Қырықжапырақ тәрізділер құрылысының ерекшеліктері


Сабақ тақырыбы : құрылысының ерекшеліктері, тіршілік әрекеті, экологиясы
Өткізілу күні: 16. 09. 11ж
Өткізілу уақыты: 12:00
Өткізілу орыны: Өскемен қаласының химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мұғалім: Ерменова Балауса Алғабасқызы
Қатысушылар: 7сынып оқушылары
Пән: Биология
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік :
- Қырықжапырақ тәрізділердің құрылысының ерекшеліктері мен тіршілік әрекетін зерттеу, cпоралы өсімдіктердің араморфозы туралы түсініктер қалыптастыру
2. Дамытушылық:
- зертханалық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың қырықжапырақ тәрізділердің құрылысын зерттеуге, табиғи нысандармен жұмыс істеу дағдысын дамыту;
- оқушылардың логикалық ойлау жолдарын сабақты өзгеше ұйымдастыру жолымен дамыту;
- салыстыру, талдау, жинақтау әдістерін қолдану;
- ойлау деңгейін кеңейту;
3. Тәрбиелік:
- рационалды сабақ көмегімен оқушылардың танымдылық әрекеттерін, қырықжапырақ тәрізділерге деген қызығушылықтарын арттыру;
Сабақ типі : зертханалық жұмыс, жобалау
Әдістері: мәселелі- ізденушілік, өздік жұмыс
Сабақты ұйымдастыру түрі: жеке, ұжымдық
Құрал- жабдықтар: кестелер, интерактивті тақта, коллекция «тас көмір және оның өнімдері»
Жоспарланатын нәтижелер:
Оқушылар меңгеруі тиіс:
- қырықжапырақ тәрізділер туралы;
- қырықжапырақтардың құрылысының ерекшеліктерін;
- қырықжапырақтың тіршілік айналымын;
- Қырықжапырақтың табиғаттағы маңызын;
Оқушылар орындай алады:
- Зертханалық жұмысты ұйымдастыра алуды;
- Зертханалық жұмыстың нәтижесін талдау мен жүйелеуді;
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
Әдіс тәсілдер
формасы
Тапсырмаларды орындау
Өз жұмысының жетістігі үшін ынталану
Сабақты қорыту оқушылардың білімін бағалау
«Пайдалы кеңестер»
Ұйымдастыру бөлімі: Құрметті оқушылар, ұстаздар! Сіздермен онлайн уақытында Өскемен қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биология пәні мұғалімі Ерменова Балауса Алғабас- қызы.
Сабақ барысында жинақтаған білімдеріңнің сендердің қолдарыңа таратылып берілген үлгі-нұсқаулық бойынша критериалдық бағалау әдісімен бағаланатындығын ескертемін.
Сабақ мазмұны:
Экранға ҚР тас көмір шахтасының картасы шығады.
Мұғалім: Құрметті оқушылар, экранға назар аударайықшы. Картада белгіленген аймақтарда қандай негізгі өндіріс орындары көрсетілген? (балалардың жауабы)
Иә, көмір қоры. Неліктен тек осы аймақтарда көмір өндіріледі?
Көмір қоры осы аймақтарға қайдан келді деп ойлайсыңдар? Ендеше, осы сұраққа жауап табу үшін видеоны анықтап, қарайық.
(экранда видео көрсетіледі)
Бұдан 300 млн. жыл бұрын Жер климаты жылы және ылғалды болды. Осындай жағдайларда палеозой кезеңінің девон дәуірінен белгілі жоғары сатыдағы өсімдіктер бөлімі (Pterophyta) пайда болып, тас көмір дәуірінде биологиялық прогреске ұшыраса, кейінгі геологиялық кезеңдерде қатты найзағай мен ағынды сулардың әсерінен нашар дамыған тамырларының әлсіздігінен су түбіне шөгіп, құм мен балшықтың астында қалды. Олар миллион жылдар бойы оттексіз термиялық ыдырау мен жоғарғы қысымның нәтижесінде біртіндеп тас көмірге айналды.
Яғни, қазіргі кезде Қазақстандағы көмір шахталарының орыны шөл-далалы аймақтар болса, ал палеозой кезеңінде қырықжапырақтардан (папоротниктерден) құралған ну орман болған.
Яғни, бүгінгі сабағымыз «қырықжапырақтардың құрылысы, тіршілік әрекеті мен экологиясына» арналады.
Мақсаты: Құрметті оқушылар, біз бүгін мәселелік, ізденушілік, өздік жұмыстары әдістерін қолдану арқылы қырықжапырақ тәрізділердің құрылысының ерекшеліктері мен тіршілік әрекетін зерттеп танимыз.
Мұғалім:
Қырықжапырақтардың әр түрлі факторлар әсерінен жойылуына қарамастан, қазір олардың әр түрлі экологиялық орталарда тіршілік ететін шөптесін өсімдіктер мен ағаш тәріздес түрлері бар.
Қазіргі кезде экологиялық топтарының ішінде ксерофит түрлері, яғни құрғақ жерлерде өсетін - оңтүстік актиниоптерис, эпифит түрлері, яғни басқа ағаштардың денесінде тіршілік ететін- даваллия, гидрофит түрлері- су өсімдіктері де сальвиния да кездеседі.
(Қазір қырықжапырақтардың құрылысын зерттеу үшін ксерофит түрлерінің өкілі-сібірлік диплазиум бөлме өсімдігі мысалында №1 Сарамандық жұмыс арқылы морфологиясымен танысамыз)
Сарамандық жұмысты бастамас бұрын, мен сіздерге талаптарын түсіндіріп өтейін. Берілген тапсырмаларды орындау үшін алдыларыңда таратылып берілген суретке мұқият назар аударыңдар. Оның мүшелерін анықтап, олардың атқаратын қызметтерін белгілеп қоямыз. Сондай-ақ сендерге жұмыстың нәтижесін қорытындылау парақтары таратылған, осы парақтарға ғылыми тұрғыдан нақты деректерді тіркеп қоясыңдар.
Сарамандық жұмыс №1
Тақырыбы: Қырықжапырақтың құрылысы
Құрал-жабдықтар: Тірі бөлме қырықжапырағы мен дала қырықжапырағының жапырақтары
Тапсырмалар:
- Спора түзуші қырықжапырақ өсімдігін анықтап қараңдар.
- Тамырсабағын табыңдар, одан қандай тамырлар таралған? Олар қандай тамырлар жүйесін түзеді?
- Қырықжапырақтың жапырағын анықтап көріңдер? Ерекшелігі қандай?
- Суреттен тамырсабақ пен тамырлар, жапырақтарын белгіле
- Қырықжапырақтың жапырағындағы өткізгіш шоқтарын көрсет
Қорытынды:
Түйіні:
( экранда видео көрсетіледі) діңінің ұзындығы
Мұғалім: Біз видеодан нені тамашаладық? Дұрыс айтасыңдар, бұл көне қырықжапырақтың діңі. Қырықжапырақтар Жер бетіндегі алғашқы түтікті өсімдіктер. Органикалық дүниенің даму барысында қырықжапырақтардың ең үлкен ароморфозы мүктәрізділермен салыстырғанда барлық мүшелеріне су мен қоректік заттарды тасымалдаушы өткізуші ұлпаларының пайда болуы.
Бірақ өткізуші ұлпасы - ксилема - түтік тәрізді емес, трахеидтерден, ал флоэмасы- тор тәрізді жасушалардан емес, сүзгілі түтіктерден құралған. Олар өсімдіктің ішінде жақсы байқалатын өткізуші құрайды. Көпшілік түрлерінде флоэма мен ксилеманың арасында шоқтарында камбий болмайды, мұндайшоқтарды коллатеральды деп атайды, сондықтан да өсімдік екінші реттік жуандауға қабілетсіз . Осы өткізуші элементтерінің болуы олардың денесінің вегетативті мүшелерге (тамыр мен өркенге) жіктелуімен сипатталады.
Жаңағы видеодан байқағанымыздай, к өне қырықжапырақтардың сабағының ұзындығы 30 м-ге, тіпті сабағына жалғасатын жапырақтарының ұзындығы 5 м-ге дейін жетсе, ал қазіргі өкілдерінің тамырсабағы- түрі өзгерген өркен, одан кішірек қосалқы тамырлар тарайды. Ал сабақтары морфологиялық жағынан әр түрлі: өрмелегіш (мысалы, қос жапырақты регнеллидиум), иілгіш (лигодиум) және тік сабақтар (көне ағаш тәрізділер) .
Балалар, біз қырықжапырақтылардың сабағы және тамырымен таныстық! Енді, сендер қалай ойлайсыңдар, қырықжапырақтың өткізуші ұлпалары тамыр мен сабақтан су мен қоректік заттарды оның басқа қай мүшесіне тасымалдайды? Әрине, жапырақтарына. Олай болса, біз енді жапырақтарын зерттеп көрелік. Ол үшін, үстелдеріңдегі (сібірлік диплазиум) бөлме қырықжапырағының жапырағын анықтап, байқайықшы. Олар неліктен басқа өсімдіктермен салыстырғанда ұзын болып келеді? Яғни, ол жапырақтарында апикальды меристеманың болуымен сипатталады.
Папоротниктердің жапырақтары- вайя (грекше baion- пальма бұтағы) деп аталған. Эволюция барысында вайяның ерекшелігі қайдан пайда болған? Онда есте сақтап алайық, Вайя риниофиттердің бұтақтарының дорсо-вентральды бұтақтануының нәтижесінде пайда болған жапырақ.
Жалпы вайяның 3 түрі белгілі: яғни, бірінші жылғы жапырақтар бүршік түрінде болады , ол жапырақтардан екінші жылғы жапырақтар- биіктеп өсіп, сыртын түк жауып тұрады, ал үшінші жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып, қауырсынды, тілімденген нағыз жапырақтарға айналады.
(ендеше экранға назар аударайық, видео қосылады)
Қырықжапырақтың жапырағының құрылысымен танысу үшін, суретке мұқият болайық. Суретте жапырағының кіндігі сағақтың жалғасы - рахис , ал қалған осьтері сағақша деп аталатын бөліктері көрсетілген.
Жалпы жапырақтың қызметін сендер 6 сыныптың материалынан білесіңдер.
Естеріңе түскен болса, көптеген жапырақтары тек фотосинтездеуші ғана емес, сондай-ақ репродуктивті қызметтер атқарады. Қызметтеріне қарай спорофилл (грекше spora-ұрық, phyllon- жапырақ) - спорангиялардың дамуын қамтамасыз етуші жапырақтар, ал белсенді фотосинтездеуші жапырақтар трофофилл (грекше trophe-қоректену, phyllon- жапырақ) аталады.
Ендеше, бүгінгі сабақта жаңадан естіген терминдерді дәптерлеріңе жазып алсаңдар, тағы бір рет ағылшын тіліндегі баламасын да біліп алайық!
(key words тақтаға терминдер ілінеді) .
Мұғалім сұрайды: Алдыңғы зертханалық жұмыста анықтағанымыздай, қырықжапырақтарда жақсы дамыған жапырағы, сабағы және тамыры болса, яғни вегетативті мүшелері жақсы дамып, ал генеративті мүшелері дамымаған. Сонда қалай ойлайсыңдар, олар қалай көбейеді? Осы сұрақтарға №1 Зертханалық жұмыс арқылы талдау жасайық.
Ол үшін алдыларыңдағы таулы өлке қырықжапырағының жоғарыда айтылып өткендей, астыңғы бетіндегі спорангий жиынтығын алып, заттық шыныға орналастырамыз да, оның құрылысын микроскоптың көмегімен зерттейміз.
№1 Зертханалық жұмыс
Тақырыбы: Қырықжапырақтың тіршілік айналымы
Құрал-жабдықтар: Тірі қырықжапырақтың жапырағы (сорусымен), мироскоп.
Тапсырмалар:
- Қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінен кішкене төмпешіктерді табыңдар, олардың ішінде споралары бар қалталар-сорустар болады?
- Сорустарды микроскоптың көмегімен көріп, анатомиялық құрылысын талдау.
Қорытынды:
Түйіні:
(Зертханалық жұмыс барысында түсіндіріледі)
Қырықжапырақтар жынысты, жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбею- жапырағының астыңғы жағында сорус- спорангийлер тобының пісіп, шашылуымен сипатталады. - сорустың үстін жауып тұратын бүйрек пішінді жамылғысы индузий деп аталады.
Спорангий спорагендік ұлпаны кеуіп кетпеуінен қорғаушы жабынмен қапталған: ішкісі-интин, сыртқысы-экзин.
Өсуі мен дамуы үшін қоректік заттарды споралар спорангийді астарлаушы жасуша қабаты- тапетумнан алады. Қолайлы жерге түскен споралар өскіншелер береді. Осы өскіншеде жыныстық көбею жүзеге асады.
Барлық жоғары сатыдағы өсімдіктер сияқты де екі ұрпақтың алмасуы байқалады, яғни мүктерде гаметофит басым болса, ал қырықжапырақтарда жыныссыз ұрпақ (спорофиттің) басым болуымен сипатталады.
Спорогендік ұлпаның әрбір диплоидты жасушасынан (2п) мейоз жолымен гаплоидты спораның тетрадасы (4) түзіледі. Осы гаплоидты (п) спорадан қосжынысты гаметофит - өскін пайда болады, ал өскіннің астыңғы жағында көпжасушалы жыныс мүшелері: аналық- архегониялар мен аталық-антеридиялар дамиды.
Жыныстық жетілудің соңында аталық ұрық архегонияларға келіп, жұмыртқа жасушасымен қосылып, диплоидты (2п) зигота түзеді. Зиготадан спорофит дамиды. Бастапқы кезде спорофит гаметофиттің көмегімен арнайы- гаустория деп аталатын ерекше мүшесімен қоректік заттар алады. Спорофит ересек қырықжапыраққа айналады.
ұрықтануы тек сұйық-тамшылы судың әсерінен ғана және +15 0 С температурада жүреді. Сондықтан да, тек ылғалы мол орындарға қарай өседі.
Қортындылау: Енді балалар, қазір ұсынылатын суреттегі қырықжапырақтың даму айналымының кезеңдерін сипаттаушы сандарды сәйкесінше орналастыру қажет. Өте жақсы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz