Қытай елінің материалдық мәдениеті


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Кафедра: Бейнелеу өнері

Факультет: Өнер

Реферат

Тақырыбы: Қытай елінің материалдық мәдениеті

Орындаған: ӨДЗ-311 тобы студенті Муфтиаділ Ф

Қабылдаған: магистр-оқытушы Нұрланова Ұ

Түркістан 2015 жыл

Жоспары:

I. Кіріспе

Тарихы

II. Негізгі бөлім

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

Саясат жағдайы

Экономикалық жағдайы

Әкімшілік бөлінісі

Тілі мен жазуы

III. Қорытынды

Қытай Халық Республикасы (қыт. дәст. 中華人民共和國, жеңілд. 中华人民共和 пиньинь: Zhōnghuá Rénmín Gònghéguó ) - Азия құрылығында орналасқан мемлекет.

Халық саны бойынша, әлемдегі 1-ші мемлекет (1, 3 млрд санынан астам, халық көпшілігі - этникалық қытайлықтар, өз атауы - хән) ; жер аумағы бойынша Ресей және Канададан кейінгі 3-ші орында. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы жарияланғаннан бері елді Қытай Коммунистік партиясы билеуде. Ресми түрде сегіз партия болса да, ҚХР-сын бір партиялы, авторитарлық елдер қатарына жатқызады.

14 мемлекетпен шектеседі: Ауғанстан, Бутан, Мианма, Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Лаос, Моңғолия, Непал, ҚХДР, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Вьетнам Социалистік Республикасы.

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны - өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті.

Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды - адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті - әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б. з. д. 1 ғ. ) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті.

Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды.

ҚХР (тарихы және қазіргі заман)

1949-1956 КСРО көмегімен өндірістің негізгі салалары салынды, өндірісті ұлттандыру және ауыл шаруашылығын жүргізілді, жаппай социалистік құрылыс басталды.

1956 жылы ҚКП 8 съезінде Мао Джетуң идеяларының жеңісімен, «үлкен адым» саясатымен, «» аяқталған жаңа бағыт жарияланды. Одан кейін негізгі ұраны болған социализм құру кезіндегі класстық күресті күшейту және Қытайдың мемлекет пен қоғам құрудағы «ерекше жолы» екі жақтың теке-тіресінен «мәдени революция» жарияланды (тауарлық-ақшалай қатынастарды мойындамау, мемлекеттік емес жекешелендірудің болмауы, сыртқы экономикалық қатынастарды болдырмау, адалсыз саясаткерлерді жұрт алдында соттау, хунбэйбиндер және т. б. )

Бұл саясат кейін «төрт банданы» құлатқаннан соң, кейін билік басына келген Дэн Сяопинмен әшкереленді. Қытай Коммунистік Партиясының Орталық Комитетінің 11 шақырылымымен өткен ІІІ Пленум (1978 жылдың желтоқсаны) : жоспарлы-тарату және күллі шетелдік инвестицияны кірістіру, ұйымның кеңірек шаруашылық қарекет етуіне рұқсат беру, ауылдарда жанұялық тәртіпті енгізу, экономикадағы мемлекеттік сектордың пайызын кеміту, ашық экономикалық аумақты ашу, кедейшілікпен күресу, ғылым мен техниканы дамыту сияқты нарықтық болатын екі жүйенің біріктіруі арқылы социалистік нарықтық экономикаға курс жарияланды. Қытайды хаостан, артқа қалудан және кедейшіліктен алып қалып, қалыпты әлеуметтік-экономикалық даму жолына салға Дэн Сяопин болатын. 1980 жылдың аяғы мен1990 жылдың бастарында Қытай толықтай халықты тамақтандыру мәселесін, ЖІӨ (Жалпы ішкі өнім) және өндірісті жылдам түрде ұлғайтуын дамуын, халықтың өмір деңгейін көтеру мәселесін шешті. Бұл түбегейлі жаңартулар одан кейінгі келген Цзян Цземинмен және Ху Джинтаомен жалғастырылды. 2002-2005 жылдары Ху Цзинтао(қыт. 胡锦涛) өзінің қолына жоғары партиялық, мемлекеттік және әскери лауазымдарды алды (ҚКП ОК жоғарғы төрағасы, ҚХР председателі, ҚХБА бас қолбасшысы) . ЖІӨ-нің орташа өсуі 1990-1999 жылдары - 10, 3%, 1998-2001 жылдары - 10%, 2002-2005 жылдары - 9% құрады. ЖІӨ көлемі бойынша, Қытай АҚШ-тан кейінгі екінші орынды иеленіп жатыр[4] . Валюталық резервтері жылдам өсті. Сыртқы сауда көлемі 2004 жылға қарай 850 млрд доллардан асып кетті. Бірақ та Қытайдың орасан зор экономикалық өсуі өсіп келе жатқан саяси және әлеуметтік тұрақсыздықпен тіресті. Жасалған реформалар елдің тек жағажайдағы шығыс провинцияларға септігін тигізсе, өзге аймақтағы халық жағдайы өте төмен болып табылады, сонымен қатар әр аймақтың экономикалық жағдайының айырмашылығы ұлғаюда.

Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен «түрлі-түсті революцияларға» күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік Қытай басшылығы бұрынғы КСРО аумағында болып өткен "түрлі-түсті революцияларға" күдікпен қарады, әлеуметтік ашынудың Қытайға келуінен сақтау үшін мемлекеттік бақылауды күшейту жолында үлкен жұмыстарға кірісіп, шетелдік ықпалды шектетті. 2005 жылдың қазан айында ең ірі ұялы байланыс операторларының қызметін мемлекеттік бақылауға алу науқаны басталды. Жаппай сыбайластығы үшін жиі сыналатын Гуандун провинциясында партиялық және мемлекеттік басшылығын соттау басталды.

ҚКП ОК пленумы 2005 жылдың қазанында «Қытайда үйлесімді қоғамды құруды стратегиялық мақсат ететін» 11-інші бесжылдық жоспар қабылдады. 2006 жылдың 5 наурызында ВСНП кезекті отырысында бағдарламалық баяндамамен Вэнь Цзябао шығып, елдің экономикалық өсуінің тежеуді, ал босатылған ақшаны шаруалардың өмір деңгейін көтерумен қатар әскері шығындарды өсіруді ұсынды.

Үкімет Қытайдың ЖІӨ-ін қазіргі жылына 10%-дан 7, 5%-ға тежеуді жоспарлауда. Босатылған қаржы қаланың тұрғындары мен шаруалардың арасындағы өмір деңгейінің айырмасын жабуға жұмсалады (елдегі шаруалар саны шамамен 900 млн., немесе халықтың 75%-ы) . ҚХР-да «түрлі-түсті революцияның» алдын алу мақсатында 2006 жылы аграрлық секторға шамамен 340 млрд юань жұмсау көзделіп отыр (2005 жылғыдан 14 пайызға көп) .

Әскери шығындар да көбейеді. Ресми әскери қаражат 2006 жылы 14, 7%-ға көбейіп, 284 млрд юаньды құрайды (35, 5 млрд доллар) . Жоспарланып отырған ауыл шаруашылыққа және әскерге жұмсалатын қаржының көбейюі жағажайдағы бай провинцияларды пайдаланады. Сондықтан, бұл саясаттың өткізілуі бұрынғы басқарушы Цзян Цзэмин шыққан Шанхай тайпасының қарсы әрекетіне кезігуі мүмкін.

Тілі мен жазуы

Қытай тілі және Қытай жазуы

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c2/Chinese_Gunpowder_Formula.JPG/220px-Chinese_Gunpowder_Formula.JPG

Қытай жазуы

Қытай жазуы морфема-логографтық жазу саналады. Көне қытай тілінде сөздер бір буынмен, яғни бір ғана иероглифпен жазылса, кейін көп буынды - бірнеше иероглифті сөздер саны ұлғайып, бір буынды сөздер көп буынды сөздердің түбір морфемаларына айналған. Қытай жазуы Дауынкоу өңірінен табылған алғашқы жазудан (қыш ыдыстағы жазу) басталады, бес мыңжылдық тарихы бар. Археологиялық зерттеулер жазудың қытайдың Инь-шан дәуірінде (б. з. б. 2140 - 1711) пайда болғандығын көрсетті. Хань дәуірі тұсында түрліше жазылып жүрген иероглифтер бірізділікке түсті. Қытай жазуы дамудың үш түрлі кезеңін бастан кешірді:

  1. сауыт-сүйек жазуынан қола, Дачуан, Шиау жуан жазуларына дейінгі дәуір;
  2. Шиау жуаннан Линшу үлгісіне дейін;
  3. Линшу жазуынан Жие шу, Сау шу, Шиң шу уақыты және жазудың бергі дәуірі.

Иероглифті зерттеу ертеден басталды, бірақ қазірге дейін қытай жазуында қанша иероглиф бар екені нақты анықталмаған. Б. з. 100 - 121 жылы Шүй-Шин жасаған «Шуо вын жие зы» сөздігінде 9353 иероглиф қамтылған, Цинь патшалығы тұсында (1644 - 1911) Жаң Шу құрастырған «Каң ши» сөздігінде 47035 иероглиф бар. Қытай - жапон сөздігінде 48902 иероглиф, «Қытай тілінің үлкен сөздігінде» 49905 иероглиф қамтылған (Тайвань, 1968) . Ғалымдар қазір иероглифтер саны 60 мың шамасында деп болжайды.

Мәдениеті

Б. з. б. 6 - 3 ғасырларда конфуцийшілдік, моизм, легизм мектептерінің қалыптасуы нәтижесінде Қытай философиясы пайда болды. Қытай халқы жаратылыстану және техникалық ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосты. Көптеген маңызды ғылыми- техникалық жаңалықтар Қытайда басқа елдерден (соның ішінде Еуропа елдерінен де) бірнеше жүз жыл бұрын пайда болған (компас, сейсмоскоп, спидометр, қағаз, оқ-дәрі жасау, кітап шығару, тағы басқа) . Математика Қытайда Хань әулеті тұсында-ақ дами бастаған. Ең көне жұлдыздар каталогін (807 жұлдыз) б. з. б. 4 ғасырда Ши-Шэн құрастырған. Күннің тұтылуы туралы ең алғашқы мәлімет Қытайда б. з. б. 720 жылы жазылған. Б. з. б. 138 - 126 жылы Чжан Цяньның Орта Азияға саяхат жасауы қытайлықтардың елдің батыс жағындағы халықтарды зерттеуіне мүмкіндік туғызды және «Ұлы Жібек жолы»арқылы керуен жүргізіп, сауда жасауына жол ашты. Сун дәуірінде (960 - 1279) Қытай араб елдерімен, Кореямен, Үнді-қытаймен және оңтүстік аралдармен теңіз арқылы сауда жасауды күшейтті. Осыған байланысты Қытайда кеме жасау, теңіз қатынасы өрістей бастады. Медицина тарихы Қытайда 3000 жылға созылады. Медицинадағы ең көне кітап - «Нэйцзин» Қытай медицинасының дамуында үлкен рөл атқарды. Тұңғыш «фармакология» кітабы Қытайда жазылды. Инемен емдеу әдісі Қытай медецина әдебиетінде Сун дәуірі деректерінде кездеседі. Қытай дүние жүзінде бірінші болып селитраны оқ-дәрі жасауға пайдаланды. 16 ғасырда Қытайда оқ-дәрі шығарыла бастады. 3 - 5 ғасырларда фарфор өндіру игерілді. Б. з. б. 6 ғасырда дүние жүзіндегі ең үлкен канал салу жұмысы басталып, ол 13 ғасырда Пекин мен Ханчжоуды су жолымен жалғастырды. Екінші бір үлкен құрылыс - Қытай қорғаны. Қытай халқының дүниежүзілік өркениетке қосқан аса зор үлесі - қағаз жасау (2 ғ. ) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЕЖЕЛГІ ҮЙСІН ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫЛЫҒЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Үйсіндер тарихы
Неолит дәуірінің археологиялық ескерткіштері
Ежелгі мәдениет пен өркениет
Мәдениет ұғымы және оның мәні
Қаңлы мемлекеті туралы жазба деректер
Түрік қағанаты – 551-603 жылдар
Қаңлы мемлекеті. (б.з.д. 3 – 1-ғасыр)
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қазақ - түркілердің материалдық мәдениетінің сабақтастығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz