Ғалымдық пен ұстаздық азаматты абырой биігіне көтерді


Ғалымдық пен ұстаздық азаматты абырой биігіне көтерді
1-Шілде, 2011 Мерей 392 рет оқылды
Бүгінгі таңда тіл білімінің зерттеу парадигмасында жүйелік-құрылымдық зерттеулерден антропоөзектік қағидаға негізделген, тілдің когнитивтік, прагматикалық қызметін аша түсетін, дүниетанымдық әлеуетін ғылыми тұрғыдан пайымдауға арналған зерттеулер кең өріс алып келеді. Ғылыми зерттеулер сипаттама лингвистикадан функционалды бағыттағы зерттеулерге ойысып, тілді динамикалы, үнемі өзгеріп, дамып отыратын құбылыс ретінде қарастыра бастады. Бұл орайда, әсіресе, функционалды-семантикалық категорияларды егжей-тегжейлі сипаттауға бағытталған зерттеулерге ерекше мән беріліп отыр. Осы бағытта жемісті еңбек етіп, күрделі зерттеулер жазып жүрген ғалымдардың бірегейі - филология ғылымдарының докторы, профессор, Абылай хан атындағы Халықаралық қатынас және әлем тілдері университетінің шет тілдер грамматикасы кафедрасының меңгерушісі Құсайын Тынысбайұлы Рысалды. Ғалым филология ғылымдарының докторы, профессор А. П. Комаровтың жетекшілігімен Мәскеудің Морис Торез атындағы мемлекеттік шет тілдер институтының диссертациялық кеңесінде қорғаған кандидаттық диссертациясынан бастап функционалды грамматика мәселелерімен айналысып келеді.
Функционалды грамматика мәселелерін жүйелеу үшін бірнеше бағытта зерттеулер жүргізіп, ұлттық тіліміздің өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес функционалды-семантикалық категориялардың мазмұн межесі мен тұрпат межесін, функционалды-семантикалық өрістердің құрылымдық ерекшеліктерін, жүйелі белгілерін, топтарын анықтап алу қажет. Функционалды-семантикалық өріс компоненттерінің мәндерін айқындай отырып, өрістің құрылымын, элементтерінің арасындағы қатынасты сипаттау, қазақ тілінің өзіне тән ерекшелігін көрсету қажет. Сонда ғана ұлттық тіліміздегі функционалды грамматика дәйекті түрде зерттеліп, жүйелі сипат алады.
Қ. Рысалды сын есімнің шырай категориясын жаңа парадигмалық құрылымда ғылыми тұрғыдан негіздеп берді. Ғалым шырай категориясының сын есімнің түрлі мағыналық реңктерін білдіруі, сапаның түрлі дәрежесін беруі тұрғысынан дәйектеп, қазақ және неміс тілдеріндегі шырай категориясы негізінде функционалды-семантикалық өрістердің өзіндік сипатын, жүйелі белгілерін көрсетеді. Функционалды-семантикалық өрістердің қазақ тіліндегі ерекшеліктерін, шырай категориясының парадигмалық ұйымдасуын, тілдің түрлі деңгейлеріндегі берілу ерекшеліктерін, өріс компоненттерінің мәндері мен құрылымын сипаттайды. Ғалым кандидаттық диссертациясын қорғаған кезде (1974 ж. ) бұл мәселе қазақ тіл білімінде жүйелі қолға алына қоймаған болатын. Сол себепті Қ. Рысалды алдымен дәстүрлі грамматика мен функционалды грамматиканың өзіндік ерекшеліктерін, өзіндік болмысын нақтылайды.
Осы бағыттағы ізденістері «Сын дәрежесі категориясы: функционалды-коммуникативтік табиғаты: қазақ және неміс тілдері негізінде» атты докторлық диссертациясында да жалғасын тапты. Функционалды грамматиканың негізгі қағидасы - болмысты пайымдау барысында адам санасында қалыптасқан ойдың мәнін берудегі грамматикалық бірліктердің тілдің басқа деңгейлер бірліктерімен тығыз қарым-қатынастағы қызметінің заңдылықтарын зерделеп сипаттау екенін негізге ала отырып, Қ. Рысалды тілдің барлық деңгейлеріндегі бірліктерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынасы жалпы тілдік ұғымдық категориялар негізінде болатынын дәлелдейді. Ғалым ұғымдық категориялардың тілдің бірнеше деңгейіндегі берілу сипатын кешенді түрде зерттеу арқылы олардың парадигмалық және синтагмалық мәнін айқындап, өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді, шырай категориясын жан-жақты зерттеу арқылы функционалды-семантикалық өріс табиғатын кешенді түрде талдайды. Соған байланысты Қ. Рысалды еңбектерін функционалды грамматиканың қазақ тіл білімінде кешенді негізде зерттелуіне жол ашқан еңбектер қатарына жатқызуға болады. Шырай категориясының тілдік табиғатын кешенді түрде зерттеу оның көпқырлы табиғатының жан-жақты ашыла түсуінің негізгі алғышарты болып табылады. Зерттеуші адамның объективті дүниені тануы, қабылдауы, практикалық әрекетін ескере отырып, тілді экстралингвистикалық факторлармен сабақтастыра зерттеп, сөйлеу үдерісімен, сөйлеушінің коммуникациялық, прагматикалық мақсатымен байланыстырады. Прагматика - коммуникация кезінде міндетті түрде болатын, коммуникацияны ұйымдастыратын алғышарттардың бірі. Сондықтан ғалым құрылымдық, семантикалық, коммуникативтік аспектілерді өзара сабақтастыра сөз етеді. Қ. Рысалды 2006-2008 жылдар аралығында А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында «Қазақ синтаксисінің коммуникативтік-прагматикалық аспектісі» атты жоспарлы тақырыпқа да қатысты.
Функционалды грамматика саласында еңбек ете жүріп, ғалым терминдер жүйесін қалыптастырып, орнықтыруға, бірізділендіруге де зор үлес қосты. Шырай категориясын тануға байланысты жалпы тіл білімінде, қазақ тіл білімінде орын алған талас мәселелерге қатысты өзіндік ұстанымдарын ғылыми тұрғыдан негіздей отырып, ғалым жаңа парадигманың өзіндік атауларын ұсынады.
Қ. Т. Рысалды атаулары терминге қойылатын талаптарға толық жауап бере алады. Сондықтан ғалымды функционалды грамматика саласында жемісті еңбек етіп жүрген, сондай-ақ сол саланың терминдерін жүйелеуге, бірізділендіруге үлес қосып жүрген ғалым ретінде танимыз.
Тілде жалпы адамзатқа тән ортақ белгілердің болатыны сөзсіз. Сондықтан белгілі бір категорияның өзіндік ерекшелігін, белгісін талдап-танытуда екі не одан да көп тілдерді өзара салыстыра отырып зерттеудің маңызы зор. Ол сол категорияға тән ортақ заңдылықтар мен өзіндік сипатын анықтауға мүмкіндік береді. Міне, осыған байланысты ғалым қазақ тілі мен неміс тілі материалдарын өзара салыстыра отырып, сын есімнің шырай категориясының екі тілдегі берілу ерекшеліктерін, ортақ тұстары мен айырмашылықтарын, құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін көрсетеді.
Ғалым екі тілді салғастыра зерттеу арқылы сын есімнің шырай категориясының қазақ тіліндегі болмысын анықтаумен қатар неміс тіліндегі ерекшеліктерін де тап басып көрсете білген. Қ. Рысалдының шырай категориясының жаңа сипаттағы парадигмасы германистер тарапынан да кең қолдау тапты. Ғалым тұжырымдары кейін (1982 ж. ) батыс Германияның белгілі грамматисі Ульрих Еңел еңбектеріндегі парадигмамен сәйкес келген. Неміс тіліндегі кейінгі грамматикаларда осы жаңа парадигма берілген. Қ. Рысалдының неміс тілінің табиғатына қатысты еңбектерін мұнымен шектеуге болмайды: ғалым 1968 жылы Еділ Әкішұлы Молдатаевпен бірге алғашқы «Неміс тілінің тілашарын» жазды. Сонымен қатар жоғары оқу орнына арналған неміс тілінің алғашқы оқулығын, орта мектепке арналған оқулықты жазуға қатысты, университеттің екінші курсына арналған жаңа типті оқулық, «Неміс тілінің теориялық грамматикасы» атты оқу құралын жазды, сонымен қатар ғалым - мектептің оныншы сыныбына арналған
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz