Құзырлылық қатынас негізінде оқушылардың тәрбие кеңістігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негізі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Құзырлылық қатынас негізінде оқушылардың тәрбие кеңістігін қалыптастырудың ғылыми - педагогикалық негізі

ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында бұрынғы кеңестік жүйеде өмір сүрген барлық ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда тәрбие теориясы мен практикасы үлкен дағдарысқа ұшырады. Ол: құндылықтық, мақсаттылық, мазмұндық, технологиялық, нәтижелілік деңгейлердің барлығында да көрініс тапты. ХХ ғасырда қалыптасып отырған ғаламдану мәселесінің дұрыс қабылданбауынан шындықтың бұрмалануы басталып, адамның өзі жаратқан құндылықтарды оның мүмкіндігінен де жоғары ретпен дәріптеу басталды. Сол себепті қоғамның гумансыздануы философтар, мәде-ниеттанушылар, педагогтар мен әлеуметтанушылардың назарына зерттеу нысанасы ретінде алынып отыр.
Осы көкейкесті мәселені шешу мақсатында Қазақстандық педагогтар мектептегі тәрбие жүйесінің дәстүрлі нобайларын (модельдерін) өзгерту қажеттігі туралы, педагогикалық шығармашылыққа еркіндік беру, сол арқылы тәрбие вакумын толықтыру мәселесін көтеріп, өз бағдарлары бойынша түрлі қызметтер атқаруда
Олар қазақ халқының ұлттық мектебінің нобайын Сонымен бірге, отандық және шетелдік педагогикалық жүйелерді, білім беру технологияларын, тәрбие мен білім беру әдістемелерін талдау, олардағы негізгі ойлар мен ұстанымдарды ажырату, нақты оқу орындарының немесе жанұяның мүмкіндіктеріне оңтайлы модельді таңдау мәселесін анықтауды мемлекеттік деңгейде шешуді күн тәртібіне қойған жөн деп санайды.
Көтеріліп отырылған көкейкесті мәселені щещу және оның басты міндеттерін жүзеге асыру мақсатында елімізде мемлекеттік деңгейде атқарылған іс-шаралар жоқ емес. Атап айтқанда, 2000 жылы Қазақстан Республикасындағы тәрбие концепциясы (К.Қожахметова, С.Ұзақбаев, т.б. авторлар бірлестігінің ұйымдастыруымен) дайындалып, соның негізінде 2004 жылы ҚР білім беру процесін гуманитарландыру арқылы ұлттық тәрбие беру жүйесін қалыптастыру мүмкіндігі көрсетілді және оны жүзеге асыру механизмі (тетігі) дайындалды. Алайда, аталған тұжырымдар мен соның негізінде дайындалған бағдарламалар әлемдік білім беру кеңістігіндегі тәрбие мәселесінің ғылыми тұрғыдан негізделген және ұлттық мәнділігін сақтай отырып жалпыадамзаттық құндылықтар жүйесін қолдайтын жетекші ойды бере алмады.
Қазіргі қазақстандық мектептерде білім беру процесінде шығармашылық ізденіспен жұмыс жасау жеткілікті жолға қойылғанымен, тәрбие процесінде қандай әдіснамалық және идеялық ұстанымдарға сүйену қажеттігін анықтау мәселесі әлі өз орнын таба алмай келеді. Сондықтан түрлі тәрбие ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктерде тәрбие кеңістігін құрудың ғылыми негізделген әдіснамалық бағыт-бағдарлары айқындалмай отыр. Өйткені жаңа ғасыр оқушылары жаңа қоғамдық формация өнімдері ретінде тәрбиенің дәстүрлі өлшемдеріне қанағаттана алмайды, оларда өзін-өзі дамыту, өзін-өзі актуальдандыру және өзіндік әлеуметтену процестері қарқынды жүруде.
Сол себепті, бүгінгі тәрбие жүйесінде ғасырлар бойы өз құндылықтарын жоймайтын жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйену, яғни табиғатпен үйлесімділік және ұлттық рухани құндылықтармен үйлесімділік принциптерін қолдау әдіснамалық бағдар болуы жөн деп саналуда. Атап айтқанда, жеке адамның қалыптасуы мен дамуында гуманистік бағыттылық болуы міндетті. Осы тұрғыдан Қазақстанда ұлттық мектептің тәрбие кеңістігін қалыптастыру жеке адамды қалыптастыру мен дамытудың гуманистік нобайын негізге алған дұрыс деп табылуда.
Осы мақсатта елімізде ұлттық тәрбие нобайын (моделін) дайындаудың түрлі гуманистік үлгілері ұсынылып, Болашақ, Мұрагер, Жас қанат, Гармония және эксперимент алаңдары мен Мектеп парламенті, т. б. балалар ұйымдарымен жұмыстар ұйымдастыруда. Мысалы, Ақмола облысында 700 мектеп оқушыларын қамтыған (100000 оқушы) Жұлдыз балалар қоғамдық бірлестігі тәрбие жұмысының 34 түрін қамтыды.
Алайда, аталған қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерде тәрбие кеңістігі ұғымының шектеулі түсінігіне сәйкес оқушылардың тәрбие жұмыстарына біржақты көзқарас қалыптасқанын байқауға болады. Тәрбие жұмыстарын тек оқушының қарым-қатынас әрекеттері аймағында (контексінде) ғана қарап, тәрбиенің білімдік құрылымына жеткіліксіз назар аударылуда. Өйткені тәрбие кеңістігі классикалық түсінік бойынша тек екі жақты педагогикалық процесс емес, көп факторлы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы тиіс. Нақты мысал ретінде педагогикалық ғылымдар - тәрбиедегі мұғалім, оқушы қызметтерін педагогикалық процестегі қайтымды, өзара тәуелді байланыстар мен қатынастар жүйесі деп қарастырып, осы байланыстағы ата-аналар мен орта және жұртшылықтың тәрбиелік мәнділігін осы процестен тысқары қарастырады. Ал оқушының тәрбиелену дәрежесі мен білім сапасының арасындағы тура пропорционалдылықты көп жағдайда есепке алмайды. Бұл жағдай педагогика ғылымының тәрбие мен білім категорияларының өзара тәуелділігі заңдылығын жоққа шығару болып табылады. Осы қайшылықтың өзектілігі бүгінгі күрделі әлеуметтік қатынастар қалыптасып отырған Қазақстан жағдайында, яғни оқушылардың түрлі әлеуметтік ортасының байланысын қамтамасыз ететін жалпы білім беретін орта мектепте қалыптасып отырғаны айқын болып отыр. Осындай күрделі тарихи-әлеуметтік кезеңде білімге негізделген тәрбие кеңістігін құру, сор арқылы жас ұрпақ тәрбиесін ұйымдастырудың тиімді формасы мен мазмұнын анықтау аса басты педагогикалық міндеттердің бірі.
Сондықтан, 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасында тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жаңа кешенді бағдарламасы әзірленіп, онда жеке тұлғаның стандартты емес, еркін тұлға түрде дамуын, оның таланттарын, білімінің мәнін ашу және ғылымның сырларына енуі арқылы жоғары моральдікке, ойланып істеген істерге, сұлулыққа, жоғары рухани көздерге ұмтылатын тұлғаның қалыптасу мүмкіндіктерін зерттеу; ақиқаттың көптігін табиғи құбылыс ретінде тани білетін, басқаның көзқарасын сыйлай білетін тұлғаны тәрбиелеу, сонымен қатар осы педагогикалық құбылыстар бағынатын заңдарды зерттеу үшін кәсіби, ғылыми және халық педагогикасының әдепті және өнімді механизмін қалыптастыру идеясы бірден-бір тәрбие өлшемі ретінде қарастырылу көзделіп отыр.
Сондықтан, тәрбие кеңістігі арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МҰҒАЛІМІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ
Болашақ дене тәрбиесі мұғалімдерінің әлеуметтік - мәдени құзырлығын қалыптастыру әдістемесі
Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын қалыптастырудың дидактикалық негіздері
Мұғалімнің құзыреттілігі
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Мектеп оқушыларының кәсіби құзырлығын қалыптастыруды теориялық тұрғыдан негіздеу
Информатика мұғалімінің автоматтан-дырылған жұмыс орнын құрудың теориялық және методологиялық негізі
Ертегілер арқылы бастауыш сынып оқушыларының негізгі құзыреттіліктерін дамыту
12 жылдық оқытуға байланысты мұғалімнің құзырлығын дамытудың жаңашыл жағдайлары
Пәндер