ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың факторы ретінде

Қазіргі таңда әлеуметтанушылар жастар деген ұғымды жас ерекшеліктер және сонымен байланысты қызмет түрлерінің негізінде пайда болатын топтасқан көпшіліктің жалпылама жиынтығы ретінде айқындайды. Қысқа мағынада, жастар - жас адамдардың әлеуметтік жағдайының ерекшелiктерi, олардың қоғамның әлеуметтік құрылымындағы орны мен қызметі, ерекше құндылықтары мен мүдделері негізінде бөлінетін әлеуметтік-демографиялық топ. Әлемде БҰҰ-ның мәліметі бойынша, 15-пен 24 жас аралығындағы жас азаматтар 1,3 миллиард шамасында. ҚР Мемлекеттік жастар саясаты туралы Заңына сәйкес 14 жастан 29 жасқа дейінгі адамдарды жастар деп атау қабылданған. Бұл жастағы адамдар тобы еліміздегі тұрғындар санының 27,4% (4 510 435 адам) құрайды және өте маңызды болып табылады, тіпті оларды қоғамдағы ең шешуші звено деп айтуға болады
Мемлекетіміздің тұрақты даму үдерісіндегі шарттардың бірі - жас ұрпақтың әлеуметтік бағытталуы және азаматтық қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау және оларды нығайту.
Жастардың пiкiрлерiн зерттеу, жастар саясатының үрдісіне, жастардың бүгінгі таңдағы құндылықтарына және қазiргi жай-күйiне уақытылы мониторинг жүргізу мемлекет үшiн өте маңызды. Бұл мақсатта Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының iске асырылуын зерделеу жөніндегі бірқатар социологиялық және талдамалы зерттеулер жүргiзiлуі аса маңызды болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты жеткiлiктi нормативтік - құқықтық базамен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы бекітіліп, 2004 жылы Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заң қабылданды. Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында, Қазақстан Республикасын дамытудың 2020 жылға дейінгі даму стратегиясында, басқа да маңызды стратегиялық құжаттарда жастар саясатына арнайы бөлім арналған. Бiлiм және ғылым министрлігінің құрылымында, аталған саладағы бейіндік мемлекеттік орган болып табылатын Жастар саясаты департаменті жұмыс iстеуде.
Бәрімізге мәлім, соңғы жылдары мемлекетімізде жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде - жастардың жаңа қоғамдық бірлестіктері құрылды, сонымен қатар облыс аудандарында әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары атқарылды, жыл сайын жастар форумдарын, кәсіптік конкурстар, фестивальдар, отансүйгіштер шеруін өткізу дәстүрге айналды, жастарды әлеуметтік қорғаудың әртүрлі нысандары енгізіліп отыр. Алайда, қазіргі таңдағы қоғамдағы беталыс, қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі проблемаларына ерекше назар аударылуы мемлекеттегі жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және егемен еліміздің перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясатының негiзгi мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтiк дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшiн қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту болып табылады. Зерттеу жұмысының негізгі аспектісі ретінде жастардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық қамсыздандыру мәселесі алынды. Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе, әлеуметтік-экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздық және рухани шектелу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы - олардың басты факторы болып отыр.
Жастардың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы статистикалық көрсеткiштер қатарынан көрінеді және әрбір жас азаматтың қалыптасуында маңызды рөл атқарады. Жастық шақ кезеңіне адам өмірінің басты әлеуметтік және демографиялық құбылыстары: жалпы орта білімді аяқтау, мамандық таңдау және кәсіби білім алу, еңбек жолының бастау алуы, отбасын құруы, балалы болуы енеді.
Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР-да 2009 жылғы халық санағының қорытындысы бойынша 14-пен 29 жас аралығындағы жастардың саны 4 510 435 адамды, яғни жалпы халық санынан алғанда 27,4%-ды құрады. Қазіргі таңда 18 жасқа дейінгі жастардың саны 4728543 (еліміздегі халық санының 29,5% ), 18-19 жас аралығында - 595906 (3,7%), 20-24 жаста - 1584654 (9,9%), 25-29 жаста - 1358846 (8,5%). Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы жастар санының көп шоғырланған өңірлер болып табылады. ҚР қазіргі таңда жастардың көп бөлігі ауылшаруашылық(16,7%), сауда (14,3%), білім беру және денсаулық сақтау салаларында (12,3%) жұмыспен қамтылған. Жастар арасындағы жұмысыздық - 5,2% деңгейінде. Дегенмен жастар арасында жұмыспен қамтуда өз-өздерін қамтамасыз ету мен арзан табыс көзі бар жұмыс көзіне тәуелділіктерін ескеруіміз қажет. Жастар мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысушылардың бірі және қоғамның маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Зерттеу жұмысының келесі аспектісі ретінде жастардың мемлекеттік, жергілікті маңызды шешімдерді қабылдауға қатысуы мен қабылданған шешімдерді шешуге атсалысуы, жалпы қоғамдық-саяси белсенділігі мәселесі алынды. Жастар мемлекеттің проблемаларын өткір сезінетін және қабылдайтын топтардың бірі болып табылады, бұл фактыны елемеу немесе оны жеткілікті деңгейде зерделемеу жастардың саяси жоғары бағалауларды дұрыс түсінбеуіне әкеліп соқтырады. Ол өз кезегінде жастардың бүтіндей әлеуметтік топ және жеке алғанда индивид ретінде билік институттарының: биліктен, оның практикасынан, нақты бір тұлғалардан және мекемелерден, билікті көрсететін рәсімдерден жатсыну миханизмін тудырады және қоғамның көңіл-күйі мен саяси жүйеге сенім деңгейінің маңызды индикаторы болып табылады.
Әлеуметтік зерттеулердің нәтижесіне сүйенер болсақ, мемлекеттік органдарға жастардың өтініш жасауы жоғарғы деңгейде емес. Білім алуға мұқтаж және қайта даярлаудан өтуді қажетсінетін респонденттердің 70,6 % мемлекеттік органдарға өтініш жасамағандығын, тек 21,3% ғана өтініш білдіретіндігін, 8,2% жауап беруге қиналатындығын көрсеткен. Осы орайда жастардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары қажеттілігі көрінеді. Құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру жұмыстары өзгенің мүддесін көздейтін топтар(халықаралық қорлар, дәстүрлі емес, қызметіне елімізде тыйым салынған діни ұйымдар, т.б бірлестіктер)тарапынан жүргізілу барысына мемлекетпен қатар ҚР жастары қырағылық танытулары аса маңызды. Жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны өскеніне қарамастан, олар әлі күнге дейін көпшілік үшін қызмет атқара алмай отыр. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 30 мыңнан астам азаматы тұратын, оның көпшілін жастар құрап отырған Байқоңыр қаласында жастар қоғамдық бірлестіктері жоқ. Қазіргі бар үкіметтік емес ұйымдар әлі де жастардың мүддесін толық дәрежеде білдірмейді. Өйткені олар тек мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері секілді жастардың тек белгілі бір санаттарымен ғана жұмыс атқаруда, ал жұмыс істейтін немесе жұмыссыз жүрген және басқа да санаттардағы жастар қамтылмай қалып отыр.
Саяси жоғары бағалауларды, жеке алғанда қазақстандық жастардың электоралды әлеуетін талдау саяси институттарды еліміздің азаматтарының бағалау процесінің маңызды құрамы болып табылады . Сондықтан, жас сайлаушылардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz