Қонақүй бизнесінде қызметтің негізгі түсініктемесі мен бағыттарын анықтау


Мазмұны
1. 2 Қазақстан Республикадағы туризмде қонақүй қызметін
мемлекеттік қолдауы…… . . . . . . . .
12
3 Қазақстан Республикасында имиджді қалыптастыру бағдарламасы
және тұжырымдамасы……… . . . …… . . . …… . . .
41
3. 1 Қонақүй персоналының имиджін қалыптастыруына
тұжырымдамалық әдістер . . . … . . . . .
41
60
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Біздің елімізде қонақүй қызметті арттыру мәселесі үлкен орынға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақүй саласында персоналдың имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау - халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады, Қазақстан деңгейін қолдаудағы қонақүйлік туристік индустриясын дамутуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.
Өткен ХХ ғасыр мен ХХІ ғасырдың бірінші онжылдығы туризмнің даму жолында көптеген оқиғалар мен құбылыстарға толы болды. Бүгінгі туризм әлем экономикасындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық тармақтарын басқарып, халықаралық деңгейдегі экономикалық байланысын дамуына зор ықпал етуде.
Қонақүйлік индустриясы қоғамдағы экономикалық мәселелерін шешуде маңызды әсер етуде. Дамыған елдерде туризмнен түскен табыс қара және түсті металлдардың халықаралық саудасынан түскен табыстан екі есе жоғары екені белгілі. Туризмнен түскен табыс сол аумақтың экономикасын көтеруге қабілетті.
Қонақүй индустриясы дамып жатқан аумақтың инфрақұрылымына, тұтынушылық нарығына және басқа да кәсіпкерлік қызметтердің дамуына экономикалық ықпалын тигізеді.
Әлемде туризмнің дамуына көп көңіл бөлуде, себебі бұл салалар жоғары табысты және тез өтуші. Валюталы түсіміне қарай туризм әлемде үшінші орынға ие. ДТҰ сарапшыларың болжамы бойынша туризм ХХІ ғасырда да ілгері дамиды және әлем экономикасының қозғалтқышы болады.
Қонақүй индустриясы Қазақстан Республикасындағы іскерлік шеңберде қызығушылықтарды арттырады. Демек, ішкі нарықтағы мемлекетік емес экономикалық және өндірістік құрылымдардың жаңа бастау алған кәсіпкерлердің табыс көзі болып табылады. Сондықтан, Қазақстандағы қонақүй индустриясы мен туризм нарығындағы персонал имиджін қалыптастыруды ішкі туристік саудасы мен халықаралық байланысын күшейту мәселесі тұр.
Туризм инфрақұрылымы мен қонақүй индустриясының бастапқы бағыттарының арасында Республикамыздың «Қазақстан 2030» әлеуметтік-экономикалық стратегиясында маңызды мәселелер бөлініп отыр. Бұл мәселелер тез арада өз шешімін табу керек.
Қазақстан егемендігін алғалы бері кәсіпкерлердің алдында қонақүй бизнесін және туризмді дамытуға зор мүмкіндіктері туындады. Үкімет туризмнен түскен табыс халықтың әлеуметтік және экономикалық жағдайын көтереді. Бірақ топталып шыққан заңнамалар туристік нарықта Қазақстанның жағымды имиджін қалыптастыра алмады. Қонақүй бизнесінің даму мәселесіне жанама немесе тікелей қатысты құқықтық құжаттар (заң шығарушы және нормативті актілер) ықпал ете алмады.
Әлемдегі туризмге салынған қаражаттардың аз мерзімде өтелетіні туралы жарияланған мақалалар да кәсіпкерлік белсенділікті көрсетпеді және персонал имиджінің көтерілуіне алып келмеді.
Қонақүйлік бизнеске кәсіпкерлердің көңіл бөлмеуде, соның бір себебі туризмде қонақүй имидждің болмауында.
Соңғы онжылдықта экономикада да, заңнамада да елеулі өзгерістер болды. Кіші және орта бизнестегі кәсіпорындар пайда болды. Олардың саны онмыңға жетеді. Сонда да қазіргі кезде қонақүй бизнесі қоғамдық және мемлекеттік қолдауды, жағымды имидждің қалыптасуын, оның даму жолдарының әдістерін талап етеді. Экономика саласы ретінде қонақүй бизнесі және туризмде персонал имидждің және кәсіпкерлік қызметтің даму мәселелері арнайы қарастырылу керек, яғни тасымалдау, орналастыру, тамақтану және ойын-сауық кешені сияқты қызмет көрсету нарық сегменттерінде халықтың экономикалық белсенділігінің барлық түрлері жатады.
Қонақүй индустриясы және туризм туристік қызметтерді өндіру саласында бастаушы бола отырып, кәсіпкерліктің дамуы үшін үлкен мүмкіндіктері бар.
Зерттеу мақсатында мәселелерді алдын ала сараладық: қонақүй бизнесінде қызметтің негізгі түсініктемесі мен бағыттарын анықтау және туристік нарықта персонал мен кәсіпкерлік имиджін қалыптастыру жолдары мен жағдайын анықтау.
Берілген мақсат келесідей міндеттерді шешеді:
- Қазақстан Республикасының қонақүй бизнесінде персонал қызметінің даму деңгейін анықтау және саралау;
- Қонақүй бизнесінде экономикалық белсенділігінің заманауй тенденцияларға сүйене отырып, персонал қызметіне анықтама беру;
- Қонақүйде персонал қызметінің негізгі түрлері мен формаларын классификациялау;
- Қонақүйдің персонал имидждің жағымды қалыптасуына ықпал ететін факторлар мен жағдайларды қарастыру;
- Қонақүй бизнесінде персоналдың имиджін қалыптастыру бағдарламасын жасау.
Қонақүйде персонал имиджін жағымды қалыптастыру үдерісі зерттеу құралы болып табылады.
Қонақүйде персонал имиджі және экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретіндегі кәсіпкерлік зерттеу объектісі болып табылады.
Зерттеулердің теориялық-әдістемелік негізі ретінде батыс теоретиктердің персонал мен имидж мәселелері туралы еңбектерінен алынды: Б. Карлофтың, Б. Котлердің, М. Питерстің, Шумпетердің, Й. Хазричтің Р., А. Хостингтің, және басқалардың, сондай-ақ ресейлік және отандық ғалымдардың да персонал мен имидж теорияларының тәжірибелеріне негізделдік: А. Агееваның, А. В. Бусыгинаның, П. П. Верханның, И. Н. Герчикованың, А. Я. Лившицтің, Ю. М. еңбектерінде қонақүй қызметте ұйымдастырушылық қамтамасыздандыру және заңнамалық құжаттары сараланды, мұнда туризмде экономикалық қызмет теорияларының мәселелерін көтерілген.
Жұмыстың жаңа зерттемелері қонақүй бизнесінде персонал имидждің жалпы даму заңдарын олардың ерекшеліктеріне пайдалану әрекетінен тұрады.
Жұмыстың тәжірибелік мәні «Туризм» мамандығының ақпараттық аумағын кеңейтетін арнайы оқу бағдарламасын даярлау.
Жұмыс мақсаттарына жету мен оны шешу үдерісінде келесідей әдістер пайдаланылды:
- Экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретінде қонақүй персоналының имиджін қалыптастыру мәселесін теориялық сараптау;
- Республикада қонақүй қызметтің дамуын регламенттейтін нормативті-құқықтық актілер мен заңнамалық құжаттарге контент-сараптама;
- Қонақүйде жұмысшылармен сұхбаттасу және әлеуметтік сұрақ-жауап әдістерін пайдалану.
1 Қонақжайлылық индустриясында қонақүй бизнесінің теориялық негіздері
1. 1 Қонақүй қызметінің имидж түсінігі
Экономика саласы бола тұрып, рекреацияны, демалысты және қонақүй мен рекреация қызметтерде әлем халқының өсіп отырған қажеттіліктерін қамтамасыздандыратын қызмет түрлерін ұйымдастыру үшін жаңа территорияларды іздеумен үнемі байланысты. Қонақжайлылық индустрияның даму мақсатында Қазақстанның туристік-рекреациялық әлеуетін, оның табиғи және мәдени-тарихи объектілерін игеру отандық туроператорларда жаңа ойлар, кәсіпкерлік ынтасы болуы тиіс, яғни бар ресурстарды жаңаша пайдалану болып табылады.
Саяхатшыларға қызмет көрсету бойынша экономикалық қызметтер түрлері туристік территорияларды игеруде және осы индустрияда объектілерді құруда кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайды қамтуды талап етеді.
Қазіргі уақытта экономикасы дамыған елдерде де, кеңестен кейінгі ақпараттық кеңістікте де туристік кәсіпкерліктің жалпы қабылданған экономикалық теориясы әлі де қалыптасқан жоқ. Мұны шаруашылық философиясы, халық ділі, және тұлғалық деңгейдегі экономикалық тәжірибесі әлеуметтік және мәдени тәртіп жағдайының көптеген ерекшеліктері бойынша әртүрлігімен ақталады.
Әлем экономикасындағы халықтар мен мемлекеттердің бірігуі, менеджерлік ілім жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
Қазақстан бизнесі жиырма жылдық тарихы барына қарамастан, «менеджер» анықтамасы іскерлік белсенділік саласына кірген әр азаматқа лайық деп саналады, соның шінде қонақүйлік кәсіпорынның менеджерлері де бар.
Сонымен бірге әрбір менеджер іскерлік адам ретінде таныла алады, ал кезкелген іскер адам шындығына келгенде кәсіпкерлік феномен туралы айтсақ, кәсіпкерлік сапасына жатпайды. Тек қана тұлғалық сапаның болуы мен қызметтің белгілі бір түрімен айналысу талпынысы болғаны немесе мотивациядан бөлек өзіне жауапкершілік алу мен тәуекелге бару аз. Персоналдың дамуы тек осы қызметті қамтамасыздандыратын нақты жағдайлардың болуы ғана мүмкін. Бұл жағдайлар нарықтық қатынастарды дамытады. Мұндай жағдайлардың қалыптасуы белгілі бір қоғамдық ахуалды тұспалдайды, егер идеологиялық, саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдай персоналдың белсенділігі қоғамдық қажетті деңгейін көрсетсе.
Менеджерлікті нәтижелі дәрежеде жүзеге асырылады тек белгілі бір қоғамдық жағдайда - кәсіпкерлік орта, нарық, нарықтық қатынастар жүйесі, сонымен қатар кәсіпкердің жеке еркіндігі, яғни оның жеке тәуелсіздігі мен құқықтық қамтылуы.
Қонақүйде персонал ортаның қалыптасуы, басқа салада сияқты - басқарушылық үдеріс. Бұл үдеріспен басқару әдістері, алайда, тек әкімшіліктік сипатта емес. Мұның негізінде қонақүй қызметтің субъекттеріне ықпал ете алмайтын іс-шаралар емес, персоналдың тұрқы пайда болуы үшін жағдайлармен байланысты, олар республиканың туристік кеңістігін игереді және қонақүй индустриясын құрады.
Тауарлар мен қызметтерді өндірудің әр секторында кәсіпкерлік ортаны құрастыру - көпжақты шешім. А. В. Бусыгин ойынша, ол келесідей элементтерді қосады:
- Қонақүйде қоғамдық экономикалық және әлеуметтік-экономикалық философияның өзгеруі;
- Тұжырымдамаға сәйкес ұлттық қоғамдық психологияның өзгеруі;
- Заңнама қамтыған қонақүй инфрақұрылымды құру акцентімен ұлттық бағдарламада қабылдау, яғни кәсіпкерліктің барлық институттары.
Феноменнің күрделігіне қарағанда, әлемде кәсіпкерліктің жалпыға бірдей унитарлы анықтамасы жоқ, бірақ кәсіпкерлік мәселесінде әр зерттеуші өздігінше оны ұғындырады.
Американдық ғалым профессор Роберт Хизрич кәсіпкерлікті «жаңаны табу үдерісі, бағасы бар, ал кәсіпкерді - осыған уақыты мен күшін жұмсап, өзіне қаржылық, психологиялық және қоғамдық тәуекелге барып, соңында табысқа жететін адам» ретінде анықтайды.
Американдық ғылыми әдебиетте көптеген басқа анықтамалар берілген, яғни кәсіпкерлік пен кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, саяси, психологиялық, басқарушылық және басқа кө-қарастармен сипатталған.
Ағылшындық профессор Алан Хоскинг бекітеді: «Жеке кәсіпкер деп өзінің шоты есебінде істі басқарады, өзі бизнесті алып жүреді және өзі қажетті құралдармен қамтымасыз етуде жауапкершілік алады, өзі шешім қабылдайды. Оның сыйақысы кәсіпкерлік қызметтен еркін табыс алу және қанағаттану болып табылады. Бірақ сонымен бірге ол өзінің кәсіпорынның банкрот жағдайына тап болса, онда тәуекелін қабылдауы тиіс».
Берілген ұғымдарды үлгі ретінде қабылдамай, белгілеп алсақ, мұнда кәсіпкерліктің іскерлік белсенділігінен, ал кәсіпкерлік қызметті жай қарапайым бизнестен бөлетін негізгі сипаттамалар құрайды.
«Жеке кәсіпкерлікті қолдау және сақтау туралы» Заңның 1 бабында кәсіпкерлікке анықтама берілді:
1. Жеке кәсіпкерлік - бұл өз тәуекеліне және мүлігіне өз атынан (жеке кәсіпкерлік) немесе юристік тұлға (ұжымдық кәсіпкерлік) жауапкершілігімен ұжымдық мүлігіне негізделіп, тауар (қызмет, жұмыс) сұранысын қанағаттадыру жолымен немесе жеке тапқан табыспен айналысатын азаматтардың қызметі деп аталады.
2. Жеке кәсіпкерлердің мүлігі дербес және заңмен сақталады. Кәсіпкер қызметін шектеуге болмайды, тек берілген Заңнан басқа жағдайда.
Кәсіпкерлік кеңістіктің қоғамда кезкелген шектеулердің болмағанына қарамастан (кәсіпкерлерге барлығы болады), экономикалық және қоғамдық даму деңгейі бойынша осы кеңістіктің бастапқы қалыптасуында нарықта қоғамдық шектеулер енгізілген (мысалы, құқықтық немесе экологиялық) .
Туризмде табиғи қорлармен және тарихи-мәдени мұраны пайдаланумен қызметтің көптеген түрлері байланысты, мұндай заңнамалық актілер тыйым салынған-салынбаған сипаттағыларға «Арнайы қорғалатын табиғи территориялар туралы» және «Тарихи-мәдени мұраны пайдалану мен қорғау туралы» ҚР Заңы болып табылады.
Бұл салада «Жеке кәсіпкерлік туралы (1997) » заңын қабылдаумен шектеліп қоймады, одан кейін де жеке, кіші және орта кәсіпкерлік анықтамаларын енгізу оның объективтік құрамына және мақсаттарына қайшы тұрды.
Қонаүй қызметінің құқығының саралау үдерісін жалғастыра отырып, белгілеп алсақ, жоғарыда берілген Заңның 1 бабында жеке кәсіпкерлік жеке-меншік ретінде түсіндіріледі « . . . азаматтардың қызметі табыс алуға бағытталған, өзінің мүліктеріне негізделген және сол азаматтың атынан жүзеге асатын, тәуекелі үшін және мүлігі үшін жауапты».
Берілген анықтама көрсетіп тұрғандай өзінің функцияналдық негізі бойынша батыс зерттеушілердің берілгендеріне анағұрлым жақын.
Өкінішке орай бюрократиялық құрылымдар айналымға «жекеше», «кіші және орта» кәсіпкерлік терминдерін енгізді, өздігінен пікір бола алады, Кәсіпкерлік, зерттеушілердің ойынша - мекендік немесе сандық мағынада болмауы мүмкін. Қоғамдық өндіріс құрылымда экономикалық қатынасының нақты субъектінің орны мен ролін сапалы бағалау түрінде болады.
Сандық бағалау тек жекеше, шағын, орта және ірі қонақүйлерде, кәсіпорында жүргізіледі. Ал қонақжай индустриясында қонақүй бизнесін жеке-меншік формасы кәсіпкерлікті әлеуметтік-экономикалық әрекет ретінде мүлдем қарастырмайды.
Іс жүзінде қонақүй қызметін кеңістік үш саланың соммасы ретінде сипаттауға болады, оларды саралауда кәсіпқой қызметті ұйымдастыру тактикасы мен стратегиясын құруға мүмкіндік береді. Бұл құқықтық, әлеуметтік және экономикалық салалар.
Құқықтық саласы - бұл қоғам қонақүйдің кәсіби қызмет етуі үшін орнатып жатқан «ойын шарты», яғни - бұл экономикалық үдерістер мен қатынастардың негізгі субъектілерін іскерлік белсенділігін реттейтін Заңдар және актілер, осыны кәсіпкер нәтижелі қызмет жасау үшін дамытады.
Әлеуметтік сала өзінің құрылымы және оны құрайтын бөлімдер көлемі бойынша әртүрлі, олар туроператордың, туристік шаруашылық объектінің қонақүй қызметіне тікелей ықпал етеді. Осы салада келесідей элементтерді бөліп көрейік:
- Экономика даму концепция саласында, қоғамда басымдылық;
- Әлеуметтік санада сақталған ұлттық дәстүрлер, шаруашылық салттар, іскерлік және қонақжайлылық;
- Жалпы қоғамның және ұлттың білім деңгейі, туристік қызмет көрсету саласында мамандарды кәсіби даярлаудәрежесі;
- Қонақүйдің бизнесінің қоршаған ортасына қатынасы;
- Нәтижелі кәсіпкерлік белсенділік үшін қажетті инфрақұрылым;
- Қонақүй бизнесіне мемлекеттің қатынасы.
Экономикалық саласы деп кәсіпкердің таңдаған туристік және қонақүйлік бизнесте бәсекелестік жағдайы, мұнда мөлшерлік және сапалық жақтары бар. Мөлшерлі жақтары нарықта кәсіпкердің өндіріп жатқан туристік тауарлары мен қызметтерінің бөлігімен сипатталады, ол іс жүргізуде тұрақтылық деңгейін көрсетеді. Сапалық жақтары кәсіпкермен өндіріліп жатқан турөнімдер мен қызметтердің сапасы тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру дәрежесін сипаттайды.
Туризм саласында қонақүй қызметі экономикалық табыс алумен байланысты, мақсаттарға жетуге бағытталған, жеке факторларына негізделген жеке тұлғаны деп атауға болады. Туризм капитал салуда ең жетісті саласы болып табылады, және істі дұрыс жүргізуді ұйымдастыруда салымдар тезарада өтеледі.
Әрбір қызмет шаруашылығының әрекет ету күші - қоғамның және әр адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тауарлар мен қызметтерді өндіру жолымен белгілі бір мақсаттарға жету. Ереже бойынша, нарықтық экономика жағдайында қонақүй басшысы алдына келесідей мақсаттарды қояды:
- табыс алу (шығыннан көп табыс соммасы) ;
- еңбектен қанағат алу (өзінің ойларынды жүзеге асыру, басқаруда өзінді табу және басқа) ;
- әлеуметтік мәселелерді шешу (жұмыс орындарын қалыптастыру, денсаулықты алдын алу және басқа) .
Қонақүй қызметтің көзі жеке мүмкіндіктер мен жеке фактор туралы білімді кеңейту бойынша интеллектуалдық қызметте қатынасынан тұрады. Жеке факторлар болып табылады:
- жеке мүлік;
- физикалық, ой-саналық қабілеттілігі, білімі және тәжірибесі;
- қоғамдағы орны;
- заңмен қойылған құқығы;
- кәсіпкерлік басқарудағы бөлек мүлкі;
- жеке әрекеттерді болжамдау.
Туризм экономикасында қонақүй қызметі шаруашылық шешімдерді қабылдау барысында жүзеге асады. Бастапқы кезеңде негізгі қабылданатын шешімдерге жатады:
- қызмет саласын таңдау және оның масштабтары;
- қонақүйдің орнласуын таңдау;
- қаржыландыру құралын және салымдарды таңдау;
- қонақүй қызметтің формасын және атын таңдау;
- құжаттарды даярлау және қонақүйді тіркеу.
Қызмет саласын анықтау кәсіпкер өздігінен қарастырады. Мұнда келесідей факторлар сараланады:
- ұсынып жатқан қызметтер түрлеріне сұраныс;
- табыс алу болашағы;
- қорлар иен құралдарды тарту мүмкіндіктері.
Кезкелген қонақүйді құру табыс береді, себебі қонақүй клиенттерге - өнімді және қызметтерді ұсынады, жұмысшылар мен қызметкерлерге - жалақы мен басқа төлемдер; мемлекетке (ауданға) - салық, жиындар. Мұның бәрі қонақүй кәсіпорына жатады. Туризмде қызмет көрсету кәсіпорны анағұрлым капиталды қажет етеді (қонақүйлер, мейрамханалар, транспорттық кәсіпорындар мен компаниялар) . Мұндай кәсіпорындар әртүрлі капиталмен байланысты.
Қонақүйдің дұрыс орналасу жері оның өмір сүруінде маңызды болып саналады. Қонақүйдің орналасуы тауар айналым деңгейі, туристік тауар мен қызметтің бағасы, турөнімнің баға мөлшері, сондай-ақ табыс тәуелді. Ең жақсы нұсқа шығындардың табысқа қатынасымен есептеледі. Бастапқы кезеңде шаруашылық шешімдерді қабылдауда үнемдеу қағидасын сақтаған маңызды - қонақүйдің қызмет шаруашылығының жетістікке жетудің бірі, оның негізі тұтынушының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатымен өндірісте шектеулі құралдарды үнемдеу болып табылады.
Туризмде нарықтық қатынастар, бір жағынан, туроператорлардың, турагенттердің, контрагенттердің туристік өнімдерді жүзеге асыру мен өндіруі бойынша шығындарын өтейді, және табыс алады. Басқа жағынан - еркіндік, өзара келісім, қайтырылуы, бәсекелестік және эквиваленттілік негізінде туристердің төлем қабілеттілік сұранысын қанағаттандыру.
1. 2 Қазақстан Республикадағы туризмде қонақүй қызметін мемлекеттік қолдауы
Қонақжайлылық индустриясында қонақүй қызметінің теориялары мен тәжірибелерін зерттегенде және персонал белсенділігінің дамуын ынталандырушы факторларды іздеу үдерісінде «қонақүй қызметтің объектісі мен субъектісі» категориясы маңызды болып табылады. Бұл жерде белгілеп алсақ, туризмнің тұжырымдамалық үлгісі «қонақүй қызметтің объектісі мен субъектісі» жүйесі ретінде, мұнда турист субъект болады, ал объект - туристік қорлар, қонақүйлер мен ұйымдар.
Қонақжайлылық индустриясында қонақүй қызметінің белсенділігінің негізгі субъектісі персонал болып табылады, яғни, турөнімнің, турқызметтің немесе туристік тауарларды өндіруші. Алайда жаңа турөнімді өндіруші туроператор қонақүй қызметтің бір ғана субъектісі емес. Кезкелген жағдайда ол тұтынушымен (туристпен) контрагенті ретінде өзара әрекеттесуі тиіс, сонымен қатар мемлекетпен де, оның қызметінде әртүрлі жағдайларда көмекші немесе қарсылас ретінде шығады.
Бусыгиннің ойынша тұтынушы да, мемлекет те, қонақүй қызметінің белсенділікте субъект категориясына жатады, және оған жұмысшылар да, серіктестіктер де жатады, олармен туроператор турөнімнің қалыптасуында немесе оның нарықта жылжуында өзара әрекеттеседі.
Қонақүй қызметтің объектісі менеджерлік идеямен жиі байланысты, онымен турөнімді өндірудің инновациялық үдерісін, қызмет көрсету үдерсінің жаңа технологиясын жасауын, нарық өтімін іздеуде және т. б. ұйымдастыруға немесе басқаруға бағытталған.
Қонақжайлылық индустриясында қонақүй қызметінің объектісіне турөнім немесе қорлар жатады, олардан қалыптасады (олардың жаңа тәсілі), турөнім немесе оны ұсыну үдерісі, яғни туристің қажеттіліктерін қанағаттандыруы мүмкін және туристік нарықта сатып алу мен тұтыну үшін ұсынылады.
Іс-жүзінде, қонақүй персоналының белсенділілігі жалпы мақсаттарға және берілген шешімдерді қабылдауға үнемі бағытталу.
Қалыптасқан жағдайға тәуелді қонақүй персонал белсенділік объектіге жаңа идеялардың туындалуы, жаңа құралдарды өндіру немесе оларды іріктеу, негізгі капиталға қаржы салу, жаңа технологияларға ауысу, кадрларды таңдау мен оқыту болуы мүмкін. Бұл мағынада менеджер терең ойлау қабілеті (іскерлік адамдардың орташа ойлану деңгейімен салыстырғанда), саралау жасауы және қонақүй саласы мен туристік өнімді өндіруде жаңалықтарды ескеру, басқа туристік өнімді өндірушілермен жұмыс істей ала білуі қажет.
Мұнда персоналдың маңызды ерекшелігі идеяны жүзеге асыру немесе жаңа технологияны нарық қалай қабылдап алады секілді, өндіру құралды және капиталды тиімді пайдалану туралы болжау қабілеті тұр. Осы құраушыларды бір үдеріске байланыстыра білу және өз күшін, белсенділігін осыған жұмсау - қонақүйдің болашақтағы жетістікке жету кепілі.
Осы көзқарас бойынша қонақүй турөнім мен туристік қызметтерді өндіру нарығында орын алу мақсатында белгілі бір нарықтық жағдайды және бірегей білімді байланыстыру формасы болып табылады. Ол инновациялық (техникалық, ғылыми, технологиялық, инвестициялық, ұйымдастырушылық немесе басқарушылық) жетістіктерді енгізу арқылы нәтижелі функциялану деңгейіне оның тұрақты аудару мақсатымен реформалау немесе революциялық жолмен жаңа экономикалық мүмкіндіктерді ашуды қарастырады.
Кезкелген қоғамда экономикалық қатынастардың жүйесі мен құрылымы жеткілікті күрделі әрі өзіне көптеген элеметтерді қосады. Қонажай индустриясында мұндай қатынастардың басты сызығы ретінде екі негізгі субъектілер өзара әрекеттеседі - өндіруші (туроператор) және тұтынушы (турист) .
Шын өмірде осы әр субъектілердің тәртібі көптеген факторларға тәуелді, олар, өз қатарына, оның белсенділігіне ықпал етеді және мұндай белсенділіктің бағытын қалай дұрыстап отырса да, солай бастапқы экономикалық мүддесін де ұстайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz