Мал терілерінің атаулары мен түрлері
Қазақ халқы төрт түліктен алынатын барлық өнімді кәдесіне жаратқан. Тұрмыс-тіршілікте малдың етін, сүтін азық етсе, терісі мен жүнінен мата жасап, киім-кешек тігуге пайдаланған. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасалған.
Мал терілерінің атаулары мен түрлері
Малдың әр бөлігінде терісі жұқа, қалың, жүнді болып келетіндігіне байланысты жондық, қабырғалық, үйектік, пұшпақ мойын, таңлақ деген бөліктерге бөледі.
Ірі қараның терісін сиыр терісі, өгіз терісі, тайынша терісі, бұзау терісі деп атаған. Жылқы терісі - бие терісі, жабағы және құлын терісі деп үшке бөлінеді. Түйе терісін атан тері, бота терісі дейді. Қой терісі жабағы тері, қырықпа тері, күздік тері, соғым терісі, тақыр тері, тоқтышақ тері, сеңсең тері, елтірі, мари, жылбысқы деп бөлінеді.
Жабағы -- қой-ешкінің сәуір, мамыр айларындағы жабағы жүні, қопсымаған қалың түбітті терісі.
Қырықпа -- жабағы жүн мен күзем жүндері қырқылғаннан кейін сойылған малдың сұйық жүнді терісі.
Күздік тері -- қазан, қараша айларында сойылған малдың өңі қалың терілері. Бұл теріден тон, шалбар, ішік, бөрік тігуге болады.
Соғым терісі -- жүндес, қыртысы қалың, мықты терілер.
Тақыр тері -- жүнін қырқып алысымен сойылған немесе жүнін жидітіп алған тері. Бұдан жарғақ шалбар, қап, тұлып, дорба т.б заттар жасалады.
Сеңсең -- үш ай мен бес ай аралығындағы қозының қырқылмаған терісі. Көбінесе ішік, тымақ, бөрік, бөстек жасауға қолданылады.
Елтірі -- туғанына 2-3 ай болған қозы терілері. Одан ішік, тымақ, бөрік, жаға жасайды.
Мари -- туа салып немесе бір-екі тәулікте өлген қозы, лақ терілері. Бөрік, тымақ тігуге, киім тысын көмкеруге қолайлы. Маридің жүні тықыр, жылтыр, таңдайы өрнекті болып келеді.
Жылбысқы - іште жатып өлген немесе туа салып өлген қозының өте жұқа терісі.
Тоқтышақ терісі - сеңсеңі қырқылғаннан кейін біркелкі майда жүн өскен, 4-5 айдан асқан қозы терісі. Ол киімнің барлық түрін тігуге жарамды, жеңіл әрі жылы, жұмсақ тері. Одан қаптама тон жасайды.
Ірі қаралардың ішінде ешкі терісі өте төзімді, берік келеді. Ешкі терісі де жүндес тері, тақыр тері, түбітті тері, серке терісі, лақ терісі, мари терісі деп бөлінеді. Одан түрлі киімдер тігумен қатар, қапшық, мес, шанаш т.б ыдыстарды да тігеді.
Киім-кешекке пайдаланылатын жүн өнімдері
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі үшін төрт түлік малдың жүні мен терісі үлкен рөл атқарған және оны өңдеп, ұқсатуды бұдан мыңдаған жылдар бұрын білген. Жүннен киім-кешек және т.б. бұйымдарды дайындамас бұрын жақсылап тазартып, жүн дайындау стандартына сәйкес сұрыптап, бояп, өңдеп, иіріп жіп алған. Қазақтар түйенің жабағы жүні мен шудасынан, ешкінің түбітінен, қойдың терісінен әдемі киім-кешектер тіккен. Сонымен қатар жылқының жал-құйрығын да пайдасына жаратқан.
Түйе жүні -- жабағы, боздақ, шуда деп үшке бөлінеді. Жабағы деп - түйенің ұйысқан, киіздей болған жүнін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz