Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Конституциялық құқық негіздері


Мазмұны

Кіріспе 9

1 Құқықтық мемлекеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар

1. 1 Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттамалары 10

1. 2 Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері 13

1. 3 Құқықтық мемлекет және азаматтық қоғам 16

1. 4 Құқықтық мемлекеттің негізгі қағидалары 18

1. 5 Құқықтық мемлекет туралы жалпы ілім 23

2 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Конституциялық

құқық негіздері 25

2. 1 Конституция- Қазақстан Республикасының Ата заңы 25

2. 2 Қазақстан-демократиялық, зайырлы, құқықтық және

әлеуметтік мемлекет 27

2. 3 Қазақыстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен

бостандықтары 28

3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару және

әкімшілік құқық негіздері 32

Қорытынды 35

Пайдаланған әдебиеттер 37

Нормативтік сілтемелер

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл;
  2. “Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Конституциялық Заңы, 1991 ж. 16 желтоқсан;
  3. Қазақ ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы, 1990 ж. 25қазан;
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекісі: Жалпы бөлім 27 желтоқсан 1994 ж; Ерекше бөлім. 1999 ж. 1 шілде;
  5. ҚҚР Президенті 2009 қаңтар айының 13 жұлдызында қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелері
  6. "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 453-1 Заңының 1-тарауы - Жалпы ережелер.
  7. Қазқстан Республикасының

  1. 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдары;
  1. 1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ ССР-інің Заңы;
  1. 2000 жылғы желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік әріптестік туралы» Заңы;

Анықтамалар

Құқық дегеніміз - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын,

жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің

(нормалардың) жиынтығы.

Құқықтық мемлекет дегеніміз- жеке тұлға мен қоғам мүддесін қорғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет.

Норма дегеніміз- бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Норма

Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі.

Мемлекеттік орган - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет қызметтерін жүзеге асырушы ұйым.

Саяси режими - мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістерінің жиынтығы.

Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқыктың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді.

Басқару нысаны - жоғарғы мемлекеттiк органдардың құрылуы мен ұйымдасуының тәртiбi.

Мемлекеттiк құрылым нысанында - мемлекеттің аумақтық кұрылысын, мемлекетпен оның аумақтық бөлiктерiнің арасындағы қарым-қатынастары көрсетiледi.

Саяси (мемлекеттiк) режим - мемлекетi билiктi iске асырудың жолдары мен әдiстерiнің жүйесiн көрсетедi.

Мемлекеттiк басқарудың нысандары - мемлекет нысанының құрамы, ол жоғарғы мемлекет үкiметтінің ұйымдасуының, оның органдарының құрылуындағы кісі, ;

тәртiптi және олардың тұрғындармен қарым-қатынасын сипаттайды.

Қысқартулар мен белгілер

БАҚ - бұқаралық ақпараттық құралдар

ҚСДП - Қазақстанның социал-демократиялық партиясы

ҚАП - Қазақстанның азаматтық партиясы

ҚРХП - Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы

ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар

ӘҚСК - әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері

КЕҰ - коммерциялық емес ұйымдардың

ҚР - Қазақстан Республикасы

Кіріспе

Мемлекет пен құқықтың пайда болуы мен дамуы алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құры-лымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланысты өзгеріп, жаңарып отырады. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірбиесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінеді: Малшылық, жер игеру, өнірістік және саудагерлер тобы. Оың бәрі еңбектің өнімділігін артырады, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар паида болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың- қосымша өнімнің пайда болуы: жеке меншіктің қалыптасуы : топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайды қайшылықтарды реттеп, қоғамдық басқару үшін өмірге мемлекетпен құқық келеді.

Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке мменшіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс тапқа бөлінуінің туындысы. Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны мен оның негізгі салаларын басшылық ететін, қажетті жағдайларда мемлекеттің күшқуатына үйренетін басқару жүиесі.

Мемлекеттің пайда болуыының, дамуының бірнеше түрлері бар .

1. Шығыс елдерінде ( Иран, Индия, Қытай, Араб т. б. шығыс типтегі елдерде) мемлекеттің қалыптасуы негізінен қоғамдық меншікті қорғаумен байланысты. Себебі алғашқы қоғам ыдырау кезінде бұл елдерде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер құру, құрғаұшылықпен күресу. Міне ос күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық-мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: шенеуліктер, ру, тайпа басшылары, хандар, корольдер мен императорлар болды.

Сонымен, Шығыс елдеріндегі мемлекеттердің қалыптасу себептеріне:

- ірі ирригациялық жүйелерді жасау ;

- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру, біріктіру;

- барлық жұмыстарды бір орталықтан басқару жатады.

Мемлекеттің басқару аппараты бұрынғы ру, тайпаны басқарған аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп әділетсіздікті, тонаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып ХІХ-ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей, сақталып келеді ( Қытай, Иран т. б. ) .

2. Еуропалық елдерде мемлекет жеке меншіктің шапшаңғ күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.

Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекеттік билікті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік, көбінесе, демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты.

Германияда мемлекеттің қалыпиасуы басқаша болды. Қалың бұқара байларға тәуелді болады, федолдық қатынастар дами бастады. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде Ресейде, Ирландияда және т. б. қалыптасты.

Құқықтың дамуы - адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамда қарым қатнастарда реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді кесіндер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенеді. Мысалы, Индия да Ману заңына сүйенеді, ал мұсылман елдерінде - Құраң заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатнастардың мемлекеттік органнының өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарады.

Адам қоғамның мыңдағын жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс- әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүде - мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекетпен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

  • Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
  • Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлып тапқан жоқ, олар адманың өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсалюттік ұғымдар деп атайды.
  • Тарихи теория - осы теорияны ұсынғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді.
  • Патриарқалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірбиесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде - мақстарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді.
  • Писхологиялық теория - адамдардың писхологиялық біріккен көз қарасы, іс-әрекетті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және т. б [1] .

1 Құқықтық мемлекттің пайда болуы және дамуы

туралы идеялар

1. 1 Құқықтық мемлекеттің негізгі сипаттары.

Құқықтық мемлекеттің ұғымы

Мемлекеттің өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар, адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу, құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотелъ, Полибии, Цицерон) құқық пен мемлекеттік биліктң арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талпынғандағы мақсаттары сол дәуірегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.

Мемлекеттік билік құқықты мойындайды және бір мезгілде құқықпен тежелуі, ертедегі ғалымдардың ойынша, ең адал мемлекеттіке жатады. ” Заңның күші жоқ жерде - Аристотелъдің айтуы бойынша - мемлекеттік құрылым нысаны жоқ”. Цицеронның айтуы бойынша халықтың жұмысы құқықтық араласу және жалпы құқықтық тәртіп . Ертедегі Грецияаның және Римнің мемлекеттік құқықтық идеялары, институттары, құқықтық мемлекеттер туралы кейінгі прогрессивтік ілімдердің аяғынан тұруына, дамуына белгілі әсерін тигізеді.

Феодализмнен капитализмге өту кезеңіндегі өндіргіш күштердің өсуі, қоғамдағы әлеуметтік және саяси қатынастарды туғызуға мәжбүр етеді және оның қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырудағы негізгі ролін көрсетеді.

Федолизмыдырауының алғашқы кезеңдеріндегі құқықтық мемлекеттілік идеяларды тарихи тұрғысынан сол кездегі прогрессивті оқымыстылар Н. Макивелли және Ж. Боден айтқан. Макивели өзінің теориясында, ертедегі және қазіргі көп ғасырлық мемлекеттің өміріндегі тәжірбенің негізінде, саяасттың принципін түсіндірді, саяси өмірдің дамуындағы қозғаушы күштерді білу арқылы, сол уақытқа қажетті идеалды мемлекеттң нұсқасын салуды көздеді.

Мемлекеттің мақсаты, заттарды ерікті пайдалануға мүмкіндік жасап әр адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуінде деп білді. Мемлекеттің нысаны туралы мәселені көтергенде, республика нысанына мейірі түсті, себебі тек республика нысаны ғана, көп жағдайда теңдік пен бостандықтың талаптарына сай келетін. Бұдан мемлекетті - көптеген отбасыларды және өзіне қарағандарды құқықтық басқару деп анықтады. Мемлекеттің мақсаты, тек құқық пен бостандықты қамтамасыз ету деп білді.

Бурдуазиялық революциялардың кезеңінде құқықтық мемлекет тұжырымдамасының дайындалуына прогрессивті оқымыстылар маңызды үлес қосқан: Г. Гроций, Б. Спиноза, Т. Гоббс, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д. Дидро, П. Гольбах, Т. Джефферсон және басқалар. Солардың ішіндегі, құқықтық м емлекет туралы, көбірек маңыздылау, ғылыми - теориялық ойлардың мазмұнын талдап көрсетеміз.

Гроций - табиғи - құқықтық мектептің, бірінші теорилық маманы болды. Оның теориясы бойынша: табиғи құқық және ерікті белгіленген құқық болып екіге бөлінеді. Табиғи құқықтың шығатын көзіне адам табиғаты, адамдық ақыл - ой жатады.

Табиғи құқықтың үйғарымына: басқа адамның нәрсесін алмауға, өзін - өзі ұстау, уәдеге түру міндеттілігі, кінәләрдәң шығынды төлеуі, сонымен қатар “Воздаяние” адамдарды қылмысына қарай жазалау жатады. Ерікті белгіленген құқық, мемлекеттен шығып, түгелімен табиғи құқық принциптеріне сәйкес келулері қажет.

Феодализмнің құқықтық институттарын Гроций адам табиғатына қарсы деп жариялады, сондықтан “ақыл -ой заңдылығына жауап беретін”

жаңа талаптарға сай құқық қажет деп есептеді. Ол мемлекеттің мақсатын құқық пен бекіту арқылы, жеке меншікті қорғау, көпшіліктің келісімі бойынша, әр адамға, өзінің мүлігімен еркін пайдалануды қамтамасыз ету деп білді. Әр түрлі нысандағы мемлекеттің құрылуы, Гроцийдің ойынша, қоғамдық келісім, сондықтан халық мемлекетті құрған да кез келген басқару нысанын алуға мүмкіндігі бар, бірақ оны белгіленгеннен кейін, халық оның басқарушыларына бағынуға міндетті. Мемлекеттік басқару нысанын өзгертуге қоғамдық келісім жасағандардың екі жағының да келісімдері қажет.

Құқықтық мемлекеттің идеясы мен мұраттарының жаппай тарату қазіргі уақыттың құбылысы болады, адамдар бұл құбылыспен мемлекеттік және қоғамдық өмірдің демократияландыру перспективасын, әділдік пен адамгершіліктің жетістіктерін байланыстыруда.

Осыған байланысты құқықтық мемлекет ұғымын ашу, оның ерекшеліктері мен ерекше сипаттарын баяандау, қоғам өміріндегі ақиқат ролін көрсету үлкен теориялық және практикалық мәнге ие болады.

Құқықтық мемлекет мемлекеттік басқарудағы құқықтық басымдығы идеясынан шығып отыр, сондықтан да тек қана ресми оргындар мен лауазымды тұлғалардың ниетін емес, сон-дай-ақ азаматардың және қоғамдық өмірдің басқа субъектілерінің құқықтарын, бостандықтары мен мүделерін қамтамасыз етіп, кепілдік беру қажеттігін де ескеретін құқықтық нысандар мен әдістерге басымдық береді . Құқықтық мемлекетке барлық экономикалық, әлеуметтік және рухани процестерге, сондай-ақ жеке тұлғалар арасындағ өзара қарым - қатынас саласында кірісу жат құбылыс . Ол қоғамдық қатынасқа түсушілердің арасындағы әрекетке айтарлықтай автономия мен бостандық бере отырып, олардың құқықтық мәртебесінің нығаюына айырықша қаморлық көрсетеді және он сақталуын қадағалап отырады.

Өзінің бүкіл қызыметінде барлық азаматтар мен қоғамдық қатынастың басқа субъектілерінің міндетті түрде және сөзсіз бағынуына есептелген қатал басқарушылық және бұйрықты нұсқаулардың нысандары мен әдістері басым болып келетін этатистік мемлект оған қарама қарсы болып табылады. Бұдан, басқа, аталған субъектілердің бостандығы мен дербестігі . олардың мемлекетке қатысты автономиялығы жоққа тән. Мемлекеттің ролінің шектен тыс, кейде қалыптан тыс ұлғаюынан экономиканың, әлеуметтік қатынастардың барлық салаларының, азаматтардың жеке өмірін тікелей өз қарауына және бағынысына алуғ деген талпынысынан, екінші кезектегі және ұсақ - түйек мәселелердің шешуге араласуынан тұратын этатистік қоғамың басқа ерекшелігі де осымен байланысты. Жеке тұлғаның және тұрақты заң нұсқауларынан ғана емес, олардың күнделікті араласып отырған мемлекеттік оргындар мен лауазымды тұлғалардың субъективті қарауына да байланысты.

Мемлекеттің жоғарыда аталған екі тобының арасындағы аралық типтегі түрлі мемлекеттер болады, олардың бірінші және екінші типтің белгілері үйлесіп жатады. Олардың кейбіреуі этатистік мемлекеттерге анағұрлым жақын, алайда сөйте тұра жеке құқықтық принциптер мен бастауға тырысады. Басқалары этатизмнің белгілерін жоғалтпай -ақ құқықтық мемлекетке жақындауда.

Құқықтық мемлекеттердің пайда болуы мемлекеттік - құқықтық процестердің ұзақ эволюциясының заңды салдары, реакциялық институттардың орнына озат, прогрессивті және тйімді институттардың өзіндік ерекше «селекциясы» мен мұқият іріктелгендігінің нәтижесі болып табылады. Бұған мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының әміршілдігі -әкімшілік және полецейлік-бұйрықтық нысандарынан басымдығын және пайдалығын теориялық ұғыну негізі болады . Құқықтық мемлекеттің теориялық бастаулары түбірімен өткен шаққа айналады деуге болады. Көне заманның озық ойшылдары (Платон, Аристотель және басқалар) 090ы0ты4 позитивті ролін ескермейінше, мемлекеттің құрылымы мықты, тұрақты және сенімді болуы мүмкін емес деген пілірлер айтып кеткен. Құқықтың ролі мемлекеттің басқарушылардың озбырлығына тепе-теңдік ретінде қаралады: заң әлдекімнің билігінде болмауы керек өйткені барлық оргындардың, лауазымды тұлғалардың жіне азаматтардың әректерін бағыттап отыруға арналған. [ 2 ] .

Алғашқыларда бытыранқы және кедей жекеленген болжамдар түрінде пайда болған, кейіннен осы идеялардың негізінде құқықтық мемлекеттің тұтас тұжырымдамасы қалыптасты. Оның негізін салушылар ретінде Дж. Локкты, И. Кантты, В. Гумбольдты, Г. Еллинекті, К. Шмитті және басқаларды атауға болады. Жекеленген мәселелер бойынша бұл ойшылдардың бір біріне ерекшелігі болғанымен, басты мәселеде - құқықтық нұсқаулардың мемлекет өзі сөзсіз орындап отыруы қажет екендігінде жіне қоғамдық өмірге қатысушылардың барлығынан осыны талап етуінде - олардың ойы бір жерден щығып отырды.

Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамасының ережелерін бір қаттар елдердің өмір тіршілігінде практикадан өткізу консервативтік күштердің қарсылығына тап болды және оны күресте жеңе отырып мемлекеттік жіне қоғамдық қызыметтің барлық жағының терең жаңғыруымен бірге жүрді - мемлекетік жүйенің принциптері жетілдірілді, жеке адамның міртебесі айқын мазмұнмен толықты, құқықтық құндылықтар бірінші дірежелі маңызға ие болады, шенеуліктердің бассыздығы азайып, олардың қызыметі біртіндеп реттелген жіне тіртіптелген арнаға түсе бастады.

Адамзат қоғамындағы саяси дамудың жаңа кезеңінің белгісі құқықтық мемлекеттер « отбасының » пайда болып, көбеюі. Бұл - мемлекеттік -құқықтық теория мен практиканың ғажап жетістігі, бүгінгі заманға өркениеттің орнығуы. Құқықтық мемлекеттер өзінің өмір сүру фактісімен, өмірдің барлық саласындағы күнделікті табысымен басқа елдерге бағдар болуда, оларға әділетті адамгершілік қоғам құрудың жолын көрсетуде.

Ең дұрысы бұдан былай құқықтық мемлекеттердің саны әлемде этатистік мемлекеттердің санының азаюы есебінен өсетін болады. Бірақ бұл - қарапайым түрде түсіндіруге болмайтын дамудың жалпы тенденциясы. Әр түрлі елдерде әлеуметтік - саяси күштердің айқын ара қатнасына байланысты болжауға қиын өзгерістер болуы мүмкін, бұл өзгерістер, мысалы құқықтық мемлекеттің деңгейіне жетіп, сосын кенеттен олардан кейінгі орнаған тоталитарлық немесе авторитарлық режимдер жағынан қарай бұрылып кететін жекелеген елдер жоғарыда көрсетілген дамудың жалпы тенденсиясына жатпайды. Тұтас алғанда прогресс заңды және оның бейнесінің бірі құқықтық мемлекет принциптерін нығаюы болып табылады. [3] .

  1. Құқықтық мемлекеттің ерекшеліктері.

Құқықтық мемлекеттің этатистік мемлекеттен принципті айырмашылығына көптеген көрсеткіштер бойынша келтіруге болады.

1. Құқықтық мемлекетте биліктің бүкіл механизмі және әрбір орган, әрбір лауазымды тұлға өз қызыметіне жеке алғанда құқықтық принциптер және нұсқаулар мен байланысты өздерінің барлық шараларын солармен сәйкестендіреді. Құқықтық нормалар жұртшылыққа ғана емес, сондай -ақ мемлекеттік органдармен лауазымды тұлғалар үшін де міндетті. Олардың құқық шегінен шығып кетуі мүлде болмайды немесе мүмкін емес нәрсе. Егер етатистік мемлекетте ресми органдар мен лауазымды тұлғалар құқықты екінші кезектегі және өзі үшін міндетті емес деп санайтын болса, мұндай көз қарасқа құқықтық мемлекет жағдайында жол берілмейді және ол біртіндеп жойылып та кетеді.

2. Құқықтық мемлекет құқық пен занның арасындағы этатистік мемлекетке тән мұндай үлкен қарама - қарсылықты білмейді. Онда мемлекеттік органдардың барлық нормативтік актілері өзінің мазмұны және бағыттылығы, қабылдау және рәсімдеу процедурасы, іске қосу ерекшеліктері, қолдану сипаты, тәртіп бұзушылықтың жүзеге асырылуы мен қорғау жөнінен құқықтың жоғары критерийлеріне сай келеді. Заң құқықтық принциптердің жүйелігіне негізделеді, одан қалмайды. Мемлекеттік органдардың құқыққа қарсы нормативті актілер қабылдап, оның жұмыс істеуі іс жүзінде мүмкін емес нәрсе.

3. Құқықтық мемлекет нормативтік нұсқауларды қабылдап оны жариялау мен ғана шектелмейді. Ол осы қабылданған нормативтік нұсқаулардың міндетті түрде жүзеге асуына, барлық жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттік және қоғамдық органдардың, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың әрекетіне айқын бағыт беруді қамтамасыз етуге көп көңіл бөледі. Мемлекеттің құқықты жүзеге асыру бағытындағы қызыметті приориттіктің қатарына жатады, «қағаз» жүзіндегі, қолданылмайтын заңдардың жоққа саюы осыған байланысты, ал этатистік мемлекетте оның «қоқыстарын» ешкімнің тіпті тазалағысы да келмейді. Қоғамдық қатнастың әрбір субьектісі мемлекеттік оргындардың қолданылып жүрген нормативті актілерін орындау міндетті түрде екендігіне көзі жеткендіктен ( басқаша болуы мүмкін емес), құқық тәртібінің тұрақты болуының айрықша жағдайын жасауға мүмкіндік туғызады және қоғамда заңдық нигилизмнің және адамдардың құқыққа деген менсенбеушілік қатнасынасының тарауына кедергі жасайды.

4. Құқықтық мемлекеттің айрықша атқаратын шаруасы мемлекеттің нормативті актілерінің әрекет етуінің субординациясына сақтау болып табылады. Онда құқық бастауларының иерархиялық қатал жүйесі қалыптасады, әрекет етеді және дамиды. Бұл жүйедегі әрбір актінің орны оның заңды күшіне байланысты. Бұл жүйенің шыңын, немесе, бейнелеп айтқанда, құқық бастауларының «пирамидасын» жоғары заң күші бар конситутция құрайды. Басқа ешқандай құқық бастаулар тура немесе жанама мағанасында конситутцияның принциптерімен нормаларына қарама - қайшы келе алмайды. Керісінше, мемлекеттік органдардың барлық нормативті актілері және құқықтың басқа да бастаулары конситутцияны негізге алып, оның мазмұнын тәптіштеп, нақтылап және дамытуы тиіс. Конситутциялық және кәдімгі заңдар соған сәйкес түзіледі, ал заң пирамидасының келесі «қабаттарын» мемлекет басшысының актілері, үкіметтің қаулылары мен жарлықтары, министірліктер мен ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулықтары, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың актілері, құқықтық әдет - ғұрып, сот және әкімшілік прецеденттері құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық негіздері пәні бойынша ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
Конституциялық құқық негіздері
Халықаралық құқықтың түсінігі
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
Конституциялық құқық саласы ретінде
ҚР адамдардың және азаматтардың конституция негіздері
Конституциялық құқықты интернационализациялау
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Азаматтық құқық және құқықтық қатынас субъектілері жән объектілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz