Ману заңы. Міндеттемелер


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Ману заңы
- Міндеттемелер
- Меншік құқығы
- Отбасы және неке құқығы
- Қылмыс пен жаза
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Қандай да болмасын әлеуметтік организмге, яғни адамдар бірлестігіне және адамға ішкі ұйымдасушылық қасиет және реттеушілік функция тән. Осындай қасиетінен айрылған тұлға немесе әлеуметтік бірлестік жойылады. Рулық қауым сатысында ішкі мәселелер көсем беделімен ғана шешіліп отырған жоқ, сонымен бірге ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрыптар бойынша да басқарылды. Әдет-ғұрыптардың пайда болуы адамдар өмір сүрген табиғи ортаға, шаруашылық жүргізу тәсіліне және басқару мәселелеріне байланысты. Мысалы, шөлді аймақта тұратын халықтарда бұлақтарды, су көздерін қорғау дәстүрі көп. Ал суы жиі таситын аймақтарда өзенге табынып, құрбандық беріп жатады.
Адамдар бірлестігінің түрлері өзгеріске ұшыраған сайын адамдардың өзара қатынасы да өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, рулық қауымдағы адам өзінің құқы туралы көп ойланбаса, ал көршілік (селолык) қауымда әрбір қауым мүшесі жыл сайын жердің қайта бөлінуіне, жеке малына басқалардың тиіспеуіне мүдделі бола бастады. Ал осындай өзгерістердің барлығы белгілі бір өзара келісілген нормалардың пайда болуына алып келді. Шаруашылықтың күрделенуіне байланысты нормалардың көбеюі жазылған заңдарды қажет ете бастады және сол нормаларды қадағалап отыратын арнайы қызымет адамдары да пайда болды.
Ману заңы
Ману заңы (санскритше манавадхар-машастра) - үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б. з. б. 2 - б. з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды.
Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар - абыздар (дінбасылар),
кшатрилер - әскери ақсүйектер, вайшилер - қатардағы қауым мүшелері, шудралар - құлдар.
Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесеолжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқорқайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті.
Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза - екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті.
Ежелгі Египетте құқықтың қайнар көзі бастапқыда әдет-ғұрып болды. Мемлекеттің дамуы перғауындардың заң шығару құзіретін қарқынды етті. Заңдарды кодификациялағаны туралы мәліметтер бар, бірақ бұл жинақтар бізге дейін жетпеген. Египетте жер мемлекет меншігі болып саналды. Египетте жер иеленудің бірнеше түрі болды: мемлекеттік, шіркеулік, жеке және қауымдық. Ірі жер иеленушілер қатарына шіркеу шаруашылығы және патшалық вельможалар жатты. Олар жерге қатысты түрлі мәмілелер жасай алды (сыйға беру, сату, мұрагерлікке беру) .
Қарыз, жалдау, сауда-саттық, жерді жалға беру сияқты бірнеше келісім түрлерін ежелгі египет құқығы білген. Египетте жер негізгі байлық болғандықтан оның қолдан қолға өтуінің ережесі, тәртібі жоғары болды. Неке және отбасы қатынастары. Неке күйеуі мен әйелінің келісім негізінде жүзеге асты. Бұл келісім әйелінің әкелген төсек орыны мен енші мүлкінің де құқықтық режимін анықтаған: бұл мүліктер әйелінің жеке меншігі болып қалдырылып және отбасының барлық мүлкін әйеліне аударуға болатын. Қылмыстық құқық және процесс. Египет құқығы бойынша қылмыс болып табылатын әрекеттердің шеңбері кең болды. Ең ауыр қылмыстардың қатарына мемлекет және қоғамдық құрылысқа қауіп төндіретін әрекеттер жатады (бұған опасыздық, сатқындық, көтеріліс жасау, мемлекеттік құпияны жария ету сияқты әрекеттерді жатқызған) . Бұндай жағдайларда тікелей кінәлімен қоса отбасы мүшелері де жауапқа тартылды. Хаммурапи заңына жалпы сипаттама. Дүниедегі алғашқы жазылған заң жинақтарының бірі Вавилон патшасы Хаммурапидің заңдары.
Ежелгі Вавилон құқығының ескерткіші Хаммурапи патшаның заңы (б. э. д. ХVIII ғ) . Хаммурапи заңы белгілі бір жүйесіз, ешбір салаға жатпай жазылған. Бірақ осы заңның ішкі логикасын айқын көруге болады. Заң тексті базальт стильде жазылған. Жоғарғы жағында Шамаш құдайдың суреті бейнеленген, яғни осы заңды тізерлеп, қолын жайып, мойын ұсынып тұрған Хаммурапиға беріп жатқаны. Бұл сурет заңның құдіреттілігін сипаттайды. Хаммурапи заңы баптарға бөлінбеген, бірақ француз ғалымы В. Шейл тұнғыш рет заңды 282 бапқа бөліп қарастырады. Заң жинағы ерекше топтастырылған заң нормаларынан құрылады.
Ежелгі вавилон құқығының таптық мәні мүліктік қатынастарды реттейтін және жеке меншікті бекітетін заң баптарында айқын көрініс тапқан. Вавилонда құлдар басқа да мүліктер (мал, еңбек құралдар және т. б) сияқты меншік объектісі болып табылды.
Хаммурапи заңында қылмыс пен жаза ұғымына, анықтамасына және мемлекет үшін ерекше мәнді қылмыстық-құқық нормаларын бөліп қарастыруға ұмтылыс жасамағанын байқаймыз. Бұндай нормалар аталмыш ескерткіште толық көлемде және жүйелі түрде берілмеген.
Заңда патша, діни, абыз билігіне және мемлекеттік басындағыларға қарсы бағытталған қылмыс жасаған қылмыскерлер туралы баптар жоқ. Өйткені ондай қылмыскерлерді патша өкіметіне ұстап беру міндетті болған сияқты.
Міндеттемелер
Ману заңында көрсетілген сотта қарастыратын істердің 18 жуығы міндеттемеге, жалға беруге, сауда-саттыққа, сақтауға және т. б. арналған. Артхашастра мен Ману заңы қарыздық міндеттемені орындалуына тиімді тәсіл ретінде - залог институтын (Артхашастраның ІІІ тарауы 12 бөлімі 11, 12 баптар) енгізеді.
Ежелгі Үндістанда жерді жалға (аренда) беру шарты белгілі болған, Қауымдық меншік мүліктік дифференциация ұшырағаннан кейін аталмыш шарт кең етек жайған. Кедейленген жериеленушілер өз жерлерін жалға беруге мәжбүр болған.
Ману Заңында сату-сатып алу шарты да кеңінен тараған. Ману Заңында сыйға беру шарты қарастырылған.
Шарттың кейбір түрлерін реттеу үшін заң жалпыға бірдей ережелер бекітеді. Ману заңында келтірілген залалдан туындайтын міндеттемелер туралы айтылған.
Ежелгі Үндістан қоғамына патриархалды отбасы тән. Күйеуі-отагасы. Әйел күйеуіне және ұлдарына толық тәуелді болған. Неке мүліктік шарт сипатты, яғни күйеу өзіне әйелді сатып алады және оның жеке меншігі болып саналды.
Отбасы мүлкі толығымен отағасының билігінде болған. 299 бапқа сәйкес «бұзақы қылық жасаған әйелін, баласын, құлын, шәкіртін және туған інісін арқанмен және бамбук шыбыкпен ұруға құқығы бар».
Ману заңы жоғарғы дхармаға сай ерлі-зайыптылар арасында «өлер өлгенге дейін толық сенімділік» болады деп жариялай отырып, күйеу жігітке бірнеше әйел алуға және ажырасуына рұхсат береді.
Барлық мүлік олардың ортақ игілігі, бірақ күйеуі иелігін жүргізген. Әке-шешесі қайтыс болған жағдайда мүлік ұлдар арасында бөліске түскен, немесе кіші інілеріне қамқоршы болып қалған үлкен ұлы ие болған. Қыздар мұрагерлікке ие бола алмайды, бірақ ағалары ¼ бөлігін бөліп беруге тиіс еді.
Ежелгі Үнді құқығында, сол тәрізді Хаммурапи заңында қылмыстық-құқықтық нормалар жалпы құқықтық тыйымдардан жеке бөлінбеген. Ману заңында қылмыс түсінігі сол уақытқа байланысты өте жоғары танылған, жаза түрі қылмыс жасаған жағдайына байланысты тағайындалған. Бірақ қылмыс түсінігі толығымен қалыптаспаған Ману заңында да, Каутилья Артхашастраларында да деликт пен қылмыс арасында айырмашылық шегі анықталмаған. Заңда кінәнің нысандары (қасақана және абайсыздық), қылмыстың қайталануы, қылмысқа қатысушылық, жәбірленушінің және кінәлінің касталық тегіне қатысты қылмыс ауыртпалығы айқындалған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz