрде) болмайды және very - өте сөзімен бірге жазылмайды (very central - өте орталық).
Сапалық сын есімдер жай шырайда, салыстырмалы шырайда және күшейтпелі шырайда болады. Мысалы: big (үлкен) - bigger (үлкенірек) - the biggest (ең үлкен).
Ағылшын және қазақ тілі сын есімдерінің үйлеспешілігіне, қолданылуына және құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты аударма кезінде үлкен қиындықтар туады:
1) Бір буынды сын есімдердің салыстырмалы шырайлысына -er жалғауы, ал асырмалы шырайлысына -est жалғауы жалғанады. Асырмалы шырайдағы сын есімнің алдына кей жағдайларда the артиклі қойылады: (the oldest man in our town (біздің қалашықтағы ең қарт кісі), my the newest socks (менің ең жаңа шұлығым)).
2) Old сөзінің салыстырмалы және асырмалы шырайлы түрлерінде асты сызылып көрсетілген екі сөз (elder, the eldest) бар. Elder және the eldest екеуінен басқа older және the oldest деген сөздерден мағыналық жағынан ерекшеленеді. Біз older мен the oldest дегендерді адамдар мен заттарға қатысты қолданамыз. Мысалы: My book is older than yours (your book) - Менің кітабым сенікінен (сенің кітабыңнан) ескірек. That woman is oldest theacher in our school - Анау әйел - біздің мектептегі ең қарт мұғалім.
Elder және the eldest екеуі отбасындағы туысқандық қатынастарды сипаттауға арналған. Бұл екеуін зат есімдерге қолдана алмаймыз. Мысалы: My elder brother can't dance - Менің үлкен ағам билей алмайды. Zhanar is my eldest sister - Жанар - менің ең үлкен әпкем. Кейбір екі буынды сын есімдердегі екпін екінші буынына түсетін болса немесе -y, -ow, -er, -le жалғауларына аяқталатын болса, ондай сын есімдер де бір буынды сын есімдер секілді түрленеді.
3) Екі буынды сын есімдердің біразы мен екіден көп буындардан құралатын сын есімдердің салыстырмалы шырайлылары more (более) және less (менее) сөздерінің көмегімен жасалады. Ал асырмалы шырайлылары most (ең), least (наименее) сөздерінің көмегімен жасалады. Сын есімдерге салыстырмалы және асырмалы шырайларда ешқандай жалғау жалғанбайды. Мұнда more, less және least сөздерінің орыс тіліндегі аудармасын жазу себебім, қазақ тілінде ол сөздерді қысқа да нұсқа сипаттайтын сөздер жоқ. Бір сөз тура келгенімен, ол сөз басқа бір сын есімге сай келмейді. Түсінуге оңай болғанымен, нақты аудармасын беру өте қиын.
Жай шырай
(Normal form)
Салыстырмалы шырай (Comparative form)
important (маңызды)
more important
interesting (қызықты)
more interesting
difficult (оңай)
more difficult
careful (сақ, ұқыпты)
more careful
4) Сын есімнің зат есіммен үйлесімділігі әр тілде әр түрлі. Бұл айырмашылық әдеттегі жағдайларда анық көрінеді. Мысалы, a bitter cold қатты аяз, a heavy downpour қатты нөсер және т.б. Әдетте ағылшын тілінде бір сын есім әр түрлі зат есімдермен тіркеседі, ал қазақ тілінде мұндай тіркестерде әр түрлі сын есімдер қолданылады. Мысалы, a bad headache жаман бас ауруы, a bad mistake үлкен қате, a bad joke орынсыз әзіл.
1. Етістік
Ағылшын грамматикасы бойынша егер бағыныңқы құрмалас сөйлемнің басыңқы сөйлеміндегі етістік-баяндауыш өткен шақта тұратын болса, бағыныңқы сөйлемдегі етістік шағын таңдау еркіндігі жоқ, яғни бұл сөйлемдегі етістік өткен шақта тұруы қажет.
Мысалы:
Не says he is interested in sports.
He said he was interested in sports.
Бұндай сөйлемді қазақ тіліне аударғанда басыңқы сөйлем етістігінің шағы назарға алынады:
Не says he is interested in sports. - Ол спортқа қызығатынын айтады.
He said he was interested in sports. - Ол спортқа қызыққанын айтты.
2. Есімдік
Зат есім және сын есімнің орына қолданылатын сөз табын есімдік деп атайды. Есімдікке нақты анықтама беру өте қиын, себебі зат есім және сын есімге қарағанда есімдік затты атамайды, тек қана оны көрсетеді. Есімдік нақты бір контексте немесе жағдайда ғана түсіндірілетін жалпылама мәнге ие бола алады.
Әртүрлі есімдіктер әртүрлі грамматикалық категорияларға ие:
Сан: Бірлік және көптік сандар үшін кейбір есімдіктердің жеке түрлері бар мысалы: this мынау - these бұлар; that анау - those аналар.
Септік: Кейбір есімдіктерде зат есімдер сияқты жалпы септік және жіктеу септік формалары бар (somebody - somebody's; each other - each other's). Ал басқа есімдіктер атау септігінің формасында болады (I - me; who - whom).
Жақ: Жеке және тәуелділікті есімдіктер үшінші жақтағы ерлік, әйелдік және орта жақтар үшін жеке формалары бар. Мысалы, he және his есімдіктері ерлік жақтағы зат есімдерді ауыстырады; she және her - әйел жақтағы зат есімдерді ауыстырады. It oл,олар сияқты жеке есімдік және its оны сияқты тәуелділікті есімдіктер жаны жоқ зат есімдерді ауыстырады.
Ағылшын тіліндегі есімдіктерді аудару ерекшеліктері:
1. Кейбір жағдайларда жаны жоқ заттарды she есімдігімен белгілейді. Бірақ та she есімдігін айтушы айтып тұрған нәрсені ерекше жылумен айтқанда нақты бір заттарға ғана пайдаланады. Мысалы: I bought a new car. She is beautiful! - Мен жаңа машина сатып алдым. Ол өте әдемі! немесе I have been through a thousand storms and stories together with this ship Jeez, she is strong! - Осы кемемен мен мыңдаған теңіз толқындарымен қызықты оқиғалардан өттім. Ол сондай мықты! Сондай-ақ бұл есімдік мемлекеттер мен қалалар туралы айтқанда пайдаланылады.
2. Великобританияның әртүрлі графшылығындағы ағылшын тілінің кейбір диалектерінде me есімдігінің орнына us қолданатындығы кездеседі. Мысалы:
Send us some of them - Маған олардың кейбіреулерін жіберші.
3. Көптеген диалектерде тәуелділікті есімдіктер - s жалғауын жалғау арқылы құрылады: we's, us's (our); thoo's, you's (your), him's, she's, them's (his, her, their). Шығыс Англияда that's әдебиет есімдіктері his, her, its орнына қолданылады: that wagged that's tail.
4. Есімдіктердің басты міндеті - зат есімдердің қайталануының алдын алу. Ағылшын тілінде әдетте есімдік алмастырып тұрған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz