Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні пайдалану әдіс тәсілдер


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

2. 2. Мектеп жасына дейінгі балаларға ертегіні пайдалану әдіс тәсілдер

- халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын орыс халқының «Бауырсақ», «Шұбар тауық», «Қасқыр мен жеті лақ», «Үйшік» ертегілері арқылы арттыру;

- ертегіні эмоциямен, белсенділікпен айтуға машықтандыру;

- достық, ынтымақтастық, тәрбиелеу;

- сурет салу барысында дәстүрден тыс тәсілді қолдана отырып бояуды ұқыпты жағуға жаттықтыру;

- екі тілді меңгеру арқылы лексикалық түсінік қорын молайту;

Міндеті:

- сахналандыру, үстел үсті, ойыншықтар, қуыршақ, фланелеграф театры арқылы кейіпкерлерді бейнелеуге үйрену;

- ертегілерді тыңдауға, түсуінуге, көруге талпындыру;

- сурет салу барысында қиялын дамыту, өзі істеген жұмысына сүйіспеншілікпен қарауға жағдай туғызу;

- «түлкі», «аю», «қоян», «лақ», «қасқыр» сөзін қазақша, орысша айту;

Көрнекіліктер: Топ ішін ертегі әлемі бейнесімен безендіру, «Шұбар тауық» - ойыншық театры, «Қасқыр мен жеті лақ» - үстел үсті театры, «Үйшік» фланелеграф, «Бауырсақ» - қуыршақ театры.

Алдын-ала жұмыстар: таныс ертегілерді еске түсіреді. «Бауырсақ» ертегісін сахналау, ертегі кітаптарын көру, түрлі-түсті мозайкалармен жұмыс (аю, түлкі, бауырсақ)

Бленгвалдық компоненттер: түлкі-лиса, аю-медведь, қоян-заяц, лақ-козленок, қасқыр-волк.

Инклюзивтік әлеумет:

- А. Цай тілді жетік білмейтін, зейіні аз бала, қызығушылығын арттыру.

- Д. Есентаев тұйық. Сөз қоры аз баламен жеке жұмыс жүргізу.

Қызмет кезендері
Тәрбиеші қызмет
Балалар қызметі
Қызмет кезендері: Ұйымдастырушы қозғаушы қызмет түрі
Тәрбиеші қызмет:

«Балалар тілегі» - топтық жиын.

Ертегі Перизатының топқа кіруімен ғажайып сәт ұйымдастырылады.

(топпен жұмыс)

Ертегі Перизаты өзімен бірге әкелген сандықша ішінен көптеген ертегілер суреттерін сыйға тартады.

Балалар қызметі:

Балалар бір - бірімен амандасып. «Қайырлы күн, бүгінгі күн шуақты болсын!» деп тілек білдіреді, достық, ынтымақтастық сыйлайды. Музыка әуенімен топқа кірген Ертегі Перизатын қуанышпен қарсы алып, қызығушылықтары артады.

Ертегі Перизатының сөзін мұқият тыңдап сандықшада не бар екендігін білгісі келіп, қызығушылығы артады.

Қызмет кезендері:

Ұйымдастыру - ізденушілік

Жетекші-жөндеуші

Тәрбиеші қызмет:

Ертегі Перизаты ертегілерден сурет көрсету арқылы ертегілерді еске түсіреді. Одан соң ол өзінің сиқырлы таяқшасы арқылы топты қызықты ертегілер еліне айналдырып жібереді. - Міне, сиқырлы ертегілер әлеміндегі қызықтарды тамашалау, жақсы көріп қабылдау үшін өзімізді дайындап алайық, ол үшін көзге арналған жаттығу жасаймыз.

Антонды ертегі Перизатына жақын отырғызып зейін бөлгізу.

- Мына үстел үстінде заттар (Шұбар тауық, Тышқан, Ұя, Жұмыртқа) сендерге қандай ертегіні естеріңе салады?

-«Шұбар тауық» ертегісіне ойыншық театры арқылы көрсету.

- Шұбар тауық не туған еді?

- Ол жұмыртқа қандай еді?

- Жұмыртқаға не болды?

-Жұмыртқа қалай сынып қалды?

Ертегі Перизаты өлең оқиды да ол қандай ертегі екенін сұрайды.

Балаларым шырағым,

Қутындаған шұнағым.

Сендерге сүт акелдім,

Есікті ашшы, лағым.

Фланелеграфтағы суреттерден қандай ертегіні көріп тұрғанын сұрау.

-Бұл ертегілерді кейіпкерлерді айтып көріндерші?

- Үйшікті не сындырған еді?

Ертегі Перизаты түсіндірме сөзі, жануарлар туралы тақпақтарын еске түсіруді ұсынады.

Ертегі Перизаты сиқырлы таяқшасының қуыршақ театрына келгенін айтады және оны балалардың көрсетуін ұсынады.

Сергіту сәті:

Аюша біз жүреміз топ-топ-топ,

Қоянға ұқсап секірелік бірлесе.

Қанатымызды бір қағамыз құстарша,

Биікке, көкке самғаймыз.

Саусақтарды тарамдап біз жаттығу жасаймыз.

Бала бала балақан,

Кәне қайсы алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Міне осы әйбат саусақтармен суретті салуды ұсынады, салу әдісін түсіндіру. Өздерінің суреттерінің сиқырлы екенін, саусақ арқылы салған суреттеріертегі кейіпкерлеріне жан бітіргенін, олар соған қуана балалармен ойнағысы келіп отырғанын айтады. Балалар бойында қуаныш сезімдері пайда болады.

Балалар қызметі:

Балалар өзі білетін ертегілерді еске түсіріп айтып береді. Балалар әр істі мұқият қарап отырады.

Көздерін ашып жұму, оңға солға, жоғары төмен қозғалу арқылы жаттығуды орындайды.

Ертегі Перизатының әрекетін мұқият бақылап ертегіні тыңдайды.

Үстел үстіндегі заттарға балалар мұқият қарап, оның шұбар тауық ертегісі екенін айтып береді.

Балалар мұхият тыңдап, әрекетті көріп отырады. Ертегі Перизаты сұрақтарына жауап береді:

- Шұбар тауық жұмыртқа туған.

- Ол жұмыртқа

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін жаңылтпаштар айтуда тілін дамыту
Сөйлеу әрекетінің орталығы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ертегі мазмұны бойынша ересек балаларды сурет салуға үйрету
Балабақшадағы драматизациялау іс-әрекетінің мәні»
Балалар театрының түрлері
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың сурет салу ерекшеліктері
Адамгершілікке тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері
Мектеп жасына дейінгі балаларда суреттерді пайдалануымен байланысты дағдыларын қалыптастырудың маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz