Құқықтың пайда болуы туралы теориялары



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р
І Кіріспе

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Құқықтың пайда болуы, дамуы
2.2 Құқықтың пайда болуы туралы теориялары

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Құқық адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң ғылымының негізі мемлекет және құқық теориясынан басталса, аталған пән өз бастауын құқық терминінің мазмұнын ашудан басталады. Бұл жерде "неге?" деген сұрақ заңды туындайды. Жауап іздер болсақ, мынаны айтуға тура келеді: 1) құқық мемлекетпен пайда болған. Демек, мемлекет атаулы билік құралдарының жүйесімен ішкі, сыртқы көпқырлы функцияларды біріктіре білген жиынтықты зерттеу қажет болса, онда оның бастауы міндетті түрде құқық ұғымына тіреледі деген сөз.
2) Құқық әлеуметтік және философиялық тұрғыдан алғанда, өте ауқымды түсінік. Ол өз бойына тек құқықтық нормаларды ғана емес, сонымен қатар құқықтық сананы, құқықтық қатынастарды да біріктіреді.
3) Құқық - қай қоғамның болмасын мүшелерінің ара-қатынастарының бұлтартпас бөлшегі. Кез-келген қатынас моральдық және заңды тұрғыдан құқыққа сүйенгендіктен, мемлекет және құқық теориясы пәнінің де өз кезегінде алғашқылардың қатарында құқықты зерделейтін осы және өзге де себептерге байланысты.
Енді құқық нормасына келер болсақ, құқықтық норма заңда ресмилендірілген нормативтік нұсқау. Ол жалпыға міндетті, мемлекеттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік.
Ал құқықтық қатынас бұл - құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқық ұғымы жайлы түсінік бергенде, оның жалпы мәнін ашуға тырыстым. Заң ғылымында "құқық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқықты ресми түрде танылған қоғам мүшелерінің әрекет ету мүмкіндігі деп қарастырса, келесіде "құқық" деп құқық нормаларының жүйеленген жинытығы деседі. Ендігі ретте "құқықты" оқу пәнінің ұғымы ретінде қолданылады делінеді. Осыдан өзге ғалымдар құқыққа субъективті де, объективті де тұрғыда анықтама беруге тырысады.

Құқықтың пайда болуы, дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.
Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол -- әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет - ғұрып, салт - дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте - бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: -- деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп - басқаруға өте қажет.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.
Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.

Құқықтың пайда болуы туралы теориялары

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.
Реалистік теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады - деп уағыздаған.Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.
Әлеуметтік теория - ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан - жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды.Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С.М.Муромцев, Г.Н.Шершеневич, Р.Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.
Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым - қатынасын реттеп , басқарып, адамдардың мүдде - мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды.Құқықтың белгі -- нышандарын жақсы зерттеуді , құқықтық мемлекетті жақтады.Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р.Штаммлер, Г.Кельзен, П.И.Новгородцев.
Материалистік теория - құқық саяси - экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде - мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады -- деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.
Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Мемлекет және құқық теориясы
Құқықтың пайда болу теориялары
Алғашқы қауымдық қоғам, оның дамуы және ыдырауы
Мемлекет пен құқықтың пайда болуы
Мемлекеттің пайда болуы жайлы
Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Құқықтың маркстік теориясы
Құқықтық мемлекет түсінігі
Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
Пәндер