М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының кейбір мәселелері
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
М.Қ.Қозыбаевтың қазақстан тарихы мәселелеріне арналған ғылыми еңбектері
1.М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының кейбір мәселелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тәуелсіздігімізді алған жылдардың ішінде тарихшыларға Қазақстан тарихнамасында күрделі болып келген тақырыптарды ақиқаттық тұрғыдан ашып көрсету, шынайы баға беруге мүмкіндік туды. Академик М.Қ. Қозыбаев "Қазақ халқы босағасы берік, шаңырағы биік мемлекет болған екен, ендеше, оған өзіне лайық тарихы да жазылуы қажет" деуі, Қазақстан тарихшыларына 70 жыл бойы кеңестік жүйе идеологиясында болып бұрмаланған ата тарихымызды қайтадан ой елегінен өткізіп, жаңаша көзқараспен, әдістемемен зерделеу міндетін жүктеді. Қоғамдық татулық пен демократиялық мемлекет құруды мақсат тұтқан және халқымыздың тарихи санасын қалыптастыруға бағытталған шараларды жүзеге асырып жатқан кездерде, қазақ халқының тарихында өзіндік терең із қалдырған қайраткерлердің ғұнырнамасын жасауды қолға алғанымыз абзал.
ХХ ғасыр басында Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мұстафа сияқты қазақ зиялыларының бір шоғыры халық арасынан суырылып шығып, елдің тәуелсіздігі жолында күреске түскені белгілі. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін олардың қатарына С. Сейфуллин, С. Сәдуақасов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов сияқты жаңа буын зиялы қауым өкілдері қосылып, еліміздің өркениетті ел болып өрлеуіне, қазақ ұлтының асқақтауына барлық күш-жігерін салып бақты.
Кеңес дәуірінде Қазақстанның мәдениет, ғылым, білім салаларын көтерген, олардың дамуына зерттеулерімен, талантымен үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткерінің, ғалымдардың шоғыры өсіп шықты. Қазақстан ғылымының қалыптасуына және дамуына С. Асфендияров, Ә. Марғұлан, Қ. Сәтбаев, М. Әуезов және т.б. азаматтар белсене кірісіп, өздерінің интеллектісімен, нақты тұжырымдарымен белгілі бола бастады. Алайда 20-50-ші жылдары болған сталиндік қуғын-сүргін қазақ зиялыларының қаймағы болған азаматтарды, көптеген талантты ғалымдар, өнер, мәдениет қайраткерлерін нәубет құрбанына айналдырды. Сөйтіп, алдыңғы қатарлы ұлт зиялыларын қоғам ісіне араластырмай, ұлттық санамызға балта шабуға тырысты.
Негізінде ХХ ғасыр басында үкімет саясатына араласа бастаған қазақ зиялыларының қалыптасуын, олардың өмір жолдарын, қоғам саласына тигізген қызметтерін, ғылыми, шығармашылық еңбектерін саралау, ғұмырламалық жағынан зерделеу мәселелері 80-шы жылдардың соңына дейін тиым салынып, тек 90-шы жылдың басынан өзінің тиісті бағасын алуға мүмкін болды. Бұл күнде Абылайтану, Кенесарытану, Абайтану, Әуезовтану, Әлихантану, Ахметтану, Халелтану, Қаныштану сияқты түрлі қорлар құрылып, олардың жеке басы, халқының алдындағы қызметін зерделеу қолға алынды.
Қоғамдық ғылым салаларындағы ілгері өзгерістер, соны қадамдар жасаған жекелеген қайраткерлер мен жарқын тұлғалардың орын мен қосқан үлесін саралау, олардың еңбектеріне тиісті баға беру маңызды міндеттердің бірі.
1. М.Қ. Қозыбаев еңбектеріндегі көне заманнан XX ғасырдың басындағы Қазақстан тарихының кейбір мәселелері
Ғалымдар арасында "Тарихты тарихшы емес, тарихты түсіндіруші жасайды" деген сөз бар. Манаш Қабашұлы Қозыбаев біраз жылдар бойы негізгі тарихтың салалы мәселелерімен шұғылданып, көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелерді шешуге, оның астарына үңілуге тырысты. Бұл жайында академик Кенжеғали Сағадиев: "Кеңес заманасы дәуірлеп тұрған кездің өзінде-ақ М. Қозыбаев Орта Азия мен Қазақстан, Кавказ тарихшыларының басын қосып, Ресейдің отаршылдық саясатын талдап, ұлт-азаттық қозғалысының ортақ заңдылықтарын ашты. Оларды әлемдік ұлт-азаттық қозғалысының құрамды бөлігінде қарау ұсынылды", - деп жазса, академик С. Қирабаев пен Ә. Бейсеновалар: "Манаш еңбектерінде көтерілген тарих проблемаларын қарастырсақ, олардың кең ауқымын танимыз. Олар - Қазақстан тарихының әр кезеңіндегі өзекті мәселелер, отаршылдық саясат зардаптары, егемендік үшін күрес тарихы, тоталитарлық жүйенің қазақ халқына әкелген ауыртпалықтары, қазақтардың Ұлы Отан соғысындағы ерлігі, желтоқсан оқиғасы, т.б. Ал ол жаңаша бағалап жазған тарихи тұлғаларды еске түсірсек, Ермек туралы аңыз бен ақиқат, Сталин, Голощекин, Хрущев, Брежнев сияқты партия, мемлекет басшылығындағы қайраткерлердің Қазақстанға қатысына, Абылай, Хан Кене, Әбдіғапар сияқты ел билеушілері мен Ж. Шаяхметов, Н. Оңдасынов тәрізді Қазақстан басшылығында болған қайраткерлердің, Бұхар, Абай, М. Әуезов, С. Зиманов, М. Ғабдуллин сияқты әдебиет пен мәдениет ардагерлерінің өмірі мен тарихи қызметі шындығына көз жеткіземіз. Тарихшы ғалым ретінде Манаш олардың қайшылықты заманда өткен өміріне объективтік баға берді", - деп жазып, ғалымның қоғам алдында саяси қайраткерлікпен танылып, артына тамаша еңбектерін қалдырғандығын мақтанышпен айтқан еді.
1996 жылы 5-6 наурызда Қазақ радиосынан сөйлеген сөзінде Манаш Қабашұлы тарих туралы, оны қалай жазу керектігі турасында толғана отырып: "Халықта мақал бар: "Өскен ел тарихын таспен жазады, өшкен ел тарихын жаспен жазады". Біздің халық тарихын ғасырлар бойы жаспен жазып келеді. Біздің аңыз, жазба әдебиетіміздегі жоқтаулар, зарлы-мұңлы өлеңдер, теңбіл-теңбіл болып жер жарасындай болып жатқан шөккен обалар, мекен жайдың орындары осының айғағы. Енді суверенді ел болған кезде тарихымызды таспен бедерлейтін кез де келді.
Тарихты әр түрлі жазуға болады. Фактілерді, ата-баба аттарын тізбектеп, жарапазан қылып хаттауға болады. Әркімнің тайпасын, руын, өңірін мадақтап та жазуға болады. Қазақ тарихын көнелетіп, басқа халықтардың төбесінен қаратып қоюға да болады.
Жоқ, бізге ондай қолдан жасалған жасанды, қуыршақ тарихтың керегі жоқ. Біздің ата тарихымызды таразылағанда шындыққа жүгінеміз, әділдікке мойын ұсынамыз, жеке фактілерден оқиға өрбітеміз, оқиғалардан тұтас құбылыстарды көруге талпынамыз, ал құбылыстардан заңдылықтарды түйіндейміз. Біздің ата тарихымыздың құнды, шұрайлы тұсы - тарих тағылымы. Тарих тағылымға көтеріліп, болашақ ұрпаққа жолбасшы болуы абзал. Мәселенің түйіні осында", - деген ойын айтқан еді. Ғалым "Тарих иесі - халық, ел, Отан" дей отырып, қазақ тарихының шынайы пердесін ашып көрсетуге тырысты.
М. Қозыбаевтың аса бай тарихи мұралары: ғылыми еңбектері, мақалалары, баяндамалары Қазақстан тарихы үшін маңызы зор дерек болып табылады. Диссертацияға арқау болып отырған 1985-2001 жылдар аралығында тарихи құжаттық деректер мен халық әдебиетін, тарихи аңыз-әңгімелерді пайдалана отырып қазақ тарихының құндылығын көрсететін еңбектер жазды. Бұл еңбектерінің қатарына "История и современность" (Алматы "Ғылым", 1991.) "Ақтаңдақтар ақиқаты" (Алматы "Қазақ университеті", 1992.), "Жауды шаптым ту байлап" (Алматы "Қазақстан, 1994.), "Тарих зердесі" (Алматы "Ғылым", 1998.), "Казахстан на рубеже веков: размышления и поиски" (Алматы, 2000.), "Өркениет және ұлт" (Алматы "Сөздік-Словарь", 2001.) және тағы басқа 800-ден астам ғылыми мақалаларын жатқызамыз. Осы зерттеулерінде көне заман бастап Қазақстанның тәуелсіздігі жолындағы тарихы толықтай қамтылынады. Аталған тарихи еңбектерінде ғалым қазақ тарихының көмескі тартқан тұстарын ашып, оның маңыздылығын айқындайды. Осы еңбектер ғалымның ұлттық тарихха түбегейлі бет бұрғандығын көрсетеді.
Академик М. Қозыбаевтың жоғарыда аталған еңбектерінің ерекшелігі болған оқиғаның байыбына жету, оны нақты деректермен дәлелдеу болып табылады.
Ғалым Қазақстан тарихының мәселелерін көтергенде тарихи сананы қалыптастыру қажеттігін ұсынады. Мәселен, "Тарихи сананы қалыптастырсақ..." атты мақаласында тарихи сананы қалыптастырудың төрт концепциясын талдап көрсетеді. Бұл тұжырымдамалардың тарихты қайта жазуда нақты керектігін айтады. Оның біріншісі, жаңа буынның санасын, тарихи санасын қалыптастыру, тәуелсіз елдің мүддесін әлемдік қорғау үшін өткенді біліп, бүгінгіні талдау, болашақты болжау болса, ал екіншісіне, тарихты таразылауды жатқызады. Бұл жолда кездесетін қиындықтарға тоқталады: "Сөз жоқ, бұл үлкен істің алғашқы қадамдары, қиындықтың шегі жоқ. Тарихнама бізде дамымаған жанр. Жазба деректемелердің басым көпшілігі Ресейде, көрші елдерде. Тарихшылар қауымының басым көпшілігі - біріншіден, қарт адамдар, екінші бір қомақты бөлегі - кешегі партия тарихын зерттегендер. Үшіншіден, біздің көпшілігіміз догматизм рухы басым кезде тәрбие алғанымызды жасыра алмаймыз. Төртіншіден, жас дарынды ғалымдар уақытша қиындыққа көне алмай, ғылымды тастап кетуде. Бесіншіден, жас буынның басым көпшілігі тіл білмейді, көбі мамандықты тарихтың жаңа кезеңінен алған, оның үстіне еті тірілері аспирантураға келмейді. Аға буын мен кіші буыннның арасы үзіліп барады".
Үшінші тұжырымдамаға оқыту жүйесін дұрыстау қажеттігін атайды. Жоғарғы оқу орындарында бірыңғайлық жүйенің жоқтығын, қаражаттың төмендігінен мамандардың көбі оқу орындарын тастап кетуге мәжбүрлігін, осы жоғары оқу орындарында тарихты оқыту әр түрлі, мектептерде тарихты оқыту дәрежесінің төмендігін сынға алады. Төртіншіге тарихты түстеу, түсіндіру қажеттігін жатқызады. Сөйтіп, тарихи сананы қалыптастырудың мынадай жобасын ұсынады:
1. Қазақ тарихы әлемдік тарихтың құрамды бөлігі;
2. Қазақ халқы Евразия құрлығында тарихтың жалпы даму заңдылықтары негізінде дамыды;
3. Қазақ халқы - бүгінгі Қазақстанның жерінде дамуы өткен сақ, ғұн, түрік тайпаларының, үйсін, қаңлы, найман, керейт, оғыз, түрік қағанаты, қыпшақ, қимақ, хазар мемлекеттерінің т.б. мұрагері.
4. Еуразия кеңістігінде орналасқан халық өз бостандығын өмір бойы қорғаумен келеді. Ол өжет, батыр, жауынгер болып қалыптасты. Орталық Азия, Қытай, Ресей, Иран елдерімен дипломатиялық саясат жүргізді. Билікті билікке негіздеді, бірлікті бірлікке жалғады. Ғасырлар бойы өзін қорғап, құрып кету қаупінен өзін сақтады. Тарих бұл салада бай тәжірибе жинады.
5. Проблемалы мәселенің бастысы - методология, ол қолдан жасалынбайды. Әлемдік тарихты жазу барысында тарихи принцип, объективті принципті, диалектикалық даму, өзара байланыс принциптері, салыстырмалы принцип, плюрализм принципі негізге алынатыны белгілі. Біз партиялық принциптен бас тартып, томаға-тұйық ұлттық шеңберге шектеліп қалуымызға болмайды. Келесі мәселе - тарих директиваға емес, деректерге сүйеніп жазылуы керек. Ол деректер негізін мемлекеттік ауқымда қарап, жасау керек. Кеңестік кезде тарихшылардың 75 проценті XIX -XX ғасырлар тарихы бойынша даярланды. Көне заман, Орта ғасыр тарихынан кадрлар жоқтың қасы. Бізге бұл проблеманы шешу үшін мемлекет тарапынан көмек керек.
Бұл тарихи сананы қалыптастыру тұжырымдамасын Президент жанындағы мемлекеттік саясат комиссиясының алдында сөйлеген сөзінде айтты. Осы бағдарламаның жүзеге асу барысы турасында "Егеменді Қазақстан" газетінің тілшісіне берген сұхбатында тұжырымдама негізінде іргелі бетбұрыс қадамдар жүргізіліп жатқандығын атап өтеді. Бұған академияның қоғамдық ғылымдар бөлімшесі жанында қыпшақтану орталығының құрылуын, қазақ этнографиясын жазу қолға алынуын, шетелдіктерге арналған бөлімнің ашылу даярлығын жатқызады.
М. Қозыбаев қазақ халқының тарихын жазу барысында бұрындары зерттелінбей немесе зерттелуге тиым салынған, яғни "ақтаңдақтар" аталынған мәселелерді көтеруді ұсынды. Ол Қазақстан тарихындағы ақтаңдақ беттеріне қазақ халқының этногенезі, қазақ халқының көршілес шығыс халықтарымен тарихи байланысы, Қазақстандағы мемлекеттердің пайда болу тарихы, патша өкіметінің отарлау саясаты, Ресейдің аз халықтарының тағдырына деген көзқарасы, капитализм және империализм дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалысының ғылыми концепциясы, Ресейдегі үш революция, азамат соғысы кезеңіндегі саяси-қоғамдық ағым, партиялардың тарихи сырын ашу, қазақ халқының феодалдық-патриархалдық қарым-қатынас, рулық идеология және отарлық режим үстем кезінде қалыптасқан интеллигенцияның тарихы, ислам дінінің қазақ сахарасында тарату тарихын жатқызды.
Манаш Қабашұлының 1985 жылдан 2001 жылдар аралығында шыққан мақалалары мен арнаулы ғылыми еңбектерінде көне заманнан бастап Қазақстан тарихының XX ғасырдың аяқ кезіндегі проблемалық мәселелер қамтылған. Осы мәселелердің бірі - қазақ халқының шығу тегі мен қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу мәселесі.
Ғалым қазақ халқының этногенезисін ашудың мәнісін "Өркениет және ұлт" атты кітабында: "Әр этнос өзінің даму, өсу жолында сан қилы стадиялардан өтеді. Ұлттың жұлдызды сәті болады - ол мемлекет құру, әлемдік тарихқа өз өрнегін салу мүмкіндігі болса керек. Сонымен бірге оның тозу, сыну, ыдырау, құлау сәттері де тарихта кездесетін құбылыстар. Ал, ұлт ұлықты болса, ол - мемлекет-орда құрып, өз мәдениетін қалыптастырып, өркениетпен қабыса дамып, белгілі бір кеңістік пен мерзімде оның есігінен сығаламай, төріне шығатын бақыт қонады. Ұлтың рухты болса, ұлың ұлықты болса, тарихшы оны жаза алмаса, тарихтың сырын таба алмаса - ол тарихшы емес, ол тек оның елесі ғана", - деп айқындауға тырысады.
Ғалым "Ата тарихы туралы сыр" атты ғылыми еңбегінде бүкіл қазақ тарихын бірнеше асқаралы белестерге бөліп көрсетеді. Олар:
1. Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі;
2. Сақ-ғұндар заманасы;
3. Түркі тектес тайпалар дәурені;
4. Қыпшақ белесі;
5. мұңғыл үстемдігі;
6. Қазақ хандықтары: халық, ұлттың қалыптасуы;
7. Отаршылдық бұғауында;
8. Қазақ халқы кеңес империясының уысында;
9. Қазақ халқы егеменді ел болған шағында.
Бірінші белес жөнінде: "Европа мен Азия құрлығын жамбастап, шығыста - Тәңірі (Тянь-Шань), Алтай, Тарбағатай, Алатау, Саян, Хинган, батыста - Карпат тауларының аралығы апайтөс, сайын сахарада ерте заманнан көшпелі халықтар мекендеген-ді. Осы күні қазақ елінің жерінде біздің д.д. XVIII-VII ғғ. өмір сүрген тайпалар археолог ғалымдардың айтуы бойынша, қазақ халқының ата салтына, дәстүріне ұқсас қышқа нақышталған, тасқа таңбаланған өрнек өнерін қалдырыпты", - деп келтіре отырып, екінші белесте осы территорияларда түркі халықтарының түп қазығы болған ірі тайпаларға тоқталады. "Сақ" этнонимінің кейінірек қайсақ-қазақ, саха аталуы, не болмаса арғын, қыпшақ, керей рулары ішінде "сақтоғайлық", "Бессақ", "Сақұлы", "Борсақ", "Қарсақ", саха сияқты сақ атын қолданған этникалық тармақтар сақ тайпасы атауынан осы күндерге жалғасып жеткендігін мысал етеді.
Біздің дәуірімізге дейінгі 204 жылдардан біздің заманымыздың 216 жылына дейін, яғни бес ғасырға жуық ұлы даланы ғұндар билегендігін Ш. Құдайбердиевтің, Л.Н. Гумилевтің зерттеулеріне сүйене жазады. "Ғұн" этнонимінің қытай дерегінде ең алғаш кездескендігін грек, Ахаменидік Иран жазбаларында кездесетіндігін атап өтеді.
Манаш Қабашұлы зерттеуінде "түрік" деген этнонимнің қытай жылнамаларында 542 жылы кездескендігі, қытайлықтар VI ғ. түріктерді сюннудің - ғұндардың бұтағы деп санағандығы келтіріле отырып, Түркі қағанатының мекендеген территорияларын нақты көрсетеді.
"Сақ, ғұндармен ілесе б.д.д. ІІ ғасырда дулат, ұйғыр, қимақ-оғыз, қыпшақтар, қырғыздар, қарлұқтар, түркі тектес басқа тайпалар болашақ қазақ халқының негізін сол бір кезде осылай қалады" деген тұжырым жасай отырып, Манаш Қабашұлы "қазақ" атауының төркіні туралы тың деректер келтірген. Ғалымның болжауынша "қыпшақ", "қазақ" атаулары қатар шыққан.
М. Қозыбаев "қыпшақ" этнонимі туралы мәлімет (759 ж.) Селенгі тасында кездесті, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари еңбектерінде айтылады дейді. Сондай-ақ, "қыпшақ" этнонимі турасында Рашид-ад-дин еңбегінен мысал да келтіреді. Онда "Оғыз (Өгіз) қаған шірік ағаш қуысынан қыспақта жатқан бала тауып алып, қыпшақ деп атады" делінген.
Қыпшақ жайлы айтылған әр түрлі нақыл сөздер мен мақалдар, тұжырымдарды келтіре отырып, "барша әлем Азия халықтары ішінде ала бөтен қыпшақтарды таныды" дейді. Жоғарыда аталған этнонимдердің дәлділігіне көз жеткізу үшін Құрбанғали Халидтің, М.Ж. Көпеевтің, С.Г. Кляшторныйдың, В.Д. Гордиевскийдің ғылыми еңбектеріне сүйенеді.
Ғалым қыпшақ "түрік" деген жинамалы этнонимді ысырып тастап, өзі барлық тайпалардың жиынтық атауына айналып, басқа түркі тайпалардың бірден-бір ұйытқысы болғандығын баса көрсетеді. "Оғызханнан Шыңғысханға дейінгі төртғасырлық кезеңді Қыпшақ дәуірі десе де болады. Шын мәнінде XI - XII ғғ. қыпшақ халқы қалыптасты", - дейді. Оған негіз ретінде ежелгі біртұтас ата-қоныс, аралас-құралас өнген түркі тектес тайпалар, ортақ тіл, қалыптасқан көшпелі, жартылай көшпелі тұрмыс, өмірге деген мәдени-рухани көзқарас, әскери демокартия, ортақ жаугершілік қарекеттерді келтіреді.
"Қазақ" деген атаудың парсының "Худ-уд-аль-ғалам" (Әлем шекаралары), Әбілқасым Фердоусидың "Шахнама", Византияның императоры Константин Парпиродныйдың жазбаларында, араб саяхатшысы Мухамед әл-Ауфидің "Таңдамалы әңгімелер мен аңыздар жинағында", орыстың "Повесть временных лет" атты шежіресінде кездесетіндігін, сондықтан "қазақ" атауы кейбір ғалымдардың кейінірек шықты деген пікіріне қосылмайтындығын атап өтеді.
Алайда өзінің тікелей қазақ халқының этногенезін арнайы зерттемегендігін айта отырып: "Тарихшы болғаннан кейін бұл тақырып мені де самарқау қалдыра алмады. Себебі, "Советский энциклопедический словарь" атты бір томдық басылымда қазақ халқымен тағдырлас өзбек ағайындар халық ретінде XI-XII ғасырларда, ал тәжік достарымыз одан әріде, IX - X ғасырларда, ал әзірбайжан бауырларымыз X- XШ ғасырларда тарих аренасына шыққан деп берілген. Бұл арада ескере кететін бір жайт, біздің мақсатымыз халық тарихын жасанды жолмен көнелендіру емес, тарихи шындықты іздестіру" деп түсіндірген болатын.
"Қазақ" атауының төркінін белгілі ғалымдар Ш. Уәлиханов, В.В. Радлов, А.Н. Бернштам, А.Н. Самойлович, Н. Мар, Ә. Қайдаров, С. Аманжолов, С. Мұқанов, Ә. Марғұлов, Ә. Құрысжанов, М. Ақынжанов, Т. Жанұзақов, жазушылар О Сүлейменов, М. Мағауин, Қ. Салғара және т. басқалардың еңбектері мен шығармаларында талдап көрсеткендігін атап өтеді.
М. Қозыбаев "қазақ" атауы Шоқан еңбегінде "ер жүрек, батыр, батыл" деп санағандығын, В.В. Радлов бұл ұғымды "тәуелсіз", "еркін, ерікті адам" деп мағаналағандығын, Шәкәрім Құдайбердиев "өз алдына ел болып жүрген халық" деп танығандығын келтіре келе, Н. Мыңжанидің "қазақ" атауына берген тұжырымын талдайды. "Жоғарыдағы жазба деректер қазақ атауының тарихи деректемелерде жарыққа шыққанымен халық атына айналған емес, ол алғашқыда жеке ру, тайпаның аты ретінде жарыққа шыққан. Одан соң тайпалар одағының атына айналған. Мысалы, Кіші жүз Алшын ұлысының құрамындағы жеті ру (кердері, керейіт,тама, табын, жағалбайлы, телеу, рамадан) тайпалары "қарт қазақ" деп те аталып жүрген. Қазақ атауы кейін келе кеңейіп, халық атына, ұлт атына айналған" деген Н. Мыңжанидің салалы пікіріне қосылады. "Менің Н. Мыңжаниға қосып айтарым, қазақ, қыпшақ, атаулары қатар шықты.
2. М.Қ. Қозыбаев зерттеулеріндегі тәуелсіздік, ұлт тақырыбы
1991 жылғы КСРО-ның саяси ахуалы, атап айтқанда тамыз бүлігі және оларды ұйымдастырушылардың жеңілуі, Кеңестер Одағының өмір сүруін тоқтатуы, Тәуелсіз Мемлекеттер Одағының құрылуы мен бұрынғы Одақтағы республикалардың жеке мемлекет болып өз тізгінін алуы Қазақстанның да тәуелсіздік алуын жеделдетті.
Ұзақ уақыттар бойы патша отаршылдығы мен кеңес үкіметінің үстемдігінде болған қазақ халқы қайтадан өз тілін, ділін, дінін жандандырып, табиғи еркін жолмен жүруге бет бұрды.
Қазақстанның тәуелсіз ел болуы, ұлт мәселесі ғалымның еңбектерінің басты тақырыбына айналды. 1991-2002 жылдарда мерзімді басылым беттеріне оның тәуелсіздік, ұлт тақырыбына арналған көптеген мақалалары жарияланды. Атап айтқанда "Тәуелсіздік толғаныстары", "Тіл тағдыры - ұлт тағдыры", "Киелі тәуелсіздік", "Тәуелсіздік даңғылы", "Ана тілім - айбарым", "Тәуелсіздіктің рухани көрінісі", "Отан туралы сөз", "Қандай елміз - қандай болуға тиіспіз" "Тәуелсіздік самалы", "Ұлт болымысы", "Ұлт намысы", "Ұлт тілі", "Ұлттық мәдениет", "Ұлтжандылық", "Ұлт зиялылары" және тағы басқа мақалалары жарық көріп, Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолдары мен оның тарихи маңызы, халқымыздың ұлтжандылық қасиеттері айқындалды.
Манаш Қабашұлының тәуелсіздікке байланысты толғанымдары, отанға деген сүйіспеншіліктері аса терең. Оның әрбір зерттеуінен осы тәуелсіздікке жетудегі халқымыздың патриоттық сезімі, ұлтжандылығы айқын сезінуге болады.
М. Қозыбаев "Тәуелсіздік даңғылы" деген мақаласында еліміздің жоғалтқан асылы тәуелсіздік деп, оған жету жолының қиын да қилы болғандығын келтіреді. "1980 жылдардың соңында Кеңес мемлекеті ыдырай бастады. Одақтас республикалар жеке бөлініп шықты. Біз жалтақтаумен біраз отырып қалдық", - деп жаза отырып, өзінің депутат болған кезінде Жоғарғы Кеңестің сессиясында егемендік алу туралы пікірін қысыла-қысыла айтқандығын да жасырмайды. Осы сессиядан кейін құрамында төрағасы С. Зиманов, мүшелері Н. Назарбаев, Ә. Кекілбаев, С. Сартаев және М. Қозыбаев бар комиссия құрылып, Егемендік декларациясын дайындауға кіріседі. "Бұл Декларация - тәуелсіздіктің алдыңғы баспалдағы болды десем, қателеспеген болар едім", - дейді ғалым. Егемендік туралы декларация ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 25 қазанындағы қаулысымен қабылданды.
Мемлекеттік егемендіктің жариялануы - республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Бұл декларацияның қабылдануын ғалым тарихи маңыздылығы зор екендігін атай отырып, тәуелсіздікке апаратын бірден-бір қадам деп санады. "Алматы ақшамы" газеті тілшісімен болған сұхбатында Манаш Қабашұлымен Декларацияның қабылдануының мәнін түсіндіріп өтеді.
Тәуелсіздік жолына жеткенге дейін халқымыздың монғолдардың тегеурінді тепкісіне, ойраттардың 370 жылға созылған ойранына, орыстардың үш ғасырдай отаршылдығына, қытайлардың жымысқы зымияндығына, Орта Азиядағы феодалдық хандықтардың сатқындық қанішерлігіне тап болғандығын, осындай қырғын мен қиыншылықтың болғанына қарамастан ұлттық салт-дәстүрін, тілін, ділін сақтап, тәуелсіздік тұғырына жеткендігін үлкен сезіммен жеткізуге тырысады.
Боданшылық идеологиясы халық санасын жегідей жеп, жүйкесін жұқартқандығын, атой салып империяға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстардың бой көтеруі осы себептерден туындағандығын ашып көрсетеді.
Ғалымның көрсетуінше, халқымыздың екінші мыңжылдықта талай демографиялық апатты бастан кешірген, "Ақтабан шұбырынды" кезінде 40 пайызға, 1916-1922 жж. 1 миллион адамға, 1929-1933 жылдардағы ұлы ашаршылық кезінде тең жартысынан қырылып, 1 миллионға жуығы шет елдерге жер ауса, ал 1871-1917 жылдар аралығында қазақ сахарасына 1,6 млн. қара шекпен, 1916-1926 жж. 800 мыңға жуық өзге ұлт өкілдері, 1930-1940 жылдары тек ұйымдастырумен 509 мың адам көшіріліп әкелінген, Ұлы Отан соғысы кезінде 350 мың адам қоныс аударып, 1,5 миллиоға жуық халық жер аударылған, 2,5 миллион неміс, жапон Қазақстандағы құрлысқа қатысқан. Тың игеру жылдарында қазақ жеріне Одақтың еуропалық бөлігінен 2 миллионға жуық адам көшіріліп келген.
Ғалымның мәліметінше, неміс, жапон тұтқындарын, лагерьлер жүйесін есептемегенде 1870-1970 жылдар аралығында қазақ даласына 7 миллионға жуық халық көшіріліп әкелінген.
М. Қозыбаев көрсеткендей, тәуелсіздік жолы - қиын жол болды. 1731 жылдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz