МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Ф-ОБ-001/033

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі Қазақстанның егемендік алып, өзінің ғылым мен техникалық дәрежесінің өсуі, экономикалық-әлеуметтік, саяси саладағы өркендеуі бүгінгі таңда білім беру мазмұнының уақыт талабына сай өзгеруіне әкеліп соқтырды.

ХХІ ғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және орта 12-жылдық білім беру жүйесінің енгізілуі уақыт талабы болып отыр. 12 жылдық білім беру жүйесі бойынша мектепке дейінгі балалардың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктеріне келер болсақ, баланың жеке тұлғасының даму мәселесін ойдағыдай шешу мектепке дейінгі балалардың 12 жылдық мектепте оқуының дайындық деңгейін ескере отырып, дұрыс бағытта жұмыс жасай білу маңызды [1] .

Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі ұлттық даму стратегиясымен тығыз байланысты мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып табылады. Бала - біздің болашағымыз. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту баланың ғана емес, еліміздің де жарқын болашағының кепілі.

Қазақстанда мектепке дейінгі мекемелерде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың теориялық мәселелерін қарастырған отандық ғалымдар Н. Құлжанова, В. Н. Андросова, Л. А. Давиденко, Е. Б. Дайрабаева, Г. И. Исмагулова, А. Қаржаубаева, Т. Ж. Қалдыбаева, А. К. Меңжанова, О. А. Михалькова, В. Я. Никитин, М. Т. Турскельдина, Б. Баймұратова, Қ. Қойбағаров, К. Сейсенбаев, Ж. Рысбекова, Қ. Т. Шериазданова және М. Оспанбаеваның Ғ. З. Таубаева және т. б. еңбектерін атап көрсетуге болады. [2]

Ұрпақ тәрбиесін жаңа құндылықтар негізінде жетілдіру қоғам алдында тұрған ауқымды істердің бірі, сол себепті де мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ақыл-ойын дамытуды жаңа көзқарастар негізінде талдау - кезек күттірмейтін іс.

Баланың алғашқы бес-алты жас кезеңі оның дамуындағы ең жауапты кезең, себебі осы кезде баланың ақыл-ой қабілеттері, сенсорлық дамуы, эстетикалық сезімдері қалыптасады. Бала тұлғасының мұндай қасиеттері қызықты да мазмұнды сабақ, еңбек және ойын әрекетінде қалыптасады.

Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектепке дейінгі мекемелердің негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi сенсорлық тәрбие беру, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерден бастап ақыл-ойы дамыған, ойлау мәдениетi жоғары деңгейдегi балалар тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына ақыл -ой күштерін, ойлауын дамытудағы және ақыл -ой еңбек мәдениетін дарыту ең алдымен балаға сенсорлық тәрбие беруден бастау алады. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған. Балалардың сенсорлық тәрбиесін қалыптастырудың тиiмдi тәсiлдерiне дидактикалық ойын материалдары да жатады. Қазiргi таңдағы мектепке дейінгі педагогиканың мiндетi - адам бойындағы жақсы қасиеттердi жас ұрпаққа үйрету, баланың білуге деген құштарлығын, ақыл-ой қабілетін дамыту, байқаған құбылыстардын талдауға, салыстыруға, қорытынды жасай білуге үйрету, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, сөйлеуге үйрету. [3]

Жас бала - жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да бiлiм негiзiнің алғышарттары осы мектепалды кезеңінде қалыптасады деп айтылады, яғни осы кезеңнен бастап, балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенiн заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.

Кеңес дәуіріндегі педагогика сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан позициядан принципиалды айырмашылығы бар позицияны ұстанады. Оның пайдаланған дидактикалық материалдар өзін-өзі бақылау принципіне сәйкес жасалған, мұның өзі балаларға педагогтың катысуынсыз, өз бетімен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Кеңес педагогикасы сенсорлық тәрбиені іс-әрекеттің әр түрі: бейнелеу, құрастыру, музыкалық-қимыл үдерісінде, балаларды қоршаған ортамен таныстырғанда жүзеге асыру керек деп есептейді. Мәселен, Е. И. Тихеева сезім органдарын жетілдіру жұмысын бала тілінің дамуымен, қоршаған заттар дүниесімен таныстырумен байланыстырды. Ол жасаған дидактикалық материалдар, ойындар (әсіресе табиғи материалдармен ойындар) да түсті көлемді, форманы ажырата білуге бағытталған, бірақ балаларды заттардың қасиетімен, сапасымен таныстыру ойын әрекеті үстінде жүргізіледі, оның өзі білім мен ұғымды жақсы игеруге көмектеседі [4] .

Мектепке дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарын зерттеуге бағытталған қабылдау әрекеттерінің нәтижесінде қалыптасқан кез-келген түсініктер, келешекте кейіп мәніне айналуы қажет. Бірақ бұл жеткіліксіз. Себебі, әртүрлі заттардың әртүрлі ерекшеліктерінің ішінен салыстыра отырып, ортақ белгілеріне сәйкес заттардың қасиеттерінің негзгілерін айқындай білуі керек.

Біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігі, адамның қоршаған ортаны тануынан, түйсіну (сезім органдарына қоршаған ортаның заттар мен құбылыстардың қасиеттерінің бөліктерінің тікелей әсер етуінің бейнеленуі) және қабылдауы (сезім органдарына қоршаған ортаның жалпы заттары мен құбылыстарының тікелей әсер етуінің) арқылы айқындалуында. Түйсіну мен қабылдауға тәрбиелеу - басқа барлық едәуір күрделі танымдық процестердің (есте сақтау, ойлау, қиял) пайда болуына қажетті алғышарттарды құрады. Дамыған сенсорика -қазіргі адамның практикалық іс-әрекетін жетілдірудің негізі. Б. Г. Ананьевтің айтуынша, «ғылым мен техниканың ең озық жетістіктері тек терең ойлайтынға емес, терең түйсінетін адамға да есептелген».

Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселелерін зерттеумен көптеген отандық және шетелдік ғалымдар айналысқан. Соңғы кездері әдіскерлер өз назарларын көбірек шетелдік авторларға аударуда. Орыс ғалымдары А. П. Усова, А. В. Запорожец, А. Г. Рузская, Н. А. Ветлугина, Л. А. Венгер, В. П. Зинченко және т. б. осы сенсорлық тәрбие беру мәселеріне едәуір өз үлестерін қосты [4, 5, 6, 7] .

Жоғарыда аталған ғылыми зерттеу жұмыстарының құндылық беделін түсірмейтінімізді айта отырып, зерттеулердің бағыттары балаларға сенсорлық тәрбие берудің нақты мәселесін шешуге бағытталғанымен, бүгінгі күні сенсорлық тәрбие мәселесін әлі де зерттеу және толықтыру қажет деп санаймыз.

Ойын - тәрбиенің ең тиімді құралдарының бірі. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» бағдарламасында баланың ақыл-ой тәрбиесі және сенсорлық дамуына, оның дербестігінің, балалар ортасының қалыптасуына ойынның әсерінің үлкен маңызы атап көрсетілген. А. П. Усова ойын іс-әрекетінің мүмкіншіліктеріне сүйене отырып, ойынды тәрбие құралы ретінде қарастырды. Осыған сәйкес, бағдарлама әр ойынның түріне қарай тәрбие міндеттерін айқындап отыр: қимылды ойындар баланың қимылын дамытуға, дидактикалық ойындар - ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға, қоғамдағы адамдардың еңбегі мен өмірін бейнелейтін сюжетті-рольдік ойындар - моральдық қасиеттерді тәрбиелеуге бағытталған және т. б. [4]

Ойынды білім беру үдерісінде пайдалану мәселелері философтар, педагогтар және психологтардың көптеген еңбектерінде орын алып отыр. И. Г. Пестолоцци, Р. Оуен, Ф. Фребель, Я. А. Коменский, К. Д. Ушинский, П. Ф. Лесгафт, Л. Н. Толстой, Н. К. Крупская, А. С. Макаренко және т. б. ойынның педагогикалық дамытушы мүмкіншіліктерін жоғары бағалаған. [8, 9]

Ойынның теориясы мен практикасы мәселелерімен белгілі психологтар Л. С. Выготский, А. Н. Льеонтев, Д. Б. Эльконин, А. В. Запорожец, П. П. Блонский, т. б. ойынның бала дамуы мен оның тұлғасының қалыптасуында алатын орны туралы өз еңбектерінде атап көрсеткен.

Ы. Алтынсарин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, Ш. Құдайбердіұлы, С. Торайғыров, Т. Тәжібаев т. б. баланың психикасының дамуына ойын әрекеті шешуші рөл атқаратындығы туралы айтып кеткен.

«Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»- деп ұлы Абай да ойынның бала өміріндегі мәнін ашып көрсеткен. [10]

Қазақстан Республикасы бiлiм беру жүйесiнiң даму динамикасы, оның iшiнде мектеп жасына дейінгі балаларға интеллектуалдық бiлiм беруде бастапқы идеал құндылықтарды, ұстаным мен мақсаттарды қалыптастыруды талап етедi.

Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады. Бүгінгі мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру қажеттілігі мен ұлттық тәрбиедегі балаларды сенсорлық дамытудың озық дәстүрлердің жүйелі түрде зерттелмеуі арасында; бүгінгі заман балаларына заманауи озық дәстүрлерін меңгерту қажеттілігі мен оны пайдалануға байланысты бірегей тұжырымдама мен кешенді оқу-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылықтың бар екені анық байқалады.

Осы қарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру бізге зерттеу проблемамызды анықтауға және тақырыпты « Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие берудің ерекшеліктері » деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беруде дидактикалық ойындарды пайдалануды теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімді әдіс-тәсілдерін iздестiру.

Зерттеу нысанасы: Мектепке дейінгі мекемедегі оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәнi: Мектепалды балаларға сенсорлық тәрбие беру үдерісінде дидактикалық ойын материалдарын пайдалану.

Зерттеу мiндеттерi:

  1. Балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселесі бойынша педагогикалық- психологиялық, әдiстемелiк ой-пікірлерге шолу жасау;
  2. «Сенсорлық тәрбие» түсінігіне анықтама бере отырып, оның ерекшелiктерiн қарастыру;
  3. Дидактикалық ойындарды пайдалана отырып балаларға сенсорлық тәрбие берудің жолдарын, әдiс-тәсiлдерін анықтап, педагогикалық эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

Зерттеу болжамы:

Егер, мектепке дейінгі мекемелерде сенсорлық тәрбие беруде дидактикалық ойындар тиімді қолданылса, онда балаларға сенсорлық тәрбие беру құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді, заттардың формасын, түсін, көлемі мен басқа да ерекшеліктері мен қатынастарынтуралы білімдері кеңейіп, басқа барлық едәуір күрделі танымдық процестердің (есте сақтау, ойлау, қиял) пайда болуынаықпал етеді. Өйткені дидактикалық ойындардың балаларға сенсорлық тәрбие беруде мүмкіншілігі ерекше.

Зерттеу әдiстерi:

Зерттеу базасы: Түркістан қаласы, «Алия» балабақшасы.

Диплом жұмысының құрылымы: кiрiспеден, екi тараудан, қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

І
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І: 1. 1
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА СЕНСОРЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: Сенсорлық тәрбие түсінігінің теориялық сипаты

Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi мектепалды кезеңнен бастап қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Балабақшадан бастап балаларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау, адамгершiлiк қасиеттерiн дарытып, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу - бiздiң мiндетiмiз болмақ. Сондықтан да балабақшадан бастап баланың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек.

Осы міндеттерді жүзеге асыру балаларға сенсорлық тәрбие беруді тиімді ұйымдастыруға жол ашады, себебі соңғы жылдары мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің түрлері көбейіп, олардағы оқу-тәрбие үдерісін басқарудың икемді, көп функционалды жүйесі құрылып отыр. Міне сондықтанда, осы өзгерістер балалардың ақыл -ойын тәрбиелеп дамытуға қажет.

Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда балаларға білім берудің негізгі құралы болып табылады. Білім алуға және ғылымға ұмтылыс халық санасының тереңнен әрдайым орын алады. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылымның деректерін, түсініктерін және заңдарын мақсатты игерудің нәтижесі деп білді . Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәнін «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала алмайсың», «Ақыл- тозбас киім, білім - сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен - ақ байқауға болады [11] .

Сенсорлық тәрбие ақыл-ой тәрбиесінің негізі болып табылады, ол баланың сезімдік тәжірибесінің дамуын және баюын қамтамасыз етеді, заттардың қасиеті мен сапасы туралы түсінігін қалыптастырады. Сенсорлық тәрбие дегеніміз бұл түйсік пен қабылдаудың дұрыс бағытта дамуы. «Сенсор» сөзі латынның « Sensus » - «сезім», «түйсік», «қабылдау», «түйсіну қабілеті» деген сөздерінен шыққан [12] . Дүниені тану түйсінуден, қабылдаудан басталады. Түйсігі мен қабылдауы мол адамның қоршаған дүние жайлы көзқарасы кең, жан-жақты келеді. Сөйтіп, баланың сенсорлық мәдениеті, оның түйсігі мен қабылдауының даму деңгейі ойдағыдай дамыған таным қызметінің алғы шарты болып табылады.

Педагогикалық сөздікте «сенсор» ұғымына келесідей анықтама берілген « . . . 1) жеке рецептор, 2) рецеторлы мүше»деп атап көрсетілген. Сенсорлық бейімделу- организмнің сыртқы ортаның әр түрлі жағдайына бейімделу қабілеттілігі.

Сенсорлық бөлік - орталық жүйке жүйесінің өрлеме нейрондардың ұштары болып табылатын бөлігі. Мыс. : көру аймағы, соматосенсорлық бөлік және т. б.

Сенсорлық ес - сезім органдарына түсетін ақпараттарды сенсорлық өңдеудің өнімдерін өте қысқа уақыт бойында есте ұстауды қамтамасыз ететін гипотезалық ес жүйкешесі. [13] .

Сенсорлық тәрбиеге екі ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл -ой күштері.

Ойлау дегеніміз не? Ойлау деп - заттар мен құбылыстардың арасындағы табиғи байланыстарды және қатынастарды бейнелейтін психикалық процесті айтады. Ойлау - таным іс-әрекетіндегі күрделі үдеріс. Ол білмеуден білуге қарай бағытталған ой қозғалыстың адам миында бейнеленуі [14] .

Ой- түйсіну, қабылдау, елестетуден алынған сезімдік деректердің адам миы арқылы өңделуі, мәнге айналуы. Ойлау - барлық адамдарға тән туынды түсінік. Жеке адам даму процесінде тәрбиеге қоятын міндеттерге сай жедел дамитын ойлаудың нақты жақтарын немесе түрлерін қалыптастырады. Тәрбиешінің міндеті ойлау түрлерінің мәнін терең түсінуі, оларды тұтас педагогикалық процесте шебер қолдана білуі, балалардың ақыл- ой қабілетінің дамуын әсер ету тәсілдерін жете зерттеу қажет.

Енді әрбір ойлау түрлерінің тұлғаның даму үдерісінде алатын орны туралы сөз етейік .

Нақты логикалық ойлау - біздің затты тікелей қабылдауымыз. Мұны кейде көрнекі ойлау деп те атауға болады. Нақты логикалық ойлау балалардың ойлау және оқу процесінде, адамдардың еңбек іс- әрекетінде байқалады.

Сенсорлық даму және ойлау білігінің негізі ойлау операцияларын меңгеріде қажет етеді . Негізгі ойлау операцияларына ғылымда белгілі анализ, синтез, салыстыру, классификация жатады .

Анализ дегеніміз бүтінді бөліктерге ойша жіктеу немесе бүтіннің жеке қасиеттерін ойша бөлу болып табылады .

Синтез - заттың бөліктерін ойша үйлестіре біріктіру немесе құбылыстардың жеке жақтарын олардың белгілері мен қасиеттерін біріктіру. Анализ бен синтез біріне - бірі қарама- қайшы ойлау операциялары болғаны мен, олар бір- бірімен үздіксіз байланыста болады.

Белгілі бір сабақтастықта нақты белгілі немесе бірқатар белгілер бойынша олардың ұқсастықтарын немесе айырмашылықтарын анықтауды салыстыру деп аталады .

Салыстыру - жинақтаудың қажетті алғы шарты .

Араларындағы ұқсастық немесе айырмашылыққа тәуелді заттар немесе құбылыстарды топтарға ажыратуды жіктеу (классификация) деп атайды.

Негізгі ойлау операцияларын тұтас педагогикалық процесте меңгере және нәтижелі қолдана білу тәрбиешінің шеберлігін, біліктілігін, білімдарлығын көрсетеді [15] .

Сенсорлық тәрбиенің тағыда бір маңызды міндеті балалардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Мұның негізінде әлем танымдылығын түсіну, табиғат пен қоғам дамуының заңдарын ұғыну. Жинақты етіп айтсақ, балалар барлық оқу іс-әрекетінде негізгі дүниетанымдық жұмысты бекітеді, баянды етуді талаптандырады. Ақыл-ой тәрбиесінің маңызды міндеті - ақыл-ой қызметінде, білімді үнемі молайтуға қажеттілікті дамыту. Ғылымның, техниканың және мәдениеттің қарқынды дамуы мен байланысты бұл міндет ерекше үлкен мәнге ие болып отыр. Оны шешпейінше талаптылық пен білуге құштарлықты дамыту, ауқымды ғылыми информациядан бағдар табуды қалыптастыру мүмкін емес .

Сенсорлық даму - бұл бала жасына, тәжірибесінің молаюы мен тәрбиелілік ықпалдарының әсеріне байланысты ойлау әрекетінде пайда болатын сан және сапалық өзгерістердің жиынтығы. Мектепке дейінгі шақта білімнің қорлануы шапшаң қарқынмен жүреді . Таным процестері жетіледі, бала сенсорлық әрекеттің қарапайым әдістерін меңгереді. Баланың сенсорлық дамуын қамтамасыз ету оның барлық кейінгі іс-әрекеті үшін зор маңызы бар. Сенсорлық дамыту әлеуметтік ортаның ықпалымен жүзеге асырылады. Ол айналадағылармен араласу барысында тілді қарым-қатынас құралы ретінде пайдаланып, сонымен бірге қалыптасқан ұғымдар жүйесін игереді. Сенсорлық тәрбиені неғұрлым тиімді дамыту оқыту мен тәрбиелеу негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі педагогика ғылыми ақыл- ой дамуының негізгі көрсеткіштері - білімдер жүйесін игеру, олардың қорын жинау, шығармашылық ойды дамыту және жаңа білімдер алуға танымдық қызмет әдістерін меңгереді деп есептейді .

Сенсорлық тәрбие -балалардың белсенді ойлау қызметінің дамуына ересектердің мақсатты ықпалы . Ол қоршаған дүние туралы түсінікке жеңіл білімдерді хабарлауы, оларды жүйелеп отыруды, танымдық мүдделерді зияткерлік дағдылар мен іскерлікті қалыптастыруды, танымдық қабілеттерді дамытуды қамтиды.

Сенсорлық тәрбие - адамның таным қабілетін дамытып, білім қорын игеруіне жол ашатын тәлім - тәрбиенің негізгі бір саласы. Сенсорлық тәрбие арқылы балалардың оқып білім алуына іс - әрекетін бағыттау - сана сезімінің дамуына, ғылыми негіздерін меңгеруіне бағыт - бағдар бере отырып жеке тұлғаны қоғамның өркениетті даму бағытына сай жан - жақты тәрбиелеудің құрамды бөліктерінің бірі.

Сенсорлық тәрбие - тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Сенсорлық даму еңбек өнімділігін арттыруға, еңбектің шығармашылығына зор ықпал жасайды. Ең бастысы, ол ғылым мен техниканың, мәдениеттің жедел дамуының қайнар бұлағы екендігін үнемі есте ұстағанымыз жөн.

Қорыта айтқанда, сенсорлық тәрбие - адам зиялылығының негізі. [15]

1. 2
Мектеп жасына дейінгі балаларға сенсорлық тәрбие беру мәселесiнiң педагогикалық - психологиялық әдебиеттерде зерттелуі

Баланың ойы, ойлауы, сөйлеуі, бақылауы - олар мектеп жасына дейінгі балаларға ең керегі. Оларды дамытып отыру керек, бірақ олардың жиынтығы баланы жеке тұлға ретінде көрсете алмайды.

Ақыл-ой тәрбиесі іс-әрекет үдерісінде: адамдармен қарым-қатынас, ойын, еңбек, сурет, жапсыру, құрау, құрастыру, тәрбие, оқу, т. б. үдерістерде жүзеге асырылады.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды сенсорлық дамытуды дұрыс ұйымдастыру үшін олардың ақыл-ой дамуының заңдылықтары мен мүмкіндіктерін білу керек. Осыларды ескере отырып, сенсорлық тәрбие беру міндеттері, мазмұны, ұйымдастырылуы мен әдістері белгіленеді. Серсорлық тәрбиені шешу жолдары: бір жағынан баланың мүмкіндігін барынша пайдалану және екінші жағынан баланы шаршататын немесе қажытатын, шамадан тыс міндеттерді жүктеуді болдырмау болып табылады . «Бізге білім «дайын түрінде» келмейді», - деп Пиаже айтады [16] .

М. Монтессоридің өздігінен даму технологиясы алдыңғы мақсаты -

баланы сенсорлық дамыту. Дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі. Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жанды емес) болуы керек, сонда бала өзі дамиды.

Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: «Менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету. Баланы туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі - оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы
Дидактикалық ойын – көру қабілеті бұзылған балаларды сенсорлық тәжрибенің нәтижелі құралы
Балаларды ойын арқылы байланыстырып сөйлеуге үйрету
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Қазіргі қоғамдағы ақыл-ой тәрбиесінің жеке тұлғаны тәрбиелеудегі маңызы
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Бала тәрбиесі - өте күрделі процесс
Мектеп жасына дейінгі баланың психологиялық даму ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі баланың таным процестерін дамытудың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz