Мектеп жасына дейінгі балаларға математика элементтерін оқыту ерекшеліктері. Балаларды оқыту және дамыту және оның ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе.

І- тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға математика

элементтерін оқыту ерекшеліктері.

  1. Балаларды оқыту және дамыту және оның ерекшеліктері
  2. Мектепалды балаларының математикалық түсініктерін дамыту жұмыстарының жоспары мен есебін құрастыру негіздері.

ІІ-тарау. Әрбір топты қарапайым математикалық түсініктерді

қалыптастырудың оқыту әдістемесі мен бағдарламасына

талдау.

2. 1 . Екінші сәбилер тобында қарапайым математикалық

түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуды ұйымдастыру.

2. 2. Ортаңғы және ересектер тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқыту.

2. 3. Дайындық тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқыту.

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Қосымша.

Кіріспе

Балалар бақшасының естиярлар тобындаматематика элементтерін оқыту программасы мен методикасын бес жасқа қараған балалар тобында қарастыратын болсақ- естиярлар тобында әдетте алдыңғы топта - кішкентайлардың екінші тобынан көшірілген балалар болады, бірақ кейде жаңадан, бұрын мектепке дейінгі мекемеде болмаған балалар да келіп қосылады. Тәрбиеші өз тобының құрамдық ерекшеліктерін ескеріп, жыл басында сабақты дифференциялды өткізуі қажет. Программада сабақтардың мазмұнын бұдан әрі күрделендіру көзделген, сондықтан бақшаға жаңа ған келген балалармен алдыңғы топқа арналған программма бойынша бірнеше сабақ өткізген жөн. Кішкентайлардың екінші тобынан көшкен балалармен де өткен жылы не үйреніп білгендерін ескетүсіру қажет болады, өйткені жаз кезінде әдетте кейбір білімдермен дағдылар ұмытылып қалады. Осыған байланысты сентябрь айында өтілген программалық материалды қайталауға арнап, ал жаңа материалды үйренуге біраз кейінірек кіріскен жөн.

Естиялар тобында жиын, өлшем, форма жөніндегі, кеңістік ж\е уақыт қатынастары жөніндегі түсініктерін әрі қарай дамыта түсу, сонымен бірге балаларды санауға үйрету және сан ұғымын алғашқы рет қалыптастыру көзделген.

Білімсіздіктен білімге өту кезеңінде ішкі психикалық процесс жүзеге асады, яғни даму жүреді. Оқыту процесінде балаға тек дайын білімді беріп қана қоймай, оныңақыл-ой қабілетін де дамытып отырудың маңызы зор . Осыдан талдау, синтездеу, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, жіктеу, сериялау және т. б. сияқты ойлау операцияларын, қалыптастыруға сондай-ақ танымдық ынтаны бақылауға, сөзді дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың дамып келе жатқан методтарын пайдалану қажеттігі жөнінде қорытынды келіп шығады. Алайда ойлау білім алу негізінде ғана жемісті өсіп-жетілетінін ұмытуға болмайды. Көрнекті совет психологтарының бірі П. П. Бонский былай деп жазды: « . . . Егер де соңғылары болмаса, онда ойлаудың дамуы үшін негізі де жоқ және ең соңғысы да қажетті мөлшерде пісіп-жетіле алмайды». Дайын білімді бала терең ой жүгіртпей ақ еске сақтау арқылы меңгеріп алатыны белгілі.

Үш жастағы балалармен жүргізілетін жұмыс негізінен жиын туралы түсінікті дамытуға, жиындарды сандық құрамы жөнінен салыстыру жолымен олардың арасындағы айырмашылықты қабылдауға, жиындардың сандық құрамы жөнінен теңдігімен теңсіздігін анықтай білуді қалыптастыруға бағытталуы керек. Балалар сан туралы білмей тұрып -ақ жиындарды салыстыра алады. Жиындардың сандық құрамы жөнінен әр түрлі болатынын балалар бақылауларға сүйеніп ұғынып алғандары жөн.

Зерттеу нысанасы:

Балалар бақшасында II сәбилер тобы, ортаңғы тобы және даярлық тобында қарапайым беруде дидактикалық принциптер беруді қолдану жолдары.

Зерттеу пәні:

Ойын, сабақ, ата-анамен жұмыс.

Зерттеу мақсаты:

Курстық жұмысымның мақсаты бала бақшада аталмыш зерттеу тақырыбымды өз тобымда сабақ, ойын барысында жүргізіп, тәрбиенің іс-тәжірибесімен ұштастырып, оларды теориялық материалмен біріктіре отырып, көлемі отыз қырық беттік курстық жұмыс жазып шығу.

Ғылыми- болжам:

Бала бақшада математиканы оқытуға қатысты дидактикалық принциптерді тәрбиешінің іс- оныңсабағыныңқызықты өтуін қандай дабірдеңгейге көтереді.

Зерттеу міндеттері:

I. Психологиялық педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқу.

II. Озат тәрбиешінің тәжірибелерімен танысужәне оларға талдау жасау.

III. Зерттеу әдістерін анықтау.

IV. Жаттығулар кешенін анықтапқарастыру жұмыстың тиімді түрлерін жәнеәдістерін анықтау.

Зерттеу әдістері:

Бақылау, әңгіме, анкета, ғылыми педагогикалық психологиялықжәне әдістемелік талдау, тест жүргізу. Педагогикалық тәжірибе және балалардың қарым- қатынасын анықтау керек.

Жұмыс кезеңдері:

I. қыркүйек, қазан. Зерттеу тақырыбын алып, библиотекалық жұмыспен жұмыс жүргіздім.

II . қараша, желтоқсан тақырыбына сәйкес теориялық материалдарды, кустық жұмыстың кіріспесін жазып шықтым .

III. қаңтар, ақпан Теориялық математиканы бала бақша тәжірибесімен ұштастырып курстық жұмысымның екі тарауын, қорытындысы мен қосымшасын біріктіре отырып, жетекші рұқсатымен жазып шықтым.

I-тарау. Мектеп жасына дейінгі балаларға математика

элементтерін оқыту ерекшеліктері.

1. 1 . Балаларды оқыту және дамыту және оның ерекшеліктері.

Баланың жеке басының қалыптасуы және оның ақыл-ойының өсуі әр түрлі әрекеттер нәтижесінде жүзеге асады. Бала өмірінің бірінші күнінен бастап, өзінің дамуына ықпал жасайтын және онымен эмоциялық қатынаста болатын адамдардың қоршауында болады. Сондай-ақ баланы қасиеттері мен сапалары көптеген заттар қоршап тұрады. Бөбектің өзін қоршаған ортамен танысуы және қабылданған обьектілеріне талдау жасауы үшін айтарлықтай үлкен мүмкіндіктері болатынын зерттеулер көрсетті. Бұл үнемі өзгеріп отыратын әрекет компоненттеріне оның бейімделуін қамтамасыз етеді. Әр түрлі өнімсіз және өнімді әрекеттер процесінде сәби жастағы балаларда өздерін қоршаған әлем жөнінде : заттар әлемінің әр түрлі белгілері мен қасиеттері- түс, формасы, шамасы, заттардың кеңістіктегі орналасуы, олардың саны туралы, сондай-ақ адамдардың қарым-қатынастары жөнінде түсініктер қалыптаса бастайды. Элементар математикалық түсініктер мен алғашқы ұғымдардың қалыптасуына негіз болатын сенсорлық тәжірибе біртіндеп жинала береді. Белгілі совет психологы Л. С. Выготский әрқашан «ең жақын даму аймағына» қарап бағдарлану керек деп атап көрсетті. Ол былай деп жазды: « . . . біз тек бүгінгі күнге дейін аяақталған даму процесін ғана, оның аяақталған циклдарын ғана, пісіп-жетілудің атқарылған процестерін ғана емес, сонымен бірге қазір қалыптасу жағдайында тұрған енді-енді пісіп жетіле, дами бастаған процестерді де есепке алуымыз мүмкін». Оқыту осы арқылы дамуды бастайды, дамудың қайнар көзі болып табылады. Оқыту мен дамуды неге бірдей деуге болмайды? Бұлай істеу теріс болатыны мынада: өзара байланысты осы процестердің әрқайсысының өзіндік заңдылықтары бар. «Оқу процесінің бұл сыртқы заңдары дамудың оқытумен өмірге келетін процестері құрылымының ішкі заңдары дамудың оқытумен өмірге келетін процтері құрылымның ішкі заңдарымен мүлде сай келеді деп ұйғару өте үлкен қателік болар еді, - деп жазды Л. С. Выготский. Алғашқы танысу мен білімге ие болудың арасында бірталай уақыт өтеді. «Бала нақты пән бойынша ең алдымен белгілі дағдыларға ие болды, ал оларды практикада өз бетімен және саналы түрде қолдана білуге кейінірек дағдыланады». Білімсіздіктен білімге өту кезеңінде ішкі психикалық процесс жүзеге асады, яғни даму жүреді. Оқыту процесінде балаға тек дайын білімді беріп қана қоймай, оныңақыл-ой қабілетін де дамытып отырудың маңызы зор . Осыдан талдау, синтездеу, салыстыру, абстракциялау, жалпылау, жіктеу, сериялау және т. б. сияқты ойлау операцияларын, қалыптастыруға сондай-ақ танымдық ынтаны бақылауға, сөзді дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың дамып келе жатқан методтарын пайдалану қажеттігі жөнінде қорытынды келіп шығады. Алайда ойлау білім алу негізінде ғана жемісті өсіп-жетілетінін ұмытуға болмайды. Көрнекті совет психологтарының бірі П. П. Бонский былай деп жазды: « . . . Егер де соңғылары болмаса, онда ойлаудың дамуы үшін негізі де жоқ және ең соңғысы да қажетті мөлшерде пісіп-жетіле алмайды». Дайын білімді бала терең ой жүгіртпей ақ еске сақтау арқылы меңгеріп алатыны белгілі. Міне, сондықтан да зерттеулерде оларды жете түсініп меңгеру қажет екендігін атап көрсетті . Тек есте сақтау арқылы үстірт меңгерілген білім өмірде де пайдаланылмайды. Білімді тек есте сақтау арқылы ғана меңгерген оқушы жауап беруге әрқашан әзір болады. Егер оқушы білімді түсініп меңгерсе, ол жауап беру алдында қайтаратын жауаптарын өзі тексеруден өткізіп алады. Осы мәселе бойынша П. П. Блонский былай деп жазды: «Тексерусіз меңгеру - сананың жай есепсіз жасаған жұмысы; өзін-өзі тексеруден өткізіп меңгеру -ойлаудың бақылауында жұмыс істеген сана». Демек, оқыту процесінде дамуға басшылық жасай отырып, оқушылардың назарын меңгерілетін материалдың тек мазмұныга ғана емес, орындалу әдістеріне де аудару қажет. Педагогтың міндеті -балалар әрекетін ұйымдастыру, өйткені бала тек әрекет үстінде ғана жетіледі. Баланың алдына қандай да бір міндет қойылса, онда сол міндетті шешуге талпыныс пайда болады. Бірақ ол мұны әрекеттің, мінез-құлық пен ойлаудың жаңа әдістерін меңгергенде ғана іске асырылады. Сондықтан қажеттілік мүмкіндіктің арасында, белгілі мен белгісіздің арасында қарама-қайшылық кездеседі. Бұл қарама - қайшылық дамудың қозғаушы күші болып табылады. Сонымен педагогтың бағыттаған әрекеті арқылы оқыту баланың психикалық жағынан өсуіне әсер етеді. Соңғы он жылдықтарда баланың ақыл-ойын даму проблемасына көптеген зерттеулер арналады. Оқыту жағдайында бес- алты жастағы балаларда сан ұғымы жақсы қалыптасады; сан обьектілердің басқа барлық кеңістік сапалық белгілерінен абьстракцияланады. Көру және ішкі жиын мен жиынның, бөлімше клас пен кластың арасындағы болымсыз айырмашылықты анықтау, өз пікірі мен байымдауының шындығын дәлелдеу қабілеттері дамиды. Балалар нақтыдан абстрактыға, дұрыс ойлауға тез өтеді; оларда ғылыми ұғымдарды меңгеру үшін қажет болатын ойлау операциялары қалыптасады. Оқыту процесінде білімді хабарлап қана қоймай, ойлау операцияларын жетілдіріп отырудың да маңызы зор. Бала ерте жастан бастап -ақ нәрселердің жиынтығын, дыбыстардың, қозғалыстардың жиынын әр түрлі анализторлар арқылы қабылдай отырып, олармен танысады, бұл жиынтықтарды салыстырады және оларды бір -бірінен саны жағынан айырады. Оқу процесінде бала жиындардың теңдігі мен теңсіздігін көрсету әдістерін меңгереді . Мұның бәрі ересектердің басшылығымен және өзіндік оқу ойындық сипаты бар практикалық әрекеттер үстінде іске асады. Бала сондай-ақ нәрселерді мөлшеріне, түсіне, формасына, кеңістікте орналасуына және басқа белгілеріне қарай ерте-ақ ажырата бастайды. Ол үлкендерге еліктеп, дөрекі түрде нәрселерді өлшеуге әрекеттенеді, алдымен біреуін екіншісіне беттестеріп, сонан соң көзмөлшермен және шартты түрде қабылданған өлшеуіштің көмегімен өлшейді. Сонымен балалар сезімге әсер ету аарқылы қабылдауға сүйене отырып, әр түрлі шамаларда ғана танып біліп қоймай ды, сондай-ақ өз ұғымдары мен түсініктерін соған сәйкес атаулармен, мысалы, көп-аз, кең- тар, биік- аласа, қалың-жұқа және осы сияқты сызықты ауытқушылығынан айыра отырып, сөзбен дұрыс бере білуге алғы шарттар жасалуда. Мұндай дифференциялау, Р. Л. Березина, В. К. Кытырло, Т. В. Лаврентьева, З. Е. Лебедева, Е. В. Просукур және басқалардың зерттеулері көрсеткеніндей ересектердің тиісті басшылығы жағдайында мектеп жасына дейінгі балалар үшін толық жеткілікті. Балалар өз бетімен жүре бастасымен -ақ кеңістікпен және заттар арасындағы кеңістік қатынастарымен әсерлі түрде танысады:ол өзін қызықтырған затқа жақындай түседі, не одан аулақтай бастайды. Бір нәрсе баланың дәл алдында тұрса, басқалары оның артында немесе оң жағында не сол жағында тұрады. Оқыту баланың жақын- алыс және басқа сол сияқты сөздердің мағыналарын ерте меңгеріп алуына мүмкіндік жасайды. Бала практикада нәрселердің кеңістікте орналасуын өзі де бағдарлай алады. Біртіндеп балада әлі де өте нақты болмаса да жақын және алыс кеңістіктер туралы қарапайым түсініктер пайда болады. Осы сияқты нақты түсініктерге сүйене отырып, өз тәжірибесі мен ересектердің оқыту нәтижесінде бала біртіндеп кеңірек жалпылауға дейін келеді: мектепке дейінгі ересек жастағыларға кеңістіктің өлшемі уақыт бола бастайды . Балалар мен ересектер өмірінің бүкіл тәртібі балада уақытқа тән сезімдерді қалыптастыруға және соған сәйкес кеш, ерте, қазір, кейін деген сөздерді пайдалана білуге алғы шарттар болып табылады. Уақытты білдіретін бұл сөздік сәби жастан мектеп жасына дейінгі араықта баланың адамдармен қарым-қатынасы мен әрекеті процесінде күшті қарқынмен өседі. Бала кеше, бүгін, ертең деген сөздердің мәніне қызыға бастайды, мұның өзі ересек адамның балаға уақыттың өтпенділігін, ұзақтығын, кезеңділігін таныстыруға, яғни «уақытты сезіне білуді» дамытуға мүмкіндік береді. Сөздердің мәнін меңгеру балаларға заттардың қасиеттерін жалпылай білуге мүмкіндік береді- өйткені кез келген сөз белгілі дәрежеде жалпылауыштық қызиет атқарады. Бұдан басқа, бала затарды олардың қасиеттерімен, қатынастарымен енжар қабылдамайды, оларға белсенді түрде әсер етеді, оларды жаңғыртады, уақыт жағынан және кеңістікте оларды пайдалана алады. Сонымен, қарапайым математикалық түсініктің қайнар көзі баланың ересектермен тілдесуі мен олардың оқытушылық басшылығы бойынша өзінің әрекет ету процесінде таныған айналадағы нақты шындық болып табылады. Көптеген фактілер мен құбылыстар оқыту болмаса баланың назарынан, қабылдауынан тыс қалар еді. Алайда оқыту күнделікті өмірде эпизодтық сипатқа ие және ол барлық балаларды бір мезетте қамти алмайды. Сол себепті ол алынатын білімді жүйеге келтіруді қамтамасыз ете алмайды. Бала математика жағынан жетілу үшін, оның жиын мен сан жөніндегі, шама, форма, уақыт және кеңістік жөніндегі барлық түсініктері мен ұғымдары белгілі бір жүйеде, бірізділікте болуының маңызы өте зор. Н. К. Крупская: «математика- бұл ұғымдар тізбегі оның бір үзбесі түсіп қалса, одан арғысы түсініксіз болады», -деген еді. Сондықтан балалалардың математика саласынан мектепке дейінгі алатын білімдері қаншалықты аз болғанымен оны балалардың дамуының нақ осы кезеңінде не беруге болатынын есепке ала отырып, біртіндеп күрделендіре беру керек. Сондықтан сабақтарда оқыту балалардың математикалық түсініктерін жетілдірудің негізі, жетекші формасы болып табылады. Реттелген түсініктер, дұрыс қалыптасқан ұғымдар, дер кезінде жетілген ақыл-ой қабілеті сияқты, баланың мектепке онан әрі ойдағыдай оқып кетуінің кепілі ретінде қызмет етеді.

1 . 2 . Мектепалды балаларының математикалық

түсініктерін дамыту жұмыстарының жоспары мен есебін құрастыру негіздері .

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру оны дұрыс жоспарлау мен есепке алусыз дұрыс нәтиже бермейді . Жоспарлау қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру процесін басқарудың бір тәсілі . Жоспар бағдарламалық материалды белгілі бір мақсатқа сай жүзеге асыруға мүмкіндік береді . Одан бөлек жоспар педагогикалық процестің жағдайы мен нәтижесі туралы дұрыс анықтама алуға көмектесетін құжат . Қарапайым математикалық түсініктерді дұрыс жоспарлау үшін тәрбиеші:

  1. Бүкіл бағдарламаны және өз тобының сол жылға арналған

бағдарламасымен таныс болуы керек .

  1. Өз тәрбиесіндегі балалардың жас және дербес

ерекшеліктерін жақсы білуі керек .

3. Оқытуды жоспарлап ұйымдастырғанда дидактикалық

принцптерді пайдалана білуі тиіс .

4. Қарапайым математикалық түсініктердің әдістемелік

негіздерін білуі тиіс .

5. Білімдерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс .

Оқу-тәрбие процестерін жоспарлау оның нәтижесінсіз есепке алу мүмкін емес . Есепке алу педагогпен балалардың оқу барысында атқарған жұмыстарының толық жан- жақты және нақты талдауы болып келеді . Есепке алу қолданып жүрген оқыту әдістерінің, құралдарының, тәсілдерінің тиімділігін, бағдарламалық материалды қабылдауын келешектегі жұмысты жоспарлауға мүмкіндік береді .

Жоспарлаудың екі түрі бар:

1. Перспективтік

2. Күнтізбелік

Перспективік жоспарлауды мектепке дейінгі ұйымдарда әдістемелік материалдарды белгілі бір мерзімге құрастыру жатады. Сондада оны жоспарлаған кезде басылардың әкімшілігімен біріге отырып құрастырған дұрыс. Дұрыс құрастырылған тәжірибеде қолданылған жоспар бірнеше жылдар бойы қолданысқа түсе алады. Перспективалық жоспарды қолданудың екі түрі бар:

  1. Бағдарламалық міндеттерді нақты тақырып бойынша бөлу.
  2. Қарапайым математикалық түсініктердің барлық тарауларын бағдарлама міндеттеріне сай кешенді түрде бөлу кезінде міндеттері ортақ сабақтарды 1-2 тақырыптан асырмаймыз.

Ал енді күнтізбелік жоспарға келетін болсақ, күнтізбелік жоспарды құрастырғанда 3 міндетті қамтимыз:

1. Білім беру

2. Дамытушылық

3. Тәрбие

Білім беру міндеті перспективтік жоспардан алынады. Ал біз оларды тақырыпқа сай нақтылаймыз.

Дамытушылық міндеті балалардың дұрыс сөйлеуін үйрету және басқа да психикалық процестерін әр сабақта жоспарлаймыз.

Баланы жинақ болуға, оқу жұмысына оң көзбен қарауға үйрету. Бұл міндет ұзақ мерзімге жоспарланған болатын сол себепті де бұны әр сабақта жаза берудің қажеті жоқ. Сонымен қатар үлгермейтін балаларға жоспар жасаймыз.

Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабағын төменгі үлгі бойынша талдаймыз:

1. Күні

2. Тәрбиешінің аты-жөні

3. Топтың аты

4. Сабақтың бағдарламалық мазмұнын бағалау.

а) бағдарлама талабына сәйкестігі

ә) бұрыннан таныс және жаңа тақырыптарды дұрыс байланыстыра орындау.

5. Қолданылған көрнекілік құралдарды пайдалануы:

а) түрі, саны, сапасы, оны топ балаларына жас шамасына сәйкестеу.

ә) баланың көрнекілік құралдарын дұрыс пайдалануы.

6. Оқыту әдістемесі мен тәсілі:

а) сабақтың бағдарламасы

ә) әдіс пен тәсілдің тиімділігі

7. Сабақтың өту барысына анализ:

а) сабақтың құрылымы

ә) сабақтың ұзақтығы

б) балаларды дұрыс ұйымдастыру

в) тәрбиешінің түсіндіруі, көрнекілік қолданылуы

г) сабақтар мен тапсырмаларды нақтылау

д) балалардың зейіні мен ойлау қабілетін жетілдіру

е) тәрбиешінің балаларға көмегі

з) балалардың жұмысын қадағалау

ж) біліммен тәрбиенің байланысы

8. Сабақты қорыту

9. Жалпы қорытынды:

а) оң және дұрыс(бұрыс) жақтары.

ІІ-тарау. Әрбір топта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруды оқыту әдістемесі мен бағдарламасына талдау .

2. 1. Екінші сәбилер тобында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру пәнін оқытуды ұйымдастыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың теориялық негіздері
Кішкене балаларға математика ілімінің элементтерін оқыту ерекшелігі
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда кездесетін қиындықтарды шешу жолдары
Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда ережелі ойындарды пайдалану
Мектеп жасына дейінгі балалардың элементарлы математикалық түсініктерін қалыптастыру негіздері
Мектепке даярлық тобындағы балалардың ойлау қабілетін қарапайым математикалық түсініктер арқылы жетілдірудің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі баланың жоспары
Мектепке дейінгі жастағы балалардың математикаға танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Нәрселердің өлшемдерін мектеп жасына дейінгі балалардың қабылдауы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz