Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары



Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары
2. Есептерді шығарту тәсілдері

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Оқу жылы бойында математикадан әр алуан тапсырмалар орындалып келді. Олардың қайсысының болмасын өзіне тән белгілері бар. Тіпті біреуінің ұқсастығын ескеріп топтауға да болады, содан әрі топтың өзіндік мәнді белгілерінің тағайындалуы мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда оқулықтар беріліп отырған тапсырмаларды үш топқа бөлген жөн. Олар: жаттығулар, мысалдар, есептер. Осы сөздерді және сәйкес ұғымдарды орынды пайдалану, жалпы алғанда, сауаттылықтың және математикалық, мәдениеттіліктің көрнісі деп түсінген жөн.
Атап айтқанда, оқушының сөздік қорында мынадай сөз-ң болуы тиіс; есеп, есептің шарты, есептің сұрағы,есептің шешуі, есептің жауабы, бір амалмен шығарылатын есеп, кері есеп, өзара кері есептер.Ал басқадай әдістемелік тұрғыдағы сөздердіәрі білу, айту, қолдану оқушылардан талап етілмейді, мәселен есептің түрге бөлінуі (қалдықты және қосындыны табуға берілген бірнеше бірлікке артық немесе кем санды табумен байланысты,айырмалық салыстыруға берілген), жай есеп және т.б.
Қорытынды нәтижесі- есеп сөзін өзіндік мәнді белгілері болатынын білу және оларды бір-бірнен ажырату: есептің сұрағына жауап беру үшін қосу мен азайту амалдарының бірін саналы түрде анықтау: есептің шешуін жазудың және жауабын бөліп көрсетудің қажеттілігін сезіну.
Жалпы алғанда, қосындыны және қалдықты табумен байланысты есептер өзара кері есептердің мысалдары бола алмайды. Мұндай есептері сәйкес амалдарды анықтаудың негзіне алынатын сөздер қарама- қарсы ұғымды білдіреді, мәселен келді- кетті, алды- берді, ұшып келді-ұшып кетті, болды- болады және т.б
Ал өзара кері есептердің бірінің сұрағына екіншісінде белгілі дерек ретінде және керісінше, бірінің белгілі деректері екіншісінің сұрағы ретінде беріледі. Сонда есептің шартындағы белгілі екі дерек пен оның сұрағындағы ізделінеді, яғни, белгісіз мәселе алмастырды да ,кері есептер құрастырады. Өзара кері есептердің мысалы ретінде бірнеше бірлікке артық санды табуға, бірнеше бірлікке кем сандарды табуға, бірнеше бірлікке кем сандарды табуға, айырмашылық салыстыруға берілген есептерді айтуға болады.

Логикалық есептер жүйесі мен шығару жолдары
Оқу процесінде есеп шығару математиканы оқыту мақсаты ретінде де, оны оқыту әдісі ретінде де бой көрсетеді. Математикалық есеп дегеніміз -математикадагы заңдылықтар, ережелер мен тәсілдер негізінде оқушылардын ойы мен іс-әрекетін талап ететін және математикалық білімді меңгеруге, оларды практикада қолдана білуге дағдыландыруга, ойлау қабілетін дамытуға бағытталған ситуация. Сондықтан есеп шығару математикалықұғымдарды қалыптастырып, байытуга оқушылардың математикалық ойлауын өрісіеіуіе, білімдерін пракіикада қолдануға, табандылық, ізденгіштік, еңбек сүйгіштік қасиеттерін тәрбиелеуге жол ашады. Сонымеи бірге, есеп шығару процесіндс оқушылар практикалық біліктер мсн өмірде өздеріне керекті дағдыларды игерсді пайдалы фактілсрмен танысады. - Өмірде жиі кездесетін шамалардың арасындагы байланыстар мен тәуелділіктерді тагайындауға үйренеді. Математикалық есептер: а) жаңа математикалық ұғымдар мен мағлұматтарды үйрету; ә) пракгикалық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру; б) білімнің тереңдігі меи жаяндылығын тексеру; в) проблема қою және проблемалық ахуал туғызу; г) материалды пысықтау, жалпылау және қайталау; д) оқушылардың шығармашылық қабілетін тәрбиелеу үшін пайдалынады.
Есеп оқушыларды жана математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан іскерліктері мен машықтарын жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі. Бастауыш сыныпта арифметикалық және геометриялық мазмұнды құрылымы күрделі емес есептер қолдаиылады.
Математиканы оқытудың жалпы системасында есептер шығару тиімді жаттығулардың бір түрі болып табылады.
Есептер шығарудың ең әуелі балаларда толық бағалы математикалық ұғымдарды қалыптастыруда, олардың багдарлама аныктап берген теориялық білімді игеруде өте маңызды мәні бар.
Егер біз оқушыларда қосу туралы дұрыс ұғым қалыптастырғымыз келсе, онда балалар іс-жүзімде жиындарды біріктіру операциясын әрдайым орындай отырып қосымдыны табуға арн,алған едэуір көп жай есептер шығарулары кажет. Мысалы, мынадай есеп ұсынылады: Қыз баланың 4 түсті және 2 жай карындашы бар еді. Қыз баланың барлығы қанша қарындашы бар еді? Есептің шартына сәйкес балалар, мысалы, 4 таякшаны қояды да, содан кейін тағы 2 таяқшаны жанына такап қояды да, барлығы қанша таяқша болғандығын санайды. Бұдан кейін есепті шығару үшін 4-ке 2-ні қосу керектігі аныкталады, нәтижесі -6 шығады. Осы сиякты жаттығуларды бірнеше рет орындай отырып, балалар қосу амалоы туралы ұғымды біртіндеп игере бастайды. Мысалы, амалдардың белгісіз компонентін табуға арналған (белғісіз қосылғышты, азайткышты т.с.с. табу) есептерді шығара отырып, балалар арифметикалық амалдардын компонеттері мен нәтижелері арасындағы байланысты ұғынады.
Сонымен, есептер балаларда жаңа білімді қалыптастыратын және бұрыннан бар білімдерін пайдалану процесінде пысыктала түсетін нақтылы материал болып табылады. Білімді калыітгастыруға арналған нақтылы материал ролін агкара отырып, есептер теорияны практикамен, оқытуды өмірмен байламьтстыруга мүмкіпдік бсрсді. Есептер шығару балаларда, әрбір адамға оның күнделікті өмірінде қажетті, практикалық білікті қалыптастырады.
Есептерді шығару процесінің өзі белгілі бір әдістеме бойынша мектеп оқушыларының ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін тигізеді, өйткені ол анализ және синтез, нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау сияқты ойлаумен жүргізілетін операцияны талап етеді. Мысалы, кез келген есепті шығарғанда оқушы анализ орындайды: сұрақты - шарттан берілген және ізделіп отырған сандарды ажыратады; есеи шьнару жоспарын орындаи отырып, ол синтезді орындайды, мұнда нақтылауды (ойша есептің шартының суретін салып шығады), содан кейін абстракциялауды (нақтылы жағдайдан ауытқып, арифметикалық амалдарды таңдап алады) пайдаланады; қандай да ;бір түрдегі есептерді бірнеше рет шығару нәтижесінде оқушы осы сияқты есептердегі берілген мәліметтер мен ізделіп отырған шама арасындағы байланыс жайлы білімді жалпылайды, оның нәтижесінде осы сиякты есептерді шығару тәсілі жалпыланады.
Бастауыш сынып математикасын оқыту дәрежесінің жоғары болуынын бірден-бір жолы оқушыларды есеп шығаруға ұирету. Есеп адам өмірінде, жалпы қоғамның өмір сүруі үшін де аса маңызды роль атқарады. Есептерді шығару, оның жолын табу, тапқырлыққа, қиындықты жеңе білуге, өзіне және өзінің маңайындағыларға сын көзбен қарауға үйретеді. Есепті шығару жолын өздігінен таба білу оқушылардың өз жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауына, жаңашылдықты қалыптастыруына көмектеседі.
Есепті шығару - шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау. Мұнда әр амалды орындағанда нені табатынымызды түсіндіріп отыру міндет. Есепті шығару ауьпша да. жспбпшп да орындалуы мүмкін. Ауызша шығарғанда сәйкес арифметикалық амалдар және оны түсіңдіру ауызша орындалады. Шамамен барлық есептердің жартысын шығару бастауыш сыныптарда орындалуы тиіс. Мұнда балаларды орындалып отырған амалдарға дұрыс және қысқаша түсінік беруге үйрету керек.
Жазбаша шығарғанда амалдар жазылады, ал олардың түсініктемесін оқушылар не жазады немесе ауызша айтады.
Оқушылардың математикалық даму дәрежесі олардын есеп іпығапа білуінен байқалады. Есеп дегеніміздің өзі - әрбір мектеп оқушысының ақыл-ойын ұштаудың негізі құралы. Әдеттен тыс, қызықты есептердің шешімін табу балалардың математикалық шығармашылығында маңызды орын алады. Ең эуелі, есеп шығаруды үйрену - оның шешімін табу екенін есте ұстаған жөн. Д.Пойа Математикалық таным кітабында (M.1976. 13-бет) былай деп жазады: Егер сіз жүзуді үйренемін десеңіз, тайсалмай суға сүңгіп кетіңіз, ал есеп шығаруды үйрену үшін оның шешімін табыңыз.
Кез келген қиын есепті шығару оқушыдан үлкен еңбекті, ерен күші мен табандылықты талап етеді. Ьул касиеттеп баланын есепке ынтасы оянғанда күшейе түседі. Қызықты есептер ақыл-ой энергиясын қозғалыска келтіретіндіктен, оларды шешу оңайға түседі. Міне, сондықтан мұғалім оқушылар қызығып, өз еріктерімен шығаратын есептерді таңдап алуы қажет.
Математиканы оқытудың әрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды окып үйренуі олардың алдыңғы сыныпта оқып үйренгенде қабылдаған терең де берік білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына, сонымен бірге, математиканы оқытудағы қызығушылығын дамытуда да байланысты болады.
Сынып оқушылары бірдей емес. Олардың математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан белгілі бір ережені меңгеретін жаттығуларды орындағанда оларға қиынырақ тапсырмалар, міндетті емес тапсырмалар берілуі қажет.
Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Соның бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып математика сабағында логикалық есептерді шығару арқылы оқушыларды ойлауға үйрету дағдылары
Бастауыш мектеп оқушыларының жас ерекшеліктері. Логикалық есептерді шығару барысында оқушыларды ойлауға үйрету жолдары
Физикалық есептер-оқушы мен студенттің физикалық білімі құрылымының маңызы
Логикалық есептерді шешу
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Математикадан олимпиадалық есептерді шешуде математикалық логика элементтерін қолдану
Туристік қызметтің негізгі статистикалық көрсеткіштері
Физиканың оқыту әдістемесі
Бастауыш мектепті оқыту үрдісі
Математика сабақтарында қызықты есептерді қолдану әдістемесі
Пәндер