Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Ұлттық әдебиеттанудың ғылыми өзекті мәселелеріне қатысты тың зерттеулерімен танылған ғалым М.Мырзахметов еңбектерінің басты да негізгі өзегі - абайтану және мұхтартану болып табылады. Қазақ сөз өнері мен әдебиеттануының іргелі де келелі арнасын құрайтын қос алыптың шығармашылық тұлғасын тығыз бірлікте және рухани сабақтастық тұрғысынан қарастыру мейлінше күрделі ғылыми жауапкершілікті жүктейтіні анық. Осынау әдебиеттану мен ұлт руханиятының мерейін еселейтін игілікті істерде ғалым М.Мырзахметов еңбектерінің маңызы зор.
Ғылыми ізденісіне қатысты "Құр ғылыми атақ алуға қызығу - тоғышарлық, ол ниет мандытпайды. Инемен қазғандай ғылым жолы қиын жол, ол, әсіресе төзімділікті, үздіксіз ізденімпаздықты керек етеді" (1, 15) деген М.Әуезов талабы ғалымның өмірлік ұстанымының мұрат - мақсатына айналғанына "Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш" (1965), "Мүхтар Әуезов және Абайтану проблемалары" (1982), "Абай жүрген ізбенен" (1985), "Абайтану" (1988), "Абайдың адамгершілік мұраттары" (1993), "Қазақ қалай орыстандырылды" (1993), "Абайтану тарихы" (1994), "Восхождение Мухтара Ауэзова к Абаю" (1994), "Абай және Шығыс" (1994), "Әуезов және Абай" (1997) атты іргелі зерттеулері нақты дәлел бола алады.
Бұл еңбектерде абайтану мен мұхтартанудағы өз кезегінде ғылыми табандылық, қажыр-қайрат, нұрлы жүрекпен қолға алуды қажет ететін күрделі ғылыми мәселелерге қатысты тың ізденістер жүргізілді. Соның барысында, біріншіден, абайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиографиялық көрсеткіштерді құрастыру ("Абай Құнанбаев. Библиографиялық көрсеткіш", "Абайтану"), екіншіден, ұлы ақын өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұрасының зерттелу тарихы, яғни абайтану тарихының қалыптасу жолдарының тақырыптық, кезеңдік мезгілдерін кешенді түрде ғылыми жүйелеу ("Абайтану тарихы"), Шығыс руханиятымен дәстүрлі тақырыптық-идеялық сабақтастығы мен тарихи байланысын зерделеу, М.Әуезов еңбектерінің абайтанудың ғылыми негізін қалаудағы ғылыми-зерттеушілік, әдеби-тарихи тұғырын айқындау мен саралау ("Мұхтар Әуезов және Абайтану проблемалары", "Абай және Шығыс", "Әуезов және Абай") сияқты күрделі де маңызды мәселелер ғылыми шешімін тапты.
Мұндай ауқымды іргелі еңбектер тұтастай ғылыми орталықтар мен академиялық арнаулы зерттеу институттарына жүктелуі тиісті десек, бір ғана ғалым атқарған еңбектер қазақ әдебиетшілерінің кешегі отаншыл Алаш перзенттеріне тән үрдіс тұрғысында үлт игілігі үшін ауқымды істер жүргізу дәстүріне берікгігі бүгінгі ұрпаққа қашан да үлгі-өнеге болып қала бермек.
"Абайтану тарихы - бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікір-таласы үстіңде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды" деп жазады ғалым. Бұл тұрғыда "Абайтану тарихы" ұлы ақын мұрасының зерттелу тарихының қалыптасу жолдарын, басты кезендерін жүйелеуімен құнды. Зерттеуші еңбегінің "Абайды танудың алғашқы кезеңі", "Абай мұрасының жаңа замаңда зерттелуі", "Абай мұрасының 1940-1945 жылдар аралығында зерттелуі" атты үш тарауында ұлы ақын шығармашылығын танудағы мынадай басты үш кезенді атайды. Олар: 1. Абай өлендерінің төңкеріске дейінгі жариялану, таралу жолдары. Мұнда ақын мүрасын алғаш зерттеуші, насихаттаушылар (Зейнелғабиден, ибн Әміре, Кәкітай Ысқақүлы, Сүлтанмахмүт Торайғыров, Ахмет Байтүрсынүлы, Міржақып Дулатұлы, Нәзір Төреқұлов, Самат Әбішұлы) және орыс тілінде танылуына зор еңбек сіңіргендер (Әлихан Бөкейханов, Нұқ Рамазанов, Сатылған Сабатаев, Нәзипа Құлжанова, В.А.Кудашев, ағайынды Белослюдовтар) қарастырылған. 2. Абай мұрасының жаңа заманда зерттелуі. Атап айтқаңда, 1918-1926 жылдар мен 1926-1940 жылдар аралығындағы абайтанудағы ғылыми-зерттеушілік мәселелер талданған. Ақын мұрасының осы кезеңде ғылыми негізді зерттелуіне тұсау салған басты әдіснамалық мәселелердің ерекшелігін саралау барысында маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, кеңестік идеологиядан ерістеген қате қағидалар сипаты айқыңцалған. Саясат шылауындағы ғылыми-зерттеушілік ой-пікір еркіңдігінің тұсаулануына қарамастан абайтанудағы М.Әуезов ізденісінің шешуші қадамдар болғанын "Абайдың әдеби мұрасын жұртшылыққа танытумен ол мұраны зерттеу ісінде 30-жыддары айрықша көзге түскен жазушы, ғалым Мұхтар Әуезовтің зерттеулері абайтану тарихында ерекше орын алады. М.Әуезовтің 30-жылдардағы ізденістері Абайды танудың ғылыми дәрежесін көтеруде абайтануға қосылған елеулі үлес ретінде де ерекшеленетін орны бар туындылар деп бағаланды" (2, 107-108) деп тұжырымдайды. Ал, М.Әуезовтің 1933 жылғы Абайдың толық жинағын жарыққа шығаруы, онда ақынның тұңғыш ғылыми өмірбаянын жариялауы мәдени құбылыс, мұның өзі зерттеушілердің ақын мұрасымен толық таныс болмауынан туындап отырған кемшіліктерден арылтуда маңызды болды деп қарастырады. 3. Абай мұрасының 1940-1945 жылдар аралығында зерттелуі.
Ғалым М.Мырзахметов Абай мұрасының 1940-1945 жылдар аралығында зерттелуі кезеңіне тән ізденістерді мынадай келелі істермен байланыста алып қарастырады: І.а) Абай шығармаларын насихаттау; ә) Дерек, мағлұматтарды жинастыру; б) Абай дүниетанымы пікір таласында; в) Абай мұрасы монографиялық зерттеулер желісінде; г) Абайдың әдеби мектебі. 2. Абай мұрасының әр сала бойынша зерттелуі. Атап айтқанда, текстологиялық жағынан зерттелуі (Т.Әбдірахманов, Қ.Мұхамедханов), ақын мұрасының жаңадан табылған өлеңдерімен толықтырылуы (Қ.Мұхамедханов, Ә.Жиреншин, С.Қасиманов, Қ.Қорғанбаев), ақынның философиялық, психологиялық, педагогикалык, саяси-қоғамдық көзқарасының зерттелуі (Қ.Бейсембиев, Т.Тәжібаев, М.Ақынжанов), Абай және орыс әдебиетінің байланысы (М.Әуезов, Ә.Жиреншин, С.Нұрышев, З.Ахметов, Қ.Нұрмаханов, С.Құспанов, М.Сильченко), қара сөздерінің зерттеле бастауы (Х.Сүйіншәлиев, М.Фетисов) нақты талданған. Ғалым Абай көзқарасының түрлі ғылым салалары бойынша зерттелуін саралай отырып, олардың жетістігімен қатар басты олқылықтарын да орынды сын тезіне салады. Мәселен, "Қ.Бейсембиев Абайдың философиялық көзқарасының мықты жағы - дүниенің танымдылығы мен сезімдік таным ("подвижный элемент") логикалық танымды ("сила притягательного однородного") және шындықтың өлшемі - ақыл деп танығанын, терең зерттеушілік тұрғысынан қарамайды: Абайға ықпал еткен Шығыстың әсерін терістей қарайды. Өйткені өзі мысал ретінде келтіріп отырған Абай шығармаларының текстіндегі Шығыс классиктері мен ақынның ой ортақтастығы бар жерлерге зер салмайды..." (2. 156) деп ескертеді. Бұл ретте "Абайдың жастайынан көп оқып, рухани нәр алған ақындарының бірі өзбек халқының ұлы ақыны Ә.Науаи. Өз заманында жалпы танымалдығы (ахси жиһан") туралы қисыны мен Абайдың осы туралы көзқарасын нақтылы салыстыра қарасақ қана Абай көзқарасының кейбір қырлары ашыла түспек (2, 157) деген пікірімен зерттеушіге ой сала келіп, Науаидың таным процесінің көрінісін нақты талдау, Абайдың Шығыс ойшылдарымен ойы ортақтас "Ғылым таппай мақтанба" өлеңін саралау арқылы ұлы ақындар дүниетанымының сабақтастық желілеріне тән тамырластықты зерделейді.
Ақынның нәр алған рухани қазына көздерінің дүниетанымының қалыптасуына ықпалын айқындау мәселелеріне қатысты абайтануда түрлі қайшылықты пікірлер болғаны мәлім. Ол, әсіресе Абайдың Шығыс руханиятымен терең тамырлас арналарьш дүрыс бағалауға мүмкіңдік бермеген кеңестік идеология салқынынан айқын танылды. Әдебиетші ғалым атап өткеніндей, "Зерттеушілер назары Абай көзқарасының қалыптасуы мен шығармашылыгьша әсер еткен идеялық құбылыстарды анықтауға ауғанымен, ол құбылыстардың Абай шығармашылығына еткен ықпалының табиғатын даралап, рухани нәр алған қазына көздерін тереңірек ашуға бара бермеді. Өйткені Абайдың көзқарасының қалыптасуына идеялық ықпал еткен шешуші идеялық құбылыс орыс мәдениеті тереңірек те нақтылырақ зерттеліп, қазақ халқының рухани мұралары бірсыдырғы сөз етілсе де, ақынға белгілі дәрежеде ықпал еткен Шығыс мәдениеті, негізінен, зерттеусіз, қозғаусыз қала берді" (2, 142-143).
Әдебиеттің белгілі бір өзекті арналарын қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік болмыс-бітімімен тығыз бірлікте, сол тұстағы күрделі мәселелерімен сабақтастықта қарастыру арқылы оны үлт мүддесіне орайлас проблемаға құру - ғалым М.Мырзахметов зерттеулерін даралайтын сипат. Осы жағынан алғанда "Абай мұрасының Шығыстың белгілерін танып-білу әрекеті, әсіресе, 1937-1938 жылдардан кейін сыртқа қағыла беруінің көпшілік қауым біле бермейтін саяси қатері болатын-ды. Орталық Комитет сөз жүзінде интернационализм идеясын ұстанған саясат жүргізгенімен, іс жүзінде патша үкіметінің отаршылдық саясатының өзекті салаларын біртіндеп астарлы тәсілдермен білдірмей жүргізу жолын ұстанды. Бұл әсіресе, халықтар достығы деген дақпыртпен көп ұлтты одақ халқының тарихи жадынан қол үздіріп, ассимиляция жасау жолымен орыстандырудағы жаны сірі миссионерлік саясат еді. Бұл саясаттың ресми көрінісі, әсіресе, 1938 жылы Орталық Комитет қабылдаған орыс тілін міндетті түрде оқыту мен 1949 жылғы соғыстан кейінгі қабылданған космополитизм жөніндегі қаулысында жатты.
1926 жылғы халық есебінде Кеңес Одағында 194 ұлт көрсетілсе, 20-30 жыл өтпей-ақ бұл ресми ұлт санының 101-ге түсуі, 93 ұлт пен ұлыстың жұтылып жоқ боп кетуінде орыстандыру саясатының қаншалықты пәрменді күшпен жүргізілуін айғақтайды" (2, 143) деген пікірі қазақ халқының, ұлт руханиятының қаншалықты тарихтың ауыр тезінен өткенін санамызда жаңғырта түседі.
Ғалым абайтануға қатысты жазылған өзінің қандай да болмасын проблемалық мақаласында ұлы ақын дүниетанымын айқындаудағы басты ғылыми мәселелерге зерттеушілік назар аудару керектігіне ой салып отырады. Мысалы, "Ұлы ақын дүниетанымы жайында бірер сөз..." мақаласында "Әсіресе, Абай дүниетанымы туралы тақырыпқа зерттеулер жүргізгенде ерекше мән беретін өзекті мәселенің бірі - Абайдың ақындық кітапханасы жайы назардан тыс қалып келеді" (3) деп осы мәселенің ғылыми шешімін табу үшін арнайы зерттеулер жүргізу керектігін көтереді. Абайтанудағы мұндай ізденістердің олқы соғуы ақын дүниетанымын, рухани нәр алған қайнар көздерін дұрыс байыптауда теріс те үстірті пікірлердің орын алуына итермелеуде. Бұған "Абай мұрасының рухани нәр алған қазына көздерінің қай саласы болса да ақын кітапханасының көлемі мен жайына айрықша мән беріп отырмаса, зерттеуші атаулының бірі де теріс бағыт-бағдарға ұрынып қалуы қиын емес. Мысалы, Абай дүниетанымын бүгіндері дүние жүзіне таралып отырған кришналық дүниетаным негіздерімен байланыстыра қарауға ұмтылған Досым Омаровтың "Ұлылар үндестігі немесе Абайға жаңаша көзқарас" деп аталатын монографиясындағы әрекеті немен тынғаны қалың оқырман қауым есінде болса керек-ті. Бұл еңбектегі басты қателік -Абайдың ақыңдық кітапханасының көлемі мен жайы туралы мәселеге мән бермей, Абайды тікелей кришналық діни іліммен ұштастыра қарауында жатыр. Егер автор Абайдың ақыңдық кітапханасының көлемінде кришнаға тырнақ ілігер нақтылы дерек көзін тауып барып, зерттеу ісін қолға алса, әрине, негізі бар нәрсе болып шығар еді. Негізі болмағандықтан автордың ой танымдары бұлдыр сағымға айналып отыр (3) деген пікірі нақты дәлел бола алады. Сондай-ақ ғалым жас толқын ізденушілерді Абайдың ұлылығын орынсыз асқақтатудағы таяздығын, жөнсіз көтермелеуден "Қазіргі абайтануға ат салысып жүрген жас талап зерттеушілер арасында мақалаларында Абайды әлемнің барлық атақты ойшылдарымен негізсіз байланыстырып, Абайды қолдан, жасаңды көтермелеу әрекеті бар. Бұлар да Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайына мән бермеушіліктен туындап отырған ғылымға жат эклектикалық еліктеушілікке бой алдырып отыр. Абайды көне замандағы Қытай, Үңді, Европа ойшылдарымен дерексіз жолмен ұштастырып, кездейсоқ пікір ұқсастығын салыстыра беруден Абайды әлемдік деңгейге көтере алмасақ керек. Жасанды нәрсенің аты жасаңды болып қала береді. Абайдың ұлылығын табиғи-ғылым жолымен ғана танып, қайталанбас ақындық болмысын ашумен ғана саңлақтар санатынан орын алар, кетпен тұяқ кемеңгер биігіне көтере аламыз" (3) деп сақтаңдырып, таза ғылыми негізді қарастырудың адастырмас бағыт-бағдарын таным таразысына салады.
Ал, Абай дүниетанымының қалыптасуындағы Шығыстық, соның ішінде түркі әлемінің рухани қазына көздерінің алар орынын терең байыптай әрі пысықтай келе, "Абай дүниетанымының қалыптасу негізінің арналары - ақын мұрасының рухани нәр алған қазына көздерінде, онда да оның Шығыстық жағалауында жатыр. Әсіресе, Абайдың адамшылық идеалы болған "толық адам" туралы ілімінің дерек көздерін сопылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы және кезеңдері
ХХ ғасыр басындағы әдебиет тарихы
Ш.Қ.Сәтбаеваның ғылыми мұрасы
Әдебиеттанудың философиялық әдістемелік мәселелері жайлы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Абай шығармаларындағы дүниетанымдық деректер (А. Нұрқатов зерттеулері бойынша)
Даярлау бағыттарының жалпы сипаттамасы
Пәндер