Қытай мен Үндістан мектеп жүйесі


Жоспар
Кіріспе
- Қытайдағы мектеп жүйесі
- Үндістан мектеп жүйесі
Қытай халық Республикасының білім жүйесі
v Мектепке дейінгі білімберу
Қытай мемлекетінің мектепке дейінгі білім беру жүйесі 3 жастан басталады және бастауыш /3- 4 жас/, орта /4-5 жас/, аға / 5-6 жас/ сынып деп бөлінеді. Және бала-бақша, бастауыш мектеп екінің орта «мектепке дейінгі ( дайындық сынып) » болады. Бұл 6 жасқа толмаған балаларды мектеп білім жүйесіне үйрету мақсатында. Бала-бақшаларда күнде үш уақыт тамақ беріледі, мектепке дейінгі сыныптарда аз сағат сабақ кіреді және сыныптан тыс бағдарламалар көп болады.
v Бастауыш мектеп білм
Қытайдың көптеген бастауыш мектептерінің білім жүйесі 6 жыл боласа кейбір аудан мектептерінде 5 жыл болады. 1-3 сыныпты төменгі сынып дейді және бұл бастауыш мектептің негізгі кезеңі. 4-6- шы сыныпты жоғарғы сынып дейді және бастауыш сыныптың даму кезеңі. Бастауыш мектептегі 6 жылғы білім мерзімінде оқушылардың кіретін пәндер тәлім тәрбие және өмір, тәрбие және қоғам, тіл мәдениеті, математика, ағылшын тіл, денешынықтыру және денсаулық, ғылым, музыка, өнер, информатика. Бірақ бастауыш мектепті бітіргенде біріккен емтихан болмағандықтан тіл мәдениет, математика, ағылшын тілі сабақтарынан басқа сабақтардың сапасы жақсы болмайды. Ауылдық жерлер, егін шаруашылығымен айланысатын болғандықтан бұл жерлердің оқушыларына көбінде тіл мәдениеті, математика, денешынықтыру пәндері кіреді.
v Алғашқы орта мектеп білім жүйесі
Қалалық орта мектептерге ілесу емтиханы 3 түрлі болады. Бұлар «Компютер арқылы бөлу», « районымен бөлу», «мектеп таңдау». «Компютер арқылы жолдама беру» тәсілі оқушыны компютерлік жүйенің бөлісі бойынша сол қаланың орта мектебіне бөледі. Осыған дейін қандай бір жағдаймен бұл жүйені тоқтату шаралары жүрілмеген және толығымен бақ мәселесі деп көреді. Бірақ көп қыр жерлердегі орта мектептерінде білікті ұстаз болмағандықтан оқушылардың ата аналары мектеп таңдайды. «Мектеп таңдау тәсілі» мектеп таңдаған төлемін төлеген жағдайда немесе емтиханнан өткен жағдайда кіре алады. «районмен бөлу» тәсілі оқушылардың мекен жайы бойынша бөлуді тәсілі.
1990 жылдан қала көлемінде бастауыш сыныптан орта сыныпқа ілесу емтиханы болмайтын болған. Бірақ егін шаруашылығымен айналысатын аймақтарда бұл тәсілді қолдануда. Өйткені орта мектеп жетіспеушілігі көптеп кездеседі. Сондықтан орта мектептердің барлығы төлем ақысыз болмайды. Бұл төлем егінші халық үшін қымбат болғандықтан кейбір оқушылар орта мектебін бітірген соң оқудан қол үзеді және, есейген соң қалаға келіп ауыр жұмыстармен айналысады. / бұл кезде ішкі экономика дамымаған кез болатын және 21-ші ғасыр шыққанда қытайдың білім саласы дамып жергілікті жер экономикасы дамып, оқудан қол үзу мәселері толық шешілген.
1990жылдан бастап орта сыныпты бітірген соң тапсыратын емтихандар болмайтын болған. Оқушылар үш жыл уақыт ішінде көрген пәндерінің мезгіл соңындағы алған бағалары бойынша бағаланады, /60%-тан жоғары/, төмен баға алғандары ақ қағазбен тауысады. Оқушының ақ қағазбен бітіруі себебі өзі мектептен қол үзген немесе мектеп құралдарын бұзған, және кей жағдайда басқа себептерден болып ақ қағаз беріледі. 9-шы сынып оқушысы / орта мектептің 3-ші сыныбы/ алғашқы сатылы орта мектептің емтиханын тапсырады және бұны орта емтихан деп атайды. 90-жылдар немесе 21 ші ғасырдың алғашқы кездерінде бұл емтихан: тіл пәндері(120 ұпай), математика (120 ұпай), ағылшын тілі(120 ұпай), физика (70 ұпай), химия ( 70 ұпай) денешынықтыру пәні (30 ұпай) барлығы 530 ұпай болуы керек және аудандарда біріккен бір емтихан материалы болады кей жағдайда кей жерлердің өз емтихан материалдары болады. Жиш Бейжіңнің Хайдин(haiding海淀) районы емтихан қағаздарін өздері дайындайды және хайдин емтихан материалдары деп аталады. Бейжің қаласының емтихан қағазы қиын болғандықтан басқаларынан өзгеше.
v Орта мектеп білім жүйесі
Орта мектеп бітірген оқушыларда бір қанша таңдау болады. Орта мектептер Жоғарғы оқу орындарына кіру үшін дайындық болады. Кәсіптік оқытулы мектептер және мамандық орта мектептеріне тура кіруге болады. Осы мектептерді бітіргеннен кейін жұмыс істеуге болады және қайта ЖОО-на кіретін емтихан беруге болады. Бұл мектептерде мамандық түрлері көп болады мысалы егін шаруашылығы дамыған жерлерде егін шаруашалығы және мал дәрігер мектептеріне кіруге болады. Сонымен қатар қалалық жерлерде компютер, сауда саттық сияқты мамандықтар оқуға болады. ЖОО-ның төлем ақысы жоғарғы орта мектептерінен әлде қайда жоғары болады / жылдық төлемнің орташа мөлшері 4000- 6000 юань болады сол себепті кедей отбасылары балаларын мамандық мектептеріне жіберіп ерте тауыстырып экономика саласында өз бетімен жұмыстауын қалайды.
Қалалық жерлерде аға мектепке кіруді өте қолдайды және көп ата ана балаларын Жоғарғы оқу орындарына кіргізіп жоғарғы білім игертуді артық көреді. Көбінде орта сынып емтиханында жоғарғы ұпай алса үздік аға мектепке кіреді. Әкімшіліктен «үздік мектеп» сияқты сөздермен мектептерін жарнамалауға тиым салған және басқадай ұйымдардың мектептерді жақсы жаман жағымен тізуге қатаң тиым салған. Бірақ Білім Министрлігі тексеру зерттеу, баға беру жолымен « үлгілі мектеп» деп анықтайды. Осы тексеру кезінде мектептерін жоғарғы орынға кіргізу үшін әр түрлі жұмыстар жасайды. Мысалы: мектеп бассейнін жөндеу сияқты. Тексеруден кейін бұлар пайдаланылмайды.
Аға мектептің алғашқы жылы негізгі мағұлмат, 2 ші жылы ауысу, 3 жылы болғанда емтиханға дайындалу болады. Оқушыларға берілетін пәндер тіл, математика, ағылшын тілі, (кейбір жерлерде орыс тіл, жапон тілідерінен таңдайды), физика, химия, биология, география, тарих, саясат, дене шынықтыру және денсаулық, ииформатика. Аға мектептің 1-ші сыныбында пәндерді бөлектеп көреді. Мезгіл соңындағы емтиханнан кейін 2-3 сыныпта өзінің оқитын бағытын таңдайды. Бұл пәндер болғанда жаратылыс тану немесе қоғам тану. Оқушылардың бұл пән таңдауы ЖОО-дарына қабылдану емтихан түрі болады. Көбінде 1-ші сыныптан информатика, география, тарих пәндерінен емтихан тапсырады. (сол ауданнан біріккен тәртіппен емтихан алады) .
2-ші сыныпқа кіргеннен кейін егер жаратылыс тану пәнін таңдаған болсаңыз тіл, математика, ағылшын тілі, физика, химия, биология саясат тану, денешынықтыру сияқты пәндерді көреді. 2-ші сыныпта физика, химия, биология пәндерінен емтихан тапсырады. Бұл 3 пәннің емтиханы жаратылыс тану пәні емтиханынан әлде қайда оңай болады. Оқушылар қай бағытта оқитынын таңдаған соң тіл, математика, ағылшын тілі, жаратылыс тану, физика, химия, биология пәндеріне дайындалып, ЖОО на кіру емтиханында жаратылыс тану пәнінен біріккен бір сынақ тапсырады. Қоғам тану, саясат, тарих, география пәндерін қамтиды және қоғамтану пәнінен біріккен сынақ тапсырады.
ЖОО-на ілесу емтиханның негізгі атауы: мемлекеттік қарапайым жоғарғы білім орындарына қабылдану емтиханы
Бұл сынақ білім жүйесіндегі ең ең маңызды сынақ және 2003 жылға дейіншілде айында жүрілетін болған. 2003 жылдан бастап маусым айы болғызып өзгерткен және 7, 8 маусым күндері жүрілетін болған. 2007 жылы негізгі мағұлмат сабақтарында өзгеріс енгізіп жергілікті жерлерде 3+х+1 жаңа емтихан жүйесін іске асыра бастаған. Мұның бірі жаңа емтихан жүйесін мақсаты оқушылардың негізгі қабілетін тексеру. Сынақ мерзімі маусымның 9 күні түсте жүріледі.
Емтихан материалдарын сол ауданның білім мекемелері шығарады және қиын оңай аралас болады.
Тіл пәндерінен емтихан ұпайы 150, ағылшын пәні 150, қоғам тану, математика 150, жаратылыс тану математика 150, жаратылыс тану пәнінен біріккен сынақ ұпайы 300, қоғам тану сынақтарының біріккен ұпайы 300. Оқушы табиғат тану, қоғам тану пәрдерінің қай бірінен емтихан бергеніне қарамастан, ағылшын тіл емтихандары бірдей. Емтиханның барлық ұпайы саны 150+150+150+300=750 болады.
Қытай мемлекеті білім жүйесінің қысқаша нұсқасы
2010 жылыҚытайдың коминист партиясының орталығы, үкімет кеңесі орталығының қарамағында мемлекеттік білім жөніндегі жиыны табысты жиналып» орта және ұзақ мерзімді білімнің өзгеріс, жаңалану, дамыс жоспарлары туралы ( 2010-2020 жылы ) шешімі қабылданып білім жүйесінің жаңалану тәжірибесі басталған.
2010 жылы мемлекеттік деңгейде барлығы 531. 000 мектептен өткен көрсеткіштен 22. 000-ға азайған. Қайта барлық оқушылар саны 260 мың болған және бұл көрсеткіш өткен жылдан 1 миллион 373 мыңға көбейген. Жеке меншік оқу орындарында оқып жүрген оқушылар саны 56 миллион 248 мың, өткен жылғы көрсеткішке қарағанда 759. 000 азайған. білім өрісі кеңейген осы кезде жалпы білім беретін мектептерден бөлек жеке меншік мектептерде оқитын оқушылар саны көбейген.
Қайта мектепке дейінгі білім алушылар саны көбейіп кеткен. 2010 жылы барлығы 150. 000 бала-бақша болған өткен жылға салыстырғанда 12. 000 ға қосылған. Және 29 миллион 717 мың бала тәрбиеленген өткен жылға салыстырғанда 3 миллион 189 мың немесе 12%- ке артқан. .
2010 жылы мемлекет көлемінде барлығы 257. 000 орта мектеп болған өткен жылға салыстырғанда 23. 000 азайып оқушылар саны 99, 407, 000 нан 1. 308. 000 немесе 1. 3%-ке азайған, Алғашқы орта мектеп 55000 (мамандық алғашқы орта мектептерді қосқанда) мектеп болған өткен жылға қарағанда 1430-ға азайған. Оқушылар саны 52. 793. 000 болған өткен жылға қарағанда 161600 немесе 3%-ке азайған. .
Толық орта білімнің өрісі кеңіп орта мамандық және орта мектептер саны қосылған. 2010 жылы мемлекет көлемінде толық орта мектеп саны 29000, өткен жылдан 1177-ке азайған, оқушылар саны 46. 773. 000 болған өткен жылға салыстырғанда 364000 қосылған. Оның ішінде жалпы толық орта мектептеріндегі оқушы саны 24. 273. 000 немесе 0. 3%-ке азайған. Жылдық орта мектеп оқушылар саны 22. 385. 000 немесе 433. 000 1. 97%-ке қосылған.
Жоғарғы білім мектептері тұрақты дамып келеді. 2010 жылы барлығы 2723 мектеп болған өткен жылға салыстырғанда 34-ке қосылған. Оның ішінде жалпы мектеп 2358 немесе 53-пен қосылған. Жасқа толғандар мектебі 365 немесе 19% -ғаазайған. Мемлекет көлемінде барлық жоғарғы оқу орындарында барлығы 31. 050. 000 оқушы болған бұл көрсеткіш өткен жылдан 126000 немесе 4. 2%- ке қосылған.
Арнайы оқытулы мектептер де тұрақты дамуда. 2010 жылғы жағдаймен барлығы 1706 мектеп болған және бұл 34%- ке қосылған. Барлығы 426000 оқушы білім алады және 300-ге азайған.
Ұстаздар саны артыуда
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz