ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ. Студенттерге арналған оқу құралы



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   
Е. Б. Ахметов

құқық негіздері

Павлодар
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

Е. Б. Ахметов

ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Студенттерге арналған оқу құралы

Павлодар
Кереку
2012

ӘОЖ 34(574) (075.8)
КБЖ 67 (5 каз) я73
А 94

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесімен басуға ұсынылды

Пікірсарапшылар:
Б. Х. Олжабаев - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Құқықтану кафедрасының аға оқытушысы;
С. К. Жетписов - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Инновациялық Еуразия университетінің Мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі.
В. Н. Жамулдинов - заң ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының Экономика,құқық және философия кафедрасының меңгерушісі.

Ахметов Е. Б.
А94 Құқық негіздері : студенттеріне арналған оқу құралы
Е. Б. Ахметов. - Павлодар : Кереку, 2012. - 109 б.

ISBN
Оқу құралында Қазақстан Республикасының құқығының негізгі түсініктері мен өндірістік сатылар мазмұнының сипатамасы берілген. Материал жүйелі түрде құрылған кестелер арқылы жинақталып, тапсырмалардың үлкен көлемімен түсіндіріліп, сипатталған.
Оқу құралы бакалавриат мамандықтарының студенттеріне арналған.

ӘОЖ34(574) (075.8)
КБЖ 67(5 каз)я73
ISBN

(C) Ахметов Е. Б., 2012
(C) С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2012
Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты
Кіріспе

Қазақстан Республикасының Құқық негіздері бойынша оқу құралы жоғары оқу орындарының бакалавр мамандығы бойынша оқитын студенттеріне арналған. Бұл ғылыми еңбек болашақ мамандарының күнделікті мамандық салалары бойынша заң саласында құқық негіздері заңдарың дұрыс пайдалануға көзделген.
Құрылымы бойынша еңбек он бір тақырыптан тұрады. Осы бөлімде құқық негіздері мазмұнының сипаттамасы берілген:
Мемлекет,құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар; ҚР Конституциялық құқығының негіздері; Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот; ҚР мемлекеттік басқаруы; ҚР Әкімшілік құқығының негіздері; ҚР Азаматтық құқығының негіздері; ҚР Қаржы құқығы; ҚР Енбек құқығының негіздері; ҚР Экологиялық және жер құқығының негіздері;қр қылмыстық құқығының негіздері; Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығы;СОӨЖ арналған практикалық тапсырмалар.
Қорыта айтқанда, осы оқу құралында берілген мәтіндердің барлығы құқықтану саласына қатысты ұғымдар мен толық мазмұның көрсете отырып, осы еңбек студенттердің Қазақстан Республикасының құқығың жетік білуге көмек етеді.

1 Мемлекет,құқық және мемлекеттік - құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар

1.1 Мемлекет түсінгі, белгілері , функциясы және механизмі
Мемлекет - бұл қоғамды білдіре отырып, осы қоғамды басқаратын және оның интеграциясын (құрылуын) қамтамасыз ететін арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты болатын бұқаралық биліктің саяси - аумақтық, егеменді ұйымы.
Мемлекет оны рулық қауымның әлеуметтік билігінен ажыратуға мүмкіндік беретін мынадай негізгі белгілермен сипатталады:
1) Бұқаралық биліктің болуы;
2) Тұрғындарды аумақтық (территориялық) бөлу;
3) Салық жүйесі;
4) Егемендік.;
5) Құқық.
Мемлекеттік билік әлеуметтік биліктің ерекше түрі болып табылады. Бұл мемлекеттік мәжбүрлеуге сүйенетін субъектілердің арасындағы үстемдік пен бағынушылықтың саяси - бұқаралық қатынасы. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мыналардан көрінеді:
1) Бұқаралық (көпшілік ) билік;
2) Аппараттық билік;
3) Легитимдік (заңды деп танылған) билік.
Мемлекет мәнін түсіндіру мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мемлекет мәні - бұл осы құбылыстағы оның мазмұнын, мақсатын, қызмет етуін анықтайтын негізгілердің біреуі.
Мемлекет мәнін анықтауда қолданылатын тәсілдер:
1) таптық;
2) жалпы әлеуметтік.
Мемлекет типі (түрі) тиісті тарихи дәуірде туындаған оның маңызды жақтары мен қасиеттерінің қатаң жүйесін білдіреді. Нақты тарихи дәуірде туындаған мемлекеттердің барлығының белгілері ортақ болып келеді. Мемлекеттердің типологиясы негізінен екі тәсіл формациялық және өркениеттік тәсілдер тұрғысынан жүргізіледі.
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің мәнін және мақсат - міндетін білдіретін оның қызметінің негізгі бағыттары. Мемлекет функциялары оның оның мақсат - міндетімен байланыстырылған, оның мәніне тәуелді және оның өзгеруіне байланысты, басқа тәртіптегі мәнге өтуіне байланысты өзгеріп отырады. Сонымен, мемлекет функциялары - өзгеріп отыратын категория.

Мемлекет функцияларының классификациясы:
1) әрекет ету ұзақтылығына байланысты тұрақты және уақытша;
2) маңызына байланысты - негізгі және қосалқы;
3) қоғамдық өмірдің қай сферасында жүзеге асырылуына байланысты - ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Мемлекет функцияларын жүзеге асыру нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыратын оның органдарының біртекті қызметі. Оны құқықтық және ұйымдық нысандарына бөлуге болады.
Құқықтық нысандарына мыналар жатады: құқық шығармашылық, құқық қолданушылық, құқық қорғаушы.
Ұйымдық нысандарға мыналар жатады: ұйымдық - регламенттеуші (реттеуші), ұйымдық, ұйымдық-идеологиялық.
Мемлекет механизмі - бұл мемлекет міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға арналған мемлекеттік органдардың жүйесі. Мемлекеттік аппараттың, оның барлық бөлімдерінің мазмұнын қоғамдық өмірдің барлық сфераларының тиісті ұйымдастырылуын және тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған басқарушылық, ұйымдастырушылық жұмыстар құрайды.
Осы қызметтің нысандары көбінесе басқару кезінде заңдар, құқықтық механизмдер қандай мөлшерде пайдаланылатындығына байланысты, осыдан туындайтыны мемлекеттік аппараттың қызметінің мынадай нысандарын атауға болады:
1) тікелей басқарушылық;
2) құқықтық нысандар.
Мемлекет механизмінің құрылымы мыналардан тұрады:
1) Мемлекеттік органдардан;
2) Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан;
3) Мемлекеттік қызметшілерден;
4) Ұйымдастырушы құралдар мен қаражаттар, сондай - ақ мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз етуге қажетті мәжбүрлеу күштерінен тұрады.
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру және қызмет етуінің қағидалары - бұл мемлекеттік органдарды құру және қызмет етуіндегі алғашқы бастаулдар, идеялар, анықтайтын негізгі тәсілдер. Оларға мыналар жатады:
1) Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидасы;
2) Демократизм қағидасы;
3) Биліктің бөлінуі қағидасы;
4) Заңдылық қағидасы;
5) Жариялылық;
6) Кәсіпқойлық қағидасы;
7) Алқалылық пен дара басшылықтың үйлесу қағидасы;
8) Сайланушылық пен тағайындалушылықтың үйлесу қағидасы;
9) Иерархиялылық қағидасы.
Мемлекеттік орган - бұл мемлекеттік міндеттерді атқаратын және осы үшін тиісті биліктік өкілеттіліктер берілген ұйым немесе мекеме. Әр бір мемлекеттік органның: а) оның жедел басқаруында болатын мемлекеттік, қазыналық мүлкі болады; б) қаражаттары, банктегі есебі, бюджеттен қаржыландыратын қайнар көздері болады; в)өзіне белгіленген ұйымдық құрылымы, осыған байланысты қызметтік бағыныштылығы және қызметтік тәртібінің жүйесі болады; г) қажетті биліктік өкілеттілігі болады, осының негізінде лауазымды тұлғалар мен алқалы органдар заңды міндетті іс - әрекеттер жасайды.
Мемлекеттік органдардың классификациясы:
1) Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру нысаны бойынша мемлекеттік органдар өкілді, атқарушы- бұйырушы, соттық, прокурорлық және өзге де бақылау- қадағалау органдарына бөлінеді;.
2.) Биліктің бөліну қағидасы бойынша - заң шығарушы, атқарушы және сот;
3) Қызметінің құқықтық нысаны бойынша - құқық шығармашылық, құқық қолданушылық және құқық қорғаушы;
4) Иерархия бойынша - республикалық және жергілікті;
5) Өкілеттіліктерінің мерзімі бойынша- тұрақты (әрекет ету мерзімін шектеусіз құрылатын) және уақытша(қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады);
6) Құзырлығының сипаты бойынша - жалпы құзырлықтағы (үкімет) және арнайы құзырлықтағы (министрліктер).

1.2 Мемлекет нысаны түсінігі және құрылымы
Мемлекет нысаны - бұл басқару нысанынан, мемлекеттік құрылым нысанынан және саяси режим нысанынан тұратын қоғамның құрылымдық ұйымы.
Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттік билік органдарының құрамы, құрылу тәртібі және өкілеттіліктерінің арақатынасы.Басқару нысаны мынадай негізгі түрлерге бөлінеді: монархия және республика. Монархия - бұл тақ ұрпақтан ұрпаққа мұрагерлік жолмен берілетін, жоғарғы мемлекеттік билік бір адамның - монархтың қолында болатын басқару нысаны. Монархиялар шексіз - бұнда монарх бірден бір мемлекеттік билік органы болып табылады, және шектеулі - бұнда жоғарғы билік өкілеттіліктері монархпен және қандай - да бір монархтың билігін шектейтін басқа органның арасында бөлінген, болып бөлінеді. Шектеулі монархиялар өз кезегінде өкілді (дуалистік), бұл кезде монархта атқарушы билік, үкіметті құру құқығы, олардың алдында жауапты министрлерді тағайындау және ығыстыру құқығы, вето құқығы және парламетті шектеусіз тарату құқығы қалдырылған, және парламентарлық, бұнда монархтық құқықтық жағдайы біршама шектелген, өйткені мемлекет басшысы тағайындаған министрлер парламенттің сенім вотумына тәуелді болады, монархтың заңмен қарастырылған жағдайда ғана кідіртушілікті қажет етпейтін вето құқығы, парламентті тарату құқығы ғана қалдырылады, болып бөлінеді. Республика - бұл жоғарғы мемлекеттік билік нақты бір мерзімге сайланған органдарға берілгенн және сайлаушылары алдында жауап беретін басқару нысаны. Жоғарғы мемлекеттік билік органдарын сайлауға қатысу құқығы берілген тұрғындардың топтарына байланысты барлық республикалар ақсүйектік, автократтық және демократиялық болып бөлінеді.
Демократиялық республикалар өз кезегінде мынадай болып бөлінеді:1) парламенттік, бұнда саяси өмірде шешуші рөл басында премьер - министр болатын парламент құрған үкіметке тиесілі болады; 2) президенттік, бұнда сайланған мемлекет басшысы, сонымен біруақытта үкіметтің басшысын тағайындайтын және үкіметті тарататын үкімет басшысы болады.; 3) аралас, бұнда үкіметті президент пен парламент біріге отырып құрады. ҚР президенттік басқару нысандағы мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік құрылым нысаны - бұл мемлекеттің құрамды бөліктерінің арасындағы, сондай - ақ олардың әрқайсысының мемлекетпен арасындағы өзара байланысын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық құрылымы. Барлық мемлекеттер өз мемлекеттік құрылым бойынша жай және күрделі болып бөлінеді.
Жай (қарапайым) немесе унитарлы мемлекеттер - бұл біртұтас, бөлінбейтін мемлекет, өз ішінде жекеленген мемлекеттік құрылымдар болмайтын, жоғарғы органдардың бірыңғай жүйесі, заң шығарушы органдардың бірыңғай жүйесі, бірыңғай сот жүйесі, бірыңғай азаматтық және бір каналды салық жүйесі болады. Қазақстан Республикасы унитарлы аумақтық құрылымы бар мемлекет.
Күрделі мемлекет - бұл қандай да бір дербестілікті пайдаланатын жекеленген мемлкеттік құрылымдардан тұратын мемлекет. Күрделі мемлекеттерге империяларды, конфедерацияларды, федерацияларды, достастықтарды және қауымдастықтарды жатқызады.
Империялар - бұл күштеп құрылған, құрамды бөліктері жоғарғы биліктен тәуелділік дәрежесі әр түрлі болатын күрделі мемлекеттер. Империялардың ерекшелігі олардың құрамды бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік - құқықтық мәртебесі болмағандығы болып табылады.
Конфедерацияларды империялардан айырмашылығы, олардың ерікті негізде құрылуы. Бұл белгілі бір тарихи кезеңде нақты мақсаттарға жету үшін құрылған мемлекеттердің уақытша одағы. Конфедерацияны құрған егеменді мемлекеттер халықаралық - құқықтық қатынастардың субъектілері болып табылады, өз азаматтығы, билік, басқару және әділсот органдарының жүйелері сақталады.
Федерация - бұл құрамды бөліктерінде қандай да бір мөлшерде мемлекеттік егемендік болатын және мемлекеттік құрылымдар болып табылатын күрделі, одақтас мемлекет; онда жоғарғы федералды органдар мен федералды заңнамамен қатар федерация субъектілерінің жоғарғы органдары мен заңнамалары болады; федерацияда екі каналды салық жүйесі пайдаланылады; формалды белгілерінің біреуі қос азаматтықтың болуы.Федерациялар аумақтық немесе ұлттық - мемлекеттік қағида бойынша орнауы мүмкін.
Достастық - бұл ортақ белгілерінің болуымен, нақты біртектілікпен сипатталатын мемлекекттердің ұйымдастырылған бірлестігі.Біріктіретін олардың белгілері экономикаға, құқыққа, тілге, мәдениетке, дінге қатысты болады. Достастық мүшелері - бұл толғымен тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, халықаралық қатынастардың субъектілері.
Мемлекеттердің қауымдастығы - бұл қоғамның мемлекеттік ұйымға өтудегі ауыспалы нысаны. Қауымдастықтың негізінде көп жағдайда қауымдастыққа кіретін мемлекеттердің интеграциялық байланыстарын күшейтетін және конфедерацияға бірігуге септігін тигізетін мемлекеттік аралық шарт қаланады.
Саяси режим - бұл мемлекеттік билікті жүзеге асыратын тәсілдер мен әдістер. Мемлекеттік билік жүргізудің әдістері мен тәсілдерінің жинақталуына байланысты режимнің екі түрін ажыратуға болады: - демократиялық және антиде - мократиялық. Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, құқықтық, зиялы, әлеуметтік мемлекет деп жариялады.
1.3 Құқық түсінігі, мәні, функциясы және қайнар көздері
Құқық таптық құбылыс ретінде тарихи қалыптасты және ең бастысы экономикалық үстемдік ететін таптардың ерік - жігері мен мүдделерін білдірді. Егер әдет - ғұрыптар адамдардың сана - сезімінде сақталса, онда құқық жалпыға мәлім жазбаша түрде ресімделе бастады. Құқықтың пайда болуы - әлеуметтік байланыстардың күрделенуінің салдары, қоғамдағы қайшылықтардың шиеленісуін реттеу.
Құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Құқықтың белгілері:
1) ерікті сипаты;
2) жалпыға міндеттілігі;
3) нормативтілігі;
4) мемлекетпен байланысы;
5) формалды анықталғандығы;
6) жүйелілігі.
Құқықтың жоғарғы қоғамдық міндет- мақсаты - нормативті тәртіпте қоғамда бостандықты қамтамасыз ету және кепіл болу, әділеттілікті нығайту, қоғамдық өмірден бассыздықты жоя отырып, қоғамда экономикалық және рухани факторлардың әрекетінің басымдылығына тиімді жағдай туғызу.
Құқықтың құндылығы - бұл бүкіл қоғамның, азаматтардың әлеуметтік әділетті, прогрессивті сұраныстары мен мүдделерін қанағаттанадыру мақсатындағы және құралы ретіндегі құқықтың бейімділігі. Құқықтың мәні - мәдениеттендіру жағдайында қоғамдық қатынастарды реттеу, яғни нормативті негізде демократия, экономикалық бостандық, жеке адамның бостандығы жүзеге асырылатын тұрақты ұйымдасқан қоғамға жету.
Құқықтың мәнін қарастыруда екі аспектіні есепке алу маңызды: формалды және мазмұнды.
Объективті құқық - бұл мемлекет белгілеген, қамтамасыз ететін, кепіл болатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формалды анықталған құқық нормаларының жүйесі.Объективті құқық - бұл белгілі бір кезеңдегі нақты мемлекеттің заңнама, құқықтық әдет - ғұрыптар, заң преценденттері және нор - мативті шарттар. Ол объективтілігі жеке адамның сана - сезімне байланысты еместігімен және оған тиесілі еместігімен түсіндіріледі.
Субъективті құқық - бұл тұлғаның өз мүдделерін қанағаттандыруға арналған заңды мүмкін болатын мінез - құлықтарының өлшемі. Субъективті құқықтарға адамның нақты құқықтары жатады (еңбек етуге құқық, білім алуға құқық және т.с.). Ол субъективтілігі субъектімен тікелей байланыстылығымен және оған тиістілігімен және оның сана - сезіміне, ерік - жігеріне тәуелдігімен түсіндіріледі.
Құқықтың заңды мағынасындағы мәнімен қатар (объективті, субъективті) табиғи құқықтар да бар, ол өмір сүруге құқық, бостандыққа құқық сияқты құқытарды қамтиды. Табиғи құқықтарға жататын құқықтар қандай - да бір құжаттарда бекілітілгеніне немесе бекітілмегеніне байланыссыз өмір сүре береді, және де олар заттардың, өмірдің өзінен тікелей туындайды.
Табиғи құқықтан, құқықтың заңды мағынасындағылардан (объективті,субъективті) басқа позитивті құқық сияқты, яғни заңдарда және басқа да қайнар көздерде көрсетілген құқықтар да болады.
Құқықтың пайда болуынан бастап және оның даму барысында оның қарама - қарсы және де сонымен біруақытта өзара байланысты екі жағы анықталды.
Көпшілік (бұқаралық) құқық - бұл мемлекеттік істер облысы, яғни мемлекеттің құрылымы мен қызметі көпшілік (бұқаралық) билік, барлық көпшілік институттар сияқты билік пен бағыныштылық бастауларына, субординация қатынастарына орнатылған.
Жеке құқық - бұл жеке істер облысы, яғни дербестікке, субъектілердің заңды теңдігіне, олардың бір - біріне бағынбаушылық бастауларына негізделген жеке бастың ерікті мәртебелерінің облысы.
Құқық қоғамдық қатынастардың мемлекеттік реттеушісі ретінде - құқықтың мемлекетпен тығыз байланыстылығы өте маңызды рөл атқарады.
Құқықты түсіндірудегі қазіргі уақыттағы тәсілдер:нормативті тәсіл, табиғи - құқықтық тәсіл, теологиялық, құқықтық - тарихи, психологиялық, әлеуметтік және т.б.
Құқық қағидасы - бұл құқықты арнайы әлеуметтік реттеуші ретіндегі мәнін білдіретін негізгі, алғашқы бастаулар, жағдайлар, ережелер, идеялар.
Таралу сферасына байланысты жалпы құқықтық, сала аралық және салалық қағидалар болып бөлінеді.
Құқық функциялары - бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқықтың қайнар көздері - бұл мемлекеттен туындайтын немесе құқық нормаларын көрсететін және бекітетін, оларға заңды және жалпыға міндетті күш беретін мемлекет қабылдаған ресми құжаттық нысандар.
Құқықтың қайнар көздерінің түрлері:
1) Нормативті заңды актілер;
2) Санкцияланған әдет - ғұрыптар;.
3) Заң прецеденті;
4) Нормативті шарт;
5) Құқықтың жалпы қағидалары;
6 ) Діни мәтіндер.
Нормативті құқықтық актілер - бұл құқық нормаларынан тұратын және нақты қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған құзырлы мемлекеттік органнан шығатын ресми құжаттар. Нормативті актілерді нормашығармашылық құзырлығы бар мемлекеттік органдар қатаң белгіленген нысанда шығарады. Заңды күшіне байланысты барлық нормативті актілер заңдарға және заң күшіндегі актілерге бөлінеді.
Заң - бұл жоғарғы күші бар және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, халықтың ерік - жігерін білдіретін, ерекше тәртіпте заң шығарушы орган немесе референдумда қабылданған нормативті акт.
Заңның түрлері:
1) Конституция;
2) Конституциялық заңдар;
3) Жай заңдар.
Заң күшіндегі актілер - бұл заңның негізінде және солардың орындалуы үшін шығарылған, құқық нормаларынан тұратын нормативті акт. Оларға мыналар жатады:
1) Президенттің жарлықтары мен өкімдері;
2) Үкіметтің қаулылары мен өкімдері;
3) Мемлекеттік аймақтық және жергілікті муниципалдық органдардың актілері;
4) Ведомствалық актілер.

2 ҚР Конституциялық құқығының негіздері

2.1 Конституциялық құқық түсінігі, пәні және конституциялық құқықтық қатынас түсінігі, қайнар көздері
Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жџйесінің саласы.
Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жџзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.
Конституциялық құқық - бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жџйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.
Конституциялық құқықтық қатынастар дегеніміз - мемлекеттік биліктің функциясымен, ұйымдастырылуымен байланысты конституциялық нормалардың негізінде тоқтатылатын және өзгертілетін қоғамдық қатынастардың адаммен және азаматпен, саяси партиялармен, қоғамдық қозғалыстармен өзара қарым-қатынасын айтамыз.
Конституциялық құқықтық субъектілері - бұл конституциялық - құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең: бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жџктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері дегеніміз шынайы әрекет құбылыстары негізінде құқық қатынастарының субъектілерінің құқықтық байланысқа тџсуі. Конституциялық құқық қатынастарының объектілеріне жататындар: мемлекеттік территория, материалдық құндылықтар, адамдардың тәртібі, мемлекеттік органның немесе лауазымды тұлғалардың әрекеті, азаматтардың жеке мџліктік емес құқықтары жатады.
Конституциялық - құқықтық нормаларға басқа құқық саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мџшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жџктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.
Конституциялық - құқықтық нормалар - бұл мемлекеттің мәжбџрлеу кџшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жџзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.
Конституциялық - құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.
Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән тџсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны азамат, азаматтық, азаматтықтан шығу, азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституциясы конституциялық құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылады. Конституцияның басқа нормативтік құқықтық актілерден мынадай ерекшеліктері бар:
1) Қоғамдық қатынастардың негізін қалайды. Себебі ҚР Конституциясы мемлекет пен қоғам өмірінің барлық сферасын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды;
2) Құқықтың негізгі бастау болып табылады. ҚР Конституциясында бџкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, Конституциялық құқық нормалары барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы;
3) Ең жоғарғы заңдылық кџші бар. ҚР қабылдаған заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілер Конституциядан шығуы керек және оған қайшы келмеуі керек. Егер олар Конституцияға қайшы келетін болса қолданылмайды;
4) Оның ерекше тәртіппен қабылдануы. Себебі Конституцияны Республикалық Референдумда халық қабылдайды;
5) Тұрақтылығы.

2.2 Конституцияның түсінігі, мәні, функциясы. 1995 ж ҚР Конституциясы: мазмұны, мәні. ҚР конституциялық құрылысы
Заң ғылымында Конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.
Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады.
ҚР Конституциялық заңының қалыптасуының үшінші кезеңі 1993 жылы қаңтарда Жоғарғы Кеңеспен жаңа Конституцияны қабылдаумен басталады. Бұл құқықтық акт Қазақстанның мемлекеттік және құқықтық құрлысын жаңаша анықтады. Конституция мемлекеттік егемендік жарияланған кезеңнен бастап қабылданған көптеген құқықтық нормаларды, конституциялық заңдардың принциптері мен идеяларын қабылдады.
Конституциялық заңдардың қалыптасуының төртінші кезеңі 1995 жылы Конституцияны қабылдаумен байланысты. Онда енді КСРО мен Қаз КСР-ның Конституциясы мен заңдарына болмады. Заңдарды конституциялық нормаларға сәйкес келтіру-заң шығару органының міндеті. Президенттік басқару жүйесі бекітілді, қос палаталық Парламент нығайтылды, Конституциялық сот Конституциялық кеңеспен ауыстырылды және ол енді сот органы болмады. Сот жүйесі реформаланды, құқық қорғау органдары қайта құрылды. Бұл кезең әлі жалғасуда. Негізінен президенттік басқару жүйесінде бекітілген жоғарғы және жергілікті мемлекеттік билік органдарын қайта құру аяқталды.
ҚР Конституциясы келесі заңдық қасиеттерді иеленеді:
1) Бұл құқықтық акт, заң. ҚР Конституциясы-бірыңғай ерекше заңдық қасиетке ие құқықтық акт, оның көмегімен халық қоғам мен мемлекеттің құрылымының негізгі принциптерін құрады, мемлекеттік биліктің субъектілерін, оны жузеге асыру механизмі анықтайды, мемлекет қорғайтын адам мен азамат құқығын бекітеді;
2) Заңдық жоғарылығы. Конституцияның жоғарылығы консти- туциялық құрлысты нығайтады, яғни мемлекетің Конституцияға, құқыққа бағынуы.
Конституция барлық басқа нормативтік актілерге қатысты жоғарғы заңдық күшке ие. Сондықтан заңдар және басқа құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі керек. Бұл оны қорғаудың ерекше құралымен кепілделінетіндігінен байқалады. Конституцияға қайшы келетін актілер өзгертіледі немесе онымен сәйкестендіріледі;
3) Ағымдағы заңның базасы болады. Нақ Конституция құқық шығармашылық процессін анықтайды-әр түрлі органдар қандай негізгі акт қабылдайтындығын, олардың атауын, заңдық күшін, заңдардың қабылдану тәртібі мен процедурасын бекітеді;
4) Қабылдау және өзгертудің ерекше тәртібі. ҚР Конституциясына өзгерістер енгізумен қайта қарау үшін ерекше, күрделі тәртіп бекітілген. ҚР Конституциясы 1995 жылы бүкіл халықтық дауыс беру жолымен қабылданды және қатаң конституциялардың қатарына жатады.
Конституциялық құрлыс - бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.
Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.
Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.
ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.
ҚР Конституциясына сәйкес (1 б) Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп бекітеді.
1) Қазақстан Республикасы демократиялық мемлекет деп жариялайды (ежелгі грек сөзі демократия аударғанда халық билігі). Оның демократиялық сипаты келесіден көрінеді: онда халық билігін қамтамасыз ету; биліктің заң шығарушы, атқарушы, сот тармақтарына бөлінуі; идологиялық және саяси алуандылық; меншіктің барлық формасын тану және тең қорғау.
Демократиялық мемлекетте биліктің бірден-бір бастауы және қорғаушысы халық болады. Бүкіл биліктің қорғаушысы халық деп тану халық егемендігін көрсетеді. Халық егемендігі халықтың толық билігін көрсетеді., яғни қоғам мен мемлекеттің істерін басқаруға халықтың шынайы қатысуы үшін халықтың әлеуметтік-экономикалық және саяси құралдарды иеленуі.
Халық өзінің билігін тікелей республикалық референдум және сайлаумен қатар, мемлекеттік билік органдарына делегат жіберу арқылы жүзеге асырады;
2) Құқықтық мемлекет. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан өзін құқықтық мемлекет деп бекітеді. Құқықтық мемлекет мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар мен азаматтар түгелімен бағынуға міндетті әрекет ететін құқықтық нормалармен өзін шектеумен сипатталады. Осыған байланысты құқықтық мемлекеттің жұмыс істеуінің негізгі принципі құқық жоғарылығы болып табылады. Бұл ең алдымен конституция мен заңдардың жоғарылығын көрсетеді.
Құқықтық мемлекеттің мәні - оның жүйелі демократизмі, билік көзі ретіндегі халық егемендігін бекіту, мемлекетті қоғамға бағындыру құқықтық мемлекет болып өзінің міндетті ерекшелік қасиетін танитын және билікті бөлу институтын, соттың тәуелсіздігін, басқарудың заңдылығын, азаматтардың құқығын мемлекеттік биліктің бұзуынан оларды құқықтық қорғауды танитын мемлекет есептеледі. Құқықтық мемлекеттің басты идеясы құқықтық мемлекетпен байланысты болуы, оның әрекеті болжау және сенімділік кепілдеуі, азаматтарды мемлекет пен оның органдары тарапынан болуы мүмкін зорлық-зомбылықтан қорғау;
3) Әлеуметтік мемлекет. Әлеуметтік мемлекет - бұл әлеуметтік саясаты адамның өмір сүруі мен оның еркін дамуына материалдық қатынастың еркін дамуына, ақталмаған әлеуметтік айырмашылықты жеңуде лайықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекет.
Әлеуметтік мемлекет өзінің әр бір азаматына адамға лайықты тіршілік минимумын қамтамасыз етуге ұмытылады және осыған байланысты әр бір есейген адамның өзін және өзінің отбасын асырауға ақша табу мүмкіндігі болуы қажет. Егер әр түрлі себептерге байланысты мұндай мүмкіндік жүзеге асырылмаса және адам қажеттілігі тиісті деңгейде қанағаттандырылмаса ғана мемлекет араласады.
Әлеуметтік мемлекеттің маңызды бір мақсаттарының бірі әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету болып табылады. Мемлекеттің әлеуметтік теңсіздікке қарсы тұру құралы әлеуметтік қамтамасыз ету;
4) Зайырлы мемлекет. Зайырлы мемлекет мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігін, олардың қызмет шеңберін шектелгендігін (сонымен қатар мектеб те шіркеуден бөлінген, бұл мемлекеттік құрылымның зайырлылық сипатымен қамтамасыз етіледі), сондай-ақ қандай да бір діннің мемлекеттік немесе міндетті болып бекітілуіне тиім салынудан көрінеді.
Қазақстан Республикасы зайырлы мемлекет ретінде діни ұйымдардың мемлекеттен бөлінгендігімен сипатталынады. Мемлекет ісіне діни қоғамдық ұйымдардың араласуына жол берілмейді және мемлекеттік органдардың діни ұйымдардың ісіне араласуына жол берілмейді.

2.3 Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік билік органдарының конституциялық-құқықтық мәртебесі
Президент - бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді.
Мемлекеттік органның Конституциямен белгіленетін құқықтық мәртебесі мемлекеттік билік органдары жүйесінде бөлінетін орнымен анықталады. Конституция Президенттің ерекше жағдайын тани келіп, Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. Одан әрі, ҚР-сы Конституциясында көзделген тежеушілік және тепе-теңдік жүйесі Президенттік биліктің барлық билік тармақтарынан жоғары тұруына мүмкіндік бермейді. Президентке Парламенттің және сот билігінің қызметін бақылау құқығы берілмеген. Президентті жабық дауыс беру жолымен жеті жылға тікелей сайлау негізінде халық сайлайды. Және сайлау баламалы сипатта өтеді. Конституция бір адамның Президенттік лауазымға қатарынан екі мерзімнен артық сайлануына жол бермейді. Президент өзінің норма шығармашылық өкілеттігін шеңберінен артық пайдаланған жағдайда Конституциялық Кеңес оның нормативтік актілерін заңсыз деп тани алады.
ҚР-сы Президенті халық пен мемлекеттік биліктің, Конституцияның мызғымастығының, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарынның рәмізі және кепілі болып табылады. Президенттің халық бірлігінің рәмізі болып табылатынының себебі, оны мемлекет басшылығына көпұлтты халық сайлайды. Президент халық еркінің бірлігін білдіреді. Сондықтан Президент халық атынан сөйлеуге құқылы. Президент Конституцияның, мемлекеттің басқа заңдарының сақталуында мемлекеттік билік органдарының жауапкершілігін қамтамасыз етуі тиіс.
ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы ҚР-ның Президенті туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:
1) Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие;
2) Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады;
3) Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді;
4) Президенттің өкілеттілігіне азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді.
ҚР-сы Парламенті Республикасының заң шығарушылық қызметін атқаратын, өкілетті органы болып табылады. Міне осылайша Конституция бойынша Парламент өкілеттілікке халық тарапынан ие болады және конституциялық өкілеттілігі шеңберінде халық атынан сөйлей алады (ҚР-сы конституциясы, 3 бабы). Парламентке заң шығарушылық қызметінің берілуі - бұл оған заң шығарушылық қызметі билігінің берілуін білдіреді.
Ел конституцияның 53-ші және 61-ші баптарында көрсетілген жағдайларға сәйкес, Ел Президентінен басқа бірден-бір мемлекеттік органның заң қабылдау құқығы жоқ. Демек заң шығару тек Парламентке ғана беріледі. Заң шығарушы орган бола отырып, Республика Парламенті атқарушы билікке қатысты бірқатар бақылаушылық қызметін де жүргізе алады.
Бақылаудың бұл түрін біз негізінен республика бюджетін бекітуінен және оның орындалуын қадағалаудан және Үкіметке сенімсіздік білдіруден терең көрінеді. Аталған бақылау қызметтері Еліміздің Конституциясында бекітілген.
ҚР-сы Конституциясының 50-ші бабына сәйкес, Еліміздің Парламентін тұрақты түрде жұмыс істейтін Сенат және Мәжіліс отырысында сайланатын, әр облыстан 2-деутат, республикалық дәрежедегі қалалар, ҚР астанасынан сайланатын депутаттар құрайды. Әр бір үш жыл сайын Сенат депутаттарының жартысы қайта сайланады. Парламенттің өкілеттік мерзіміне орай ҚР Президенті тарапынан 7 депутат тағайындалады. 30 жасқа толған, ҚР азаматтығын алғанына 5 жыл толған, жоғарғы білімді, еңбек стажы 5 жылдан кем емес, ҚР аумағында 5 жыл тұрақты тұрған азамат ҚР Сенат депутаты болып сайлана алады.
Мәжіліс депутатының саны 77. Олар жалпыға бірдей, тей және тілекей сайлау құқықтары негізінде, жасырын дауыс беру арқылы бір мандатты, территориялық сайлау округтерінен сайланады. Жасы 25 толған, ҚР азаматы Мәжіліс Депутаты бола алады. Қазақстан халқына ант береді.
Депутат Парламент сессияларында және ол оның құрамына кіретін органдарының отырысында қаралатын барлық мәселелер бойынша шешуші дауыс құқығын пайдаланады. Депутат Парлламенттің және оның Палаталарының үйлестіруші және жұмысшы органдарына сайлауға және сайлануға құқылы; сессияның күн тәртібі бойынша ұсыныстар мен ескертулер енгізуге, Парламент сессиясында Палаталарға есеп беретін лауазымды адамдардың сауал салуға, Парламент қабылдайтын заңдар, қаулылар, басқа да актілердің жобаларына түзетулер енгізуге, азаматтардың қоғамдық маңызы бар өтініштерімен депутаттарды таныстыруға, басқа да өкілеттіліктерді жүзеге асыруға құқылы.
ҚР-сы Үкіметі - атқарушы биліктің жоғарғы органы.Ол сонымен бірге еліміздегі атқарушылық қызметті іске асыратын, бақылайтын, жалпы құзыреттерге ие коллегиалды орган болып есептеледі.
Үкімет мүшелері болып, ҚР-сы Президенті, Премьер-Министр, Министрлер, ҚР-ның Мемлекеттік комитеттерінің төрағалары есептеледі. Үкімет құрылымы және құрамы туралы Президентке Премьер-Министр ұсыныс жасайды. Үкімет мүшелері Қазақстан Халқына және Президентіне ант береді. ҚР-сы Үкіметі жаңа сайланған Президент өз қызметіне кіріскен кезде және Президент ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуін жариялаған кезде өз өкілеттілігін тоқтатады. ҚР-сы Конституциясының 44 бабына сәйкес, Республика Президенті Парламенттің келісімімен ел Премьер-Министрін тағайындайды. Республика Президенті Премьер-Министрді Тағайындау мәселесінде Парламент екі ретте бас тартатын болса, ол Парламентті таратуға құқылы. Өз қызметіне тағайындалғаннан кейінгі бір ай мерзім ішінде Премьер-Министр Парламентке Үкімет бағдарламасы Туралы және бұрынғы үкімет бағдарламасы негізінде жұмыс істейтіндігі туралы өз жұмыс жоспарын ұсынады.
ҚР-сы Үкіметінің отставкаға кетуі дегеніміз - бұл оның мынадай себептерге байланысты өз өкілеттілігін тоқтатуын білдіреді: Үкіметтің өз бастамасы бойынша, Президенттің бастамасы бойынша, бұл негізінен сенімсіздік вотумы жарияланып, Парламентпен келіспеушілікке алып келетін саяси дағдарыс ахуалы қалыптасқан жағдайда. ҚР-сы Конституциясында Үкіметтің мына негізгі өкілеттіктері аталады: Елдің бюджетін қалыптастыру және ол депутаттар қабылдағаннан кейінгі оның іске асырылуын қамтамасыз ету істері және Парламентке бюджеттің орындалуы туралы нақты есеп беруі.
ҚР-да біртұтас қаржы, несие және ақша саясатын жүргізу. Мемлекет меншігін басқаруды іске асыру. Мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын іске асыру. Мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау, экология, әлеуметтік-салаларда біртұтас мемлекеттік саясаттың болуын және іске асуын қамтамасыз ету. Адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуының қамтамасыз етілуін іске асыру шаралары. Қоғамдық тәртіпті сақтау, меншікті қорғау және қылмысқа қарсы күресу. Үкіметтің аталмыш өкілеттіліктері Ел конституциясының 66 бабында толық әрі нақты көрсетілген. Сонымен бірге Үкімет құқықтық заңшығарушылық бастамаға иежәне ол Мәжіліске заңдар жобасын ұсына алады әрі заңдардың орындалуын іске асыра алады.
Өз өкілеттілігі шегінде Үкімет кадрлар мәселесін және лауазымды тұлғаларды тағайындау мәселелерін шеше алады. Өз өкілеттілігі деңгейіне орай Үкімет сондай-ақ, нормативтік актілер шығара алады. Ал Премьер-Министр өз кезегінде өкім шығара алады. Үкіметтің коллегиялық жұмыс түрі ретінде айына бір реттен өткізіліп отыратын отырысын айтамыз.
ҚР-ның Конституциялық Кеңесі - конституцияның аса жоғарғы заңдық және тікелей орындалуына ықпал жасайтын орган болып табылады. Онда заматтардың еркіндігі мен бостандығы, мемлекеттік механизмнің дұрыс жұмыс атқаруы мен биліктің бөлінуіне қағидаларына негізделген принциптердің жоғарғы дәрежеде қорғалуына және орындалуына ықпал етеді.
Конституциялық қадағалауды жүзеге асыратын органның құқықтық мәртебесі, құрылуы және қызмет атқару құзыреттері, шешім қабылдауы конституцияда бекітіліп әр елдің ішкі заңымен көрсетілген.
Алғаш рет Қазақстанда Конституциялық қадағалау институты арнайы орган түрінде 1989 жылы - Конституциялық қадағалау Комитеті түрінде құрылған болатын. 1991 жылдың 16 желтоқсандағы Конституциялық заң күші бар ҚР-ның тәуелсіздігі туралы заңында Конституцияны соттық қорғаудың ең жоғарғы органы болып, Конституциялық сот болып табылады деп атап көрсетілген. Осы нормаға сәйкес 1992 жылдың 2 шілдесінде Жоғарғы Кеңеспен Конституциялық сот құрылып, оның құрамына төраға, төрағаның орынбасары және тоғыз мүшесі 1995 жылға дейін қызмет атқарды.
1995 жылы жаңа конституция қабылданып - ҚР-сын Конституциялық Кеңестің негізгі ережелері мен құқықтық статусы анықталып - бұл орган ендігі жерде ҚР-ның барлық жерінде Конституциялық жоғарғы заңдық күші бар екенін және оның орындалуына қызмет атқарады.
Конституциялық Кеңестің құрылуы мен қызмет атқаруы ҚР-ның Президентінің Жарлығына, Констьитуциялық заң күші бар ҚР-ның Конституциялық Кеңесі туралы 1995 жылғы 29 желтоқсандағы заңымен реттеледі.
Конституциялық Кеңес өз қызметін жүзеге асыру барысында мемлекеттік органдар, ұйымдар, лауазымды тұлғалар мен азаматтардан тәуелсіз ешқандай саяси және басқа себептер көзделмей, тек қана ҚР-ның Конституциясына ғана бағынады. Конституциялық Кеңес 7 мүшеден тұрады, оның ішінде төраға және де ҚР-ның экс-Президенттері өмір-бойы Конституциялық Кеңестің мүшесі болады. Кеңестің төрағасы мен екі мүшесін Президент тағайындайды, ал екі мүшесін Мәжіліс пен Сенат төрағалары 6 жыл мерзімге тағайындайды. Кеңес мүшелерінің жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып отырады.
Жоғарыда көрсетілген тұлғалардың өтінішіне орай Конституциялық Кеңес шешім шығарады.
Сот билігі - бұл сот әділдігін жүзеге асыратын құзыретті орган болып табылады. Мемлекеттік қызметтің бір түрі болып табылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Магистранттың ғылыми-педагогикалық практиканы өту есебі
Бақылау жұмысын орындауға арналған тапсырмалар
Болашақ мұғалімдерді мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беруге даярлау
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Кредиттік оқыту бойынша студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі
Семинар сабақтарына тапсырмалар
Мамандықтың пәндер каталогы
Халықаралық құқықтың қағидалары
Диплом алдындағы тәжірибе нәтижелерінің есебі
Жалпы білім беру пәндер циклы
Пәндер