МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні . . . 6
1. 2 Балалардың танымдылық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың ерекшеліктері . . . 21
2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану жолдары . . . 32
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың әдіс-тәсілдері . . . 42
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі : Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында: Заманауи білім беру жүйесінің және кадрларды қайта даярлаудың негізгі бағдарында «Балапан» бағдарламасы 2020 жылға дейін ұзартуға шешім қабылданғанын көрсеткен [1] .
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қазақстан Республикасының мектеп жасына дейінгі балаларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын, танымдық белсенділігін әрбір баланың жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр [2] .
Баланың ақыл -ойының дамуы тек белгілі бір білім көлеміне емес, танымдық іс -әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде М. Жұмабаев [3] : «Ойлау- жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап істеу керек» -деген.
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, бүлдіршіндердің ой - өрісін іс - қимылын жан - жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Бүлдіршіндердің логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әртүрлі геометриялық пішіндерден құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады.
Логикалық ойлауы дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс -әрекетін талдауға үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік рөлі К. Ушинский [4], Д. Макаренко, В. Сухомлинский [5] еңбектерінде ерекше көрініс тапқан. Аса көрнекті педагог В. Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз творчествасыз, қиялсыз толық мәнінде тәрбие жүзге аспайды деп саналады.
А. Байтұрсынов [6] «ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керегіне қарай жауап беріледі» деп ой қорытады. Ертегі халықтың қиялынан пайда болған. Сондықтан оның авторы халық. Бертін келе ауыздан-ауызға тарап, келешек ұрпаққа жетіп отырған. Ертек айтушыларды - ертекшілер деп атаған. Ертегі туралы анықтаманы М. Әуезов [7] былай деген: Ертегі деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, я сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін, онан соң елдің белгілі салтын білдіретін, арнаулы үлгі айтатын, жамандықты жерлеп, жақсылықты көтеріп айтқан, ойдан шығарған көтерме әңгімені айтады. Бұл анықтамада шыншыл ертегі жайында еш сөз айтылмаған. Ертедегі көзқарас деп көрсеткен.
Қазақ фольклоры Ж. Аймауытов [8], М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов сондай-ақ М. Әуезов, С. Сейфуллин еңбектерінен де мол орын алғаны бар. Кейінгі кезде қазақ ертегілерін зерттеуге М. Әуезов, Қ. Жұмашев, Е. Ысмайыловтар белсене араласты.
Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды рөл атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т. б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т. б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп балаларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор.
Дей тұрғанмен, қазіргі Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәнінің қажеттігі мен бұл мәселенің теориялық тұрғыда және ғылыми-әдістемелік жағынан зерттелмеуі, сонымен қатар бүгінгі балабақшаның нақты қалыптасқан жағдайында халық ертегілері арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру мүмкіндіктерін ескеру арқылы бұл мәселені шешуге бағытталған зерттеу жұмыстарының жоқтығы қарама-қайшылықтарды туындатып отыр. Осы қарама-қайшылықтардың дұрыс шешімін іздестіру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және тақырыпты “ Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәнін ашу.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекемедегі педагогикалық үдеріс.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыру үдерісі.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәнін анықтау;
- Балалардың танымдылық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың ерекшеліктерін қарастыру;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану жолдарын нақтылау;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қолдану.
Зерттеудің жетекші идеясы: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні өзін-өзі дамыту және бағалау мүмкіндігіне ие болуға негіз болады.
З ерттеу әдістері : психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, балабақша бағдарламалары, әдістемелік құралдарын талдау және жүйелеу; білім беруді ақпараттандыруға байланысты құжаттармен танысу.
Зерттеудің ғылыми жаңалықтары:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәнінің айқындалуы;
- Балалардың танымдылық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың ерекшеліктерін қарастырылуы;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану жолдарын нақтылануы;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың әдіс-тәсілдерін қолданылуы.
Қорғауға ұсынылатын ғылыми тұжырымдамалар мен нәтижелер:
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдалану жолдары;
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерін пайдаланудың әдіс-тәсілдері.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ АРҚЫЛЫ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда халық ертегілерінің тәрбиелік мәні
Танымдық белсенділікті психологилық-педагогикалық құбылыс ретінде анықтау, бұл мектеп жасына дейінгі кезеңіндегі балалардың тұлғалық сапасының ерекшелігіне талдау жасауға, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің тәрбиелеу және оқыту үрдісінде оны қалыптастыру жағдайлары мен құралдарын қарастыруға мүмкіндік береді.
Психологиялық - педагогикалық әдебиеттердегі талдауда(Т. И. Шамова, С. Л. Рубинштейн [9], К. К. Платонов, Э. Г. Юдин, Л. П. Буева, А. Н. Леонтьев, В. П. Зинченко, Л. А. Венгер, А. М. Леушина, А. А. Люблинская, Л. Ф. Обухова, А. В. Запарожец, Н. Н. Подьяков, А. П. Усова [10], М. И. Лисина, Г. И. Щукина және т. б. ) тұлғалық сапа ретіндегі танымдық белсенділіктің ерекшелігінің психологилық, педагогикалық жөне биологиялық сипатта айқындалатындығын көрсетті.
Ересек адам мектепке дейінгі балаға күшті педагогикалық әсер етеді, ол өзара әрекет үрдісінде кешенді әдістер мен тәсілдер көмегімен танымдық белсенділікті қалыптастырады, балалардың психикалық: ойлау, қабылдау, ес, зейін, сөйлеуді, өзіне сенімділікті және ынталылықты дамыта отырып, олардың белсенді танымдық іс - әрекет пен шығармашылыққа бой алуына көмектеседі. Балалардың танымдық белсенділігін дамыту мәселесі ұстаздардан теория және практикада жаңалықты іздеуді талап етеді, бүгінгі жағдайдағы анықтаушы мағынаға ие, оқытудағы белсенділік принципін жүзеге асыруға бағытталған оқудың мазмұнын, формасын, әдістері мен тәсілдерін, жағдайлары мен құралдарын әлі де жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді іздестіруді керек етеді. Себебі меңгерілген білімнің сапасы мен беріктігіне тек балаларды оқыту, дамыту және тәрбиелеудің нәтижесі ғана емес, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі балаларының өзіндік танымдық іс - әрекеттеріне қатынасының қалыптасуымен тәуелді болып келеді.
Танымдық белсенділіктің ерекше белгілері мыналар:
- бірнеше заттар мен құбылыстарға деген белсенді танымдық қатынас ретіндегі жан-жақтылығы;
- құбылыстың тек қана фактісі, қасиеттері мен сапаларына ғана емес сонымен бірге мәні, себебі жөне өзара байланысына деген белсенділігімен сипатталатын тереңдігі;
- динамикалығы, яғни бұл баланың меңгерген білімі қозғалмалы жүйе түрінде құрылуы және іс-әрекетке қолданылуы, баланың ойлау әрекетінде қызмет атқаратындығы;
- әрекеттілігі, яғни заттар мен құбылыстармен танысуға қиыншылықтарға төзуге, мақсатқа жетуде ерік-жігерінің болуына бағытталған баланың белсенді әрекетінде байқалады.
Психологиялық жақтағы мәселелері мына түсінікке негізделеді: танымдық белсенділік баланың психологиялық-денелік дамуының алғышарты мен нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты мектепалды дайындық балаларының жоғары психикалық үрдістерінің қабылдау, зейін, ойлау ерекшеліктерін зерттеу кажет болып табылады.
Қабылдау оқуды қамтитын белсенді үрдіс. Оның негізін сезім мүшелерінің жұмысы құрайды. Қабылдау түсіну синтезінің нәтижесінде елестету мен бұрынғы тәжірибе кемегімен пайда болады. Қабылдаудың мәселесі шетелде және кеңестік психологияда да кең түрде зерттелді. Шетелде оны зерттегендер ассоциативтік психология (Д. Селли), гештальт психология (К. Кофка, Т. Фолькельт) жөне функционалды психология (К. Бюлер, Ж. Пиаже) өкілдері болды. Кеңестік психологтар (Е. Н. Соколов, М. Д, Дворяшин, Н. А. Кудрявцев [11], П. А. Шеварев, Р. И. Говорова және т. б. ) кабылдау мәселесіне табандылықпен өзгеше ғылыми қортынды жасады. Олардың зерттеулері шындықты бейнелеудің негізгі заңдылықтарын ашу, мектепке дейінгі кезеңдегі балалардың қабылдауының, дамуының ерекшеліктерін талдау бағытында жүргізілген. Мектеп жасына дейінгі баланың есінің даму проблемасы кептеген кеңестік психологтарды (А. А. Смирнова, П. И. Зинченко, С. Р. Жуйков, Н. И. Мурачков, А. Н. Цынбалюк т. б. ) қызықтырды. Л. С. Выготский [12] баланың есін күрделі іс-әрекет ретінде қарастырып, ол тек баланың үлкендермен қарым-қатынасы кезінде және белсенді ойлау әрекетінде қалыптасады деген. Бұл ойды А. Н. Леонтьев [13], А. Р. Лурия, Л. В. Занков [14], т. б. өз зерттеулерінде дамыта түсті. Барлық психикалық танымдық үрдістерін ішінен ойлау жетекші үрдіс болып табылады. Ол басқа танымдық үрдістердің қасиеттері мен сипатын анықтай отырып, олармен бірге жүреді және тығыз байланыста болады. Демек оқыту үрдісінде ынталандыру - бұл ең алдымен бала ойлауын дамыту болып табылады. Бейнелі ойлау - мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі ойлау түрі. Мектепке дейінгі жастың бастапқы кезеңінде балалар әрекеті тек тікелей тәжірибелік нәтижеге жетуіне бағытталған есептерді шығарады. Бірақ та бала күрделенген іс-әрекетінде қимыл нәтижесі жанама түрде болатын жөне оған жету үшін бірнеше құбылыстардың арасындағы байланысты ескеруді қажет ететін ұмтылыс жасайды. Сөйтіп ойлаудың көрнекі формасының негізінде сөз-логикалық ойлау формасы қалыптасады. Балалардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру олардың ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туғызады. Ойлау қызметінің белсенділігін арттыру үшін балалардың танымдық қызметін дамытатындай өзіндік пікір, қорытынды шығаруға түрткі болатын ойын-сабақтарды ұйымдастыру қажет, Танымдық үрдістерде бір интеллектуальды іс-әрекетке біріктірілген сыртқы және ішкі әрекеттердің синтезі пайда болады. Қабылдауда бұл синтез перцептивті әрекеттермен көрінеді, зейінде - сыртқы және ішкі жұмыс жоспарын басқару және бақылау іскерлігі, ал материалды есте сақтауға және қайта жаңғыртуда оның және ішкі құрылымдарының бірігуі байқалып, бұл тенденция ойлауда ерекше айқын көрінеді. Бұл практикалық тапсырмалар мен есеп амалдарын орындап шешуде көрнекі-әрекеттік, көрнекі бейнелік, сөз-логикалық әдістердің бір үрдісте бірігуі ретінде көрінеді. Бұл жерде психиканың дамуы жеке үрдістердің арасындағы байланыстылық пен касиеттердің артуы ретінде қаралмай, сонымен катар баланың танымдық белсенділігінің сипаттамасын анықтайтын тұрақты ішкі және сыртқы құрылымдарының пайда болуы ретінде қарастырылады.
Танымдық белсенділіктің құрылуы мәселесінің педагогикалық қыры Л. С. Выготский, А. В. Запорожец, Скаткин М. Н. [15], Пидкасистый П. И. [16], А. П. Усова, т. б. зерттеулерімен байланысты. Олардың жұмыстарында баланың айналасындағы адамдармен, сыртқы ортамен кеп аспектілі өзара әрекеттестігі кезінде баланың танымдық белсенділігін ете ерте жастан дамыту керектігі дәлелденген
Мектепке даярлық кезеңінде танымға деген қызығушылык және сол жаңаны, белгісізді білуден туындайтын қанағаттану сезімі пайда болады. Балаларда «Неге? Нелікген? Не үшін?» деген сұрақтарда көрінетін білімге құштарлық айқын байқалады. Яғни, қоршаған әлем затгары мен құбылыстарының тәуелділігі мен байланыстарының себеп-салдарлығын анықтау және оны жете түсінуде көрінеді.
Мектепке даярлық кезеңінде балаларды оқытуды сәйкесінше ұйымдастырған кезде «талдап салыстырмалы қорытынды жасауда жоғары дәрежеге жетеді, шартты схема суреттерді түсінуге, заттардың байланысы мен қатынасын байнелейтін жалпы білімді игеруге, меңгеруге мүмкіндік алады» Л. А. Венгер, оларға зандылық, байланыстылық сипатта көрінетін бағдарламаның барлық бөлімдері бойынша белгілі-бір жүйедегі білімді меңгеруге жол ашық.
Тек белсенділік қана жеке тұлғаның дамуының факторы және өлшемі болып табылғандықтан, танымдық қабілеттердің құрылуы балалардың жалпы кешенді тіршілік әрекетінің дамуымен заңды түрде байланысты болып келеді. Балалардың аралас білімдерінің, ұғымдарының дамуы мен қарқынды түрде жинақталуы оқыту үрдісінің энергиясы. Балалардың белсенділігі әлсіремесін десек, сабақта алынған жаңа білімге деген қанағаттану сезімі келесі жаңа сабаққа деген аса қызығушылық сезімімен байланыстыра отырып құрастырылуы қажет. 5-6 жастағы балалардың психикалық дамуында айқын сипатталатын ерекшеліктер еспелі еркіндік, ниеттілік психикалық үрдістердің мақсаттылығы, қоршаған әлем шындығын оның көптүрлі көріністерін меңгеруі, таным үрдістерінде еріктің қатысуымен кеңеюі және олардың танымдық іс-әрекеттерін құрайтын негізгі элементтерінің сәйкесінше тез құрылуымен анықталынады.
О. М. Дьяченко мен А. И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың басты міндеті - ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік «Мені» қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады. Е. Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану.
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял - қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л. С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».
С. Л. Рубинштейннің айтуынша «Қиял - бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л. С. Выготский мен А. Н. Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді
Атақты психолог Л. С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді. Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені ойластыруға мүмкіндік береді. Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да заттық байланыстың рөлі бар. Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының жоғарғы формасы - ой - пікірден оның іске асуына байланысты.
Біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы - баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz