Құстар класына жалпы сипаттама



Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Құстар класына жалпы сипаттама. Негізгі топтар. Құс шаруашылығының ресурстанудағы орны.

Құстар жер шарындағы кең таралған, ұшуға бейімделген омыртқалы жануарлар. Дүние жүзінде 8600 жуық түрі таралған. Қазақстанда 500 ден астам түрі мекендейді. Дене құрылысына және тіршілік әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі:
Қыртөссіздер (безкилевые) немесе жүгіретін құстар. Төс сүйегі жалпақ және оның қыры болмайды. Ұшалмайды бірақ жылдам жүгіреді. Құрлықтағы барлық кездесетін түйеқұстар жатады.(африкалық,америкалық, австралиялық).
Жүзетін құстар ( пингвиндер) - алдыңғы аяқтары ескекке айналған. Төссүйегі жақсы жетілген. Аяқтары қысқа, денесін тік ұстайды.
Қыртөстілер (килевые) ұшатын құстар. Бұған құстардың басым көпшілігі жатады. Қанаттары ұзын, қаңқасы жеңіл.
Ұшатын құстарды тіршілік ететін ортаға байланысты бірнеше топқа бөлінеді.
Сулы батпақты өңірдегі құстар: Оларға тән белгілері: саусақтарының арасында жүзу жарғағы бар. Көпшілігінің тұмсықтары жалпақ (майда тісшілерімен қапталған).
Үйректер, қаздар, дауылпаздар (буревестники), шағалалар (чайки), сұқсырлар (ноганки), бірқазандар (пеликаны), дегелектер ( аисты), қоқиқаздар (фламинго), тырналар (журавли) су жағалауымен батпақты алқаптарда мекендейтін құстар.
2. Орман құстары - денелері шағын, тұмсықтары мықты, үшкір, қанаттары сүйірленген. Тоқылдақтар (дятлы), көкектер (кукушки), тотықұстар (тетерева), жапалақтар (совы) және торғайлардың көпшілігі жатады: (үрпекбас абдырақ, бұлбұл, суықторғай, жаурауық).
3. Ашық далалы алқаптардың құстары. Қанаттары кең, қалықтап ұшуға бейімделген, тұмсықтары қысқа, иіліп келген өткір. Бұлар тазқара (могильник) бүркіт, жұртшы, ақсұңқар, ителгі, құмай, кезқұйрық (коршун)- күндізгі жыртқыш құстар. Тауықтәріздестерге: бөдене (перепел), тотықұстар ( тегарав), кеклик, алтай ұлары, тарғақ, қырғауыл. Дуадақтарға- безгелдек (дрофа), жорғадуадақ (стрегет), кептерлерден - бұлдырықтар, бозторғайлар, ақбауыр, қарабауыр да ашық далаларда жиі кездеседі. Маусымдарға байланысты құстарды 3 топқа бөледі.
1. Жыл құстары-қара торғайлар, тырналар.
2. Көшпелі құстар - помостік үкі, кейбір жыртқыш құстар.
3. Қыстап шығатын құстар - қарғалар, торғайлар, сауысқандар (сороки), кептерлер, шымшықтар.
Қазақстанда 11 отрядқа жататын 56 құстардың түрі Қ.К. енген. Қызғылт және бұйра бірқазан (пеликан) Каспий, Арал теңізде, Балқаш, Алакөл, Зайсан, Марқакөл суларында кездеседі. Қара және ақ дегелек (аист) Қазақстанның оңтүстік өңірінде ғана ұялайды. Сары және кіші құтан, қараша қаз (гусь - сухонас) кіші аққу (лебедь кликун), қоқиқаз (розовый фламинго) дүниежүзілік мәні бар құстар.

Құс шаруашылығы

Асыранды құстарды қолда өсіруді - қ.ш деп атайды. Еті, жұмыртқасы-тағам, қауырсыны (мамығы) тұрмысқа қажетті зат, саңғырығы - саналы тыңайтқыш, ішкі мүшелерінің қалдықтары - үй хайуанаттарға қорек. Асыранды құстардың арғы тегі - жабайы құстар. Олардың 10 астам түрі белгілі.
Тауықтәріздестерден - тауық, күркетауық (индейка),мысыр тауығы (цесорка), тауыс (павлик) және жапон бөденесі.
Үйректәріздестерден - үйрек пен қаз жатады.
Кептертәріздестерден - көгершін.
Кейде құстарды экзотикалық, эстетикалық мақсатпен асырайды. Феникс құсы ( Жапонияда,Қытай) тауыс, көгершін, баққұнақ (канарейка) әсемдік үшін арнайы торда өсіріледі.
Ең алғаш рет қолға үйретілген құс - асыранды қаз - еті үшін өсіріледі. 2,5 - 3 айлық қаздарды союға жібереді. Орташа 3-4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типі. Бассүйектілер тип тармағы. Балықтардың класс үсті. Қосмекенділер класы. Жалпы сипаттамасы, жіктелуі және практикалық маңызы
Жертану пәнінен дәрістер кешені
К. Линнейдің Табиғат жүйесі
Зоология пәнінен сабақтар жоспарлары
«Өсімдіктер жүйесі. Раушангүлділерге сипаттама»
Зоология сабағында жергілікті жердегі кейбір төменгі сатыдағы жануарларды оқушыларға таныстыру
Ұрықтану. Жеміс және тұқымның жіктелуі. Гүлді өсімдіктердің негізгі систематикасы
Органикалық дүниенің даму тарихы мен өсімдіктердің систематикасы
Құстардың ұрпағын өрбітуі
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Пәндер