Медициналық жоғары оқу орнында тиімді оқыту негіздері - әдістемелік құрал


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Медицина факультеті

Жедел медициналық жәрдем және емханалық терапия кафедрасы

«Медициналық жоғары оқу орнында тиімді оқыту негіздері»

пәні

САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ №2

Тақырыбы:.

5В130100- «Жалпы медицина»

5В130200- «Стоматология»

Құрастырған: оқытушы Егизова. А.

Түркістан 2014

Кафедра мәжілісінде талқыланған

№___ хаттамасы 2014жыл

Кафедра меңгерушісімен бекітілген

М. ғ. к., доцент м. а. Бабаева К. С.

1. Тақырып:Құзіреттіліктер туралы түсінік. Оқытудың соңғы нәтижелері.

2. Мақсаты: Студенттерге құзіреттіліктер туралы түсінік беру, формативті бағалау әдісі оқыту, суммативті бағалау әдісі оқыту туралы түсінік беру, білімдерді бағалау, дағдыларды бағалау, қарым-қатынас/мінез-құлықты бағалау туралы түсінік бер.

3. Оқыту мақсаты

Студент білуге тиіс:

  • құзіреттіліктер туралы түсінік беру
  • суммативті бағалау әдісі
  • формативті бағалау әдісі оқыту

Студент істей алуға тиіс:

  • кәсіби білімін жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу үшін медициюналық ЖОО -да оз білімін қолдану
  • аудитория алдына шыға білу және талас тартыс жүргізе білу
  • ситуациялық тапсырмаларды шеше білу.
  • өздігінен-өзі ғылыми және медициналық әдебиетпен және интернет-ресурстармен жұмыс істеу
  • білім берудің жаңа технологиясын үйрену

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. құзіреттіліктер туралы түсінік

2. суммативті бағалау әдісі

3. формативті бағалау әдісі

4. білімдерді бағалау

5. дағдыларды бағалау.

6. формативті бағалау әдісі оқыту

.

5 . Білім берудің және оқытудың әдістері: оқытушымен бірге қағидалы материалдың бірлескен сарабы; оқу әдебиетпен жұмыс, тапсырманың (сұрақтарға деген жазба жауап, кестені толтыру, кесте суреттемесінің және т. б. ) орындалуының; тестеу; ауызекі сұрақ; ситуациялы мақсаттың шешімі; жас топтарда жұмыс, ситуацияны модельдеу.

9. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Қазақ тілінде

негізгі:

  1. Медициналық ЖОО да тиімді оқыту негіздері пәнінен дәрістер жинағы.

қосымша:

  1. Әлімов А. «Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану»,

Алматы. 2009ж.

Орыс тілінде

1. Треногов А. В., Исаева Е. Р. . «Психолого-педагогические основы обучения

в медицинском вузе», Санкт-Петербург 2006

Ағылшын тілінде

негізгі:

  1. Amin Zubair, Eng Khoo Hoon. Basics in Medical Education. // Singapore for World

Scientific Publishing, 2007, 427 p. (pdf, 14, 4 Mb)

қосымша:

Медициналық сайттар:

1. med-site. narod. ru

  1. www. medicusamicus. com
  2. www. ido. rudn. ru/psychology//7. html
  3. Bibliofond. ru

ҚҰЗІРЕТТІЛІК БАҒЫТ ШЕҢБЕРІНДЕГІ СТУДЕНТТІ БАҒАЛАУ

Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Медициналық білім беруінде қолданылатын студенттерді бағалау әдістері құзіреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келеді және WFME, LCME/CACMS, AMC, GMC талаптарына, сондай-ақ BEME, AMEE жетекшіліктеріне негізделеді.

Педагогикалық стратегия шеңберінде бағалаудың келесі екі түрі қолданылады:

1) Формативті бағалау оқыту үрдісімен бірге жүреді, оның мақсаты - студенттің құзіреттіліктерін дамыту болып табылады. Бұндай бағалау әдісі студенттің білім алу үрдісі бақылауға, студенттің немесе оқу бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға, ал анықталған жағдайда оны оқу үрдісінің соғына дейін түзетуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағалау әдісі сонымен қатар білім беру әдісі болып табылатыны сондықтан. Мысалы: Студенттің кері байланыс жасауы және студенттің өзін-өзі бағалауы.

2) Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты - оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу болып табылады. Мысалы: емтихан қабылдау.

Кез келген ағымдағы бақылау, өздігінше суммативті бағалау әдісі болып табылады, себебі ол күнделікті студенттің сабақ үлгерімін бақылау журналына енгізіліп отырады. Осыған байланысты күнделікті оқу үлгерімін бақылау журналындағы бағалар құзіреттілік шеңберінде студентті формативті және суммативті бағалау қағидаларына қарама-қайшы келеді, ал ол құзіреттілікті дамыту жолдындағы едәуір қиыншылықтарға әкеліп соқтырады.

Осыған орай, Қ. А. Ясауи атындағы ХҚТУ Медициналық білім беруінде халықаралық стандарттарға сәйкес аранайы қағида енгізілді. Ол қағида бойынша цикл бойы формативті бағалау әдісі қолданылады, яғни студенттің үлгерімін бағалау журналына күнделікті бағалар енгізілмейді.

Ағымдағы баға формативті бағадан (журналға енгізілмейтін) және сммативті бағадан (оқу блогынын аяқтаған кезде - аптасына 1 рет, немесе біріктірілген сабақтарда оқу модулінің соңында) тұрады.

Қортынды суммативті баға (емтихан) циклдың/модульдің соңында жүргізіледі және үш домен: білімдер, дығдылар және қарым қатынас/мінез-құлық домендерінің біріктірілген бағасын құрайды.

  1. Білімдерді бағалау үшін қолданылатындар:
  • көп жауапты сұрақтар (MCQ - multiple choice questions),
  • сәйкестіктің ауқымды нұсқалары (EMI - extended matching items) )
  • қысқа жауапты сұрақтар (SAQ - short answer questions),
  • қысқа жауапты эссе (SEQ - short essay questions),
  • ұзын жауапты эссе (LEQ - long essay questions),
  • ауызша емтихан (OE - oral examination) .
  1. Дағдыларды бағалау үшін (чеклисттер, рубрикалар немесе глобальды рейтинг шкалалары көмегімен алынады) қолданылатындар::
  • ауызша жауабы бар ұзын кейс (LC - long case)
  • ауызша жауабы бар қысқа кейс (SC - short case)
  • дағдыны бағалау станциясы (SAS - skills assessment station)
  • объективті құрылымдас клиникалық емтихан (OSCE - objective structured clinical
  • examination)
  • мини-клиникалық емтихан (MiniCEX - mini clinical evaluation exercise)
  • процедуранық дағдыны тікелей бақылау (DOPS - direct observation on procedural
  • skills
  • клиникалық жұмыстын нұсқасы (CWS - clinical work sampling)
  • 360° бағалау (MSF-360 -multisource feedback, 360-degree evaluation)
  1. Қарым-қатынас/мінез-құлықты бағалау үшін (Ликерт шкаласы және рейтингті қолдану көмегімен) қолданылатындар:
  • ауызша жауабы бар ұзын кейс (LC - long case)
  • ауызша жауабы бар қысқа кейс (SC - short case)
  • дағдыны бағалау станциясы (SAS - skills assessment station)
  • объективті құрылымдас клиникалық емтихан (OSCE - objective structured clinical
  • examination)
  • мини-клиникалық емтихан (MiniCEX - mini clinical evaluation exercise)
  • процедуранық дағдыны тікелей бақылау (DOPS - direct observation on procedural
  • skills
  • клиникалық жұмыстын нұсқасы (CWS - clinical work sampling)
  • 360° бағалау (MSF-360 -multisource feedback, 360-degree evaluation)
  • портфолио (PF-портфолио)
  • журнал (LB-logbook)

ОҚЫТУДЫҢ БЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІН ЖІКТЕУ

Қазіргі кезде оқытудың белсенді әдістерін жіктеуге әркім әр түрлі тұрғыдан келеді. Оларды бір -бірінен ажырататын белгілер ретінде: тыңдаушылардың белсенділік деңгейі, оқу-танымдық және ойындық іс-әрекеттердің сипаты, ойындық өзара әрекеттерді ұйымдастыру тәсілдері, сабақтың өту орны, олардың мақсаттары, қолданылатын иммитациялық үлгілердің түрлері және басқалар жатады. Белсенді оқытудың ең көбірек қолданылатын әдістеріне оқу-танымдық іс -әрекеттер сипатына негізделген әдістер жатады. Оларға: кәсіби іс -әрекетті иммитациялауға негізделген иммитациялық әдістер және иммитациялық емес әдістер жатады. Өз кезегінде иммитациялар ойын түрінде және ойын түріндегі емес болып бӛлінеді. Сонымен қатар ойындық еместерге нақты жағдайларға талдау ( НЖТ), нұсқау бойынша әрекет ету т. б. жатады.

Ойын түріндегі әдістерге:

  • іскерлік ойындар;
  • дидактикалық және оқу ойындары;
  • ойын түріндегі жағдайлар;
  • ойын түріндегі әдіс-тәсілдер мен шаралар;
  • белсенді тренингтер.

Сонымен қатар, ойын шаралары мен тәсілдерге жекеленген, бірлі-жарымды ұстанымдарды жүзеге асыру жатады. Бірінші кезекте дәрістер мен оқытудың басқа түрлерін белсендірудің түрлі үлгілері, ойын түріндегі педагогикалық тәсілдер, белсендірудің әр түрлі құралдары жатады. Мысалы, оқытушы жүзеге асыратын көрнекі құрал ретіндегі нақты жағдайға талдау жасау тәсілі бар дәрісті, жоспарланған қатесі бар дәрісті, проблемалық дәрісті, проблемалық ұстанымды жүзеге асыратын - шығармашылық тапсырманы, пресс-конференциялық дәрістерді, пікірталас-дәрістерді, сұхбат-дәрістерді, диалогтық қарым-қатынас ұстанымдарын айтуға болады. Ойын түріндегі жағдайлар іскерлік ойындарға элементтер құрамы мен формалды құрылымы, ойын алаңындағы тәртіп ережесі (саны жағынан) сәйкес келмейтін екі немесе одан да көп ұстанымдар жатады. Ойындық жағдайға мысал ретінде ашық түрде ұсынылатын, талқылауға кімнің, қашан, кім болып (баяндамашы, сыншы, арандатушы) сөйлейтіні, қарсы пікір айтатыны жоспарланбаған пікірталас сабақтарды жатқызуға болады. Егер ойын түріндегі жағдай негіз ретінде қолданылған, бірақ қатысушылардың әрекеттері формалды, яғни бағалаудың қатаң жүйесі, ережесі, іс-әрекеттердің реті, регламенті болса, оны дидактикалық ойын деп есептеген жөн. Іскерлік ойындарға элементтердің барлық жиынтығын жүзеге асыратын, яғни белсенді оқыту әдістеріне тән белсендендіру ұстанымдарының барлық кешендері кіреді.

Иммитациялық емес әдіс ретінде - жұмыс орнында тәжірибеден өту, бағдарламалық оқыту, проблемалық дәрістерді, оқуды бітіру жұмыстарын түсінеміз.

Бағыты бойынша олар : танымдық іс-әрекеттердің уәжділігі, оқу ақпараттарын хабарлау; кәсіби шеберлік пен дағдыны қалыптастыру, үздік тәжірибелерді игеру, оқыту нәтижелерін бақылау болып ажыратылады.

Тапсырманың шешімін іздестіруде қатысушылардың әрекеттерінің түрі бойынша мына әдістер ажыратылады : пәндердің немесе әрекеттердің белгілері бойынша дәрежелеу; үрдістер мен құрылымдарды оңтайландыру; әрекет ету тактикасын таңдау, ұрыс-керіс жағдайында тіл табысу; зерттеу, басқару немесе әлеуметтік-психологиялық тапсырмаларды шешу; назар аудару, ойлап табу.

Білім беру үрдісіне қатысушылар саны бойынша оқыту әдістерін даралық, топтық және ұжымдық деп жіктеуге болады.

Сондай-ақ оқыту әдістерін олардың өтетін орындарына байланысты: дәрісханалық және дәрісханалық емес, көшпелі, экскурсиялық деп, ал техникалық құралдарды қолдану бойынша: копьютермен қамтамасыз етілген ойындар, дистанциялық оқыту деп бөлуге болады.

ИНТЕРАКТИВТІ ОҚЫТУ

Интерактивті оқыту формасын енгізу - медициналық ЖОО-да студенденттерді даярлауды жетілдірудің маңызды жолдарының бірі. Негізгі әдістемелік инновация бұл күндері интерактивті оқыту әдістемелерімен тікелей байланысты. Оқытудың интерактивті әдістемелерін пайдалану - «сәнге айналған» үрдістерге бой ұру емес, бұл - уақыт туғызған қажеттілік.

Білім беру қызметі нарығында көшбасшы елдердің тәжірибелеріне жасалған талдаулар (негізінен АҚШ пен Еуропа) жаңа технологияның тиімділігін дәлелдеп шықты. Бұл күндері отандық білім беру жүйесінің алдында ӛте маңызды міндет - білім берудегі әлемдік көшбасшылардың алдыңғы қатарлы тәжірибелерінің негізінде нарықтық экономика жағдайында қажетті болашақ маманды - ЖОО- түлегін даярлау, алынған білімінің тиімділігі және қазіргі заман жағдайындағы оның кәсіби біліктілігінің ұтымдылығы мәселелерін шешуге бағытталған өзіндік, ұлттық, қазақстандық білім беру үлгісін жасау.

Қазіргі жағдайда дәрігерді дайындау денсаулық сақтаудың да, сондай-ақ жалпы қоғамның да сұраныстарына сәйкес болуы керек, сонымен қатар дәрігер тар кӛлемдегі кәсіби міндеттеріне ғана құзырлы емес, қоғамдық денсаулық сақтау, нақтама қою мен емдеудің жаңа әдістемелері, дәлелді медицина негіздері мәселелеріне оңай бағыт ұстай алуы тиіс, айналада болып жатқан өзгерістерге еркін бейімделе алуы керек. Елімізде көрсетілетін медициналық көмектің сапасы медициналық білім берудің сапасына тікелей қатысты.

Қазір медициналық ЖОО-дағы білім беру үрдісінде дәстүрлі білім беру мен инновация арасындағы сабақтастық ӛзекті болып табылады. «Кеңестік» медицина мен медициналық білім берудің жақсы жақтарын сақтау және дамыту қажет. Бұлар - гуманизм, мейірімділік, кәсібіне деген сүйіспеншілік, аянбай еңбек ету, белсенді ӛмірлік ұстаным және жоғары кәсіби шеберлік.

Кәсіби шеберлік дегеніміз - науқастар мен қоғам кәсіби міндеттерін орындау барысында маманнан талап ететін білім, дағдылар, ұстанымдар мен өзін-өзі ұстау ережелері; бұл ұғымға сондай-ақ өзінің білімін үнемі толықтырып отыру мен қажетті кәсіби деңгейден төмендемеу де жатады.

ЖОО-дағы дәстүрлі білім беру үрдісінде оқытушы мен студент көп қарым-қатынасқа түседі, оқытушы студенттің оқу барысын, оқу материалдарын игеруін үнемі бақылап отырады. Басқаша айтқанда, бұл диалогтың жемістілігі оқытушының мына мәселелерді дұрыс шешуіне байланысты:

Оқу мақсатын анықтау және студент үшін осыдан шығатын уәжділік; Белгілі-бір мазмұнды материалды (дәріс) беруді жүзеге асыру және студентке оны түсіндіру (семинар) . Мұнымен қоса оқытушы оқу материалдарының әдістемелік қызметін де қоса шешеді;

Студенттің білімін бақылау. Оқытудың бұл үлгісі директивті сипатта болады. Оқытудың директивті үлгісінде оқыту нәтижелері оқу үрдісі мазмұнын ұтымды ұйымдастыру есебінен, яғни белсенді, бастамашыл ақпарат ағыны оқытушы жағынан болады біржақты ғана диалог жүзеге асады. Алынған ақпаратты қайта тыңдау бұл жағдайда механикалық түрде болады: студенттің белсенділігін, оқу үрдісінде оның қызығушылығы қаншалықты екенін анықтау біршама қиын. Оқытудың директивті үлгісінің негізгі ұстанымдары: дәлдік, даусыздық, ұсынылғандардың анықтығы (көп мөлшердегі дәрістер) ; қорытынды бақылау, сабақтан тыс уақытта берілетін ӛзіндік жұмыстарға көбірек көңіл бөлу болып табылады, ал мұнда жазбаша жұмыстар қарастырылмаған .

Оқыту әдістерінің ақпараттық, педагогикалық жаңа технологияларын қолдана отырып, істің қазіргі күйін, білімді тасымалдаушы ретіндегі оқытушының рӛлін жай ғана ӛзгертіп қоймай, оқытушыны менторға, тәлімгерге, әріптеске, басшыға, студенттің ӛз бетінше жасайтын шығармашылық жұмысының бастамашысына айналдырып, медициналық ЖОО-дағы білім беру жүйесін жетілдіруге болады.

Қазақстандағы білім беру қызметтері нарығының дамуы және ақпараттық технологиялар талабы жағдайында, сабақ оқытудың директивті практикасы мен қазіргі, инновациялық сипаттағы интерактивті оқыту үлгілерімен үйлесіп отыруы тиіс. Интерактивті оқыту әдісінің артықшылығы сол, ол білім, шеберлік, дағды мен бағдар беріп қана қоймайды, мәселелерді шешуге жағдай жасап, жан-жақты, шығармашылық тұрғыдан дамыған, креативті және коммуникативті дағдыларды меңгерген, халықаралық деңгейдегі маманныңқалыптасуына ықпал етеді. Интерактивті оқыту әдісі алынған теориялық білімді де, сондай-ақ практикалық дағдыларды да орындауды жүзеге асыруы тиіс.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жедел медициналық көмек
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Кәсіби педагогиканың негізгі категориялары
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Колледждегі білім беруді ақпараттандыру жағдайында физиканы оқыту үдерісі
Ақпараттық жүйедегі ақпараттарды қорғау
Мәдениетаралық қарым –қатынас және аутенттік мәтіндер
Жаратылыстану-математикалық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
Кәсіптік педагогика пәнінен дәрістер жинағы
Мектеп өмір қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz