Құрақ өнері


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Құрақ өнері

Қазақстанның қолданбалы өнері ежелден бері алуан-түрлілігімен ерекшеленетін: кілем, керамика, мата, кесте, теріден, ағаштан жасалған өрнекті бұйымдар, зергерлік әшекейлер. Соңғы жылдар ішінде ғылым саласы ою-өрнек, көркем металл, киіз кілемдер мен тұрмыстық бұйымдар жайлы зерттеулермен толыға түсті. Сонымен бірге, халқымыздың мұрасында өз зерттеушілерін күтіп жатқан көпке аса белгілі емес беттер де бар. Осындай беттердің бірі - құрақ деп аталатын матадан жасалған мозаикалық бұйымдар.

Құрақ сөзі Еуразия аймағының көптеген тілдерінде белгілі. Қазақ тілінде ол «түрлі қиықтарды құрастырып, тігу» (қазақ тіліндегі құрау етістігінен) дегенді білдіреді.

Қазіргі уақытта бізге белгілі құрақ техникасыда орындалған қазақтың мозаикалық бұйымдары өзінің жасалу уақыты бойынша ХХ ғасырдың орта кезеңіне, ал басым көпшілігі - ХХ ғасырдың екінші жартысына -ХХІ ғасырдың бас кезеңіне жатады.

Мозаикалық бұйымдардың пайда болу уақытына келетін болсақ, олар неғұрлым ерте тарихи дәуірге жатады. Қиықтармен жұмыс істеу дағдылары, композицияларды құрастыру өнері ерте дәуір көшпелілерінің мәдениетін-де қалыптасып, дала өңірінде аң терісі, былғары мен киіз киім тігілетін негізгі материал түрі болғандықтан айтарлықтай дамыды.

1940-шы жылдардың аяқ кезінде ресей ғалымы С. И. Руденконың ашқан Таулы Алтай қорғандарындағы қазба жұмыстары ерте көшпелілердің материалдық және көркем мәдениетін сипаттайтын баға жетпес деректер берді, осы қазбалар кезінде басқа бұйымдармен қатар бірегей кілемдер мен киім-кешек табылған болатын. Қорғандардан қазылған табындылар мен ХХ ғасырдың матадан жасалған мозаикалық бұйымдарының арасында айтарлықтай уақыттық айырма бар, дегенмен бұл ежелгі дәстүрдің жоғалып кеткендігін білдірмейді. Өзінің көпке төзбей, тез тозатындығына қарамастан, мозаикалық бұйымдарды дайындау технологиясы, сондай-ақ оюларының мазмұны уақыт өте мүлдем өзгермеді деуге болады.

Құрақ бұйымдарының алуан түрлері - тұрмыстық заттардан киім-кешекке дейін - олардың тұрмыстағы маңызды рөлінің дәлелі болып табылады. Құрақ бұйымдары күнделікті өмірде де, салттық жораларда да жиі қолданылған. Дегенмен ХХ ғасыр бойында олардың белгілі шамада өзгергендігі - заңды құбылыс. Бұйымдардың кейбір түрлері өзінің функционалды мағынасын сақтап қалды. Атап айтсақ, құрақ көрпе - төсекке немесе сандыққа жабылатын көрпе, төсеме; құрақ көрпеше - жерде отыруға арналған сырылған енсіз ұзын төсеме; жастық - қиықтан құралған жастыққаптары бар жастықтар. Сирек кездесетіндері: бесік көрпе - бесікке арналған көрпеше; ораулы көрпе - баланы бөлеуге арналған көрпе; қырық көйлек, ит көйлек - қиықтардан құралып тігілген балаларға арналған жейдешелер. Құрақ түскиіз - мата аппликацияларын қолдана отырып жасалатын қабырғаға ілінетін киіз кілем; құрақ-төсеніш - мозаикалы төсеме кілемше; атжабу - қиықты әшекейлері бар ат жамылғысы секілді бұйымдар қазір мүлдем жасалмайды. Дегенмен олардың орнына құрақ мозаикасымен әшекейленген бұйымдардың жаңа түрлері келді, олардың пайда болуы тіршілік пен тұрмыстың өзгеруімен байланысты болды (сәнді панно, дорбалар, ұялы телефондарға арналған қаптар, көлік отырғыштарына арналған төсемелер және т. б. ) . Функциялардың осылайша баяу ауысуы дәстүрлі бұйымдарға заманауи тұрмыста сақталып қалу мүмкіндігін береді.

Құрақ бұйымдар визуалды жағы-нан әсем болатындығымен қатар, олар тұмарлар мен медиаторлар - игілік, денсаулық әкелуші, адамға өмірде қажетті ең жақсы қасиеттердің қайнар көзі ролінде шыға отырып, маңызды семиотикалық мәртебеге толы. Құрақ бұйымдарын өндіру технологиясынан туындайтын олардың аса маңызды қасиеті - отбасыдағы бірлікті бекіту, түрлі отбасы, ру мен тайпа өкілдерін ажырамас тұтасқа біріктіру қасиеті.

Құрақ бұйымдарының тек өздері ғана емес, олардың өрнектері мен композициялары да маңызды символдық қасиетке ие болған. Өрнектер игі тілектер идеяларымен байланысты, ал композициялар әлем құрылысының картинасы идеясын сипаттайтын. Өрнектер секілді, композиция да қоршаған орта, табиғат әлемі, ғарыш туралы түсініктермен байланысты маңызды мағынаға ие болған.

Егер колоритіне келер болсақ, ХХ ғасыр бойында түстік үйлесімдердің семантикалық кодының бірте-бірте ұмытылуы, оларға түсініктеме берудегі жаңа ыңғайлардың пайда болу үдерісі жүрген. Қазіргі заманғы шеберлер түстерді олардың мағыналық сипаттамаларына емес, өзара үйлесімділігіне негізделе отырып таңдайды.

Бүгінгі таңда құрақ мозаикасы - ежелгі және қарапайым, дегенмен де өте өзекті, тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдер мен аймақтарда, тіпті онда кең ауқымда - бүкіл әлемде танымал өнер түрі. Құрақ дәстүрлерін бейнелеу өнері, өзекті және декоративті-қолданбалы өнер саласының қазіргі заманғы суретшілері, қолданбалы өнер шеберлері, дизайнерлер мен модельерлер, халық шеберлері қолданады.

Құрақ шығармашылығының бүгін-ге дейін сақталу феномені халық өнерінің бұл түрі құбылмалы әлемнің күнделікті өмірінің жағдайларына бейімделе алғандығымен байланысты. Егер Қазақстанның декоративті-қолданбалы өнерінің басқа көптеген түрлері қиын-қыстау күндерді бастан кешіріп, бірте-бірте ұмытылып жатқан болса, қиықтан құрақ тігу өнері - республика тұрғындарының да, шетелдік қонақтардың да зейінін тартатын заманауи арт нарығының белсенді әрекет етуші саласы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрақ көрпе
Мектеп алды даярлығында балаларды матадан құрақ өнеріне үйрету
Ұлттық қолөнер
Құрақ түстерінің үйлесімділігі
Құрақ құрау түрлері және оның тұрмыстағы орны
Құрақ тігу өнері
Функционалдық сауаттылық туралы түсінік
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері
Сәндік-қолданбалы өнердің жеткіншектердің эстетикалық тәрбиесін жетілдірудегі мүмкіндіктері
Қиыстырып құрақ қию Қазақтың ежелгі қолөнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz