Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері. Математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама


Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 900 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






МАЗМҰНЫ

Кіріспе.
І. Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері.
1.1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы сипаттама.
1.2 Математика пәні оқу материалдарын оқытып - үйретудің жоспары.
1.3 Математиканың жаңа білім мазмұнынының ерекшеліктерін талдау.
ІІ. Қорытынды.
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер.

КІРІСПЕ
Еліміз егеменді мемлекет болғалы бері барлық салаларда ауқымды өзгерістер жүріп жатыр. Мұндай өзгерістерден де білім саласы тыс қалған жоқ.
Қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін, логикалық ойлау қабілеті артып, қазіргі таңда кеңінен іс жүзінде қолдануды талап етеді.
Қазақстан Республикасының Білім туралы" заңында "Азаматтардың білім алу құқығын мемлекет ҚР Конституциясына сәйкес білім беру жүйесін дамыту мен білім алу үшін тиісті әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау арқылы қамтамасыз етеді" - деп көрсетілгендей білім беріп, оқытуды тиімді етуге елімізде білім берудің жаңаша жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне өту мақсаты қойылуда.
Әлемдік тәжірибе математиканы оқыту мен экономиканың дамуы мәселелерінің арасында математиканың өз тілімен айтқанда, тура пропорционал, яғни тура тәуелділік бар екенін көрсетті.
Демек, бүгінгі жеткіншек ұрпақтың мектеп партасындағы математикалық білімі ертеңгі индустрияның және соның негізінде елдің қорғаныс қабілеті жоғары деңгейде болуының бірден-бір кепілі. Осындай жағдайларды түйіндеген әлемнің іргелі елдері бір кездері математиканы орта мектептің жоғары сыныптарындағы барлық оқушылар оқуға тиісті міндетті пәндердің қатарынан алып тастағанымен, соңғы он жылда оқу жоспарларының инвариантты бөліктерінен орын беріп, өз қателіктерін түзеуде.
Бір сөзбен айтқанда, қоғам дамуының қазіргі кезеңінде математиканың қолданылмайтын жері жоқ деуге болады. Сол себепті, қазіргі кезде ... адамзат өмірі үшін білімді математикаландыру кезеңі деп аталатын жаңа кезең басталды.
Міне осы " математикаландыру кезеңінде орта мектептегі 1-сыныптан бастап, 11-сыныпқа дейін үзіліссіз оқытылатын бірден-бір пән ол математика пәні болып табылады.
Бастауыш математиканың білім мазмұны ... дүние жүзіндегі аса дамыған және өркениетті елдердегі мөлшер мен деңгейден төмен емес болу керек.
Өйткені, Қазақстан қазір бүкіл әлем таныған, БҰҰ бастап әлемдік деңгейдегі әр түрлі қоғамдастыққа мүше мемлекет. Яғни, қазір біздің бүкіл әлем елдерімен ресми жағдайда да, жеке адам ретінде де байланысымыз күннен - күнге нығайып келеді [1].
Сондықтан, бүгінгі, әсіресе, ертеңгі Қазақ елінің азаматтары әлем елдерімен, әсіресе экономикалық жағынан дамыған елдердің азаматтарымен тығыз байланыста болады. Осы жағдайда біздің жеткіншек ұрпақтаң қай саладан болмасын, білім деңгейлерінің олардан төмен болуы бүгінгі ұрпақ үшін кешірілмес күнә.
Қазіргі білім беру жүйесі әлемдік өркениеттің барлық талабына сай келетін парасатты да білімді, біліктілігі жоғары мамандар даярлауды қажет етеді.
Соңғы кездері әдістемелік еңбектерде білім мазмұнын байыту, оқыту үдерісін жетілдіру, жаңа әдістердің тиімділігін анықтау және оны қолдану арқылы жан-жақты дамыған, рухани бай, өз елін, халқын жанымен сүйетін тұлға қалыптастыру мәселелері жөніндегі пікірлер, зерттеулер Ж.Қараев, С.Рахметова, Ф.Ш.Оразбаева, Н.Құрманова, Н.Оразахынова, К.Жақсылықова, Г.И.Уәйісова, Т.Әбдікәрімова, Ж.Балтабаева, Ә.Е.Жұмабаева, Б.Қ.Игенбаева, Р.О.Ізғұттынова, Б.Т.Қабатай, Н.Ә.Тойбазарова т.б. ғалымдардың әдістемелік еңбектерінде қарастырылған.
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге белгілі. Бастауыш мектептің негізгі міндеттері - баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету; олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген ынтымақтастық тәжірибесінің берік дағдыларын меңгерту,- делінген Қазақстан Республикасының бастауыш білімді дамыту тұжырымдамасында.
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін әрбір жас баланы оқыту, тәрбиелеу, дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге дайын болуымыз керек,- дейді педагогтарымыз.
Бастауыш мектеп жас кезеңі ең алдымен жүйелі оқу әрекетін дамытудың барынша маңызды кезеңі болып табылатындығын атап өту қажет.
Бұл жас кезеңінде балалардың бойында оқу біліктері қалыптастырылады, сол себепті де оқу іс-әрекеті бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін жетекші іс-әрекеттердің бірі болып табылады.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдауда - кезек күттірмейтін іс.
Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Ақ жүрек балғын бөбектерге білім мен тәрбие есігін ашу бастауыш мектеп мұғалімдеріне абыройлы да жауапты істі жүктейді.
Еңбек пен жаңалықтар ашудың байтақ және көз жеткіліксіз қиырларына апаратын кең жол мектеп берген математикалық білімдер арқылы өтеді - деп мектеп математикасына баға берген әйгілі ғалым А.И.Маркушевич айтқандай, оқушыларға математикалық білімнің қыр-сырын жетік таныту, қабілеттерін шыңдау, кез келген ортада өзін еркін ұстауға, Қазақстан Республикасының азаматы деген атқа лайық болатындай етіп тәрбиелеу - мұғалімнің міндеті.
Ұстаздың әрбір қылығы оқушыға әсер қалдырып, оның ары қарай жетілуіне ықпал ететіні бәрімізге белгілі. Мұғалім - оқушы атаулыға үлгі болатын өмірінің сан алуан жолынан адаспай өтуде оған бағыт беріп, жөн сілтеуші, баланы адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа және басқа да сол сияқты ізгі қасиеттерге баулитын жан.
Математика оқыту әдісіне сан алуан жетілдірулері болатындығына қарамастан, шәкірттер үшін әрдайым қиын жұмыс болып қала береді - деген атақты ғалым Д.И. Писарев. Бірақ, математиканың қиындығына, күрделілігіне қарамастан болашақ ұрпақты осы пәнге қызықтыру, білім деңгейін көтеру мұғалімдер үшін орасан зор жауапкершілікті қажет ететін оқыту әдісі болуы тиіс. Бұл бастауыш сыныпта оқытуда орындалады. Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып мұғалімінің математика пәні мазмұнының ерекшелігін айқындап, талдауды қажет етеді. Сондықтан болашақ бастауыш сынып мұғалімі болатындықтан диплом жұмысымның тақырыбын Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері деп таңдауымызға себеп болды.

І математика оқу материалдары мазмұнына жалпы сипаттама
1.1 Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтарына жалпы сипаттама
Қазақстан Республикасындағы бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты бойынша жасалынған жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: Бастауыш сатыда оқушының жалпы және психикалық дамуының жеткілікті деңгейіне қол жеткізу үшін, ең алдымен білім берудің мақсаты түбегейлі өзгеруі керек: бірінші кезекке бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, оқу әрекетін қалыптастыру негізінде жеке бас тұлғасын тәрбиелеу мақсаты қойылады - делінген.
Осыған байланысты, соңғы жылдарда елімізде білім бару саласын реформалаудың тиімді жолдарының бірі әлемдік стандарттық деңгейге көшу бағытында 12 жылдық оқыту жүйесі таңдалып алынуына байланысты баспа беттерінде туындаған көптеген пікірлер мен ұсыныстар жариялануда. Солардың ішінде ерекшелерінің бірі - Қазақ білім академиясы қоғамдық бірлестігінің президенті А.Құсайынұлы мен осы академияның академик - хатшысы Р.Башарұлының Білім берудің ұлттық модельін дұрыс таңдай алдық па? - тақырыбында жарияланған мақаласында әлемдегі елдердің білім беру жүйесіндегі түрлі үлгілерін, оның ішінде өткен ғасырдың 50-жылдарындағы әлем мойындаған Кеңестер Одағы мектебінің 10 жылдық (4+3+3) үлгісін, осы бағытта 12 жылдық білім беру жүйесіне көшудің жапондардың (6+3+3) үлгісінің жоғарыда айтылған Кеңестер Одағы үлгісінің баламасы екендігін, оның тиімді жақтарын тілге тиек етуі. Сонымен қатар, жапон мектептерінің бастауыш сыныптарында оқытылатын пәндерінің негізі ана тілін оқытуға (1377 сағат) бағытталса, басқа пәндер (барлығы 8 пән) арифметика, өнер, еңбек, рухани -әлеуметтік, қоғамдық пәндерді оқытуға жоспарланғандығы айтылған.
Елімізде қалыптасқан 4 жылдық бастауыш сыныптарда білім беру бағдарламаларының өзгертіліп шамадан тыс күрделенуі, оқушылардың ойлау қабілеті мен танымалдығын, қызығушылығын төмендетіп қана қоймай, олардың көпшілігінің оқуға деген ынтасын жоғалтуға мәжбүр етуде.
Сонымен қатар Елбасымыздың білім беру саласының алдында қойып отырған мақсаттарының бірі- тілдердің үш тұғырлығы идеясын, бүкіл еліміздің ұлттық мүддесі деңгейіне көтеруіміз қажет.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде нені оқыту керек сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақтаған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен бірге, оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді. Айта кететін жайт, оқу мазмұны әрқашан саяси, идеологиялық күрес сахнасы. Саяси күштер мектеп арқылы барша қоғамға өз ықпалын таратуға тырысады.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалып-тасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеумет-тік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Білім мазмұнына әлеуметтік және ғылыми жетіс-тіктер деңгейі де өз әсерін тигізеді. Соңғы кезде ғылыми жаңалықтың пайда болуы мен оның мектепте оқытылуы арасындағы уақыт қысқарып бара жатыр. Мысалы, радио шыққанына 40 жыл өткенде ғана мектеп бағдарламасына енгізілсе, заманауи компьютерлік бағдарламалар шыққан жылы оқытылуда.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.
Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және жүйелілік принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді. Оқу пәндері міндетті және таңдаулы деп бөлінеді.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастырылады. Оқу бағдарламасының құрамы:
-аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын,
-оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды,
-олардың білімін бағалау жолдарын,
-оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;
-пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
-негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
-әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері;
-пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
-әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
- ұсынылған әдебиет.
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады. Ол түсінік хат, негізгі бөлім және әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. 1999 жылы қабылданған Білім туралы заңға байланысты білім беру саласын демократияландыру, гуманитарландыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-лықтарды меңгеруге сай білім беру саласының құрылымына, мазмұнына, сипаты мен оқу жоспарына, оқу бағдарламасы мен оқулықтарға өзгерістер енгізілді.
Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
-оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
-курсаралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.
Солардың ішінде басты назар оқулыққа арналады.
Жақсы оқулық оқушыны нәтижелі оқуға жетелейді.
Дәстүр бойынша да, мәні мен маңызы жөнінен де оқытудың сан алуан құралдары ішінде оқулықтың алатын орны ерекше. Ол мектептік білім - тәрбие беру қызметінің бірегей педагогикалық үлгі - моделі ретінде бүгінгі таңда да тиімді және ең кең таралған әрі оқыту, әрі оқу құралы болып қалып отыр. Сондықтан мемлекетімізде жүргізіліп жатқан мектеп реформасының мақсаттары мен талаптарын ойдағыдай жүзеге асырып, еліміздің жас ұрпағын өзіміз бүгінде іргетасын қалап жатқан алдағы өмірге неғұрлым жетілген деңгейде әзірлеуде уақыт рухына сай жоғары сапалы төл оқулықтар жасау - дәуірлік маңызға ие міндет.
Тарихи қалыптасқан жағдайларға байланысты мұндай жаңа да күрделі әрі ауқымды міндетті жекелеген тіпті талантты деген авторлардың интуициясы мен тәжірибесі шеңберінде шешуге болмайтыны белгілі. Оқулық жасалынып дайын болған күнде де, оқушының сапалы білім алуына лайық па деген сұрақтар туындары сөзсіз.
Мемлекеттік білім стандартының және Қазақстан Республикасы бастауыш білім мазмұнын жаңарту Тұжырымдамасының негізінде дамыта оқыту идеясы жатыр. Осыған орай бастауыш сынып оқушылары мектептің өзекті тақырыбына сәйкес Дара тұлғаға бағытталған оқыту үдерісінде, дамыта оқыту идеясын жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешен арқылы жүзеге асыруда төмендегідей жұмыстар атқарып, жетістіктерге жетті:
-оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, орындалуы әртүрлі нұсқада дайындалған бақылау жұмыстары құрастырылып, жинақталды;
- оқушылардың білім сапасын анықтауға арналған тестер дайындалды;
- бастауыш сынып мұғалімдері жаңа буын оқулықтарымен жұмыс істеуге арнайы дайындықтан өтті;
- жаңа буын оқулықтарын енгізу, өңдеу оқу бағдарламасын жетілдіру мақсатына сәйкес білім сапасына мониторинг жасау жүйелі жүргізілуде.
Төл оқулықтарды дәстүрлі оқулықтармен салыстыра отырып қарағанда жаңа буын оқулықтарында этнопсихологиялық ерекшеліктер, оның сапалы, әсем безендірілуімен қатар мазмұнының да өзгергенін байқадық.
Оқулықтар ұлттық тәрбиеге негізделіп, дамыта оқыту идеясы басшылыққа алынған, мазмұны жағынан қызықты, оқушы орындайтын жұмыс түрлері, тапсырмалар түрлендіріліп берілген.
Математикадан оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар мол қамтылып, қызығушылықтарын арттыруға жетелейді.
Дегенмен, оқулықтағы кейбір тапсырмалар күрделі. Өйткені, түсініксіз сөздер, өздігінен орындай алмайтындай қиындық, оқып, білуге уақыттың аздығы бәрін орындап, еске сақтауға мүмкіндік бермейді.
Жаңа буын оқулығы мектептің ұлттық сипатын айқындап, оқушылардың бойына ұлттық сананы дарытатын, туған халқының рухани әлеміне бойлайтын, елінің намысы мен атақ - абыройын ту ғып ұстайтын ұрпақ тәрбиелеуде орасан зор рөл атқарады.
Жеке тұлғаның шығармашылық қабілетін, интеллектуалдық деңгейін дамыта оқытуға арналып құрастырылған.
Оқулықтар ірі бөлімдер мен ішкі тақырыпшаларға бөлініп жазылған. Бірақ та, кейбір тақырыптар оқушылардың түсінуіне ауыр, жас ерекшелігіне сай емес.
Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап.
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.
Оқулыққа қойылатын талаптар күрделі болғандықтан соңғы кезде әрбір пәннен бірнеше нұсқада оқулықтар, оқу құралдары жарыққа шығуда.
Дәстүрлі кітаптармен қатар аудио, видеокассеталар және компактдисктерге жазылған оқулықтар пайдаланып жүр.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертеді делінген.
Математиканың жеке тақырыптары мен бөлімдерін оқыту мәселесін Т.Ж.Байдильдин (алгебра және анализ бастамаларын оқыту тиімділігін арттыруда), Б.Беседин, М.Вахидов, М.Е.Степанов (функцияларды зерттеуде), Ю.А.Дробышев (көпмүшеліктерді оқытып-үйретуде), К.А.Таңатаров (математиканың мектептік курсында қолданбалы есептерді шығаруда), Н.И.Аманжолова (жалпы математиканы оқытуда компьютерлік технологияны қолдану), Р.Б.Бекмолдаева (бағдарлы мектептерде туынды тақырыбын оқытуда), Р.С.Шуақбаева (көпжақтарға берілген есептерді шығаруда), А.Ө.Байдыбекова, Е.А.Вьюшкова (бастауыш сынып математикасын оқытуда) және т.б. ғылыми еңбектерінде негізге алған.
Бастауыш сыныпта білім берудің көп пәнділігі, тәрбие жүйесінің ерекшеліктері, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері, жаңа оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендердің мектеп өміріне енуі, педагогикалық жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау негізінде, оқулықпен жұмыс істеуді ғылыми тұрғыдан зерттеуді де қолға алуды қажет етеді.
Осыған байланысты, қоғамдық құрылыстың жаңаруы, білім жүйесінің жаңа мазмұны, жоғары білімді маман даярлаудың жаңа стандарты, бастауыш буынға жаңа оқулықтардың енуі, жаңа бағытта жұмыс жасайтын жаңаша ойлайтын, жаңалықты көре білетін бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуді кәсіби іс-әрекетте меңгерген мұғалімдерді даярлау қажеттілігі туындайды.
Оқулық - ол оқытуды бағдарламада белгіленген мақсаттарына және дидактика талаптарына сәйкес белгілі бір оқу пәні бойынша ғылыми білімдердің негіздерін баяндайтын кітап. Оқулық басқа басылымдардан атқаратын өзіндік қызметтері, мазмұны, мәтінге қойылатын талаптар және ерекше құрылымы арқылы ажыратылады.
Бүгінгі таңда білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі ол оқулықтану саласы болып отыр, сондықтанда әрбір ұстаз, әдіскер бұл саланы игеруі бүгінгі күн талабы. Қазіргі кезде шығарыла бастаған жаңа оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешенінің тұжырымдамасы ғылыми-теориялық бағамдаулар негізінде өмірге келуде.
Әйтсе де, жалпы ғылыми қағидалар мен өз еліміздің идеологиясын басшылыққа алып, ұлттық сана, рухани құндылықтарымызды арқау еткен нақты да дәл оқулық теориясын жасау алдағы күндердің еншісінде қалып отыр.
Еліміздің төл Конституциясы, Тіл туралы және Білім туралы Заңдарында бүкіл қоғамның, сол сияқты жеке тұлғаның мәдени және рухани дамуының басты құралы жас ұрпаққа білім беру мен ғылымды, мәдениет пен өнерді заман талабына сәйкес өркендете отырып, бастауыш сынып оқушыларына математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін оқытуға арнайы көңіл бөлінген.
Сонымен қатар, Қазақстан Респуликасының алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі ел экономикасын жаңа бағытта жеделдетіп дамыту.
Бастауыш сынып оқушысын жан-жақты дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу қазіргі заман талаптарының бірі. Өйткені оқушының рухани әлемінің дамуы, оның жеке тұлға ретінде қалыптасуы өздігінен жүрмейтіні анық.
Қандай зәулім үй салсаң да, оның іргетасы дұрыс қаланбаса, күндердің күнінде құлап қалатыны белгілі. Дәл сол секілді бала тәрбиелеуде де мықты іргетас қаланбаса, жас ұрпақтан болашақта білімді, көргенді азамат шықпайтыны хақ.
Сондықтан білім берудің әр сатысының мақсат - міндеттері, формаларының айқындалуы, 2002-2003 оқу жылынан бастап еліміздің ғалым, әдіскер, мұғалімдеріміз дайындаған төл оқу құралдарына толық көшуі, осы жаңа буын оқулықтарының нақты іс жүзіне асуы өте маңызды десек қателеспейміз.
Алайда, қателесу, кемшілік жібермеу тіршілік иесінің бәріне тән жағдай. Сол себепті, мұндай жағдайда атамыз қазақ айтқандай көш жүре түзеледі деген қағиданы өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Жаңа буын оқулықтары мен оқу әдістемелік кешені білім берудегі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Бұған қазақ халқының ұлы ағартушылары Ы.Алтынсарин, М.Әуезов, А.Байтұрсынұлы, ал бір ғана математика пәнінен оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендер М.Дулатов, К.Жәлелов, Қ.Сәтбаев, С.Қожанов, Ә.Қасымов, Е.Қасболатов, Е.Омаров, Т.Құралов сияқты жазушы, ғалымдар ат салысқан.
Оқулық авторлары өз туындыларының бірінші басылымында кеткен, жіберіп алған әттеген айларын екінші басылымда немесе мұғалімдерге арналған қосымша оқу құралдарын шығару ия болмаса мақалалар жазуда, лекциялар оқуда түзетуде.
Білім берудің мақсатын айқындау үшін Жүсіпбек Аймауытовтың мына сөздерін еске алған жөн: Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашынған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты -- осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салуы керек.
Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі -- білім берудің жана жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы, тұтас педагогикалық үдерістегі өзгертулермен тығыз байланысты. Білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарас, жаңаша қарым-қатынас (білім мазмұнын жетілдіру, жаңа базистік оқу жоспарына көшу, жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерге көшу, т.б.) жаңаша ойлау қалыптасуда.
Жастарға білім мен тәрбие берудің негізі болып саналатын жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үдерісін жақсарту бірінші кезектегі мәселе болса, бастауыш мектеп - мұның түп қазығы, бастауыш білімнің мемлекеттік стандарты және оны мектеп тәжірибесіне енгізуде шешуші орынды мұғалім қызметі алатыны анық.
Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектептерде, оның ішінде бастауыш мектептерде математиканы оқытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.
Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында математика пәнін оқытудың мақсаты: ...практикалық қызметте пайдалануға, іргелес пәндерді оқып үйренуге білім алуды жалғастыруға қажетті нақты математикалық білімді меңгерту, - деп анықтайды.
Бүгінгі студент -- ертеңгі маман. Оқыту үдерісін басқарудың педагогикалық-психологиялық мәселелерін анықтауда педагог пен оқушылардың арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру мұғалімнің теориялық білімінің болуын қажет етеді.
Оқу бағдарламасы оқу материалының мазмұнын және пәннің құрылымын іріктеудің төмендегідей негізгі ұстанымдарына сүйенеді: ғылымилық, білім берудің үздіксіздігі, іс-әрекеттік, пәнішіндік және пәнаралық интеграция, қолжетерлік, оөушылардың дара жетістіктері мен шығармашылығын ескеру.
Ғылымилық ұстанымы Бастауыш жастағы оқушылардың күнделікті өмірде және оқу барысында ғылыми терминдер мен ұғымдарды меңгеру және қолданысқа енгізу үшін қажетті жағдайлар жасауға негізделеді.
Үздіксіздік ұстанымы мектепке дейінгі дайындық, бастауыш және негізгі мектеп математикасы курсындағы барлық мазмұндық-әдістемелік желілердің үздіксіз дамуын қамтамасыз етеді, оқытудың әдіснамасы, мазмұны, әдістемесі мен технологиясы деңгейінде оқытудың барлық сатылары арасындағы сабақтастықты білдіреді.
Іс-әрекеттік ұстанымы математикалық ұғымдар мен амал-тәсілдерін саналы әрі берік игеруге арналған негізді қамтамасыз етеді. Оқушыларды белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке тарту арқылы жаңа білімді ашуға, өзін-өзі бағалау мен өз әрекетін бақылауды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Пәнаралық интеграция ұстанымы математикалық білім беру мазмұнын құрайтын жиындар теориясының элементтері мен сандар, теріс емес бүтін сандар арифметикасы, алгебра, геометрия, комбинаторика мен шамалардың элементтері арасындағы табиғи бірлікті қамтамасыз етеді. Пәнаралық интеграция балаларда әлемнің біртұтастығы көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді, әр түрлі оқу пәндердің өзара байланысын сезінуге көмектеседі. Аталмыш принциптің маңызды компоненті қарым-қатынас жасаудың ерекше құралы ретіндегі математикалық тілді меңгеру болып табылады.
Қолжетерлік ұстанымы бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында психологиялық жағдай туғызуға мүмкіндік береді. 6-10 жастағы балалардың жас ерекшелігін ескеру жетістікке жетуге, тілектес болуға көмектеседі, оқушының жеке білім беру траекториясы бойынша өз қозғалыс бағытын сезінуіне көмек береді.
Оқушының дара ерекшеліктерін ескеру ұстанымы қиындық деңгейі әр түрлі тапсырмаларды, өзіндік, зерттеу және жобалық жұмыстарды қолдануды қамтамасыз етеді, оқытудың тұлғалық-маңызды мотивін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Мұғалімнің тиімді оқыту технологияларын, оқу материалдарын іріктеуге және жоспарланған нәтижеге жету үшін оқу үдерісінде оларды бейімдеу деңгейін анықтауға, сондай-ақ әр түрлі іс-әрекетті (жасау, түрлендіру, алгоритмдік және шығармашылық) ұйымдастыруға мүмкіндігі бар. Оқу материалдары оқушылардың әр түрлі деңгейлеріне лайықталуы тиіс.
Шығармашылық ұстанымы оқушылардың өз бетімен стандартты емес, шығармашылық, логикалық есептердің шешуін табу қабілеттерін қалыптастыруға, жаңа амал-тәсілдерін ашуға, жаңаны жасай алуға, нақты өмірлік жағдаяттардың стандартты емес шешімін табуға, құзіреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді.
Оқулық оқушының математикалық білімінің міндетті деңгейінің қалыптасуын ғана емес, баланың жалпы ақыл-ойының дамуына жәрдем жасайды. Білім алу барысында ақыл-ой әрекеттерінің, шығармашылық мүмкіндіктерінің, танымдылық мүдделерінің арту міндеттері орындалады.
Бастауыш сынып мұғалімдерін қызметінің күрделілігі мен өзіндік бір ерекшелігі - білім беру жүйесінің бастауыш буынының көп пәнділігінен туындайды. Егер, жоғары сынып мұғалімдері мектеп қабырғасында бір не екі ғана пәнді оқытуға дайындалса, ал бастауыш сынып мұғалімі мектепте сегіз не он пәнді оқытады.
Бастауыш сыныпта оқылатын пәндердің ерекшелігі әдістемелік тұрғыдан алғанда олардың бір-бірімен сабақтастығында. Сондықтан да пәнаралық кіріктіруді күшейте отырып, барлық бастауыш сыныпта оқылатын пәндерге ортақ, сабақтас тақырыптарды күшейтуге көңіл бөлінеді.

1.2 Екінші сынып математика пәні оқу материалдарын оқытып - үйретудің жоспары
Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік - экономикалық және саяси өзгерістер білім беру сапасын жетілдіруді және ең алдымен, білім мазмұнын жаңартуды, оны қазіргі заман талаптарына сәйкестендіруді, соның негізінде білім алушыларды қоғамның дамуына өз үлестерін қоса алатындай жеке тұлға ретінде қалыптастыруды қажет етіп отыр.
Білімді, өнерді, ақыл-ойды, іскерлік пен дағдыны меңгерудің қажеттілігін түсініп, талғамына қарай таңдап тауып, игеруді өзі ұйымдастыру сияқты іс-қимылды баланың орындауын П.М.Эрдниевтің Келешек тиімді математика оқулығы түсіндірілуі жүйеленген теориялар мен жүйеленген жаттығулар негізінде ғана құрылады деген пікіріне сүйеніп оқу материалы мен теорияны қолдану әдісін, егжей-тегжейлі бірнеше санмен баяндайтын жаттығулардың кестесі түрінде жүйелеуді жөн көрдік. П.М.Эрдниевтің тәжірибесінде есептің, санның, сызбаның, графиктің кестесі (матрица) жан-жақты қолданылған.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен маңызы бастауыш сыныптардағы оқушылардың математиканы оқыту теориясы мен технологиясынан білім, білік және дағдыларын қалыптастыру барысы.
Бастауыш мектепте математиканы оқытудың мақсаты мен маңызын қарастыра отырып, оқытудың әдістері, ғылыми-педагогикалық әдебиет-терді, бағдарламаларды, математикадан оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдарды теориялық талдау; озат педагогикалық тәжірибені оқып-үйрену және жалпылау.
Бастауыш мектепте математиканы оқыту ерекшеліктері Ә.Б.Ақпаева, Ж.Т.Қайыңбаев, М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов, А.М.Пышкало және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.
Математика оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, Математика және информатика білім беру саласының мазмұнына енеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған. Бастауыш мектеп жасындағы оқушының математикалық сауаттылығы математикалық тілді, математикалық ұғымдар мен амал тәсілдерін меңгеру, алынған білім мен амал тәсілдерін күнделікті өмірдің түрлі жағдайларында қолдануда көрінеді.
Математикадан пәндік стандарттың мазмұны Мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім беру стандартында көрсетілген түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыратын білім беру нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған.
Математика - мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия, комбинаторика, ықтималдықтар және математикалық статистика элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
oo Жалпы адамзаттық мәдениеттің бір бөлігі ретінде, қоршаған ортаны сипаттау нысаны мен таным әдістері ретіндегі математика туралы түсінік қалыптастыру;
oo Оқыту барысы мен нақты өмірде қолдануға қажет болатын математикалық білім, білік, іс-әрекет тәсілдері жүйесін берік әрі саналы түрде игеруді қамтамасыз ету;
oo Математикалық іс-әрекетке тән ойлау сапасын қалыптастыру, қоршаған ортаны танып-білуге арналған нысандарды бақылай, өлшей және модельдей алу мен оларды практикалық өмірде қолдану.
Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларға математикалық білім берудің мазмұнын іріктеудің негізіне оқытуға құзіреттілік тұрғыдан қарауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ұстанымдар алынған. Курстың практикалық бағыты мен өмірмен байланысы күшейтілген, меңгеру деңгейінің төмендеуіне байланысты алгебралық және геометриялық материал жеңілдетілген, математикалық дамытуға қажет болатын баланың ойлау стилін қалыптастыру арқылы игеруді жеңілдетуге мүмкіндік беретін материал ендірілген.
Математика әдістемесінің басқа ғылым салаларымен (философия, логика, математика, педагогика, психология т.б.) байланысты. Қазақстан Республикасында бастауыш мектепке арналған математика жаңа оқу-әдістемелік топтаманың ендірілуімен және оқытудың жаңа технологияларының жасалуымен байланысты.
Кеңестік дәуір кезіндегі бастауыш мектеп математикасын дәстүрлі оқытудың дамуына М.И. Моро, А.С. Пчелко, А.М. Пышкало, М.А. Бантова, Г.В. Бельтюкова және т.б ғалымдар елеулі үлес қосқан. Аталмыш ғалымдардың дайын-даған математиканы оқытудың ғылыми негіздері сол кездегі оқу-әдістемелік топтамада қаланған. Осы авторлардың құралдары қайта өңделіп және толықтырылып, ТМД елдерінде қазіргі кезде де қолданылады.
80-90 жылдары дамыта оқыту іс-әрекеттік және жеке тұлғалық тұрғыдан қарау сияқты мәселелердің дамуына орай бастауыш мектеп математикасы әдістеменің қалыптасуына Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, П.М.Эрдниев, Н.Б.Истомина және т.б ғалымдардың еңбектері елеулі роль атқарады. Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектептерінде оқыту орыс тілінде басылған дәстүрлі оқулықтар мен оқу құралдары жүзеге асырылды, сондай-ақ ішінара лайықталаған оқулықтар да қолданылады.
Қазақстан Республикасында 1997 жылдан бастап жаңа технологиялар ескерілген профессор Т.Қ.Оспановтың басшылығымен авторлар ұжымының (Ш.Х.Құрманалина, Ж.Т.Қайыңбаев, Б.М.Қосанов, К.А.Ерешова, В.Я. Анисимова) дайындаған жаңа оқу-әдістемелік топтамасы тәжірибеге ендірілді.
Қазіргі замандағы қоғамның әлемдік даму тенденциясына және ондағы Қазақстанның алатын орнының өзгеруіне байланысты, сол сияқты тәуелсіз мемлекетіміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму жағдайының ерекшеліктеріне қарай бұл күнде қоғамның көптеген салаларымен бірге халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырауда. Осыған байланысты туындап отырған мәселелердің бірі - ол бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысы. Ол соңғы жылдары үлкен және жылдам өзгерістерге кез болды. Алайда, оның себеп-салдарын көпшілікке, әсіресе, мұғалім қауымына түсіндіріп беруде олқылықтар, жайбасарлық оқу құралдары авторлары, ғалымдар тарапынан жоқ дей алмаймыз.
Өзінің жаңа бастауын 1980 жылдардың ортасынан бастап алған бастауыш сыныптарда математиканы оқыту барысын өз республикамыздың ерекшеліктерін ескере отырып жүзеге асыру мәселесі 1990 жылдардың басында бұрынғы КСРО-да қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайдың негізінде батыл қолға алына бастады.
Тек қана республика азаматтарынан құралған құрамында бастауыш мектеп мұғалімдері (Ерешева К., Қазгелдина Қ., Мұхамбетқызы С, Абраева Б.) арнаулы оқулықтар оқытылып келді.
Т.Қ.Оспановтың басшылығымен қазақстандық авторлар тобы бастауыш сыныптарға арналған жаңа "Математика" оқулығын дайындады. Жаңа буын оқулықтары математиканы оқытудың бірегей, бұрынғы дайындалған құралдардан түбегейлі өзге төлтума оқулық болып табылады. Бастауыш мектеп математика курсының төмендегідей мазмұндық-әдістемелік желілері бойынша ұғымдар мен амалдар тәсілдерін оқыту әдістемесі ашылды: "Қарапайым түсініктер", "Арифметикалық амалдар және есептеу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру", "Есеп және оны шешу процесі", "Алгебра элементтері", "Геометрия элементтері", "Шамалар және оларды өлшеу", "Үлестер".
Кіші жастағы оқушыларға математиканы оқытудың әдістемелік жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттайтын әдістемелік ережелер, сондай-ақ оқытуға тұлғалық-іскерлік және дамытушылық тұрғыдан қарау әдістемелік құрал мазмұнын құрайды.
Бастауыш саты үздіксіз білімнің барлық кезеңдерімен тығыз байланыстағы оқыту қызметін қалыптастыруға көмектеседі. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына және жеке мүмкіндігін ашуға, білім алуға жағымды жағдай жасайды.
Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгі ережесінде (11.03.2005 жылы Қазақстан Республикасы қаулысымен бекітілген) мектептің бастауыш сатысына арналған төмендегідей жалпы ережелер айқындалған: жалпы бастауыш білім беру (1-сынып) оқушылардың оқу, санау, оқу қызметінің негізгі машықтары мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін, оқу әрекеттерін өз бетінше бақылаудың қарапайым дағдыларын, мінез-құлық және сөйлеу мәдениетін, жеке гигиена мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгеруін қамтамасыз етеді; оқушылардың оқу жүктемесі мен мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттар, денсаулық сақтау және білім беру органдарының оқу жоспары мен ұсыныстары негізінде дайындалған ұйым бекіткен ережелермен айқындалады; ұйымдағы сабақ ұзақтығы - 45 минут (орнын толтыра, оқыту сыныптарында - 40 минуттан аспайды). Ұйымның талаптарына балаларды бейімдеу үдерісін жеңілдету мақсатында 1-сыныптарда оқу жүктемесін біртіндеп өсіре отырып, оқу сабақтарының "сатылы режимі" қолданылуы тиіс: 1-тоқсанда сабақтың ұзақтығы 35 минуттан - 3 сабақ, 2-тоқсаннан бастап әрқайсысының ұзақтығы 35 минуттан - 4 сабақ.
Мектептің бастауыш сатысында "Математика" пәнін оқытудың мақсаты: математикалық білім, білік және дағдыларды игеру; математика курсының мазмұны арқылы баланы тұлға ретінде қалыптастыру; танымдық және коммунативтік іс-әрекетке қалыптастыру, өздігінен білім алуға бейімдеу, еңбекке баулу. "Математика" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі 1-2 -- сыныптарда аптасына 4 сағатты (оқу жылында - 136 сағат), 3-4 -сыныптарда аптасына 5 сағатты (оқу жылында - 170 сағат) құрайды. Мектептің бастауыш сатысында "Математика" пәні бойынша базалық білім мазмұны: 1) теріс емес бүтін сандардың арифметикасы; 2) алгебра элементтері; 3) геометрия элементтері блоктарынан тұрады. Оқушылардың білімін тексеру ауызша сұрау, тақырыптық және қорытынды жазбаша бақылау жұмыстары тестік тапсырмалар арқылы жүзеге асырылады.
Математика сабақтарына оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында балалардың танымдық қабілетін, зеректігін арттыратын тапқырлыққа арналған әр түрлі жаттығулар және жоғары қиындықты тапсырмалар енгізілуі керек.
Бағдарлау аппараты негізгі орын алады. Арнайы жасалған шартты таңбалар жүйесі және белгілер оқушылар оқулықпен жұмыс істегенде мұғалімнің неше түрлі мазмұнды тапсырмалары бойынша қажетін оңай табуға елеулі жеңілдік туғызады.
Жазулар үлгісі оқушылар үшін жаңа терминдер мен белгілеулер, есептер мен жаттығудар мәтініндегі тірек сөздерін ерекше бөліп көрсеткен лайықты, мысалы, шрифтпен, түспен көрсетілген жағдайда оқушы оңай болады. .
Негізгі материал (есептер, жаттығулар, иллюстрациялар) мақсатына байланысты түрлі-түсті немесе қара, ақ болып орындалады, мұнда түс ереже бойынша дидактикалық қызмет атқаруы керек.
ІІ сыныпқа арналған математика оқулығы әр тақырып бойынша емес сабаққа құрылған. Оқу материалы тақырып бойынша бөлінеді. Бір немесе бірнеше тақырыптардан бірнеше пункттер құрылады. Пункт бірнеше сабақты біріктіреді, кейде бір ғана сабақтан тұрып, сол бір сызба арқылы құрылуы мүмкін Сабақ жаңа сабақтан басталса, пункт дайындық жаттығуларынан басталады, содан соң теориялық мәліметтер, жаңа материал бойынша негізгі жаттығу түрлері, әрі қарай бұрынғы алған білімдері мен біліктерін және ойлау қабілеттерін дамыту үшін жоғары қиындықтағы жаттығулар, қосымша жаттығулар беріледі.
Оқу материалын жүйелі іріктеп жинақтауда пәнаралық байланысты қамту керек. Бағдарлама бойынша мазмұндары жақын сұрақтарды қатар (параллель) жіберуге болады.
Оқулықты теориялық мәліметтермен толтырмай, практика мен теорияның ақылға сиятындай лайықты үйлестікте болғаны дұрыс. Бұл мәліметтер кіші жастағы оқушыларға өз мөлшерінде жаттығулармен үйлестіріліп тиімді түрде оқытылады. Осындай жағдайда оқулықтағы түсіндірілетін мәтін өте қысқа жазылу керск. Оның мазмұны ең керекті деген теориялық материалдар, анықтамалар, ережелерден тұратын келешекте ілгері қарай оқып үйренетін бағдарламаның негізі болып саналады.
Оқушыларға берілетін оқулықтың төл ортасындагы өте ұқыптылықпен жинақталған жаттығулар жүйесі, математикалық ұғымдарды және оқушының біліктілігі мен дағдысын қалыптастыратын құрал ретінде өте маңызды.
Оқулықта жаттығуларды жеңілден қиынға қарай ретімен орналастырады. Бұл "қиын" жаттығуларды оқулықтың соңында орналастырады деген сөз емес. Сабақта "өте жеңіл" тапсырманы оқу жылының аяғында пайдаланады деп мұғалімдерге ескертулер де айтылып жатады. Бірте-бірте қиындату қағидасы курстың бүтіндей алғандағы жаттығулар жүйесіне қатысты болмайды. Бұл белгілі тақырып шеңберінде орындалады.
Кіші жастағы оқушылардың іс-әрекетінің негізін құрау оқулықтың негізгі дидактикалық функциясы болып табылады. Осыған байланысты оқу-танымдық мақсаттарды (проблемалық әдістерді қолдану) қоюды қамтамасыз ету үшін оқу материалын түсіндірудің лайықты түрін таңдап алу қажет. Оқулықта бақылау және бағалау біліктілігінің өзін-өзі бағалауды қалыптастыратын жаттығулар болуы керек.
Жаңа білімді енгізу оқулықтағы өтілген материалмен дайындалуы керек. Егер енгізілетін математикалық ұғым оқушыларға қиындық көрсетсе, мысалы: неше есе "кіші", неше есе "үлкен" фигура ауданы, жылдамдық онда енгізу үшін алдын ала дайындалу керек. Егер жаңа материал қиын болмаса оны ешқандай дайындықсыз немесе азғана дайындық жаттығулары арқылы жаңа білімді игертуге болады.
Оқулыққа негізгі қойылатын талап -- әр оқушыға материалдың жеңіл түсінікті болуын қамтамасыз ету. Оқу материалы кіші жастағы оқушының жас ерекшелігіне байланысты тілмен оның жалпы даму деңгейімен сәйкес анық, дәл, ықшамды болып жазылуы керек.
Бастауыш сатыда "Математика" пәні бойынша оқушылардың оқу жетістіктерінің өлшеуіштер тәсілдері ретіндегі деңгейлік тапсырмалар жүйесін дайындауға болады. Оқушының дайындық деңгейін саралау оқушының жеке танымдық мүмкіндігін ескерудің басты тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Тапсырмаларды білімді қабылдауға бағдарланған іс-әрекеттік модель ретінде қарастырамыз. Оқытуда күтілетін нәтижедер тізбесін негізге ала отырып, әртүрлі деңгейдегі тапсырма түрлерін ауызша тексеру, жазбаша тексеру, тапсырма беру, жауапты талдау тапсырмалары, бір ғана дұрыс жауабы бар тапсырмалар, ашық және еркін жауабы бар тапсырмалар, түрлі практикалық сипаттағы тапсырмалар түрінде қарастыруға болады. Тапсырмалардың мұндай түрлерін оқушының іс-әрекеттік - компотенттік тәсілге (өз бетінше іздену, өз бетінше білім алу, өзін-өзі білім алуға тәрбиелеу, дамыту) бейімделуіне мүмкіндік береді. Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесі оқу материалдарының мазмұнын игеруді жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады.
Тақырыптардың материалдары оқытудың нысаны және құралы болып табылады, оларды оқытып-үйрету барысында оқытудың аралық және қорытынды нәтижелеріне қол жеткізу көзделеді.
Оқу материалының мазмұнын қайталауда санның, өрнектің, сөйлемнің, аралық бет орын ауыстырғанда өзгермейтін мүшелері сыртқы қабатқа, өзгеретін мүшелері аралық бетке таңбамен, сөзбен, белгімен, белгілеумен түсірілді. Кесте-лердегі сан таңбасының дыбысталуы, өрнектің ой тұжырымымен, амалдың суретпен үйлестірілуі үздіксіздіктің тұтастығын сақтауға ұмтылу еді.
Пән бойынша оқу жүктемесі 2 сыныпта математика - аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат. Оқушы 2-сыныптың соңына қарай Математика және информатика білім беру аймағында түйінді құзіреттер аспектісіндегі түйінді пәндік құзіреттіліктерді көрсетеді.
а) ақпараттық құзіреттер: айналадағы заттар мен құбылыстардан мәліметтер алады, 100-ге дейінгі нумерациялық, шамалар (ұзындық, масса, сыйымдылық, уақыт) және геометриялық фигуралар жөніндегі білімді пайдаланып, оларды сипаттайды және оларды жіктемелейді, оқу іс-әрекеті үдерісінде қолданады.
ә) коммуникативтік құзіреттер: оқу және өмірлік міндеттердің шешулерін пайымдау, түсіндіру және жазу барысында математикалық тілді қолданады (қосу мен азайту амалдарына берілген 1-2 амалды өрнектер мен есептерді шығару барысында; 100-ге дейінгі сандарды және шамалардың мәндерін қосу мен азайту барысында; уақытты анықтау, ұзындықты, массаны, сыйымдылықты өлшеу барысында; геометриялық фигураларды (нүктелерді, сызықтарды, кесіндіні, тік төртбұрышты) тану және салу барысында).
б) проблемалардың шешімін табу құзіреттері: шарты мен талабын табады, оқу міндеттерін шешу үшін әрекеттердің ретін анықтайды, шешуін орындайды және оны қосу мен ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Математиканы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Бастауыш мектепте математиканы оқыту үдерісі
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Математика оқу пәнінің базалық білім мазмұны тарауларына сипаттама
Екінші сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
2-сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін теориялық жағынан негіздеу
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктерін зерттеу
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
2 – сынып математика пәні мазмұнының ерекшеліктері
Пәндер