МАТЕМАТИКАНЫ ТЕСТ ТӘСІЛІ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Математиканы тест тәсілі арқылы оқытудың педагогикалық-психологиялық негіздері
Шел елдерде тест әдісін қолдану аясы
Қазақстан елінде тест жүйесінің қолданылуы
Тест құрудың технологиясы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

1.1.Шет елдерде тест әдісін қолдану аясы
Бүгінгі таңда орта мектеп, кәсіптік арнаулы мектеп, колледж және жоғары оқу орындарының жұмысын жетілдіру - оқу үрдісінің құрылымы мен көптеген дәстүрлі әдістері қаралып, Денсаулық сақтау және білім министрлігі оқыту мен оқушылардың білімін тексеруде жаңа технологияны іздеп, енгізіп, қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде.
Сондай тәсілдердің бірі - тест тәсілі. Тестік бақылау мен тапсырмалар мазмұны жағынан ерекше объект ретінде жеткілікті түрде зерттеліп, талқыланған.
Жалпы алғанда, тест (test) сөзі ағылшын тілінен аударғанда сынықтан өткізу, тексеру деген мағынаны білідреді.
Тест ұғымының әртүрлі анықтамасы бар. Оның ішінде көп қолданылып жүргені Тест дегеніміз - жауабы берілген тапсырма деп тұжырымдалып жүрген анықтама. Тест мәселесінің ой-қырына терең бойламай айтылған бұл анықтама, оның мәнді белгілерін білдіре алмайды. Демек, бұл айтылған анықтама тест үшін әмбебап анықтама бола алмайды.
Сол себепті белгілі ғалым И.Ропопорттың берген анықтамасына сүйенсек, тестбелгілі бір ережеге сәйкес жасалынған, алдын-ала эксперименттік тескеруден және оны дамытудың арнайы процедурасын өткен өзінің тиімділігі жөнінде жеткілікті мінездемеге ие болған тескерушілерге арналған арнайы сұрақтар мен тапсырмалар жиынтығы.
Ал, педагог ғалым В.П.Беспалько білім стандарты туралы ой тұжырымдамаларында оқушылардың игерген білім сапасын тексеру мәселелерін зерттей келе, тестке мынандай анықтама берген. Белгілі дәрежедегі іс-әрекетті орындауға арналған тексеру, тапсырмаларын қамтитын білімді игеру сапасының нақты бағасын анықтау құралы тест болып табылады.
Сонымен қатар, В.П.Беспалько тестік тапсырмаларды білімге қойылатын талаптарға сәйкес деңгейлерге бөліп, классификациясын жасаған.
Ол жіктелу бойынша:
І-деңгейдегі тесттер оқушылардың қосымша түсініктеме көмегімен есеп шығару біліктілігін тексеруге арналған тапсырмалар. Бұларға жататындар ерекшелігіне байланысты ажыратуға берілетін танымдық тапсырмалар. Бұл тапсырмаларды тексеру қорытындысында Иә немесе Жоқ жауаптары қойылады.
ІІ-деңгейдегі тесттер оқушылардың өз бетінше бұрынғы алған білімдерін алгоритм түрінде қолдана отырып, есеп шығару бедейлігін анықтауға арналған тестік тапсырмалар. Бұған жататындар тапсырмаларда арнайы қалдырып кеткен құрамды бөліктерінің орнына қоюға арналған, конструктивті тесттер. Бұған есеп жауабын өз бетінше ойлап шығарылатын есептер жатады.
ІІІ-деңгейдегі тесттер оқушылардың еңбекке дайындығын бақылауға арналған эвристикалық типтегі тапсырмалар.
IV-деңгейдегі тесттер оқушылардың шығармашылық біліктілігін, олардың жаңа информацияны қабылдауға ыңғайлы зерттеу мүмкіндігін анықтауға арналған тапсырмалар. Бұған жататындар - проблемалық тесттер.
В.П.Беспалько тесттердің жіктеуімен қатар, тесттерге қойылатын талаптарды да көрсеткен. Бұлар тесттердің негізділігі, біркелкілігі, нақтылығы. Тестік тапсырмалар негізінен тексеру, бақылау қызметін атқарады. Сонымен қатар, оқыту, үйрету, алған білімін бекіту, жүйелеу қызметін де атқарады.
Тест анықтамасын білдік, енді педагогикалық тест дегеніміз не?
Педагогикалық тест дегеніміз - біртіндеп күрделенетін жеке адамның педагогті қызықтыратын білімі мен басқа да қасиеттерін түпкілікті түрде сенімді бағалай алатын, бір-бірімен тығыз байланысты тапсырмалар жиынтығы.
Тест ұғымына анықтама алдық, оның пайда болу себептері мен даму тарихынан, мәнді белгілерін (мазмұны, формасы, құрылымы т.б.) талдаудан бастайық.
Жалпы, тест терминін 1890 жылы алғаш рет ғылымға енгізген Американ психологы Дж.Кэттел. Алайда, тест бойынша тексеруді 1864 жылы алғаш рет қолданған ағылшын Дж.Фишер және де тестілеу мәселесінің теориялық негізін 1883 жылы жасаған ағылшын психологы Чарльз Дарвиннің немерелес бауыры Фрэнсис Гальтон.
Алайда, тестке алғашқы аталапта жүйесін - жеке адам зерттеу әдісі ретінде алғаш рет Д.Кэттел жасаған. Оның пікірінше тест - ғылыми сынақ өткізу үшін қолданылатын құрал.
Қойылатын талаптар:
- барлық сыналушыларға шарт бірдей;
- сағат бойынша шамамен тестілеу уақытын шектеу;
- тестілеу кезінде сырт көздің болмауы;
- құрал жабдықтардың қажетті деңгейдегі сапалылығы;
- бәріне бірдей нұсқау беру;
- тестілеу нәтижелерін статистикалық өңдеуден өткізу мүмкіндігі.
Өз бастауын Англия мен АҚШ ғалымдарынан алған тест мәселесі ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында француз психологы В.Штерннің еңбектері арқылы дами түсті.
Бұл кезеңде тест негізінен психологиялық тұрғыда, яғни жеке адамның психологиялық - танымдық мүмкіндіктерін (адамның ақыл-ой деңгейін, интеллектуалдық коэффициентін анықтау т.б.) бағалау бағытында қолданылады.
Американ ғалымдары К.Спирмен мен Э.Торндайктың еңбектері негізінде педагогика саласына да дендеп енгізіле бастаған тест ХХ ғасырдың 20 жылдарында бұрынғы Кеңес мектебінде де қолданыла бастаған. Осы кезде мектепке арналған тестілер жинағы да жарық көрді. Алайда, адамдардың барлығы бірдей болып туады, егер ол дұрыс жеке адам болып қалыптаспаса оған кінәлі мұғалім деген қағиданы басшылыққа алған және әртүрлі ойлауға, әртүрлі дүниетанымға мүмкіндік бермей, тек қана өзіне керек адамды ғана тәрбиелеуге ұштылған қоғамда тест мәселесінің өмір сүруі мүмкін емес еді. Сол себепті, КСРО-да 196 жылдан бастап тест қолдануға тиым салынды. Бірақ, оны мүлдем жоғалтып жіберуге алып машина-мемлекеттің де шамасы келмеді. Ол педагогикадан алынып тастағанымен психология, спорт сияқты салаларда белгілі бір деңгейде қолданыстан түскен жоқ.
Бұрынғы КСРО көлемінде педагогикаға тест тек қана араға 40 жыл салып барып 1980 жылдардан бастап бірте-бірте қолданыла бастады.
Қазіргі кезде әлемнің Нидерландия, Франция, Жапония, Англия, Израиль, Жаңа Зеландия, Дания, АҚШ, Австралия, Канада сияқты елдерінде тест оқушыны білім, білік және дағдысын тексеруден бастап Президентке үміткердің интеллектуалдық коэффициентін анықтауға дейінгі қоғамның барлық салаларында қолданылады. Бұл елдерде, тестілер құрастырумен бірнеше алып орталықтар айналысады, олар өз идеяларын таралымы жүз мыңдап саналатын журналдардың көмегімен таратады.
Тіпті қазіргі кезде педагогика, өлшеу теориясы, математикалық модельдеу, математикалық статистика, атвоматизация сияқты ғылым слаларының қиылысуынан педагогикалық тестология деген ғылым саласы, педагог-тестолог деген мамандық пайда болды. Бұл мамандық иесінің мақсаты ғылым саласының маманымен бірге, тестология теориясының негізінде, яғни тест құрылымы, мазмұны, формасы, т.б.
сияқты мәселерді ескере отырып, ғылмның әр саласы бойынша тестілер дайындау.
Санымен сайып келгенде, адам білімі мен қабілетін тексеру атты мәселемен адамзат баласы 4000 жылдан аса уақыт бойы айналысты және оның ең жетілдірілген формасы ретінде 100 жыл бойы тесті күн тәртібінен түспей отыр.
Кеңес Одағында білім, біліктілік, дағдыны бағалау әдісі ретінде тестілеу шамамен 30-шы жылдары қолданылған. Тестке қарсы шығушылардың көп кездесетін дәлел-дәйектері мынадай негізгі пайымдауларға сүйенеді:
- егер де алынған ұпай саны орта деңгейден төмен болса, тестілерді қолдану жеке адамның мәртебесін кемітеді;
- оқытушыны, оның жеке тәжірибесін ешқандай да бағалау әдістері ауыстыра алмайды.
Бұл тұжырымдар қате пікір екенін білеміз. Біріншіден, тест әдістерінің мақсаты оқытушыны ауыстыру емес, қайта оған көмектесу, оны үйілген жұмысты құтқару, оқытудың сапасын көтеруге мүмкіндік беру. Екіншіден, тестілеу теориясы мен практикасы тестер мен сынаушыларға арнаулы ережелер бойынша қарым-қатынасты қалыптастырып, олардың мәртебесінің кемуі мәселесін сол жеке адам пайдасына шешуге мүмкіндік береді.
Шет елдерде бұл жұмыс басқаша сипатталады. АҚШ-та, мысалы тест жұмысын жетілдіру мен қолдану бірге оны үнемі сынға алу да тоқтамайды. Бұл елдің 90% тұрғындары өз өміріде кемінде бір рет тестілеуден өткен. Әр жыл сайын оқушылардың білімі мен қабілеттілігі шамамен 400 тест компаниялар шығарған 47 млн.тест бланкілерінің көмегімен тексеріледі. Жыл сайын жоғары және орта оқу орындары студенттерінің интеллектуалдық қабілеттері мен білімдері тексеруден өтеді. Осы тексерулердің нәтижесінен оқу орнының мәртебесі көрінеді. АҚШ-та педагогикалық тестілеу қызметі жұмыс жасайды. Ол жастардың жоғары оқу орнына оқу жарамдылығын тексеретін тестілер жүйесін, яғни Америкалық колледж бағдарламасының тестілерін және жеке пәндер бойынша білім тереңдігін анықтау тестілерін жасаған.
Тестілеуге қарсы шығушылар, тестке балама ретінде дәстүрлі емтихандардың артқшылықтарын баса көрсетеді. Бірінші дәлел, емтихан сұрағына жақсы жауап барлық курс бойынша жақсы білім деңгейінің көрсетеді, өйткені билет кездейсоқ болғандықтан студенттер, олардың кез-келгеніне жауап беруге даярланады. Бірақ та емтихан билетіне жақсы жауап беруге тек барлық курсты білуге емес, сондай-ақ жекелеген қиын сұрақтардың нақты жауабын білуге байланысты, ал ол билетке болуы да, болмауы да мүмкін. Екінші дәлел, емтихан жеке қарым-қатынас нәтижесінде студенттер білімін объективті бағалауға жол ашады, бағаның объективтілігіне әсіресе, ауызша сынақ кезінде күмәндануға болады.
Егер студент емтихан билеттерінің барлық сұрақтарына жауап берсе, қойылған бағаның дәлелдігі жоғары болар еді. Бірақ емтихан 2-4 сұрақтан тұратын сұрыпталған тексеру жүргізеді. Бұдан шығатын емтихан билетіндегі сұрақтар әртүрлі бірнеше тақырыптарды қамтитын, әрі қысқа болғаны дұрыс. Дәстүрлі тестілік бақылауда тұжырымға негізделеді.
Көптеген сыншылар тест қолдануға қарсы маңызды дәлелдің бірі ретінде студенттердің дұрыс жауапты болжап, табу мүмкіндіктерін көлденең тартады. Ол студенттер материалды игермесе де, болжау арқылы сынақтың қажетті баланың минимумын жинауы мүмкін деп есептейді.
Жүргізілген зерттеулер нәтижесі түгелдей бұл мүмкіндікті жоққа шығарады. Мысалы, тестің бес дұрыс жауабын алу ықтималдығы, егер тест он сұрақтан тұрса екі ұсынылған жауабы бойынша 0,246 тең, екі жауабы бойынша 0,058, ал бес болса шамамен 0-ге жуықтайды. Сонымен, болжау эффектісін төмендету алғаш ойлағандай күрделі проблема емес.
Оқушылардың білімін бағалау және байқаудың прогрессивті әдісі ретінде тестілеу әдісі қазіргі заман талабына сай өз бағасын алу керек деп ойлаймыз.
Тестологияның негізгі қағидалары мен ережелері бар. Тест тапсырмасын құру кезінде соларға сүйену қажет. Алдымен нақты пәнді білудің маңызымен анықтау керек. Пәнді білуге оның негізгі бөлімдерінің атауы да кіреді. Ал, бөлімді білу өз кезегінде тақырыптар атауларының негізгі элементтерімен ашылады.
Әрі қарай игерілетін тақырыпқа кіретін жалпы және дербес сұрақтар беріледі. Әрбір сұраққа тақырыпты білетінін дәлелдейтіндей дұрыс жауаптары бар тестің бір немесе бірнеше тапсырмаларына сай келеді. Барлық тақырыптар мен бөлімдер бойынша бірге алынған жауаптар пән бойынша бүтіндей білім бар екенін дәлелдеуі керек.
Тестің жалпы жоспарын жасағаннан кейін ең жауапты кезең тапсырмаларды құрастыру және іріктеу. Тапсырмаларды құру үшін бірқатар талаптарға сүйену керек. Біріншісі - тапсырмалар саны. Ол жоспарланған мөлшерден 2-36 есе көп болуы керек. Бұл ұсынылатын тапсырмалардың жұмыс қабілеттілігіне байланысты: кейбіреулері ақпаратқа бай болса, кейбірі оған керісінше болуы мүмкін. Сондықтан алғашқы бақылаудан сондай-ақ тапсырмалардың шамамен жартысынан бас тартуға тура. Ал, кейбіреуімен келесі тереңдетілген талдау барысында қоштасасыз.
Екінші талап тапсырма формасына байланысты. Олар ашық және жабық болуы мүмкін. Егер тапсырма сынаушыдан еркін жауап талап етсе, ол ашық деп аталады. Егер дұрыс жауапты бірнеше мүмкін жауаптардан таңдау керек болса, онда ол жабық деп аталады. Тапсырмалар үлгісі:
1. Дұрыс немесе бұрыс екенін белгіле.
Артықшылығы - тестілеудің тездігі және ұпайларды есептеудің қарапайымдылығы.
Кемшіліктері:
oo жарамал жауаптар мүмкіндігі, ықтималдық 12;
oo дұрыс емес мағлұматтарды естеріне сақтап қалуы мүмкін;
oo иә, әжоқә деп те жауап беруге болатындай сұрақты таңдау
қиындығы.
2. Толықтыру:
- әр тапсырмаларда бір толықтыру (бос орын) болу керек;
- негізгі маңыздыны толықтыру керек;
- толықтыру сөйлемнің соңында қойылады;
- сұрақ айқын қойылуы тиіс, екі жақты мағына бермеуі керек және
анық сұраққа анық жауап алынуы тиіс.
Индивидтің қабілеті жыл өткен сайын айналасындағы мәдениетке немесе субмәдениетте ерекше мәні бар функцияларды салыстырмалы түрде арттырып, ал мұндай мәні жоқ функцияларды кемітіп отырады.
Ақыл-ойдың мектеп оқушыларына арналған типтік тестілері негізінен вербальді қабілеттерін, сандық және басқа да абстрактілі символдарды ұғынуды өлшейді. Сондықтан ақыл-ой тестілерінің көпшілігін оқуға қабілеттілік шарасы деп қарастыруға болады. Бұл тестілердің көпшіліктері оқудағы бұған дейінгі және келешектегі жетістіктердің де айнасы. Бірақ бір-екі ғана тестілеудің нәтижесіне қарай шешім қабылдау тестілеуді дұрыс пайдаланбау деген сөз. Шешімді адамдар қабылдайды, ал тестілер - сол шешім қабылдауға қажетті мәлімет көздерінің бірі. Сондықтан тестілер өз алдына бір шешім қабылдау құралы болып табылады.
Индивидтің ақыл-ойы дамуының дәрежесі мен бағытына дара қасиеттер зор ықпал етеді. Тест көрсеткіштерін талдап - түсінуде жеке тұлға мен қажеттілікті бөліп қарауға болмайды. Индивидтің оқудағы, еңбектегі, басқа да іс-әрекеттегі тестілерді орындау қабілеті оның жетістікке ұмтылуына, табандылығына, қадір-қасиет жүйесіне, эмоционалдық тұрғыдағы қиындықтардан шыға білуіне жеке тұлға ұғымымен тікелей байланысты басқа да сипаттарына әсер етеді. Жеке қасиеттер индивидтің ақыл-ой тестілерін орындауына және оның оқудағы болашақ жетістіктерін болжауға көмекші құрал ретінде қарастырылады. Ақыл-ойдың одан әрі дамуын дәл болжау үшін баланың эмоционалдық мотивациялық сипаттамасы туралы ақпарат оның тестілегендегі көрсеткішін және қабілеттерін қосу керек. Өйткені индивидтің өз қабілетін пайдалануы эмоционалдық реттеу ерекшелігіне, тұлғалар арасындағы қарым-қатынастар сипатына және өзі туралы қалыптасқан түсінігіне байланысты.
Дәстүрлі түрде ақыл-ой тестілер деп аталып жүрген тестілер барынша әр алуан жағдайларда қолданылады және кең мағыналы талап шарттарға қарағанда валидті. Бұл тестілерге индивидтің ақыл-ой дамуының жалпы деңгейін көрсететін ақыл-ой коэффициенті (бұдан былай АҚ делінеді) тәрізді бірден-бір көрсеткішті қолдану тән.
Ақыл-ой тестісін орындаудың неғұрлым жалпы бағасын алудың әдеттегі әдісі - ұрымтал тұсты үңгу. Басқаша айтқанда, индивидке алдын-ала өте кең мөлшердегі тапсырма беріліп, сол арқылы барлық маңызды интеллектуалдық функцияларды адекватты түрде таңдап алуға қол жетеді. Әдетте іс жүзінде тестілер вербальді қабілеттер сияқты кейбір қасиеттерді таразылауға арналған тапсырмаларға толы болады да, одан басқаларын анықтауға мүлде жанаспайды.
Көптеген тестілер академиялық үлгермеушілікке қатысты валидті болғандықтан, олар көбіне оқытуға қабілеттілік тесттер ретінде дайындалады. Ақыл ой тесттері арнайы қабілет тестілерін қолданудың алдында жүретін сұрыптау процедурасы ретінде жиі пайдаланылады. Олар әсіресе қалыпты балаларды жасөспірім және жас шағында тестілегенде ересектерге оқу мәселелері бойынша кеңес беруде, кәсіби іріктеуде, басқа да осындай мақсаттарда жиі қолданылады.
Қазіргі психологиялық тестлеудің өзіндік ерекшеліктерінің бірі қабілеттілікті дифференциалды тәсілмен өлшеу болып табылады.
Осы ғасырымыздың ортасында біршама әр түрлі қабілет тестілерінің орындалуын талдауға жол ашатын, ақыл-ой профилін құрайтын, жеке тұлғаның әлді және әлсіз жақтарының өзіндік сипаттамасын ашатын әдістемелердің екпінді дамуы басталды. Дифференциалдық зерттеуге қызығушылықтың бірнеше себептері бар. Солардың бірі ақыл-ой тестілерін орындауға ішкі индивидуалдық айырмашылықтарды мойындаудың арта түсуі болды. Индивидтің әр алуан субтестілер немесе тапсырмалар тобы бойынша жеткен нәтижелерінің ара қатынасын салыстырудағы алғашқы әрекеттер көп жылдан кейін қабілет тестілерінің кешенді батареяларын жасауға алып келді. Субтестілер немесе тапсырмалар тобы көбінесе сенімсіз, жарамсыз ішкі индивидуалдық салыстырулар береді. Ақыл-ой тестілерін құрастыру әдісінің өзі тапсырмалардың кемінде екі, яғни вербальді және вербальді емес, тілдік және сандық категориялары бойынша олардың орындауындағы елеулі айырмашылықты жоққа шығарғандай етеді. Жалпылама ақыл-ой тестілері дегеннің іс жүзінде оншалықты жалпылама еместігін бірте-бірте түсіну қабілеттердің кешенді батареясын жасауға одан әрі игі ықпал етті. Бұл тестілердің көпшілігі ең алдымен ауызша ұғымды өлшейді де, кейбір тестілер ғана болмаса техникалық қабілет тәрізді жақтарға назар салынбайды. Ақыл-ой тестілерінің осы кемшіліктері көзге тұра бастағанда ақыл-ой ұғымының өзін анықтап алу керек етіледі. Атап айтқанда теориялық және практикалық ақыл-ойдың, сондай-ақ абстрактілі, техникалық және әлеуметтік ақыл-ойдың айырмашылығын анықтау ұсынылды. Жеке тұлға ерекшеліктерінің ұйымдасуын зерттеп - білуде факторлық талдауға қолдану қабілеттердің кешенді батареясын құруға теориялық негіз қалады. Ақыл-ойға қатысты әр түрлі қабілеттер факторлық-аналитикалық әдіспен неғұрлым дәл анықталып, жүйеленді. Осының өзінше тестілердің әрқайсысын факторлық талдау арқылы айқындалған факторлардың немесе ерекшеліктердің біріне тиімдірек өлшем болатындай етіп іріктеу мүмкіндігі туды. Факторлық талдаудың негізгі міндеті қажетті өзгермелі ауқымдар немесе факторлар санын қысқарту арқылы мағлұматтар сипатын жеңілдете түсу. Егер 20 тестіден тұратын батареядағы барлық орта дисперсияларды есептеу үшін 5 фактор жеткілікті екені белгілі болса, көп жағдайда бастапқы 20 көрсеткішті ешқандай ақпарттан айырмай-ақ 5-еумен ауыстыруға болады.
Ақыл-ой құрылымының моделі.
Өзінің 20 жылдан аса факторлық-аналитикалық зерттеулеріне сүйеніп, Дж.Гилфорд ақыл-ой ерекшеліктерін үш мөлшем бойынша жіктейді.
Операциялар - сыналушылының қолынан не келеді. Бұған еске сақтау, таным, дивергентті (шығармашылық белсендікке тән) өнімділік, конвергентті өнімділік және бағалау жатады.
Мазмұн - іс әрекеттің жүзеге асуына негіз болатын материалдың немесе ақпараттың табиғаты. Бұған бейнелегіш, символикалы (әріптер, сандар) семантикалық (сөз) және әрекет-қылық (басқа адамдар туралы олардың әрекеті, қабілеті, қажеттіліктері, т.б. туралы ақпарат) материалдары жатады.
Нәтижелер - сыналушының ақпаратты өңдейтін формасы. Нәтижелер элементтер, таптар, қатынастар, жүйелер, өзгеру типтер және жасалған қорытындылар бойынша ажыратылады.
Ақыл-ой құрылымының осы моделі арасында көптеген ақыл-ой тестілері жасалады, сондай-ақ Станфорд - Бине тестісі мен Векслер шкаласының тапсырмаларын классификациялауға пайдаланады.
Бастапқы ақыл қабілеттері.
Жеке өзінің және шәкірттерінің жан-жақты зерттеулеріне сүйенген тестілеу теориясының білгір маманы Л.Терстоун бастапқы ақыл қабілеттері деп белгілеп, бірнеше факторларды бөліп атады.
V. Ауызша тусіну: бұл мынадай тестілерде тиімді фактор - оқығанда түсіну, сөздік ұқсастықтар, ретсіз сөйлемдер, сөздік тестілерімен неғұрлым барабар (адекватты) өлшенеді.
N. Сандық: Қарапайым арифметикалық есептеулердің жылдамдығымен дәлірек анықталады.
S. Кеңістіктік: екі факторды білдіруі мүмкін. Біреуі көзге түскен кеңістіктік немесе геометриялық қатынастар қабылдаумен байланысты, екіншісі-көзге көрінетін бейнелерді манипуляциялауға байланысты. Мұнда объекті күйінің немесе тасымалдауын көз арқылы елестету керек.
M. Ассоциативті еске сақтау: негізінен ассоциативті жұптарға механикалық еске сақтауды талап ететін тестлерден байқалады. Бұл фактор есті пайдалану дәрежесін бейнелей алатының көрсететін мәліметтер бар, сондай-ақ барлық еске сақтау тестілеріне тән кеңірек фактордың бар екенін жоққа шығаратын мәліметтерде бар. Кейбір зерттеулер уақытша жүйелілікті еске сақтау және кеңістіктегі жай-күй тәрізді шектеулі факторлардың болатынын растайды.
P. Қабылдау жылдамдығы: детальдарды, ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көру арқылы жылдам әрі дәл қабылдау осының өзі сол жылдамдық факторы болса керек.
I. Индукция (немесе логикалық ойлау): бұл фактор онша дәл анықталмаған Л.Терстоун алғашқыда индуктивтік және дедуктивтік факторларды ұсынды. Соңғысы силлогистикалық талқылау тестілерімен жақсы өлшенеді де, ал алғашқысы-сыналушы ережені табуы тиіс тестілермен, сондай-ақ аяқтау тестілерінің бірқатарымен жақсы өлшенеді.
Фактор саны әлі де көп болып қала берері анық. Адамның әрекет-қылықтары өзгермелі және күрделі, сол себепті оны бірнеше факторлар көмегімен ғана сипаттап беру мүмкін емес. Бірақ нақты бір мақсат үшін, мінез-құлыққа және осындай мақсатты қамтитын әрекет-қылыққа сәйкес факторларды іріктеп алуға болады.
1.2.Қазақстан елінде тест жүйесінің қолданылуы
Әртүрлі тапсырмалар арқылы білім және қабілеттілікті тексеру тарихы төрт мың жылға созылады екен. Ежелгі Вавилон, Қытай, Греция, Спартак және басқа да халықтар талапкерлерді таңдау мақсатымен көптеген әртүрлі сынақтар жүргізген. Кейінгі жылдары дамыған елдерде тест жүйесі толығымен қолданылса, КСРО-да 1980 жылдары қайта жаңғырып қолданысқа ие болды.
Әлемде бір ғасыр бойына пайдаланып келген бұл әдіс біздің Республикамызда 1992-93 жылдары ене бастаса да, өз тиімділігі және әділдігімен (әсіресе қабылдау емтихандары) ерекшеленіп, өз орнын алды. Сонымен қатар, тест әдісі жоғары оқу орындарының, колледждердің сынақ емтихандары және мектепте білім деңгейін (сапасын) тексеру кезінде де пайдалануда.
Біздің елімізде тест мәселесі соңғы жылдары қоғамның барлық салаларына, әсіресе білім беру салаларына батыл енгізілуде. Әрине, мұнда алғашқы кезде кез-келген жаңа нәрсе сияқты оған қарсы болушылар да аз болған жоқ. Тест жүйесін Әне ауыстырады, мәне ауыстырады деген әңгімені қойып, санамызды осы жүйенің ыңғайымен жоғары оқу орнына дайындай бастағанымыз анық.
Тест жүйесі Қазақ еліне енген алғашқы жылдары, яғни: тест арқылы оқушыларға білім бере алмаймыз, тест оқушыларды сөйлеу қабілетінен айырады деген байбаламдар да кездесті. Бұл қате пікір болды. Өйткені, біріншіден, әлемнің дамыған елдері мойындаған бұл тәсілді біз де мойындауымыз керек.
Екіншіден, кез-келген білімді тексеру тәсілі (диктант, шығарма, өзіндік жұмыс, бақылау жұмыстары т.б.) оқушыларды сөйлеп үйретуге емес, білімнің нақты деңгейін көрсете білуге негізделген әдіс екен ескерген жөн.
1993 жылы Республикамызда жаңа тест әдісін енгізу жолындағы ғылыми-әдістемелік, ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында Республикалық тест орталығы құрылды. Орталықта 13 қызметкер жұмыс істеді, олардың үшеуі ғылым кандидаты болса, жетеуі жоғары білімді мамандар болды.
Бұл орталық 1993-97 жылдары ішінде 45000-нан астам талапкерлерден тест алса, 1997 жылдың өзінде Республикамыздың 35 жоғары оқу орындары мен колледждері тест орталығы арқылы емтихан құжаттарын дайындады немесе тест орталығымен бірге емтихан өткізді.
Тест орталығында тест тапсырмаларының банкі құрылып, онда мектеп бағдарламаларының негізгі пәндерінен 30 мыңнан астам тест тапсырмалары жиналған. Тест тапсырмаларының авторы - Алматы қадасы және Республикамыздың білімді мамандары (жоғары оқу орындары мен мектеп мұғалімдері). 1993-1995 жылдары тест арқылы емтихан тапсырғандардың көпшілігі қате жіберсе, 1996-1997 жылдары талапкерлер бұл қателіктерді жоя бастады. Осы жылдары ішінде Артық ғылым - кітапта - деген ұлы ақын Абай атамыз айтқандай тест тапсырмалары жинақтары шықты.
Шет елдерде қолданылып жүрген тест әдісі Қазақстан жеріне көңілге қонымды, әрі тиімді шара. Еліміздегі жоғары оқу орындарына қабылдау жүйесінің әлемдік стандарт ретінде қабылданған - тест сұрақтары тегін оқу гранттары арқылы жүргізілуі пән мұғалімдеріне, әсіресе бітіруші сыныптарда сабақ беретін бұл бағытта көп еңбектенуді талап етеді.
Тест жүйесінің адам факторы, яғни сыртқы көмек факторын мейлінше азайтуы, әсіресе бұл жүйе арқылы сенімді білімнің болғаны жағдайда оқу грантын ашық, демократиялық түрде жеңіп алу мүмкіндігінің болуы әр жас жеткіншек көңілінде келешекке деген сенім ұялатары сөзсіз.
Тест әдісінің тиімділігі тек жоғары арнаулы оқу орындарына қабылдау емтихандары ретінде ғана емес, сонымен қоса конкурстық іріктеу, олимпиадалық жарыстар мен студенттердің семестр аралық білімін
бағалау тестік жүйемен жүзеге асырылуда. Өйткені, отбасы мен балабақшадан бастап, жоғары оқу орындарына дейінгі жас ұрпақтары оқытудың әрбір сатысында білімін көтеріп, дағдыларын одан гөрі дамыту үшін ғылыми негізделген педагогикалық талаптар мен міндеттер қойылуда.
Білім деңгейін тексеріп, оның нақты деңгейін бағалауды қандай тұрпатта (жай, әңгіме, ауызша емтихан, жазбаша емтихан, тестік бақылау, диктант т.с.с.) жүргізсек те соңғы нәтиже, мақсат бір. Әрбір іс-тәжрибенің өзіне тән артықшылықтары, кемшіліктері де бар. Олардың өзі қолдану жүйесіне, экономикалық тиімділіктеріне, қоғамдық-әлеуметтік көзқарастарға байланысты әртүрлі сұрыпталып, сараланады.
Соңғы жылдары қоғамдық және әлеуметтік өмірде болып жатқан елеулі өзгерістер ағарту саласының алдына көптеген жаңа міндеттер қойып отыр. Әсіресе, білім беру жүйесінде әлемдік деңгейге жету үшін, ескірген стандарттардан бас тартып, оқу орындарына қабылдау жүйесі өзгеріп, білім деңгейі басқаша бағаланатынын білеміз.
1999 жылдан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарына түсушілердің (талапкерлердің) білім деңгейін тексеріп, саралау Қазақстан Республикасы Білім және Ғылыми министрлігінің Білім беру мен тексеруді мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығына (БТМСҰО)-ға жүктелінді.
Бұл өте тиімді шара. Ол біріншіден дарынды балаларға жол ашты, олардың білім көрсеткіштерінің нақты деңгейін анықтауға мүмкіндік берді, екіншіден Қазақстанның әрбір аймағындағы мектеп бітіруші түлектердің базалық білім деңгейін салыстыруға, білім департаменттерінің жалғар ақпараттарға жүгінуге жол бермейді, үшіншіден, әрбір мектеп ұжымының, мұғалімдердің өз мүмкіндіктерінше жауапкершілікпен қарауына, көтеріңкі бағалардың көлеңкеде қалуына септігін тигізеді. Сонымен қатар, Президентіміз бастап жүргізіп отырған саясатқа, демократиялық сипат беріп, қоғамдық оң көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.
Ал, экономикалық тиімділігі - бір төбе.
ХХІ ғасырдың табалдырығы алдында білім беру капиталға айналуда. Оның өзі мазмұны жөнінен стратегиялық ресурстармен бәсекелесе алады және солай болуға да тиіс. Елдің даму деңгейі осы арқылы бағаланатын болады-деп Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың білім беруге ерекше мәні беруі, даму үрдісін қадағалап отыруы, оның нақты дәлелі.
Әрине, оқудың сапалы болуына оқулық сапасының әсері зор. Сонымен қатар, оқыту нәтижелерін саралау мен бағалаудағы тестінің алатын орны мен қызметі, құндылығы мен кемшіліктері, ғылыми-методикалық конференцияларда айтылып, баспасөз беттерінде жазылып жүр.
Осы төңіректе көргенін, білгенін айтпаса аға кінәлі деп Платон айтқандай, көптеген ғалым ағаларымыз тест тәсілінің кемшіліктерін баспасөз беттерінде жариялап жүр. Сондай ағаларымыздың бірі - Әбдіқади Мұстафаев (Семей бизнес және кәсіпкерлік институтының кафедра меңгерішісі, физика-математика ғылымының кандидаты, доцент). Оның пікірінше: БТМСҰО шығарған әрбір пән бойынша тест жинақтарының бағасы қымбат болғанымен, ішкі құрылымының құнсыздығына қынжыласың.
Ал, ондағы әрбір тест - тапсырмаға жастардың болашақ тағдырының тәуелділігі еріксіз ойландырады.
Тест тапсырмалар жинағының ішкі құрылымында кездескен қате-кемшіліктерге, яғни:
1) көптеген тест-тапсырмалардың қайталануы;
2) грамматикалық-техникалық қателер;
3) тапсырманың жауаптар тізбегінде нақты жауапты болмауы;
4) балама жауаптар мен жалған пайымдаулардың сапасының төмендігі;
5) тапсырма мазмұнының таяздығы;
6) тесттің бір мәні шешілуінің ескерілмеуі;
7) нұсқаға енген тест деңгейінің әрқилылығы, тапсырмаларды бірте-бірте қиындату принципінің ескерілмеуі;
8) қайсыбір тестілердің түп нұсқасы орысшадан алынғандықтан, аударманың мән-мағынасынан алшақтығы;
9) жинаққа енген математика бөлімдерінің ара салмақтарының алшақтығы;
10) бір мазмұнда, бір мағынада шығарылатын есептердің жиі қолданылуы;
11) тапсырма шарты мен жауаптар арасындағы байланыстың ерсерілмеуі, т.с.с.
Бұндай кемшіліктердің емтихандағы тестік нұсқауларда орын алуы өкінішті-ақ.
Оның үстіне кейбір әріптестеріміздің (аппеляциялық комиссия мүшелері) РТО сойылып соғып қараны-ақ, бұрысты-дұрыс деп талапкер шығымына құлақ аспауларын қалай түсінуге болады:
Және де әдістемелік құралдарға қысқаша шолу, талдау жасайын - тестің ең басты ерекшеліктері мен артықшылығы ондағы қосалқы жауаптар тізбегінде.
Бұл жинақты тестілерде есепті орындау барысында пайда болатын жалған пайымдаулар, оқушылардың жіберетін мүмкін қатерелі, қосалқы түбірлері еш ескерілмеген.
Ең болмаса нақты жауапты басқа сандармен араластырып, әртүрлі комбинацияда беру де қарастырылмаған. Бұндай жағдайда, жауаптарды есеп шартына қойып, тексеру арқылы дұрысын анықтау талапкерлерге тиімсіз болар еді. Себебі, бес жауаптың бәрін яғни онда келтірілген бүкіл сандар тізбегін бір-бірлеп тексеру көп уақытты қажет етеді,-деп осы жайлы Жас Алаш газеті, Информатика, физика, математика журналдар мен Оқулық сапасы туралы сын мақалаларында жарияланған.
Жоғары деңгейде дамыған елдерде кеңінен қолданылып келе жатқан тест тәсілінің біздің қоғамызда да алатын орны ерекше,болашағы зор.
Сонымен қатар, біздің тұрмыстық тіршілігімізге араласа бастағанына біраз уақыт болған тестік бақылау мен тапсырмалар мазмұны жағынан ерекше объект ретінде жеткілікті түрде талқыланған.
Осыған орай пәнді оқытудың жоғары ғылыми деңгейге көтеруді қамтамасыз ететін, сабақтың тиімділігін арттыруға белгілі бір дәрежеде ықпалын тигізетін тестік тапсырмалар жинағы мен оларды құру әдістемелеріне қойылатын ғылыми негізделген талаптарды жете зерттеу қажет.
Оқыту процесіндегі басты мақсаттардың бірі - оқушыларға дайын білімді беру ғана емес, келешекте, күнделікті тұрмыста алдарынан шығып отыратын барлық қиындықтарды дер кезінде шеше білуге тәрбиелеу, оларды дербес ойлауға, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz