Лимфа жуйесінің қызметі


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Лимфа (лат. lympha - жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөліп шығарылады. Лимфа жасушааралық кеңістікте басталады да лимфа тамырлары бойынша ағады. Құрамына қарай лимфа қан плазмасына ұқсас болады, бірақ онда белоктар аз болады. Лимфа тамырлары бір-бірімен қосылып екі үлкен лимфа тармағын құрайды, олар үлкен венларға құйылады.

Лимфа - кұрамында бірсыпыра белок пен торша бар, жабысқак, түссіз сұйықтық. Лимфа жүйесінен қанға көкрек өзегі арқылы келіп түседі. Лимфа лимфоциттердің қайта айналы- мына, біріншілік және екіншілік иммундық жауаптардың дамуына қатысады.

Лимфа (латынша «lympha» - таза су, ылғал) - адамның лимфа тамырлары мен лимфа түйіндерінде болатын сұйық дәнекер ұлпа немесе сарғылт түсті мөлдір сұйықтық. Лимфа - ағзаның ішкі ортасы, ұлпа сүйықтығынан түзіледі. Тұз құрамы жағынан қан сарысуына ұқсас. Лимфаның химиялық құрамы: 95% су, 1-2% нәруыз; 0, 1% глюкоза; 0, 9% минералды түздар. Адам денесінде бір тәулікте шамамен 2-4 л лимфа түзіледі. Қан сарысуына қарағанда нәруыздары 3-4 есе аздау, тұтқырлығы да төмендеу. Лимфаның құрамында фибриноген нәруызы болады. Сондықтан оның баяу болса да ұйығыштық қасиеті бар. Лимфа қан сияқты үздіксіз қозғалыста болады. Лимфада болатын лейкоциттерді - лимфоциттер деп атайды. Лимфоцит - лейкоциттің бауырда түзілетін түйіршіксіз түрі. Адамның барлық лейкоциттерінің 18-30%-ын құрайды. Лимфоциттер - ұсақ, диаметрі 8-10 мкм. Лимфа сыртқы және ішкі әсерлерге өте сезімтал. Рентген сәулесінің әсерінен лимфоциттер тез жойылады. Егер ағзаға қалқанша бездің гормонын жіберсе, лимфоциттердің саны көбейеді.

Лимфа жуйесі - жүрек-қантамырлар жүйесінің бір бөлігі. Лимфа жүйесі арқылы ұлпалардан қантамырларға су, нәруыз, май, зат алмасу өнімдері қайта өтеді. Бұл жүйемен мөлдір, түссіз сұйыктық - лимфа ағады. Лимфа қанға ұксас болғанмен құрамында нәруыз өте аз және онда эритроциттер болмайды. Лимфа тамырларының қантамырлардан айырмашылығы - лимфа тамырларымен сұйыктық тек бір бағыт бойынша жүрекке қарай ағады. Лимфа жүйесінде артерияларға ұксас тамырлар болмайды, тек лимфа қылтамырлары болады. Лимфа қылтамырларының қантамыр қылтамырларынан айырмашылығы - лимфа қылтамырларының бір ұшы тұйык. Олар ұлпа жасушаларының арасынан басталады. Қылтамырлар қантамырларына қарағанда лимфалық қылтамырлардың қабырғасы өте жұқа. Қантамыр қылтамырларының екі ұшы да ашық. Лимфа қылтамырлары ми, жұлын, шеміршек, қағанақ, көз бұршағынан басқа мүшелердің бәрін торлап жатады.

Лимфа тамырлары

Лимфа қылтамырлары лимфа тамырларына бірігеді, оның ішкі бетінде қақпақшалары бар. Ол қақпақшалар лимфа сұйықтығының бір бағытка (жүрекке) қарай ағуын қамтамасыз етеді. Екі ірі лимфа тамырлары жүректің қасындағы үлкен қанайналу шеңберінің ірі вена қантамырларына қосылады. Лимфа сұйықтығы вена канымен араласып, жүректің оң жақ жүрекшесіне құйылады.

Лимфа түйіндері

Лимфа түйіндері лимфа тамырларының қосылған жерінде жасушалардың жинақталуынан түзіледі. Олар қантамырлардың айналасында орналасады. Лимфа түйіндерінің пішіні - домалақ, сопақша, үрмебұршақ тәрізді (иммунды жүйені естеріңе түсіріңдер) . Лимфа түйіндерінің бір жағы ішке қарай кіріңкі, ойыстау болады. Осы ойыстау жерінде артерия қантамырлары мен жүйкелер орналасқан. Лимфа түйіндерінің сыртын дәнекер ұлпасынан түзілген тығыз қаптама қаптайды. Лимфа түйіндерінің орналаскан жері: қолтық, шап, мойын, құрсақ қуысы, шынтақ пен тізенің бүгілісі, астыңғы жақсүйeк және т. б. Кейде лимфа түйіндері жиналған бактериялардың әсерінен қабынып, ісіп кетеді. Мысалы, баспамен ауырғанда мойындағы түйіндер іседі (без шошиды) . Лимфа түйіндері қан түзілу үдерісіне, ағзаның қорғаныш реакциясына қатысып, лимфа ағынын реттейді. Лимфа түйіндері әр түрлі жұқпалы ауруларды туғызатын бактерияларды қанға жібермей, жояды. Олардың уларын зиянсыз етеді. Лимфа түйіндерінде «қарсыдене» деп аталатын ерекше жасушалар түзіледі. Ірі лимфа тамырларын лимфа өзектері деп атайды. Ең ірі кеуде лимфа өзегі құрсақ қуысында орналасқан. Оған аяқтан, жамбас және құрсақ қуыстарынан лимфа сұйыктығы жиналады. Кеуде лимфа өзегі мойын тұсында орналасқан. Ол сол жақтағы қолтықасты вена тамырларына келіп қосылады. Сонымен, лимфа жүйесіне - лимфа қылтамырлары, лимфа тамырлары, лимфа түйіндері және лимфа өзектері жатады.

Лимфа жуйесінің қызметі:

Ұлпа сұйықтығының қанайналым жүйесіне қосылуына көмектеседі.

Лейкоциттер түзеді.

Ағзаға түскен бөгде денелер мен бактерияларды ұстап, биологиялық сүзгі қызметін атқарады.

Аш ішек бүрлеріндегі майларды сіңіруге қатысады.

Лимфаның ағуы

Адамда лимфаның қозғалуына 3 жағдай әсер етеді:

Лимфа тамырларына жақын орналасқан қаңка бұлшықеттерінің жиырылуына байланысты.

Кеуде қуысының тынысалу қозғалыстарының әсерінен.

Ішек бүрлерінің жиырылуы мен босаңсуына сәйкес ағады. Қаңқа бұлшықеттері жиырылып, лимфа тамырларын қысқанда лимфа бір бағыт бойымен қозғалады. Лимфа қанға қарағанда баяу қозғалады.

Лимфа қылтамырлары (лимфатические капилляры) ; (vasa lymphocapillaria, лат. vas, vasis - тамыр, lympha - ылғал, су, capillaris - қыл) - пішіні саусақ тәрізді тұйық басталатын, тым жүқа қабырғалы лимфа тамырлар жүйесінің басталар бөлігі. Лимфа қылтамырларының қабырғасы жалаң қабат эндотелиоциттерден тұрады. Қан қылтамырларына қарағанда лимфа қылтамырлары қабырғаларында негіздік жарғақ болмайды және арнасы кең келеді. Лимфа қылтамырлары мида, тері эпидермисінде, шеміршек ұлпасында, көз алмасының ақ қабығында, көз бұршағында, плацентада (ұрық жолдасы) болмайды. Лимфа тамырларының құрамына лимфа түйіндеріде кіреді. Қызметі жағынан алғанда лимфа жүйесі қан тамырларымен тығыз байланыста болады, әсіресе микроциркуляторлық арнаның орналасқан аймақтарында тіндік сұйықтын қалыптасуы жүзеге асып, лимфаға отіп отырады. Ұсақ лифа жолдары арқылы лимфациттердің қаннан үнемі шығып және олардың лимфа түйіндеріне жаңалап отыруы жүзеге асады.

Лимфа капиллирлары интра, экстра мушелік (немесе лимфаны мүшелерге таратушы) және мойынның ірі венасына жалғасатын денедегі ең басты лимфа - көкіректің және оң жақтағы лимфа тамыры . Құрылысына байланысты лимфа тамырлары: талшықты, талшықсыз болып бөлінеді. Лимфа капиллярлары тіндерден зат алмасу өнімдерімен бірге тіндік сұйықты әкелетін, ал патологиялық жағдайларда бөтен заттар мен микроорганизмдер келетін лимфа жүйесінің бастапқы бөлігі. Лимфа сүйығы мен қатерлі ісік жасушаларыда таралады. Лимфа капиллярлары бір жағы бітеу, эндотелнальді түтікшелер жүйесі, кейде бір бірімен байланысып, анастамоздар түзіп мүшелерге өтеді. Диаметрі қан тамырларына қарағанда үлкен, қабырғасында базальді мембрана мен пернциттер болмайды. Лимфа капиллярларының эндотеиі өзін қоршаған дәнекер тінімен стропты немесе бекітуші деп аталатын филаменттермен, коллаген талшықтарымен тығыз байланысады. Лимфа капиллярлары сау ағзада микроциркуляцияның қасиетті шарты ретінде гематалогиялық тепе теңдікті қамтамасыз етеді. Лимфа тамырларының құрылыс ерекшелігі оларда клапандары мен сыртқы қабығы жаксы дамыған. Лимфа төменгі қысыммен төменге бағытталады. Диаметрлеріне қарай лимфа тамырлары майда, орташа және ірі болып болінеді. Орташа мен ірі тамырлардың қабырғасында үш қабығы болады: ішкі, ортаңғы, сыртқы . Ішкі және ортаңғы қабықтарының арасында анық көріне бермейтін эластинді мембрана орналасады.

Тамырлардың васкуляризациясы . Ірі және орташа қан тамырларында өзін қоректендіретін “ тамырлардың-тамырлары ” ( vasa-vasorum ) деп аталатын жүйесі болады. Олар тамырлардың ортағғы қабығына дейін өтеді. Ал, ішкі қабығы өзінің ішінен қанмен тікелей қоректенеді. Тамырлардың қабырғасында афферентті нерв талшықтары болады.

Жасқа байланысты ерекшеліктері . Адам омірінің өн бойында тамырлардың құрылысы үздіксіз өзгеріп отырады. Қан тамырларының негізгі функциональды қалыпты қызметі даму мөлшері мен отыз жаста тоқтайды. Одан әрі қарай артериалардың қабырғасында қабықтарының қалыңдауына алып келіп соғатын дәнекер тіннің өсуіне байқалады. Эластив типті артерияларда бұл процесс күштірек көрінеді. Ішкі және ортанғы қабықтардың құрамында сульфатталған глюкозамин-гликандар жиналады. 60-70 жастан кейін барлық артериялардың ішкі қабыктарында коллаген талшықтарының өсіп, қалыңдауы байқалады. Эластинді мембраналар жас ұлғайған сайын біртіндеп жінішкереді де ыдырайды. Қарт адамдарды ішкі және ортанғы қабықтары өсіп, онда известік қорлар мен липидтердің пайда болуы да байқалады. Сыртқы қабырғаларының құрамында ет жасушаларының шоғырлары пайда болады. Веналардағы қзгерістер артериялармен ұқсас. Қарт адамдардың мүшелерінің лимфа тамырларының көптеген ұсақ жуандаған варикозды бөліктер пайда болады. Олардың құрамындағы коллаген талшықтары өсіп, саны көбейеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лимфа жүйесінің онтогенезі
Лимфа жүйесінің физиологиясы
Лимфа жүйесі
Вегетативті жүйке жүйесі туралы түсінік
Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Жануарлардың қан және қан айналымы физиологиясы
Жүрек - қан тамыр жүйесінің дене жүктемесіне бейімделуі
Қан айналу жүйесі
Адам анатомиясы және онын мiндеттерi
Мүше ретіндегі сүйектің құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz