Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Жарияланды 20-10-2012, 12:56 Категориясы: Ұстаздарға
Қызылорда облысы,
Қазалы ауданы, Қазалы ауылы
№100 орта мектептің сурет және сызу пәнінің мұғалімі
Есіркеев Қайрат Еленбайұлы

Тақырыбы: Сабақ - қазіргі мектептегі оқу процесін ұйымдастыру негізгі формасы
Сабақ - бұл жастары шамалас, құрамы тұрақты оқушы топтарымен оқытуды ұйымдастыру формасы, тұрақты кесте және бәріне ортақ оқыту бағдарламасымен сабақ өткізу. Бұл формада оқу-тәрбие процесінің барлық компоненттері - мақсат, мазмұн, құралдары, әдістері, ұйымдастыру және басқару қызметі және оның барлық дидактикалық элементтері қарастырылады. Біртұтас дидактикалық жүйе ретіндегі оқыту процесіндегі сабақтың мәні мен мақсаты мұғалім мен оқушының ұжымдық - жекелей өзара қарым-қатынасына алып келеді, соның нәтижесінде оқушылар білім, білік және дағдыны иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары дамиды, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.

Сонымен, сабақ, бір жағынан тұтастай алғанда оқытуды қозғаушы форма түрінде, екінші жағынан, оқытудың заңдылықтары мен принциптерінен туындайтын, мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастыру формасы түрінде анықталады. Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақты оқыту процесінде оқушылардың тұрақты құрамымен мектептің күнделікті нақты жағдайында шешілуге тиісті дидактикалық міндеттердің (білім беру, тәрбие, даму) жүйесі ретінде дайындалады.
Педагогикалық процестің біртұтастығы тұрғысынан сабақты оны ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде қарастыру қажет. Сыныпты - сабақтық жүйенің барлық артықшылықтары тек сабақта ғана көрініс табады.

Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылықтары оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстарды сабақтастырудағы мүмкіндігінің молдығында: мұғалімге материалды жүйелі және ретімен түсіндіруге, оқушылардың танымдық қабілеттерінің дамуын басқаруға және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушылардың, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ оқушының мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді.
Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде - динамикалық
құбылыс. Ол педагогикалық процестің негізгі даму тенденцияларын оның біртұтастығы бағытында бейнелей отырып, ұдайы дамиды.

Бәрінен бұрын ол оқытудың үш бірлік - білім беру - тәрбие - даму - қызметін тиімді іске асыруда көрінеді, олай болса, оқушылардың табиғи қасиеттерін шығармашыл дамытуға бағытталғандығымен де көрінеді.
Сабақты дамытудың басқа тенденциясы сабақты өмірлік маңызды мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелей формаларын сабақтастыруды кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту болып табылады.

Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласы
Шоқан Уәлиханов мектеп-гимназиясы
Тастанбекова Айпарша Мүтәқызы
Физика пәнінің мұғалімі
Қазіргі сабаққа қойылатын талаптар
Сабақта мұғалімнің өзінің не біліп, не істейтіні маңызды-ақ, бірақ оның ықпалымен шәкірттерінің не біліп, не істейтіні одан да маңыздырақ. Нағыз ұстаз, міне, осынысымен бағаланады.
Цицерон.
Оқу қызметі - адамның оқу міндеттерін шешу процесінде теориялық білімдер мен қызмет тәсілдерін игеруіне бағытталған негізгі қызмет түрлерінің бірі. Оқу қызметін жүйелі жүргізу оның субъектілерінде негізгі компоненттері мазмұнды абстракция, жалпылау, талдау, жоспарлау және рефлексия болып саналатын теориялық танымы мен пайымдауының жедел дамуына жағдай жасайды.
Мектептердегі оқыту процесі мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі. Оның қызметінің мақсаты оқушылардың белсенді, саналы, танымды қызметін басқару болып саналады. Мұғалім оқушыларға бірте - бірте күрделі талаптар қояды, соның арқасында баланың танымдық ойының ілгерілеу қозғалысын қамтамасыз етеді. Мұғалім оқытудың табысты өтуіне жағдай жасайды: қойылған талаптарға сәйкес мазмұн таңдайды, оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлерін пайдаланады; соның көмегі арқасында мазмұн оқушының игілігіне айналатындай әр түрлі әдістерді пайдаланады.
Әрбір мұғалім өз сабақтарының қызықты, тартымды, есте қаларлықтай болғанын қалайды. Дегенмен, жас мұғалімдер өз пәнін жетік білу және оның әрбір мәтінін қызықты етіп баяндай алу - мұғалімнің басты қасиеті деп ойлайды. Алайда мектептегі негізгі пәндерді оқыту барысы бұл қасиеттің мұғалімдер үшін жеткіліксіз екендігіне көз жеткізіп келеді.
Дидактик-ғалымдар арнайы зерттеулер нәтижесінде оқушылардың танымдық белсенділігі олардың игеретін білімінің сапасына тікелей әсер ететінін анықтап отыр. Мысалы, өздігінен оқу немесе дәріс тыңдау барысында ақпаратты ұзақ уақыт есте сақтаудың көрсеткіші 10 пайыздан аспаса, әр түрлі танымдық ойындар мен белсенді оқыту әдістерін пайдалану барысында ол көрсеткіш 90 пайызға дейін жетеді екен. Бұл "жағада тұрып жүзуді үйрену мүмкін еместігін" дәлелдейді.
Орыс академигі В.Беспальконың айтуынша игеру деңгейі 70 пайызға жетпеген білім, біртіндеп кеми береді екен, тек 70 пайыздан асқан кезде ғана оны өздігінен толықтыру мүмкіндігі пайда болады екен. Ал ғалымдардың зерттеулері оқыту барысында балалар өзара талқылау жасап, алған білімді өз тәжірибесімен ұштастырып және өз білгенін өзгеге үйреткенде ғана бұл деңгейден асуға болатынын көрсетіп отыр.
Шығыс даналығы: Естігенің естен шықса, көрген қалар көңіліңде, бір нәрсені жасап, ұқсаң, ұмытылмас өміріңде, - дейді. Қазіргі ғылыми зерттеулер бұл даналықтың астарында терең мағына жатқандығын байқатады. Орыс ғалымы Л.Фридманның айтуынша, бала білім игеру барысында төрт түрлі позицияда болады екен:
1.Тыңдау арқылы дайын білімді алу. 2.Өздігінен жаңалық ашу. 3.Түрлі әсерді сезіну. 4.Бұйым немесе өнім жасау.
Осы позициялардың соңғы үшеуі ғана шын мәнінде өнімді оқуға жағдай жасайды. Сондықтан сабақты жоспарлау мен ұйымдастыруда оның өнімділігін арттыратын оқытудың белсенді әдіс-формалары мен танымдық ойындарды тиімді пайдаланудың маңызы зор.
Сабақтың тиімділігін арттыруды жүзеге асыру үшін қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды сақтау керек:
1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
3. Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.
4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.
5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі - оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті - жаңа білімді игеруді - атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.
6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.
7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.
8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.
9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.
10. Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.
11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.
12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.
13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.
14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы.
15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.
16. Қолайлы моральды - психологиялық және санитарлық - гигиеналық жағдайлар туғызу.
Мұның бәрі тек бір ғана жағдайда мүмкін болады, егер сабақтың өнімділігі мен балалардың белсенділігі жоғары болса.
Орыс дидактигі В.Голуб сабақ тиімділігін арттырудың жеті бағытын атап көрсетеді:
1.Сабақтың тиімділігін арттыру жолдарының бірі (кез - келген оқу пәні бойынша) әр сабақта мынадай жағдайлар жасау болып табылады: оқушылардың оқу материалының негізін сабақтың өзінде меңгеруі тиіс, бірақ бұл негіздер кездейсоқ емес, саналы игерілуі керек.
2.Келесі сабақтың тиімділігін көтерудің тағы бір маңызды жолы - бұл ұжымдық жұмыс кезіндегі әр оқушының барынша дамуына мүмкіндік туғызу.
3.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі жолы - бұл белгілі бір құрылымның болуы. Бұл жағдайда жұмыстың сыртқы жағы (сұрау, түсіндіру, бекіту) емес, оның ішкі құрылымы оқушыларға білінбейді, бірақ оны мұғалім нақты ойластырған.
4.Сабақ тиімділігін көтерудің келесі бір жолы - бұл сабақта оқушылардың өз бетінше жұмыстарының үлесін арттыру.
5.Сабақтың тиімділігін көтеруде көп жағдайда пәнаралық және пәнішілік байланысты сақтау.
6.Сабақтың тиімділігін көтерудің ерекше жолдарының бірі оқушылардың біліктілігі мен дағдысын, білімін бақылауға, әсіресе ауызша сұрауға уақытты қысқартуы болып табылады. Мәселе, уақытты механикалық қысқарту емес, уақытты қысқарту кезінде тексерудің тиімділігін көтеретін, бақылаудың сапалы жаңа түрлерін іздеу.
7.Сабақтың тиімділігі, көбіне оқушылардың жалпы-интеллектуалдық дағдысының (бәрінен де есептеу және оқу дағдысы) деңгейімен анықталады.
Орыс ғалымы И.Подласый сабақ өнімділігіне әсер ететін негізгі факторларды атап көрсете келіп, солардың ішінде мұғалімнің ұйымдастырушылық рөлінің жоғары екендігіне баса назар аударады:
1.Игеруге бөлінген уақыт - 16 %. 2.Оқу материалы көлемі - 24 %. 3.Оқушылардың білім деңгейі - 28 %. 4.Ұйымдастырушылық әрекеттер - 32 %.
Сабақтың тиімділігі мен өнімділігін арттыруда мұғалімнің жоспарлау-жобалаушылық икемділігінің де маңызы жоғары, бұл оның игерілетін білім мазмұныны тиімді түрде іріктей алуы мен оқыту мақсаттарын дұрыс айқындай білуінен байқалады. Интерактивті оқыту теориясын зерттеуші ғалымдардың айтуынша білім мазмұнын үшке бөлуге болады екен: 1.Білуге міндетті материал; 2.Білу керек материал; 3.Білуге болатын материал.
Ал оқыту мақсаттары американ ғалымы Б.Блумның ойынша, оқушылардың оқу мақсаттары арқылы берілсе дұрыс болады және ол мынадай алты сатыдан тұрады: 1.Білу. 2.Түсіну. 3.Қолдану. 4.Талдау. 5.Жинақтау (синтез). 6.Бағалау.
Сабақта оқушылар белсенділігін арттыруға қойылатын негізгі талаптар:
1.Оқушыларға қойылған оқу міндеттерінің мәні әрқашан түсінікті болуы керек, олар оқытудың мақсатын түсінуі керек. Сабақ мәселе қоюмен басталу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орта мектепте сабаққа қойылатын негізгі талаптар
Орта мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі-сабаққа қойылатын негізгі талаптарды теориялық негіздеу
Сабақтың тәрбиелік потенциалы
Оқытуды ұйымдастырудың қосымша формалары
Қазіргі оқытуды ұйымдастырудың формалары
Оқу формаларының қалыптасуы мен жетілуі
Музыкалық тәрбиенің тенденциялары
Орта мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны және оны ұйымдастыру
Оқыту процесін ұйымдастыру
Сабақ – оқу процесін ұйымдастырудың ең тиімді формасы
Пәндер